Ислам революциясы жеңісінің жылдығы (5)
Үстемшілдікпен күресу – Ислам республикасы жүйесінің мызғымас қағидаларының бірі. Иранның ислам революциясы үстемшілдік және оны қабылдауды теріске шығарып, әлемге жаңа идея ұсынды. Азаттық сыйлайтын бұл идея үстемшіл алпауыттардың жолында сын-қатерлер тудырды.
1979 жылдың ақпан айындағы Ислам революциясының жеңісі Иранның сыртқы әлеммен қарым-қатынасына маңызды өзгеріс енгізді. Дәл осы өзгеріс Вашингтон мен оның одақтастарының Иранның жаңа бой көтерген революциялық жүйесімен күресу үшін кез келген қастыққа баруына себеп болды.
Ислам республикасы жалған басшыны биліктенкетіргеннен кейін мемлекетті өзінің негізгі иесі, яғни, халықтың қолына берді. Иран халқы басшыны сайлағысы келсе, сайлауға қатысады. Егер қаламаса, теріске шығарады. Бұл дұшпанның алғашқы кедергісі болған.
Бүгінде Иранның Ислам революциясына отыз сегіз жыл болды. Бұл маңызды оқиға бұрынғысынша әлемдегі ойшылдар мен жазушылар үшін тартымды болып отыр. Себебі бұл ұлы оқиға бір жағынан әлемнің мұсылман және мазлұм халықтары арасында үміт отын жақса, екінші жағынан үстемшілдердің билеп-төстеу және әлемді өзара бөлу саясатын күйретті.
Ислам революциясы үстемшілдік ету және оны қабылдаудан бас тарту жолында әрекет етіп, барлық мұсылмандардың құқықтарын қорғаумен қатар, үстемшіл алпауыттардың алдында тізе бүкпегендіктен әлемдік үстемшіл дұшпандар мен батыс елдерінің ашу-ызасын тудырды.
ИИР Ислам революциясының басынан зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы табандылыққа сүйене отырып өзінің саяси ұстанымдары мен бағдарламаларын реттеп келеді.
Ислам республикасы бас кезінде-ақ күш көрсету, зорлық-зомбылық пен таңуға, үстемшілдердің дәмелеріне мойынсұнбайтынын және өзінің биік армандарынан бас тартпайтынын көрсетті.
Бұл маңызды мақсаттың әлемдік үндеуі болды. Ол халықаралық жүйе шығыс және батыс алпауыттарының арасында бөлініп жатқан жағдайда үшінші жолды ұсынды. Оның мағынасы зорлықшыл алпауыттардың басқыншылық саясаттары мен күш-құдіретіне қарсы тұру еді.
Әлемдік деңгейдегі әсер мен ықпалға ие бұл жаңа ой-пікір,бір жағынан, әлемнің әлсіз халықтарының үстемшілдік саясаттарына қарсы шығу мен әлсіз халықтардың әділет талап етуге деген ерік-жігерлерін нығайта түсті. Бұл әрекет Ислам революциясының идеясынан бастау алып, Иранның революциялық үлгісін аяққа тапталған құқықтарға жету жолы ретінде ұсынды. Саяси сарапшы Хамед әл-Халифе бұл жөнінде былай дейді: «Ирандағы Ислам революциясының жеңісі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы басты оқиғалардың бірі болды. Иранның Ислам революциясы көптеген халықтар мен елдерге ықпал етіп, азаттық пен тәуелсіздік үшін күресіп жатқан ағымдар мен қозғалыстар үшін жаңа мүмкіндіктер тудырды».
Ислам республикасының жүйесі, шын мәнінде, көптеген адамгершілік құндылықтарды жандандырды. Сондай-ақ, әлемдегі езгі көрген көптеген халықтар әділетке жете алмай жатқан жағдайда Батыстың халықаралық құқықтық ұйымдарының назарынан тыс қалған қағидаларға қайта дем берді.
ИИР үстемшіл алпауыттардың бұл қағиданы қуаттайтынын күтпейді. Шын мәнінде, олардың іс-әрекеттерінен ашу-ызаға булығып отырғанын көреміз. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі бұрынғы орынбасарларының бірі Мартин Индик бұл жайлы былай деген еді: «Ислам революциясын жазалау АҚШ-тың үстемшілдігінен арылу және тәуелсіздікке жету жолында әрекет етіп жатқан елдер үшін сабақ болады».
Шынтуайтында, зорлықшыл алпауыттардың жаңадан бой көтерген исламдық республика жүйесімен дұшпандығына оның ойшыл әрі азат адамдардың,әсіресе, мұсылмандардың жолында жаңа үлгі ұсынуы себеп болды. Америкалық танымал жазушы Ноам Хомский АҚШ пен батыс елдерінің Иранға қарсы дұшпандығы мен қастандықтарына бұл елдің тәуелсіздігі мен Батыстың үстемшілдігі және отаршылдығының алдында тізе бүкпеуі себеп болғанын айтып, былай дейді: «Иран тәуелсіздігін сақтап, АҚШ-тың үстемшілдігінің алдында мойынсұнбайынша, АҚШ-тың қарсыласуы жалғаса береді».
Сол себепті Ислам революциясының жеңісі әлемнің жер-жеріндегі мұсылмандардың оянуына түрткі болып, Ислам мен Батыстың текетіресінің жаңа кезеңін ашты. Дұшпандық, кек алушылық пен қастандықтар революция жеңісінің алғашқы күндерінен-ақ басталып, бара-бара кеңейіп, тереңдей түсті. Бұл бітіспес дұшпандықтың алдыңғы қатарында АҚШ пен сионистік режим тұрды. АҚШ-тың Қорғаныс министрі Александр Хик былай дейді: «Менің ойымша, халықаралық мәселелердің ең қауіптісі әрі маңыздысы Иранда пайда болған исламдық фундаментализмнің таралуының салдары болып табылады. Егер бұл үдеріс бақылаудан шығып кетсе, алпауыттардың мүдделеріне ең қорқынышты қауіп-қатер төнетін болады. Революцияның исламдық болмысы біздің алаңдаушылығымыз бен қарсылығымыздың басты себебі болып отыр».
Иран Ислам революциясы әлемнің әлсіз халықтарын, әсіресе, исламдық елдерді хабардар ету арқылы аймақтық және халықаралық деңгейлерде тұрақты саяси өзгерістердің орын алуына жағдай тудырды. Бұл ұлы өзгеріс әлемдіктерге Исламды анықтаушы саяси күш-құдірет ретінде таныстырды. Осы ұсынылған жаңа үлгілер мен әділетталап етуші әлемдік үндеулердің үстемшілдердің мүдделеріне қайшы келетіндігі анық.
Үстемшіл алпауыттардың көзқарасы бойынша, Ислам революциясы Иран үшін тәуелсіздік алып келуімен қатар, тәуелсіздікке ұмтылысты жандандырып, оны әлемге таратып, езгі көріп отырған халықтарға азаттықтың үлгісін ұсынды. Мұның айқын мысалын Палестина мәселелерінен көруге болады. Езгі көрген халықтарды қолдау қағидасы Иранның Конституциясында қуатталып, оның кейбір тарауларында езгі көрген әлсіз халықтардың құқығын қолдау баса айтылған.
Саяси сарапшы Айвор Бенсонның айтуынша, Иранның саяси, экономикалық, мәдени және әскери тәуелсіздікке қол жеткізуі қазіргі кезде Ирак, Судан, Палестина мен басқа жерлерде үстемшілдікпен өздерінің ауасы мен суы үшін арпалысып жатқан күрескерлер үшін үлгі болды. Ең қызығы, олар зорлықшылдармен соғыста Ислам революциясының ұрандары («Америкаға өлім!»), тәсілдері (халықтық ерікті күштердің шоғырлануы), қарулары (жеңіл әрі дәстүрлі қарулар) және символдарын (Аллаға тәуекел ету) негізіндекүресіп жатыр. Дәл осы жайттар үстемшілдердің Иранның Ислам революциясының жеңісіне ұқсас бір немесе бірнеше жеңістердің орын алуына қатысты алаңдаушылығын тудырып отыр.
Иранның Конституциясының үшінші бабында кетірілгендей, Ислам республикасының үкіметі елдің сыртқы саясатын исламдық критерийлерге сай, барлық мұсылмандарға қатысты бауырластық міндеттер мен әлемнің қаналған елдерін қолдау қағидаларын сақтай отырып реттеуге міндетті. Иран Конституциясының 154 бабы тәуелсіздік пен азаттықты және әділ үкіметті әлемнің барлық адамдарының құқығы деп таниды. Осы бапқа сәйкес, Ислам республикасы әлемдегі жапа шеккен елдердің үстемшілдерден құқықтарын талап етуге бағытталған күрестерін қолдап отырады.
Құқықты қорғау терең мағынаға ие әрі тек бір мәселемен шектелмейді. Осы тұрғыдан Иран Палестина халқының аяққа тапталған құқығына қатысты жауапкершілік сезінуімен қатар, езгі мен зұлымдық көрген адамдардың алдында да өзін жауапты сезінеді. Мьянмадағы езгі көрген мұсылмандарды қорғау шеңберінде Иранның Сыртқы істер министрі Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен Исламдық ынтымақтастық ұйымының жуырдағы отырысында әлемдік ақпарат құралдарының рохинья-мұсылмандарының жағдайына қатысты үнсіздігін қатаң сынға алып, мұсылмандарға қарсы орын алған қылмыстарды айыптаумен қатар, Ислам әлемін рохинья-мұсылмандарын қолдау үшін бірігуге шақырды.
Йеменнің тағдырына қатысты ИИР бірнеше рет саудиялықтардың қылмыстарын айыптаған болатын. Революция жетекшісі өзінің жуырдағы баяндамасында БҰҰ-ның кейбір елдерден ақша алғаннан кейін Йеменде орын алып жатқан қылмыстар мен бала өлтіру әрекеттеріне қатысты үнсіздік таныту әрекетін адамзаттың масқарашылығына себеп болатынын айтып: «Бұл масқаралық адамзаттың шынайы құқығына қайшы келеді. Бұл мәселеге қатысты әлемдік деңгейде құқықтық салада шаралар атқарып, сот ісін қозғауымыз керек» деді.
ИИР басқа елдердің тағдырлары, соның ішінде, Ауғанстан, Ирак пен Сирияға таңылған соғыстарды адамзатқа қарсы зұлымдық деп санайды. Бұл зұлымдықты үстемшіл әрі зорлықшыл алпауыттар қалыптастырған. Бүгінде Бахрейннен бастап Мьянмаға дейін әлемнің әрбір жерінде немесе Африкада, тіпті, АҚШ немесе Канадада адамдар зорлық-зомбылық пен рақымсыз түрде қырып-жоюдың құрбаны болып отыр. Мұның себебін үстемшіл алпауыттардың сұм саясаттарынан іздеуіміз керек.
ИИР адамзатқа кез келген түрде зұлымдық көрсетуге қарсы болып табылатын пәк исламдық ой-пікірді тірек етіп, үстемшіл алпауыттардың тоталитаризміне қарсы тұр. Иран қолынан келгенше әлемнің кез келген жерінде қаналған халықтардың құқығын қорғайтын болады.
Йемен мен Бахрейннің халықтары– езгіге ұшыраған халықтар. Палестина халқы көптеген жылдар бойы толассыз түрде қаналып, қысым көріп келеді. Иран бар күшімен жапа шеккен адамдарды қолдап, қолынан келген барлық нәрсені өз міндеті санайды. Ислам бізге «Бұл – мүміндердің әміршісінің тапсырмасы» деді.
Иран өткен отыз сегіз жылда осылай әрекет етті. Иранның исламдық жүйесі мен Ислам революциясына қарсы дұшпандықтың себебін де осы мәселеден көруге болады. Қалай болғанда да бұл дұшпандық аяқталмайды. Себебі революция мен исламдық республика жүйесінің құндылықтары, соның ішінде мазлұм халықтардың құқығын қорғау қағидасы ешуақытта өзгермейді.