Ислам революциясы жеңісінің жылдығы (7)
https://itolqyn.com/radio/iran-i24117-Ислам_революциясы_жеңісінің_жылдығы_(7)
Иранның төңірегіндегі елдердің геосаясаты әрқашанИранның ұлттық қауіпсіздігіне ықпал етіп келеді. ИИР-ныңПарсы шығанағының солтүстігі мен Оман теңізінің жағалауларында шамамен 2000 шақырым теңіз шекаралары бар. Сол себепті Иран геосаяси тұрғыдан да маңызды болып табылады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 07, 2017 21:21 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жеңісінің жылдығы (7)

Иранның төңірегіндегі елдердің геосаясаты әрқашанИранның ұлттық қауіпсіздігіне ықпал етіп келеді. ИИР-ныңПарсы шығанағының солтүстігі мен Оман теңізінің жағалауларында шамамен 2000 шақырым теңіз шекаралары бар. Сол себепті Иран геосаяси тұрғыдан да маңызды болып табылады.

 

Парсы шығанағы қауіпсіздік және географиялық тұрғыдан стратегиялық жағдайға ие. Сол себепті ол әрдайым трансаймақтық бағыттағы қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуының өзегі болып келді. Иранның төңірегіндегі ортада түрлі текетірестердің болуы және АҚШ-тың Парсы шығанағы аймағысуларындағы ауқымды құзыры мен аймақтың жалпы тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да көптеген мәселелер аймақтағы бөгделердің әрекеттері мен қоқан-лоққыларының бейберекеттіктің басты себебі болғанын көрсетеді.

Өткен онжылдықтарда көптеген әскери коалициялар мен шарттар, соның ішінде, Саадабад, Бағдад келісімдері, Санто шарты, Араб одағы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі екі полюсты жүйе билік етіп тұрған кезде қалыптасты. Саяси маман Ғасем Хафиз былай дейді: «Қауіпсіздікке қатысты түрлі сезімтал мәселелерге байланысты Саадабад, Бағдад, Араб коалициясы сияқты түрлі қорғаныстық келісімдер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалып, құрылды. Алайда бұл келісімдер көбінесе қорғаныстықкелісімнің жалғасуына себеп болатын фактордың, яғни, ортақ қауіп-қатерлердің болмауынан зиян шекті. АҚШ аймақтық елдермен ортақ екіжақты немесе көпжақты шарттарда қару-жарақ пен оқу-жаттығу және техникалық қызметтер көрсету тұрғысынан қамтамасыз етумен қатар, ұзақмерзімді үдерісте Парсы шығанағы жағалауындағы елдердің ортақ амалдарын өз бақылауына алу үшін мүмкіндік тудыру мақсатында осы елдердің билік құрылымдарын біріктіруді қалады. Бұл әрекет аймақта үстемшілік етуден басқа мақсатты көздемеді».

Жоғарыда аталған келісімдер аймақтық елдердің қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз етуден бұрын аймақта үстемшілік жүргізу үшін  сылтау болды.

Қазіргі заманда да Парсы шығанағы аумағының қауіпсіздігіне қатысты әскери шарттар көп жағдайда аймақты қауіпсіздендіру үшін қару сату келісімдеріне байланысты болып табылады. Парсы шығанағы  аймағындағы араб елдері, әсіресе, Арабстан тарапынан жүзеге асырылатын бұл тәсіл ең басты қару сатушы елдер –Ұлыбритания мен АҚШ-тың мақсаттары шеңберінде аймақтың қару-жарақ нарығына арналған арнайы шот ашуына себеп болды.

Ұлыбританиялық The Guardian газеті біраз бұрын осы мәселе туралы былай деп жазған еді: «Ұлыбритания өткен он жылда әлемде қорғаныстық құрал-жабдықтарды сатушы екінші ел болып, шамамен жүз миллиард фунт көлемінде әскери жабдық сатқан. АҚШ та 2009 жылдан бастап Парсы шығанағындағы араб елдеріне құны 198 миллиард долларды құраған түрлі қару-жарақ сатты».

Ықтиярында 14 әскери база бар АҚШ аймақтың қауіпсіздік саласындағы байланыстарына ауқымды түрде қатысып отыр. Ұлыбритания да аймақтағы әскери базаларды жандандырып, әскери құзырын нығайтуға бар күшін салуда. Штаб-пәтері Швецияның Стокгольм қаласында орналасқан Халықаралық бейбітшілік зерттеу орталығы өзінің жуырдағы есебінде былай деп мәлімдеді: «Парсы шығанағы маңындағы араб елдеріне қару саудасы өткен бес жылда шамамен 70 пайызға артқан. Бұл елдерге қару экспортының ең көп бөлігі Ұлыбритания тарапынан жүзеге асырылған».

Парсы шығанағы өткен отыз жылда таңылған соғыстан бастап, Кувейт басқыншылығы мен мұнай соғысына дейін қиратушы қақтығыстардың куәсі болған жағдайда осы текетірестердің барлығында бөгделер тек өздерінің заңсыз мүдделерін көздеп келді.

Бүгінде лаңкестік топтардың өрістеуі және  олардың бүлдіргі іс-әрекеттерінің мөлшері мен түрлерінің көбеюі салдарынан Батыс Азияның тең жартысының қауіпсіздігіне қатер төнгеніне бірнеше жыл болды. Осы арада шетелдік ойыншылар, әсіресе АҚШ пен Ұлыбританияның құзыры мен олардың аймақтық байланыстарда жасампаздық жасауға талпынысы аймақта қауіпсіздік саласындағы интеграция үшін мүмкіндік тудыру жолына кедергі келтіріп отыр.

Аймақтың қазіргі жағдайында, егер әріптестік пен интеграция болмаса және аймақтың қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлер дұрыс танылмаса, бұл қауіп-қатерлердің келтірер зарарлары ауыр болмақ.

Иран Ислам револциясы отыз сегіз жыл бұрын жеңіске жеткеннен бері аймақтағы үстемшіл әрі араласушы алпауыттар ислам республикасына өзінің қауіпсіздік саласындағы интеграцияға арналған тәсілдері мен мақсаттарын аймақтық елдерге таныстыруына жол берген жоқ. Олар ислам революциясының соғыс пен зорлық-зомбылықты көздемейтінін білгенмен, бұл  елге соғысты таңды. Ливандық маман Хосейн Зока былай дейді: «ИИР стратегиялық және халықаралық тұрғыдан әлемнің ең маңызды жерлерінің бірі саналатын аймақта бой көтерді. Бұл аймақ ұзақ уақыт бойы түрлі маңызды өзгерістер, келіспеушіліктер, сенімсіздік, кейде тіпті соғыстар мен қақтығыстардың куәсі болып келді. Сондай-ақ, ол жерден трансаймақтық тараптардың іздері де байқалады. Оның салдарларын Иран толығымен сезінді. АҚШ пен басқа да батыс елдері Саддамды қолдап, оның Иранмен соғысыншиеленістіріп отырды».

Иранның қауіпсіздікке жету тәсілдері мен стратегиялары аймақтағы географиялық шекараларды сақтау және оны құрметтеуге негізделгендіктен, Иран аймақтық елдердің бөлінуіне қарсылық танытып отыр. Сондай-ақ, мәселелер мен келіспеушілікті шешу мақсатында дипломатияны пайдалануды қуаттап келеді.

ИИР-ның пікірінше, сындарлы интеграция арқылы ортақ қауіп-қатерлермен, соның ішінде, лаңкестікпен күресуге болады. Өкінішке орай, «Лаңкестікпен күрес» коалициясы деп аталатын ұйымға мүше кейбір елдер лаңкестермен шынайы түрде күресудің орнына оларды қолдап отыр. АҚШ-тыңДАИШ лаңкестік тобын қолдап отырғаны мәлім. Оған қоса, бұл сөздерге аталмыш елдің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің ДАИШ-ке көмек көрсетіліп жатқанын мойындаған сөздері жазылған үнтаспа айғақ бола алады: «АҚШ ДАИШ-тың пайда болуын бақылап, бұл мәселенің Башар Асадқа қысым жасайтындығына үміттенді. Башар Асадты қыспаққа алу үшін бұл мәселені өз бақылауымызда ұстаймыз деп ойладық. Алайда кенеттен жағдайдың күрделеніп кеткенін көрдік» делінген.

Бұл стратегияның бір топтың қорғансыз адамды қырудың жалғасуынан басқа салдарының болмағаны белгілі. Себебі лаңкестік ешкімге рақымшылық жасамайды. Бұл сұм құбылыспен ұжымдасып күреспеген жағдайда өрістейтін болады. Франция, Германия, Түркия мен басқа да елдердегі лаңкестік оқиғалар бүгінде барлық халықтар үшін көптеген қиыншылық тудырып отырған лаңкестік пен соғысқұмарлық шындықтарды бұрмалау, қате іс-әрекеттер мен қауіпсіздік және лаңкестікке деген іріктеулі көзқарастың салдарлары болып табылады.

2013 жылдың желтоқсан айының он тоғызы күнгі БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының отырысында ИИР президентінің қатыгездік пен әсірешілдіктен бас тарту және соғыстан ада әлем құру туралы ұсынған қарарына әлемнің 190 елінің оң дауыс беруі Иранның әлемдегі соғыс пен әсірешілдікке қарсы тұрғанын көрсетті.

Аймақ пен халықаралық сахнадағы қазіргі сезімтал жағдайда аймақтық елдердің арасындағы қауіпсіздік әріптестіктері мен интеграциясы барысында жасалған кез келген олқылық барлық елдерге шынайы зарар тигізетін болады. Аймақтағы қазіргі жағдай, әсіресе, Сирия дағдарысы мен Ирак, Ауғанстан мен Йемендегі күн сайын артып келе жатқан қатыгездіктер қауіпсіздікке қатысты дәл осы екіұшты көзқарастың салдары болып табылады.

Аймақ пен әлемнің қазіргі жағдайы мен  өткен тарихы АҚШ-тың ешбір кезеңде соғыстан алшақтамағанын көрсетеді. АҚШ-тың теңіз күштерінің толассыз түрде Бахрейнде орналастырылуы, америкалық әуе күштерінің Катардағы құзыры мен АҚШ-тың құрлық күштерінің Кувейтте орналастырылуы, БАӘ-де америкалық қару-жарақ қоймаларының болуы, Арабстандағы АҚШ-тың 8 әскери базасы, аймақ пен әлемнің көптеген елдерінде америкалық тыңшылық, барлау және радарлық орталықтарының орнықтырылуы – осылардың барлығы АҚШ-тың соғысқұмар болмысын айқындайды.

Бұл мәселе АҚШ-тың аймақтағы құзырының қауіп-қатер екенін білдіреді. Шын мәнінде, ИИР президенті Хасан Рухани БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында айтып өткендей, бұлар – Иранға қарсы қоқан-лоққы жасауды ойластырып жатқандар немесе өздері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы қауіп-қатер болып отырған немесе қауіп-қатерді өрістетіп отырған тараптар. Рухани: «Иран – қауіп қатер емес, керісінше мақсаттары мен іс-әрекеттерінде әрдайым бейбітшілік пен жан-жақты қауіпсіздіктің жаршысы болған» деп қуаттады.

АҚШ өткен он жыл ішінде Обама президенттігінің бірінші кезеңінде «Өзгерту саясаты» деп аталған саясатты жүзеге асырды. Обаманың президенттік кезеңдері аяқталғаннан кейін АҚШ-тың жаңа президенті Трамптың саясаттары туралы нақты болжам жоқ.

АҚШ пен Ұлыбританияның өткен қырық жылдағы қауіпсіздік доктриналарында үстемшілдік ету саясаттары олардың ең басты мақсаттарының бір бөлігі болды. Ирактық маман Ханане Сабхан Абдолла былай дейді: «АҚШ-тың ИИР-мен дұшпандығы революция, адам құқығы немесе ядролық бағдарлама сияқты мәселелерден туындаған жоқ. АҚШ-тың үкімет қайраткерлерінің басты мәселесі – революцияның исламдық болмысқа ие болуы, ИИР жүйесінің зұлымдықпен күресуі және әркімнің ырқына көне бермеуі. АҚШ Ислам революциясын әлемде исламдық оянудың бастамасы және өзінің үстемшіл саясаттарымен күресетін қарсыласу ошағы санайды. Сол себепті осы 38 жылда ИИР-ның жүйесін жою үшін еш нәрседен аянып қалмады. АҚШ-тың Иранға қарсы үстемшілдігі мен дұшпандығының революцияның қырқыншы жылдығында да жалғасатыны айдан анық. АҚШ пен Ұлыбританияның аймақтағы әскери құзырын арттыруы да осы шеңберде бағаланады».

Шын мәнінде, олардың әскери құзырын арттырудағы мақсаты аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы ықпалды ойыншылардың бірі болып табылатын Иранға қауіп-қатер төндіру болып табылады.  Себебі Иран бөгделердің қатысуынсыз аймақтағы қауіпсіздік саласындағы интеграцияны мақсат етіп отыр.