Ислам революциясы жеңісінің жылдығы (8)
https://itolqyn.com/radio/iran-i24197-Ислам_революциясы_жеңісінің_жылдығы_(8)
Иранның Ислам революциясы үстемшілдіктен бас тарту және зұлымдықтың кез келген түріне қарсылық таныту арқылы үстемшілдікпен жауласу қозғалысын қалыптастырып, жалғыз өзі Батыс пен Шығыстың алпауыттарына қарсы шықты. Осы революциялық теңдессіз элемент – Ислам  республикасы жүйесінің мызғымас құндылықтарының бірі.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 10, 2017 00:31 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жеңісінің жылдығы (8)

Иранның Ислам революциясы үстемшілдіктен бас тарту және зұлымдықтың кез келген түріне қарсылық таныту арқылы үстемшілдікпен жауласу қозғалысын қалыптастырып, жалғыз өзі Батыс пен Шығыстың алпауыттарына қарсы шықты. Осы революциялық теңдессіз элемент – Ислам  республикасы жүйесінің мызғымас құндылықтарының бірі.

Ислам республикасының идеологиясы әділет талап ету қағидасына негізделген. Сол себепті осы мақсатты жүзеге асыру үшін үстемшіл алпауыттарға қарсы тұрды.

Ислам революциясының жетекшісі айтып өткендей, революциялық және діни наным-сенімнің күшімен күрескер әрі революциялық рух тек Иран халқының арасында ғана емес, сонымен қатар әділет талап етуші барлық халықтардың арасында таралды.

Иранның Ислам революциясы үстемшіл алпауыттарға биліктегі екі маңызды сала бойынша қауіп төндірді. Біріншісі, революция өзінің құнды ұрандарымен Батыстың әлемдегі әлсіз халықтарға үстемдігін теріске шығарып, бір халықтың тіпті қарусыз-ақ әлемдік алпауыттардың үстемшілдігінен арыла алатынын көрсетті. Ислам революциясының  әлемдік алпауыттарға төндірген екінші қатері Ислам революциясының екі әлемдік алпауыттың ешбіреуінің де  көмегіне  жүгінбестен алға қарай әрекет етудегі тәуелсіз болмысы болды. Бұл мәселе «не шығыстық емес, не батыстық емес – Ислам республикасы» ұранынан көрініс тапты.

Имам Хомейни айтып өткендей, Ислам республикасының жүйесі басты тірегі халық болып табылатын күш-құдіреттің барлық критерийлеріне ие екенін ісжүзінде көрсетті.

 Шын мәнінде жаңажан бой көтерген Ислам республикасы екі полярлық әлем кезіндегі кең таралған саяси байланыстарға керісінше өзгеше үлгі ұсынды. Оның басты бағыты әлемдік алпауыттар емес, көмек қажет ететін елдердің мүдделері болды.

Имам Хоменйи былай деген еді: «Дәл осы себепті Ислам революциясының жеңісі өз заманындағы революциялық күрестердің үлгілеріне жаңа өзгерістер енгізді».

Бұл революцияның тамырлары әлем революцияларындағы қалыпты есептеулерден әлдқайда ауқымдырақ. Бұл революция нан үшін көтеріліс немесе коммунистік ағымдардың революциясының қатарынан болған жоқ. Бұл революцияның капиталистік жүйеге тәуелділігі немесе оған деген қызыуғшылығы болған жоқ, сондай-ақ, билік пен күш-құдіреттен өз үлесін алуды да көздеген жоқ. Керісінше, бұл революция толығымен зұлымдық пен кемсітушіліктен құтылуға бағытталған көтеріліс әрі дін мен исламдық құндылықтардың билігін орнатуға қарай әрекет ету болды. Бұл құндылықтардың тіпті болмашы бөлігі де ұмытылып қалған емес. Саяси маман Саджад әл-Мусави былай дейді: «Бүгінде сіз мұсылмандар көптеген жылдар бойы қысымда болған жерлерде олардың батыл түрде әрекет етіп жатқанын көресіз. Мысал ретінде Кашмир мен бүгінде мұсылмандар бас көтерген басқа елдерді де атауға болады. Егер, сіз бүгін басып алынған жерлердегі Палестина халқына қарасаңыз, расында халықтың қысыммен күресіп жатқанын көресіз. Бұл күрес Палестинадағы ауыр жағдайда жүзеге асырылуда, алайда халық бұл күресті жалғастырып жатыр. Көптеген қиыншылық көрген әрі шартарапта оларға көмектесетін бір адам да табылмаған Ауғанстан халқы да жалғыз соғысып, табандылық көрсетуді жалғастыруда. Басқа елдердің жағдайы да осындай. Бұл әрекет Ислам мен Ирандағы Ислам республикасынан бастау алып отыр».

Сол себепті бұл ұлы оқиға бір жағынан әлем мұсылмандары мен қаналған халықтар арасында үміт отын жақса, басқа жақтан, үстемшілдердің революциялық әрекеттерді бақылауда ұстаудағы саяси әрекеттеріне қатер төндірді. Бұл революция өзінің теңдессіз құндылықтарымен үстемшіл жүйенің есептеулері және әлемнің көптеген елдерін қарама-қарсы екі полярға бөлген Шығыс пен Батыс блогтарының бөлу әрекеттеріне соққы жасап, үстемшіл әлемнің ашу-ызасын тудырды.

Ислам революциясы діни құндылықтардан туындаған жаңа ой-пікірмен екі полярлы әлемнің саясаттарының қызыл сызықтарынан асып, үстемшіл жүйеге қарсылық көрсетудің өзгеше критерийлерін ұсынды. Ислам революциясының жеңісі шын мәнінде Иранды АҚШ пен үстемшіл алпауыттардың мақсаттарына қарама-қайшы жолға түсірді. Саяси маман Саиде Селехи былай дейді: «Ислам революциясының мұсылман елдердің оянуының басты факторы болғаны шәксіз. Мен – Бахрейннің азаматшасымын. Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері осы елдің өзгерістерін қадағалап отырдым. Иран сияқты елде өмір сүру мен үшін бір арман тәрізді. Дегенмен, бүгінде АҚШ-тыңбасқа уақытқа қарағанда Исламдық ояну және Иран революциясының әсерлерінің кең таралуының қауіп-қатерін жақсырақ түсінгенін айту қажет. АҚШ Иран революциясының таралуына кедергі тудыруға талпынуда, алайда шындық – Иран революциясы үндеуінің бізге жеткендігінде».

Бұл қарсыласу бір революциялық халықтың әлемдік алпауыттардың ашкөздігінің алдында өз абыройы мен тәуелсіздігін қорғау деген мағынаны білдіреді. Сол себепті, Ислам революциясының тарихы зұлымдық пен әділетсіздіктің барлық нышандарымен күресу әрекеттеріне толы. Бұл күрес ешуақытта тоқтамайды.

АҚШ бастаған әлемдік үстемшілдік әуел бастан Ислам революциясымен текетіресуді өзінің басты бағыты ретінде таңдап, Ислам республикасы жүйесін құлату үшін бар күшін салды.

АҚШ өткен 38 жыл ішінде әрдайым өзінің дұшпандық әрекеттерімен Иран халқына қарсы тұрды. Шамамен жарты ғасырлық тарихы бар АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық іс-шаралары исламдық республика жүйесі қалыптасқаннан кейін айқындала түсіп, Иран халқының табандылығы мен қарсыласуын әлсірету үшін бірте-бірте жүзеге асырылды. Италиялық тарихшы Клаудио Моффа былай деді: «1332 жылдың мордад айының жиырма сегізі күнгі көтеріліс, Иранның ұлы халқына капиталистік заңдарды таңу және оны кемсіту, шахтың деспоттық билігінің тіректерін нығайту, Табас оқиғасы, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру талпынысы, экономикалық қоршау және Ислам республикасы жүйесіне қарсы санкция салу әрекеттері, Иракты Иранға қарсы соғыс ашуға итермелеу, ИИР-ның жолаушылар ұшағын жою, ислам республикасы жүйесіне қарсы саяси және үгіт-насихаттық кеңістік тудыру – осылардың барлығы АҚШ-тың Иранға қарсы жасаған тарихта сақталып қалған дұшпандық әрекеттерінің тек бір бөлігі ғана».

Революцияға қарсы төңкеріс жасау үшін жоспар құру, АҚШ-тың Ирандағы елшілігінің ауқымды түрде тыңшылық жасауы және Табас даласындағы әскери араласушылық, экономикалық қоршау және Иранның АҚШ-тағы мүлкін оқшауландыру, Саддам режимін Иранға қарсы жан-жақты соғыс ашуға итермелеу, сонымен қатар, әділетсіз санкциялар салу, Иранға ядролық мәселеге қатысты негізсіз айыптар тағу, Иранның сыртқы қарым-қатынастарына кедергі келтіру – осылардың барлығы АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің бір бөлігі болып табыады.

АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы ешуақытта тоқтамайды, керісінше оның тәсілдері түрленіп, күрделене түседі. АҚШ осы әрекеттерімен ИИР-н қорқытып, тізе бүктіруге тырысты. Алайда Иран халқы қарсыласу жылдары Батыс пен Шығыстың алдында мойынсұнбай, әр кезде көбірек табандылықпен үстемшілалпауыттардың қастандықтарымен арпалысып келеді.

Әлемнің ең ірі алпауыттарының ұраны – «Ислам республикасымен күрес!» болып табылады. Олар Иран халқын осы әрекетімен қорқытамыз деп ойлап, қоқан-лоққы жасайды. Алайда Иран халқы әлемнің ең зұлым алпауыттарыныңИран халқын өздерінің сұм мақсаттарына жету жолындағы кедергі санайтынын жақсы біледі. Бұл аз нәрсе емес. Олар Таяу Шығыста түрлі әрекеттер жасайтынын мәлімдейді. Бірақ айтқан сөздерінен он есе асып түсетін сұм мақсаттары туралы тіс жармайды. Олар үшін Иран халқы мен Ислам республикасының халқы кедергі болып табылады. Бұл осы халық пен жүйенің ұлылығының белгісі; әлем үстемшілдерінің бір географиялық бөлікте өзінің ең болмашы мақсаттарына жетуіне тосқауыл бола алған үкіметтің ұлылығының белгісі.

Иран халқының үстемшіл жүйеге қарсы табандылығы мен қарсыластығы ұран емес, керісінше, оған сенетін және оларға сүйене отырып күш-құдіретпен қастандықтарға қарсы тұра алған құндылықтардың нышаны болып табылады.

Батыстың соғыс пен одан кейінгі кезеңдердегі стратегиялық іс-әрекеттері Иранды тізе бүктіре алмады. Бұл табандылық пен қарсыластық Иран дұшпандарына қарсы ашық үндеуді жеткізеді. Ислам революциясы жетекшісінің сөзімен айтсақ, қоқан-лоққылардың көптігіисламдық жүйенің күш-құдіретінің белгісі, себебі, егер Ислам республикасы күш-құдірет пен ықпал ету мүмкіндігіне ие болмаса, Иранның дұшпандары бар күшін салмас еді.

Қазір Иран Ислам революциясы жеңісінің отыз сегізінші жылы өтіп  жатыр. Бұл революция бұрынғысынша тәуелсіздік пен абырой-бедел талап етуші елдер үшін тартымды болып отыр. Ислам революциясы Ислам дінінің ұлы күш-құдіреті мен саяси мүмкіндіктерін әлемдіктерге паш етті. Исламдық ояну әрекеті осы шеңберде қалыптасып, отаршылдыққа қарсы табандылық көрсету және үстемшілдіктен құтылу қозғалысын қайта жандандырды. Бүгінде үстемшіл алпауыттардың алаңдаушылығының бір себебі дәл осы шындық, яғни, Ислам революциясы армандарының ықпалды  әрі тұрақты болуы. Сол себепті Ислам революциясына қарсы дұшпандықтар, кек алу әрекеттері мен қастандықтар революция жеңісінің алғашқы күндерінен басталып, осы уақытқа дейін жалғасып келеді.

Америкалық танымал жазушы әрі теоретик Ноам Хомскидің пікірінше, АҚШ пен еуропалық елдердің Иранға қарсы дұшпандығы, қастандықтары мен қарсылықтарынаИранның тәуелсіздігі мен Батыстың үстемшілдігінің алдында тізе бүкпеуі себеп болған. Хомски былай дейді: «Иран тәуелсіздігін сақтап, АҚШ-тың үстемшілдігінің алдында мойынсұнбайынша АҚШ-тың дұшпандығы жалғасатын болады. АҚШ-тың ойынша, ИИР-н қабылдауға келмейді. Себебі ол өзінің тәуелсіздігіне немқұрайлы қарамайды».