Ислам революциясы жеңісінің жылдығы (9)
https://itolqyn.com/radio/iran-i24237-Ислам_революциясы_жеңісінің_жылдығы_(9)
Қазіргі заманғы жәһілдіктан бастау алған қатыгездік пен соғысқұмарлықты бүгінгі күнгі әлемнің жаңа құбылысы деп атауға болады. Бірақ бұл қозғалыс өткен замандардан қалған ой-пікірлерден тамырланады. Жәһілдік дәуірі тарих болып қалғанымен, бүгінде оның жаңа белгілермен бой көтергеніне куә болып отырмыз.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 12, 2017 00:17 Asia/Almaty

Қазіргі заманғы жәһілдіктан бастау алған қатыгездік пен соғысқұмарлықты бүгінгі күнгі әлемнің жаңа құбылысы деп атауға болады. Бірақ бұл қозғалыс өткен замандардан қалған ой-пікірлерден тамырланады. Жәһілдік дәуірі тарих болып қалғанымен, бүгінде оның жаңа белгілермен бой көтергеніне куә болып отырмыз.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бір жыл бұрын жүйе басшылары мен қызметкерлері, исламдық елдердің елшілері мен халықтың түрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен  кездесуінде қатыгездік пен әсірешілдіктің түп-тамырлары мен себептерін сараптауда қазіргі заманғы жәһілдік мәселесін көтеріп, жәһілдік әрекеттер мен қатынастардың объективті дәлелдерін келтірді. Оның ең қорқынышты жайты соңғы жылдардағы қатыгездік пен лаңкестік әрекеттер болып табылады. Лаңкестік, тұрақсыздық, адамдардың лаңкестік топтар тарапынан рақымсыз түрде қырылуы АҚШ бастаған үстемшілдердің қолдауымен қайталанып жатқан қазіргі заманғы жәһілдіктың үлгілері болып табылады.

Революция жетекшісі осы жәһілдіктің себептерін баяндауда нәпсі мен ашу-ызаны Исламға дейінгі жәһілдік дәуірінің екі басты элементі деп атап, қазіргі кезде Ислам келгеннен кейінгі дәуірде де жәһілдіктіңосы екі элементнегізінде қайта жанданғанын айтты.

 Жәһілдіктің негізгі элементтерінің қатарын қатыгездік, қанішерлік, тирания мен менмендік құрайды.

Басқа сөзбен айтқанда, жәһілдік – адамды адамгершілік шеңберінен шығарып, оның өзінің шынайы болмысынан ауытқуына себеп болатын әрекет. Бұл кері тартатын әрекет бүгінде батыстың қоғамдарындағы нәсілшілдік ой-пікірлердің арасынан өрістеп, кең таралып, үшінші мыңжылдықта Еуропадағы неонацизм немесе оңшыл ағымдардың ой-пікірлер тәрізді Батыстың саяси мәдениетінен өз орнын тапты. Осы азғындық ағымды батыс қоғамдарындағы экстремистік ой-пікірлер мен Ислам және басқа ұлттарға қатысты нәсілшілдік пен кемсітушілік ой-пікірлердің қатарына жатқызуға болады.

Танымал батыстық тілші Берри Робин былай дейді: «Бүгін үшінші мыңжылдықта постиндустриалды дәуірде де адамзат жәһілдік дәуірін бастан өткеруде. Бұл – қазіргі заманғы еселене түскен жәһілдік. Бұл жәһілдік Батыстың мәдени және ахлақтық отаршылдығының салдары мен ашкөздік пен шектен тыс талап етушіліктен  туындаған. Бүгін көптеген қоғамдарда ахлақтық құндылықтардың маңыздылығы азайған. Қазіргі заманғы жәһілдік қыздарды тірідей көмеді; олардың тәнін емес, жаны мен психикасын, тұлғасы мен пәктігін. Жаңа ғасырда ұзақ соғыстардың куәсі болып отырмыз. Бұл жолы демократия, әділет талап ету және гуманитарлық ұрандар айтылды. Әлсіз адамдардың азапталып жатқанын көріп отырмыз: бұл жолы Абу-Ғрейб пен Гуантанамо түрмелерінде».

Бұл азғындық қозғалыс өткен ғасыр бойы мен үшінші мыңжылдықтың алғашқы жиырма жылында ахлақи және адамгершілік құндылықтары мен қасиеттерінің солғындап, тіпті жойылып кетуіне себеп болды. Қоғам руханияттан алшақтағаннан кейін оның орнын мейірімсіздік пен қатыгездік басты.

Дәл осы кезеңде ғылым әлемдік билеушілердің ашкөздігіне қызмет ете бастады. Ғылым дамыған сайын жәһілдік те өрістеп, өзінің қазіргі заманғы қалпына енді. Осы азғындық ағымның салдарларын Батыстың бүгінгі күнгі қоғамының саяси, ахлақи және әлеуметтік қиыншылықтарынан, сондай-ақ, жәһілдік ой-пікірлерден туындаған іс-әрекеттерден көруге болады. Әлеуметтік істер жөніндегі маман Наджран Аазам былай дейді: «АҚШ пен Батыс қоғамдарындағы қатыгездік әрекеттер әлеуметтік қарым-қатынастарға  байланысты наразылықтың бір түрі болып табылады. Сол себепті, Батыстан қоғамның бытыраңқылығын көріп отырмыз. Демократияның принциптеріне қайшы келетін әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктер  қоғамнан оқшаулану мен қоғамға қарсы бүлікке себеп болды. Сонымен қатар, Батыс руханияттың болмауынан рухани дағдарысқа ұшырап отыр».

Шындық мынада: ауыздықталмаған лаңкестік бұрмаланған ой-пікірлердің өрістеуі мен қате әрі жасанды идеологиялардан туындаған лаңкестік ұйымдардың көбеюіне жеткізген қазіргі заманғы жәһілдіктің өнімі болып табылады. Әл-Каидадан бастап ДАИШ, ән-Носрат майданы, Боко Харам, әш-Шабаб, Ахрар әш-Шам және басқа да қауіпті  лаңкестік топтардың пайда болуы – бүгінде  ешқандай шекараны танымай отырған жәһілдік ой-пікірдің өнімдері. Тіпті адамдарды бауыздау, әйелдер мен балаларды тірідей өртеу, сондай-ақ, адамзат қоғамының тарихи мұраларын жою қалыпты іске айналып кеткен. Ирактың Мосул қаласы мен Сирия мен Құдстағы тарихи ескерткіштерді қирату – осылардың барлығы осындай ой ағымының қауіпті салдарлары болы табылады. Саяси маман Аднан Сабах былай дейді: «Лаңкестер ата-бабалардың мұраларын жойып, әлемдіктерді үрейлендіру арқылы адамзаттың тарихын жоюға талпыныс жасайды. Бұл әсірешілдер өздерінің тәкфіршіл әрі бұрмаланған ойымен Ирактың көне ескерткіштерін қиратты. Лаңкестік топтардың ешқандай сауаты жоқ. Олар діннің атын жамылып, өздеріне қару-жарақ, материалдық және ой-пікір тұрғысынан қолдау көрсетіп отырған елдерге қызмет етуде. Бұл – қазіргі заманғы жәһілдіктің салдарлары».

Осындай ой ағымы таралғаннан кейін бүгінгі күні түрлі атаулар мен белгілерге ие нәсілшіл топтар өздерін терілерінің түсі мен нәсілі тұрғысынан басқалардан жоғарырақ санайды. Тарих бойында жәһілдіктен туындаған осы ой-пікір бір топты кемсіту және осы ой иелері тарапынан нысанадағы қоғамдағы, тіпті басқа елдердегі әлеуметтік топтарды кемсіту және оларға қысым көрсетудің қозғаушы күші ретінде пайдалануда.

Бүгін стратегиялық мақсаттар, экспансистік ойлар мен аймақтық теңгерімдердің бұзылуын гуманитарлық сөздермен ақтай алмайтындай дәрежеге жеттік. Осындай әрекеттердің бір үлгісін АҚШ президентінің мұсылмандардың өз еліне кіруінің алдын алу әрекетінен көруге болады. Дональд Трамптың 1395 жылдың баһман айының сегізі күні шығарған жарлығы 4 ай мерзіміне босқындардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салумен қатар, Таяу Шығыстың жеті елінің, соның ішінде Иранның азаматтарының АҚШ-та мекендеуіне уақытша шектеу қойды.

ИИР-ның пайымдауынша, егер әсірешілдік пен қатыгездікке шара қолданылып, Иранның 17 мың азаматын құрбан еткен лаңкестік әуел бастан шынайы түрде қолға алынған болса, онда бүгін әсірешілдік осындай мөлшерде таралмас еді.

ИИР президенті Хасан Рухани  аймақта лаңкестік пен қатыгездіктің жаңа толқынының көтерілуімен тұспа- тұс келген БҰҰ-ның Бас Ассамблеясындағы өзінің алғашқы құзырында аймақ пен әлемдегі соғыстар мен дұшпандық әрекеттер және кең тараған қатыгездікті адамның ар-абыройын жоятын фактор деп атады. Ол өзінің баяндамасын төмендегі сөздермен бастады: «Мен басым бөлігі экстремизм мен радикализмнің отында күйіп жатқан аймақтан келіп отырмын. Әсірешілдік менің елімнің шығысы мен батысындағы көршілерімізге қауіп төндіріп отыр».

Рухани лаңкестікке қатысты екіұшты ұстанымды сынап: «Бірақат елдер лаңкестердің іс-әрекеттерін өздеріне пайда әкеледі деп ойлаған кезде адамдардың қырылуына қатысты үнсіздік танытады. Сонда     әрекеттер өздеріне зиян тигізген кезде онымен күрескен сыңай танытты. Алайда бүгінгі күнгі алпауыттар халықтардан шындықтарды жасыра алмайды» деді.

Рухани төрт жыл бұрын осы мәселелерді түсіндіргеннен кейін тек баяндамамен шектеліп қалған жоқ. Ол бейбітшіліктің соғысқа қарағанда тиімдірек екенін қуаттап, БҰҰ-ның күн тәртібіне «Қатыгездік пен әсірешілдікке қарсы әлем» атты жобаны енгізуді ұсынды. Рухани БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына қатыгездікпен күрес және әсірешілдіктен ада әлемге жету туралы қарардың жобасын ұсынды. Бұл қарар 2013 жылдың қыркүйек айында бекітілді. ИИР президенті БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 69-шы отырысында Иранның аймақтық және халықаралық деңгейлердегі принциптік ұстанымдарын баяндаумен қатар, Азияның батысының, яғни Таяу Шығыс аймағының дамуды қажет ететінін және соғыстан шаршағанын қуаттады.

ИИР-ның пікірінше, лаңкестікпен принципті түрде күресу үшін оның көздерін жою керек. Лаңкестік кедейшілік, жұмыссыздық, кемсітушілік пен әділетсіздік етек алған ортада пайда болып, қатыгездіктің көмегімен өрбиді. Оны түп-тамырымен жою үшін әділет пен дамуды қолға алып, рақымсыздық пен қантөгісті ақтау үшін илаһи діндерді бұрмалаудың алдын алу керек. Лаңкестіктің жақсысы мен жаманы болмайды. Батыстың лаңкестікпен күреске бағытталған коалиция деп аталатын саясаттары және лаңкестікпен күрес атын жамылып, түрлі аймақтарды бомбалау әрекеттерінің нағыз мақсаты лаңкестікпен күрес болмаған. Бүгінде өзіміз куә болып отырғандай, лаңкестік кең таралып, күшейіп, тіпті кейбір хабарсыз адамдар үшін тартымдырақ болып отыр.

Бүгінде осы жәһілдік көзқарастардың салдарын Сирия мен Ирак, Йемен мен Азияның батысынан бастап Африкаға дейінгі жерлерден көруге болады. Бұл жерлердің барлығын жан-жақтан қатыгездік, соғыс және әсірешілдік қоршап алған. 2005 жылдың маусым айынан 2015 жылдың желтоқсан айына дейін БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары ретінде әлемнің ең маңызды гуманитарлық ұйымдарының бірінің басқару қызметін көптеген жылдардан бергі ең ауыр миграциялық дағдарыс кезінде атқарған Антонио Гутерреш бір сұхбатта осы мәселені растаумен қатар: «...Халықаралық қауымдастық немқұрайдылығын доғарып, әлемнің жер жеріндегі қақтығыстардың шешім жолын табуы керек...» деді.

АҚШ пен НАТО-ның қыркүйек айының он бірі күнгі оқиғадан кейінгі әскери жетістіктері әлем елдері, әсіресе, аймақ елдері, соның ішінде  Ирак, Ауғанстан мен Ливия үшін лаңкестік, соғыс, бөлу мен тұрақсыздықтан басқа ештеңе алып келген жоқ. Мұның өзі Батыстың жалған уәждері мен ұрандарының әлсірегенін көрсетеді. Саяси маман Ричард Хил былай дейді: «Қыркүйек айының он бірі күнгі оқиға халықаралық саясаттағы өзгерісті кезең саналады. Осы уақыттан кейін АҚШ-тың Таяу Шығыс елдерімен қарым-қатынастары қыркүйек айының он бірі күнгі оқиғалардың ықпалына түсіп отыр. АҚШ-тың соңғы он жылдағы саясатына шолу жасасақ, бұл елдің осы сылтаумен не тікелей түрде Ирак пен Ауғанстан сияқты елдерге, немесе жанама түрде лаңкестерді қолдау арқылы Сирияға шабуыл жасағанын көреміз. Менің ойымша, бұл қатыгездік, соғыс және қантөгіс бейбітшілік пен тыныштық орнату ұрандарына қарама-қайшы болып табылады».

АҚШ-тың лаңкестікпен күрес туралы уәждері мен осы саладағы жасанды коалициялардың да болмысы жалған болып табылады. Оның себебі – АҚШ пен Батыстың әл-Каида, ДАИШ пен соған ұқсас ағымдарды қолдауы. АҚШ түрлі қарулармен, соның ішінде, ядролық қарулардың көмегімен қылмыскер режим Израильүшін қауіпсіз мекен құруды көздеп, қазіргі заманғы жәһілдіктен туындаған осы саясатты талай рет қорғаған.

Осы жағымсыз іс-әрекеттер Батыстың ой-пікірінің ағымы құндылықтар туралы уәждер мен азаттық, демократия, адам құқығы және халықтарды қорғау сияқты тартымды әрі алдамшы ұрандармен астасып, батыстық өркениеттің сипатын алғанымен, бұл олардың тек сырт келбеті ғана әрі мазмұны да шынайылыққа негізделмеген. Оны тек Батыс пен оның басшылығында тұрған АҚШ-тың бағалы жүйесінің астамдығын көрсететін құрал ретінде атауға болады. Ислам революциясының жетекшісі айтып өткендей, бұл құралдың мақсаты аймаққа ондаған жыл бойы ықпал ету мен айырылған абыройды қайта қалпына келтіру болып табылады.

Бүгінде тарих өзгеріс үстінде. Үстемшіл алпауыттар, оның басшылығындағы АҚШ бұрынғы отаршылдық түрткілермен исламдық елдерді әлсірету үшін жағдай тудыруға талпынуда. Бұл елдер лаңкестік пен әсірешілдікті Ислам мен Батыс арасында келіспеушілік тудыру үшін құрал ретінде пайдаланып отыр.