Ирандағы президенттік сайлау (7)
(last modified Mon, 15 May 2017 04:52:31 GMT )
Maм 15, 2017 10:52 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (7)

Иран президентінің Конституциядағы міндеті өзінің маңызды қызметін лайықты түрде атқара алуы үшін арнайы әрі төтенше шарттарға ие болуын қажет етеді.

ИИР жүйесіндегі президенттің атқарушы рөлінің маңыздылығына байланысты сайлау басталмас бұрын әрбір сайлаудағыүміткерлердің заңдағы талаптарға сай болуын тиісті органдар тексеруі қажет. Сол кезде ғана барлық шарттарға сәйкес келетін тұлғалар сайлау алаңына аяқ басады. Сайлауды өткізетін және бақылайтын басшылар БАҚ-нан президент әкімшілігінің рөлі, үміткерлерге қойылатын шарттар мен сайлауға қатысты заңдарды халыққа түсіндіруді бірнеше рет сұраған болатын. Бұл да Иранда бәсекеге қабілетті сайлаулардың өтетіндігінің келесі бір нышаны.

Сақшылар кеңесінің хатшысы әрі Иранның президенттік сайлауының 12-ші кезеңінің орталық бақылау алқасының төрағасы аятолла Ахмед Джаннати былай дейді: «Мен Иранның Телерадио ұйымынан Конституцияның 115-бабында президент үшін қойылған шарттарды халыққа таратуды сұраймын. 115-бапты бірнеше рет оқысын. Содан кейін «Президент үшін осындай талаптар қойылады» деп айтылсын. Басшы болса, басшылықтың не екенін түсіндірсін. Егер бір мемлекетке басшылық ететін болса, билік ететін біліктілікке ие болсын. Қиыншылықтардан сүрінбей өту үшін шара қолданатын басшы болсын. Мықты болуы керек. Беделді болуы керек. Халыққа діндарлықтың не екенін түсіндіре алуы үшін өзі де діндар, тақуа болуы тиіс. Оның діндарлығы мүміндердің әділетінен біршама жоғары тұруы тиіс. Сенімді болуы керек. Осының барлығын Иранның Телерадио ұйымы халыққа баяндап беруі қажет. Халық не істеп жатқанын, дауыс берген бюллетеньдерді сайлау учаскелеріндегі жәшіктерге не үшін салып жатқанын түсінуі керек. Төрт жыл бойы елді басқаратын қандай адамды сайлап жатқандарын білсін».

Конституцияның 110-бабының 9-тарауына сәйкес, президенттік лауазымға үміткерлер осы заңда көрсетілген шарттарға сай болған жағдайда Сақшылар кеңесі тарапынан бекітіледі.

Сайлаудың дұрыс өтуін бақылауға қатысты мәселелердің бірі үміткерлер мен сайланушыларды тексеру болып табылады. Бұл мәселе кез келген сайлаудың ең маңызды кезеңдерінің бірі саналады.

Иранның Конституциясына сәйкес, сайлаудың алдында Сақшылар кеңесі тарапынан президенттік лауазымға үміткерлердің талаптарға сай болуы тексеріледі. Конституцияның 110-бабының 9 тарауында былай деп жазылған: «...Сақшылар кеңесі сайлаудың алдында президенттік лауазымға үміткерлердің осы заңда келтіріліген шарттарға сай болуын растайды».

Аталмыш заң бойынша, Сақшылар кеңесі президенттік лауазымға үміткерлерді тексеру жұмыстарын тікелей тексереді. Осы аяда ИИР-дағы президенттік сайлауға қатысты заңның 57-бабында: «Сақшылар кеңесі үміткерлер құжаттарын тапсырғаннан бастап бес күн ішінде олардың талаптарға сай болуын тексеріп, өз пікірін хаттама ретінде дайындап, бір нұсқасын Ішкі істер министрлігіне жібереді. Қажет жағдайда Сақшылар кеңесінің өтініші бойынша осы бапта көрсетілген мерзімді тағы бес күнге созуға болады. Ондай жағдайда Ішкі істер министрлігін хабардар ету керек» деп қуатталған.

Саяси мәселелердің маманы Мұхаммад Джавад Тафреши былай дейді: «Біздің елімізде Сақшылар кеңесі бақылаушы ұйым болып табылады. Сол себепті президент ретінде сайланғысы келген адамдарға қойылатын талаптарға сәйкес параметрлер де бар. Онда президент саяси немесе діни қайраткерлер арасынан белгілі бір талаптарға сай келетін адам болуы тиісдеп ашық түрде айтылған. Егер мен тіркелгім келсе, алдымен сол талаптарға сай келетін, келмейтіндігіме сенімді болуым керек. Егер, мен мән берместен барып тіркелген болсам, менің қойылған талаптарға сәйкестігімді  тексеретін адамдар болуы керек. Бұл жерде заң бойынша Сақшылар кеңесі бақылаушы және растайтын ұйым болып табылады. Бұл растау кезеңдерін мен атап шығайын: Мен үміткер ретінде тіркелдім делік. Алдымен менің тұлғамды анықтап, билік органдарында қызмет ету үшін заң көрсеткен талаптарға сай келетін, келмейтіндігімді тексереді. Бұл тексеріс 4 жол арқылы жүргізіледі: Ішкі істер министрлігі, Тәртіп сақтау органдары, Азаматтардың хал актілерін тіркеу басқармасы мен Сот органдарынан маған қатысты мағлұмат алынады.  Бұл – Сақшылар кеңесінің үміткердің талаптарға сай келуін растау үшін пайдаланатын механизм. Бұл жердегі ең маңызды жайт – ұйымдастырушылардың қалай және қандай құралдармен әрекет етуі. Олар өз өкілдерінің көмегіне жүгінеді. Өкілдер кімдер? Ол – халық».

ИИР-ның Конституциясы Сақшылар кеңесіне бірқатар міндет  жүктеген. Бұл міндеттердің басым бөлігі ортақ түрде факиһтер мен заңгерлердің арасында бөлінген. Қалған бөлігі тек факиһтерге жүктелген міндеттерден тұрады. Сақшылар кеңесіне жүктелген міндеттердің арасынан үш жайтты, яғни, «заң шығаруды бақылау», «Конституцияны сараптау» және «сайлауды бақылау» міндеттері ерекше маңыздылыққа ие.

Саяси мәселелердің маманы Мұхаммад Джавад Мухаммадиян Тафреши: «Абсолютті бақылау туралы сөз қозғалған кезде кейбіреулер оның не нәрсе екенін түсінбейді. Үгіт-насихаттық және ақпараттық кеңістікте бұл бақылаудың түрін жағымсыз етіп көрсетуге тырысады. Алайда олай емес. Әрбір елде халықтың сайлауын бақылау және  халықтың дауысын қорғау үшін өзіндік механизмдер болады. Біздің елде де Сақшылар кеңесі құрылды. Төртінші және бесінші мәжілістің мақұлдауы дегеніміз не? Мысалы, мен Мәжіліс немесе президенттік лауазымға үміткер болсам, менің кандидатурамның заңдағы талаптарға сай екендігін кім тексереді?» дейді.

Құқықтық тұрғыдан, сайлау үдерісін бақылау бақылаушы органның сайлаудың дұрыс әрі талаптарға сай өтіп жатқанын көрсету үшін жасайтын іс-шараларынан тұрады. Конституцияның қағидаттары бойынша, «Президенттік сайлауды бақылау міндеті 99-бапқа сәйкес Сақшылар кеңесіне жүктелген».

Сақшылар кеңесінің президенттік сайлауды бақылау заңының екінші тарауында осыған қатысты былай деп жазылған: «Орталық бақылау алқасы сайлаудың барлық кезеңдері, сайлау ағымдары, Ішкі істер министрлігінің іс-әрекеттері, сондай-ақ, сайлау кезінде ықпалды рөл атқаратын ұйымдастырушы топтың жұмыстары мен сайлауға қатысты барлық әрекеттерін бақылайды».

Саяси белсенді әрі маман Дариуш Мехдави былай деді: «Ислам кеңесі мәжілісінде, президент әкімшілігінде немесе Эксперттер мәжілісінде үміткерлер оқу деңгейі туралы бірқатар құжаттарға ие болуы керек. Алайда үміткерлерді басқа қырларынан тексеру ұйымдастырушы топтың құзіреті болып табылады. Бұл топ тіркеу кезінде-ақ тексере бастайды. Бірақ кейбір мәселелер олардың құзіретінен тыс болып табылады. Мысалы, доктор Махмуди айтып өткендей, Барлау министрлігі, Әділет министрлігі, азаматтардың хал актілерін тіркеу басқармасы мен тәртіп сақтау органдары – бұлар азаматтардың сотқа тартылуы туралы деректерді сақтайтын әрі сайлауға тіркелушілер мен ұймдастырушылар үшін қолжетімсіз органдар. Бір қоғам бір байламға келіп, азаматтық істерді осы қоғамды басқаратын бір адамның қолына тапсырған кезде ол адамның ой-пікірі де қоғамдық наным-сенімдермен бағыттас болуы керек. Әлемнің барлық жерінде осылай. Мұсылман қоғамында ислам ілімдерінен хабары жоқ немесе Исламға сенбейтін бір адамның қолына мемлекетті басқару тізгінін бере алмаймыз».

Сонымен қатар, осы заңның 7 тарауы бойынша, «Сақшылар кеңесі барлық кезеңдерде ауытқушылық болған жағдайда дәлел келтіре отырып, сайлауды жарамсыз деп тануға немесе оны тоқтатуға құқылы, я болмаса кейбір аймақтарға қатысты шешім шығарып, өз пікірін БАҚ арқылы жариялайды. Сақшылар кеңесінің осы мәселе жөніндегі шешімі кесімді әрі ол міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Басқа ешбір органның сайлауды тоқтатуға немесе оны жарамсыз деп тануға құқығы жоқ».

Президенттік сайлау заңының 8-тарауында да бұл жайлы айтылған: «Президенттік сайлау үдерісін бақылау міндеті Сақшылар кеңесіне жүктелген. Бұл бақылау ағымдағы сайлаудың барлық кезедерін және оған қатыстыбарлық істерді қамтиды».

Осы заңдармен қатар, Сақшылар кеңесінің Конституцияның 99-бабына қатысты түсіндірмесіне сәйкес, «Конституцияның 99-бабында бұл бақылау абсолютті деп сипатталған және сайлауды ұйымдастырудың барлық кезеңдерін, соның ішінде, үміткерлердің талаптарға сай келу, келмеуін растауды қамтиды».

Сақшылар кеңесінің құзіреттілігі мен міндеттері және оның маңыздылығы бұл органның ИИР жүйесіндегі басты органдардың қатарына енуіне себеп болды. Бұл орган көптеген елдердегі Конституцияны қорғаушы ұйымдарға ұқсайды. Кейбір елдердің заңдарында «Конституция соты», «Конституция кеңесі», «Конституция басқармасы» сында ұйымдар қарастырылған. Олардың арасында бірқатар айырмашылық болғанымен, құрылым мен атқаратын міндеттері тұрғысынан ұқсас.