Ирандағы президенттік сайлау (10)
(last modified Tue, 16 May 2017 17:06:12 GMT )
Maм 16, 2017 23:06 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (10)

Ауқымды сайлау жүйесін құруға көптеген факторлар әсер етеді. Саяси, мәдени, экономикалық критерилер мен ауқым, жер аумағы мен халық саны, сондай-ақ, қоғамдық және жергілікті салт-дәстүрлер сияқты трихи-мәдени факторлар, сайлауға ықпал ету ықтималдығы сияқты құбылыстар – сайлау үдерісіне әсер ететін факторлар.

Сол себепті елдердің саяси жүйелерінде Конституцияда белгіленген шарттар мен талаптар негізінде арнайы ұйымдастыру механизмдері мен құқықтық тәртіптер ұсынылған. Осы аяда сайлаудың барлық кезеңдерініңдұрыс өтуін бақылайтын түрлі тәсілдер бар. Өткен бағдарламада осы мәселеге қатысты мысалдар келтірген болатынбыз. Бүгінгі бөлімде басқа мысалдармен танысамыз.

Жалпы алғанда, әлем елдерінде сайлауды бақылау жұмыстары бес ұйым тарапынан жүзеге асырылады. Осындай ұйымдардың бірі – Конституциялық сот. Әлемдегі көптеген саяси жүйелерде сайлаудың дұрыс өтуіКонституциялық сот тарапынан қадағаланады. Мысал ретінде түрлі елдерді атап өтуге болады. Мұның алдында Франция туралы айттық. Келесі бір мысал ретінде Аустрияға тоқталайық. Бұл елде үкіметтік топтың ұсынысымен президент пен басқа басшылар үкім шығарғаннан кейін Ұлттық Парламент пен Федералды кеңес таңдаған мүшелерден құрылған Конституциялық сот сайлаудың дұрыс өтуін бақылайды.

Сақшылар кеңесінің ақпарат өкілі доктор Аббас Али Кадходаи былай дейді: «Сақшылар кеңесінің мүшелеріне заң мен Жаратушының ризашылығынан басқа ешнәрсе қажет емес. Сақшылар кеңесінің президенттік сайлауға қатысты міндеттеріКонституция мен президенттік сайлау туралы заң негізінде жүктелген. Біз бұдан артық нәрсеге араласа алмаймыз. Алайда Сақшылар кеңесінің өкілдерінің әрқайсысы осы қоғамның мүшесі болғандықтан, саяси кеңістікпен де таныс. Адамдар туралы айтылып жатқан сөздерден де хабардар. Күнделікті жаңалықтарды да оқып-біліп отырады. Тіркелген адамдардың Сақшылар кеңесінде заңға негізделе отырып ішкі ережелер ретінде белгіленген критерийлермен сәйкестігі нақтырақ қаралады.

Басқару шарттары барлық жайттарды қамтиды. Кейде бір жас адам тіркеледі. Оның тәжірибесі жоқ, басқара алмайды деп айтылуы мүмкін. Мәселен, ол физикалық тұрғыдан бір жұмысты жасай алмауы мүмкін. Осындай жайттардың  барлығы ескеріледі.

Ал мүмін әрі Ислам республикасының жүйесіне адал болу деген не?

Мүмін және ИИР-ның негіздеріне адал болу шартын біз Конституцияда ескердік. Біздің Конституциямызда қағидаттар қарастырылған. Егер бір адам Коституцияның кейбір қағидаларын қабылдамаса және оны ашық түрде жариялаған болса, онда оның Сақшылар кеңесінде талапқа сай тұлға ретінде танылуын күтпеуіміз керек».

Германияның Конституциясына сәйкес сайлаудың дұрыс өткізілуін қадағалау, әсіресе, өкілдердің сенімхаттарын бекіту, сондай-ақ, олардың дербес құқықтығы мен өкілдігін тоқтату Федералдық кеңестің міндеттері болып табылады.  Федералды Конституциялық сот – ең жоғарғы сот әрі Германия федералды республикасының ең мықты, беделді органдарының бірі. Болгарияда да Конституцияның 66-бабына сәйкес, сайлаудың дұрыс өткізілуіне қатысты күмән туған жағдайда бұл мәселе заң бойынша Конституциялық сотқа тапсырылады.

Румынияда сайлауды бақылау органына қатысты осы елдің Конституциясының 47-бабында былай деп жазылған: «Ұлы ұлттық жиналыс әрбір өкілдің сайлануының дұрыстығы жайлы шешім қабылдайды. Бұл жиналыс әрбір өкілдің сайлануының заңдылығын тексеріп, оның сайлануының дұрыс немесе жарамсыздығы туралы шешім шығарады. Бір өкілдің сайлануы жарамсыз деп танылған жағдайда оның құқығы мен өкілдігі сол мезеттен бастап тоқтатылады».

Ал Италияда Өкілдер палатасы мен Сенаттан құрылған Парламентте Конституцияның 66-бабына сәйкес, екі палатаның әрбіреуі өз мүшелерінің сенімхаттарының дұрыстығы және келіспеушіліктердің себептері мен мүшелердің өз қызметтерін атқарудағы біліксіздігі жайлы шешімдер қабылдайды.

Парламенті екі палатадан, яғни,  Қауымдар палатасы мен Сенаттан тұратын Канада елінде де Қауымдар палатасының міндеттерінің қатарына Конституцияның икемді бөлімдерін өзгертіп, түзету, өкілдердің сенімхаттарын растау және оларды қызметтен босату жатады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі бір баяндамасында: «Егер имамның жолынан адасып, немесе оны ұмытатын болсақ, бұл Иран үшін соққы болмақ.

Әлемдік ашкөз үстемшілдер ешуақытта Ираннан көзін алмаған. Иран сияқты ұлы, бай әрі тоғыз жолдың торабында орналасқан маңызды ел әлемдегі алаяқ алпауыттар үшін аса маңызды болып табылады. Бұлар ешуақытта ашкөздіктерін тоқтатпайды. Олар Иран халқы неғұрлым күшейіп, дамыған сайын үміттері өшіп, кері шегіне бастайды» деген еді.

Жапонияда Конституцияның 42-бабына сәйкес, Парламент екі палатадан, яғни,  Өкілдер палатасы мен Кеңесшілер палатасынан құрылған. Адамдардың сайлануын растау және олардың сенімхаттарын бекіту – құзырлы палатадақатысушылардың дауыс беруі арқылы атқарылатын міндет. Жапония Конституциясының 55-бабында: «Палаталардың әрбіреуіндегі мүшелердің құзіреттігін растау сол палатаның міндеті болып табылады» деп жазылған.

Басқа азиялық елдердің арасында осындай бақылаудың басқа да түрі кездеседі. Мысалы, Филиппины екі палаталық жүйеге ие. Әрбір палатаның өзінің арнайы Конституциялық соты болады. Әр сот 9 адамнан құрылады. 3 сот елдің Жоғарғы сотытарапынан және көпшілік пен азшылық партиялардың әрбіреуінен 3 адамнан ұсынылады. 3 соттың арасынан неғұрлым көбірек тәжірибеге ие адам сот төрағасы ретінде тағайындалады. Бұл сот сайлаудыңүдерісін қадағалау және Парламенттің қаулыларын тексеру міндетін атқарады.

Қырғызстан республикасында да Конституцияның 82-бабының 3-тарауына сәйкес, президенттік сайлаудың заңдық шеңберде өтіп жатқанын Конституциялық сот анықтайды.

Демократиялық сайлау жүйесіне ие азғана араб елдерінің бірі Сирияда да Конституцияның 62-бабына сәйкес, жоғарғы Конституциялық соттың  тексерісі мен есебі негізінде бір өкілдің дұрыс жолмен сайлануы теріске шығарылған болса, оған бір ай ішінде хабар жеткізіліп, қызметінен босатылады.

Кейбір елдерде сайлауды бақылау міндетін Ішкі істер министрлігі атқарады.

Мысалы, Ұлыбритания елінде премьер-министр Ішкі істер министрін тағайындайды. Заң бойынша, Ішкі істер министрлігі Парламент сайлауындағы үміткерлердің талаптарға сай болуын тексеру, оны растау немесе жарамсыз деп тану жұмыстарын бақылау міндетін атқарады. Бұл елде жеребе тастау арқылы таңдалатын Жоғарғы соттың мүшелері Қауымдар палатасы өкілдерінің сенімхаттарын тексеріп, оның бекітілгені немесе бекітілмегені туралы хаттама дайындап,Парламентке ұсынады. Парламент те сот алқасының хаттамасын қарастырмастан бекітеді. Ұлыбританияда тек тағайындалуына қатысты наразылықтар туындаған өкілдердің ғана сенімхаттары тексеріледі. Негізінде сайланған адамдардың өкіл ретінде танылуы үшін сенімхатты растаудың қажеті жоқ.

Заң шығару билігінің билік өкілеттіктерін бөлу міндетін атқаруға өкілеттігі жоқ, тек сот билігінің басшылары ғана бұл міндетті атқара алады. Соған қарамастан, келесі бір елдерде, соның ішінде, Америка Құрама Штаттары, Бельгия мен Швецияда заң шығару органдары өз мүшелерінің сенімхаттарын қарастырып, оларды бекітеді немесе кері қайтара алады.

АҚШ Конституциясының 5-бабында: «Әр палатаның сайлауы, оның нәтижелері мен мүшелерінің сипаттамаларын талқылау өздеріне тиесілі» деп жазылған. АҚШ Конституциясының 5-бабында Judge сөзі қолданылған. Заң саласының бұл терминінің мағынасы – қазылық және төрелік ету. Құқықтық тұрғыдан, сот немесе төреші тарапынан қабылданатын шешімдердің ерекшеліктерінің бірі – оның жүзеге асырылуының міндетті болуы. Сол себепті АҚШ Парламентінің қос палатасы сайлаудың үдерісі, оның нәтижелері мен мүшелердің сипаттамалары және кандидатуралардың талаптарға сай болуынталқылау жұмыстарын өздері басқарады. Бұл – абсолютті бақылау.

Кейбір елдерде сайлаудың дұрыс өтуін қадағалайтын «Жоғарғы сайлау кеңесі» деп аталатын кеңес болады. Бұл ретте Түркияны мысал ретінде атап өтуге болады.

Түркия Конституциясының 67-бабына сәйкес, сайлау мен референдумдар сот билігінің басқаруымен еркіндік пен теңдік қағидалары негізінде тікелей және жасырын түрде дауыс беру арқылы өтеді. 79-бапта да: «Сайлау қоғамдық басқару және сот органдарының бақылауымен ұйымдастырылады. Жоғарғы сайлау кеңесі сайлаудың басынан соңына дейін лайықты әрі жүйелі түрде өтуін қамтамасыз ету мақсатында барлық ұйымдастыру жұмыстарын атқарып, дауыс беруге дейін және одан кейінгі кезеңдерде пайда болған ауытқушылықтар туралы түскен шағымдарды қарастыру, шешім қабылдау, сондай-ақ, Түркияның Жоғарғы ұлттық мәжілісінің мүшелерін қайтадан сайлауды өткізу жұмыстарын атқарады. Жоғарғы сайлау кеңесінің шешіміне қарсы ешбір лауазымды тұлға қарсылық білдіре алмайды. Жоғарғы сайлау кеңесі 4 негізгі мүше мен 7 орынбасардан құрылады. Оның 7 мүшесі Жоғарғы аппеляциялық соттың бас ассамблеясы тарапынан, қалған 4 мүшесі Мемлекеттік кеңестің бас ассамблеясында жасырын дауыс беру және мүшелері арасында абсолютті көпшіліктің дауысын жинау арқылы сайланады».