Ирандағы президенттік сайлау (11)
(last modified Fri, 19 May 2017 18:29:35 GMT )
Maм 20, 2017 00:29 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (11)

ИИР-ның Сақшылар кеңесі үш маңызды механизмде, яғни, заң шығаруды бақылау, сайлауды бақылау және Конституцияны сараптау бөлімдеріндегі бірегей орнына байланысты ұлттық мүдделерді қорғау, республикалық жүйеде маңызды рөл атқарады.

Ислам революциясының жетекшісі бір баяндамасында былай деген еді: «Бүгінде біздің елімізде түрлі деңгейлердегі басшылар тікелей немесе жанама түрде халық тарапынан сайланады.Тағайындалатын басшы, басшылықтың мұрагерлік жолмен ауысуы, ақша үшін қызмет ету және тағы да басқа материалдық мүдделер біздің исламдық республика жүйесінде жоқ. Бұл сайлаулардың барлығы – президенттік сайлау, Ислам кеңесі мәжілісінің, Эксперттер мәжілісінің, қалалық исламдық кеңестердің сайлауларыИран халқы мақтаныштарының бір бөлігі, Ислам мақтаныштарының бірі әрі имам Хомейнидің мақтанышы болып табылады».

Сақшылар кеңесінің Конституция шеңберіндегі міндеттері

Сақшылар кеңесінің маңызды міндеті – сайлауды бақылау. Бұл кеңес Конституцияны сараптаудың ресми органы саналады. ИИР-ның Конституциясына сәйкес, Сақшылар кеңесі Исламның үкімдерін қорғап, Конституцияны сақтау үшін құрылды. Сол себепті бұл ұйым «Сақшылар кеңесі» деп аталған. ИИР Конституциясының 91-бабында: «Ислам кеңесі мәжілісі қаулыларының Ислам үкімдері мен Конституциядан ауытқуының алдын алу үшін «Сақшылар кеңесі» деп аталатын кеңес құрылады» деп келтірілген.

Жалпы алғанда, ИИР-ның Конституциясы Сақшылар кеңесіне бірқатар міндет  жүктеген. Сақшылар кеңесіне жүктелген міндеттердің арасынан үш жайт, яғни, заң шығаруды бақылау, Конституцияны сараптау және сайлауды бақылау міндеттері ерекше маңызды. Бұл міндеттерді атқару және Сақшылар кеңесінің басқа да жұмыстарының арқасында  республикалық жүйе мен исламшылдық сақталады. Ислам революциясының жеңісінен кейін имам Хомейни өткізген референдум бойынша, Иран халқы «Ислам республикасы» жүйесіне дауыс берді. Сол себепті Ирандағы республикалық жүйе мен саяси жүйенің исламшылдығы ерекше маңыздылыққа ие. Бұл маңызды міндет бәрінен бұрын Сақшылар кеңесінің мойнында.

Заңдардың жүзеге асырылуын бақылау – исламшылдық  пен республикалық жүйені сақтау

Заңдар мен ережелерді бақылау пәлсапасы шариғат пен Конституцияны сақтауда жатыр. Бірінші мәселеге қатысты айта кетер жайт, негізінде саяси жүйелер екі түрлі болады. Мысалы, кейбір жүйелер тек халықтың дауыс беруінің нәтижесінде заңдылыққа қол жеткізеді. Мұндай үкіметтерде заңдар халықтың талаптарына сай шығарылады. Халықтың дауысынан басқа ешнәрсе заң шығару үшін негіз бола алмайды.

Жүйелердің келесі бір тобы наным-сенімдер мен түрлі мектептерге сүйенген. Бұл қоғамдарда халық мектепті еркін түрде қабылдап,  өздеріне тиесілі барлық нәрсенің осы мектеп негізінде жасалуын қалайтынын мәлім етеді. Осы тұрғыдан, ИИР  да – бір мектепке сүйенген жүйе. Иран халқы х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың фарвардин айының оны мен он бірі күндері өткен референдумда өз мемлекетін «исламдық республика» деп жариялады.

Ислам республикасы дегеніміз – халықтың қалауы бойынша Ислам заңдарының билік етуі. Сонымен қатар, мемлекеттің билік түрі республика, ал болмысы Ислам дегенді білдіреді. Сондықтан, онда заң шығару, оны жүзеге асыру және қазылық ету Исламның заңдарына сәйкес жасалады. Конституцияда Ислам республикасы жүйесінде барлық заңдар мен ережелер шариғатқа сай дайындалуы керек екені айтылған. Бұл мәселеге қатысты Конституцияда заң шығарушы органның елдің ресми дінінің үкімдері мен қағидаттарына қайшы келетін заңдар шығара алмайтыны ескертілген. Сол себепті, ИИР-да заңдар исламдық үкімдермен сәйкестендіріліп шығарылады.

Осындай жағдайда, Иран Ислам Республикасында шариғатқа қайшы келетін заңдардың шығарылмайтындығына сенімді болу үшін осы мәселені бақылайтын бір құзырлы органның болуы қажет. Бұл орган заң шығарушы органның  қаулыларын қадағалап, шариғатқа қайшы келетін заңдар мен тәртіптердің бекітілуінің алдын алады.

Сонымен қатар, екінші мәселе, яғни, Иранның Конституциясы да ерекше маңыздылыққа ие. Шын мәнінде, Конституция бір саяси жүйенің басты құрамдас бөлігі және барлық қарым-қатынастардың өзегі әрі іс-әрекеттердің негізі болып табылады. ИИР жүйесінің барлық органдары мен діңгектері Конституциядан тамырланады. Конституцияның басты қағидасы – үкімет пен халықтың құқықтары мен міндеттерін көрсету.

Иранның Сақшылар кеңесінің ақпарат өкілі доктор Аббас Али Кадходаи: «Біз Сақшылар кеңесінде мерзімдер, мысалы, бір тұлғаның басқару мерзімі туралы талқыламаймыз. Себебі, біз елдің болашағын басқаруды бұл тұлғаға тапсыра алатын, алмайтынымызды анықтауымыз керек. Ол 5 жыл бұрын, немесе 20-30 жыл бұрын билік етті ме, маңызды емес. Уақыты маңызды емес, сапасы маңызды» дейді.

Осылайша Ислам республикасының жүйесі құқықтық жүйе болып табылады. Барлық мемлекеттік ұйымдар принциптік басты заңдарды сақтауы керек. Контистуцияның 71-бабына сәйкес, жалпыға бірдей заң шығару өкілеттігіне ие Ислам кеңесі мәжілісі Конституцияның қағидаттарына қайшы келетін заңдар шығара алмайды. Заң шығарушы және шешім қабылдаушы аппараттардың ешқайсы Конституцияға қайшы келетін қаулылар бекіте алмайды. Ол үшін бір құзырлы орган қаулылар жүзеге асырылмас бұрын оны Конституцияға қайшы келмеуі тұрғысынан тексеруі қажет. Егер қайшы келеді деп таныған жағдайда оның жарамсыздығын мәлімдеуі тиіс.

Осылайша, заң шығаруды бақылаудың пәлсапасы –заң шығару органы мен басқа да құзіретті ұйымдардың Конституция мен Ислам заңдарынан ауытқуының алдын алуда. Сақшылар кеңесі құзіретті орган ретінде заң шығару үдерісінде ұлттық мүдделер, исламшылдық пен ресубликалық жүйенің қағидаттары халықтың талап-тілегі негізінде сақталуы үшін оны  толығымен қадағалайды. Сақшылар кеңесінің Конституцияны сараптау және сайлауды бақылау міндеті Иранның ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету, исламшылдық пен республикалық жүйені сақтау шеңберінде жүзеге асырылады.

Сақшылар кеңесі – жүйені бақылау және қорғау міндетін атқаратын басты орган

Конституциялық дереккөздерде заңды Конституцияның көмегімен қадағалау қажеттігі қуатталып, осы аяда екі тәсіл ұсынылған: бірі – соттық бақылау тәсілі, екіншісі – соттан тыс бақылау тәсілі. ИИР-да соттан тыс бақылау тәсілі пайдаланылады. Заң шығаруды бақылау «Сақшылар кеңесі» деп аталатын соттан тыс ұйымға тапсырылған.

Саяси мәселелердің маманы әрі университет ұстазы доктор сейіт Мұртаза Каземи Динан былай дейді: «Ислам республикасы Конституциясының 99-бабына сәйкес, сайлауды бақылау міндеті Сақшылар кеңесіне жүктелген. Бұл бақылау сайлаудың барлық кезеңдерін, соның ішінде, үміткерлердің талапқа сай болуын растауды қамтиды. Сол себепті, бақылау дегеніміз – дауыс берушілердің құқықын қорғаумен аяқталатын сайлау үдерісін еш кемшіліксіз, дұрыс әрі заңды түрде өткізу мақсатындағы заңды бақылау.

Осы аяда үміткерлердің елдің маңызды алаңдарына, әсіресе, президенттікке аяқ басу үшін белгіленген шарттарға сай болуын тексеруді сәйкестендіретін ұйым жүргізеді. Ирандаосы маңызды міндетті Сақшылар кеңесі атқарады. Адамдарды тіркеуден кейін оларға қатысты заңдық органдардан жасалатын сұрау салулардың нәтижелері мен осы адамдардың өздері ұсынатын құжаттар Сақшылар кеңесі тарапынан қарастырылып, олардың заңда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді».

ИИР-да бақылаушы орган екіжақты міндет атқарады. Бір жағынан заң шығарушы органның қаулыларының Конституциямен сәйкестігін тексерсе, екінші жағынан қаулылардың шариғат заңдарымен сәйкестігін тексереді. Сол себепті дінтанушылар мен заңгерлердің бір тобының Сақшылар кеңесіне мүше болуы қажет. Исламның үкімдерін жетік білетін адам  ғана заңдардың шариғатқа сәйкес келуі туралы пікір айта алады. Оны сөзі – байлаулы сөз. Ол тек факиһ қана емес. Сондай-ақ, Конституцияны жетік меңгерген «заңгер» деген сөздің шеңберінен асқан адам ғана Иран Ислам кеңесі мәжілісі қаулыларының Конституция қағидаттарына қайшы болмауы туралы пікір айта алады.

Осылайша, Сақшылар кеңесі деп аталатын ұйымда заң шығарушы органның қаулыларын тексеру мақсатында талаптарға сай келетін 12 факиһ пен заңгер қызмет етеді.  Бұл кеңестің маңызды механизмдері ұлттық мүдделер, исламшылдық пен республикалық жүйенің сақталуы үшін заң шығаруға қатысты барлық істерді қадағалау, Конституцияны сараптау және сайлауды тікелей бақылау міндеттерін атқарады.

Иранның Парсы тілі және әдебиеті институтының басшысы доктор Ғоламали Хаддад Аделдің айтуынша, сайлауды тек реформатор деп танылған адам ғанажүзеге асырмайды. Сайлау екі бөліктен тұрады: бірі – үміткерлердің талаптарға сай болуы, екіншісі – халықтың дауысы.