Ирандағы президенттік сайлау (13): Үміткерлер ИИР-ның тұрақты қағидаларын қуаттауда
ИИР президенттік сайлауының 12-ші кезеңінде үгіт-насихат жұмыстары барысында айтылатын үміткерлердің ұрандары мен ұстанымдары жұрттың назарын өзіне аударды. Тіпті дауыс беру кезінде де бұл пікірлер ескерілді. ИИР-ның саяси, экономикалық, әскери, қоғамдық, діни және мәдени алаңдардағы принципті әрі тұрақты ұстанымдары Конституция негізінде белгіленген.
Иранның президенттік сайлауындағы үміткерлерге қойылатын басты талаптар және жүйе тұрақтылығы қағидасын сақтау
ИИР-ның азаматы, мүмін әрі Иранның қағидалары мен ресми дініне беріктік, сондай-ақ, жақсы атқа ие болу, сенімді әрі иманды болу ИИР-ның президенттік сайлауына үміткер болу үшін қойылатын талаптардың қатарын құрайды. Иранның 177 баптан тұратын Конституциясы да Ислам республикасы жүйесінің шеңбері мен оның тұрақты саясаттарын белгілейд.
Саяси мәселелердің маманы Хосейн Кашанипур былай дейді: «Мыңдаған шәһидтердің төгілген қанының жемісіболып табылатын революцияның арқасында Иран халқы отыршылдықтың бұғауынан босап, өз тағдырын анықтау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл мүмкіндік сайлаулардан көрініс тапты. Революция жетекшісі сайлаудың қадірін білу керек екенін қуаттады. Сайлаушылар, сайланушылар және сайлауды ұйымдастырушылардың барлығына алғыс білдіру керек. Алғыс білдіргенде тек бұл нығмет үшін алғыс айтумен шектеліп қалмау керек. Әр адам өз орнында дұрыс әрекет етуі тиіс. Яғни, маған дауыс беру мүмкіндігі берілген кезде мен өз елім үшін жақсы болашақ құру мақсатында өзімнің таңдауымды жасағанда мұқият болуға тырысуым қажет. Сайланғысы келетін адам да қолынан келетін және өзі уәде еткен нәрселерді, сондай-ақ, қоғам үшін игі істерді жүзеге асыруы тиіс. Сол кезде ғана жұрттың алдына шығып, өзін ұсынуы керек. Ал сайлауды өткізетіндер мыңдаған шәһидтен қалған аманатты сақтауға тырысады
Назар аударарлық маңызды мәселелердің бірінебіздің сайлау арқылы өзіміздің басты қағидаларымызды, абырой-беделімізді, азаттығымызды, қауіпсіздігімізді, тағдырымызды, сеніміміз бен егемендігімізді қорғайтынымыз жатады. Осы алаңға шығатын тұлғалар, әсіресе, сайланушылар Конституцияда көрсетілген қағидаттарға, соның ішінде, елдің тәуелсіздігі мен үстемшілдікке тәуелділіктен ада болуға, яғни, абырой-бедел мен азаттықты сақтап, елдің дамуы үшін жағдай тудыруға, өз күшімізге сүйеніп, әлеммен байланыста болу қағидаттарына берік болуы керек. Бұлардың барлығы революциямен бірге келіп, біздің қоғамда орныққан. Бізосы жолды қорғауымыз керек».
Конституцияның 1–бабында ИИР-ның тұрақты қағидасының жалпы жобасы көрсетілген. Осы қағидамен қатар, Конституцияның келесі бір бабында ИИР жүйесінің саяси, экономикалық, әскери, мәдени, діни және қоғамдық алаңдардағы бағыттары егжей-тегжейлі сипатталған.
Иран Конституциясының 3-бабының 16-тарауына сәйкес, Ислам республикасының сыртқы саясаты «Ислам», «барлық мұсылмандарға қатысты бауырластық парыз» және «жәбірленушілерді барынша қолдау» критерийлері негізінде реттеледі.
Иран Конституциясының 2-бабында да зорлық, үстемшілдік және оны қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ, әділет пен теңдік, саяси, экономикалық, мәдени тәуелсіздік, ұлттық ниеттістік туралы айтылған.
Сонымен қатар, Конституцияның 152-бабында: «ИИР-ның сыртқы саясаты үстемшілдік және оны қабылдаудан бас тарту, елдің тәуелсіздігі мен жердің біртұтастығын жан-жақты қорғау, барлық мұсылмандардың құқықтарын қорғау, үстемшіл алпауыттарға тәуелді болмау, бейбіт үкіметтермен достық қатынастар орнату қағидаларына негізделген» деп жазылған.
Иранның президенттік сайлауындағы үміткерлер Конституциядағы осы бірнеше маңызды бапқа назар аударады деп күтіледі. Басқаша айтқанда, президенттік сайлауға, соның ішінде, алдағы сайлауға таңдалған үміткерлер өз саясаттарынИранның Конституциясы шеңберінде құрып, ұлттық және Ислам әлемінің мүдделеріне назар аударуы қажет.
Саяси мәселелердің маманы Хосейн Кашанипур: «Біздің дұшпан бар назарын экономикаға аударып, экономика арқылы біздің елге соққы беруді көздеп отыр. Егер біздің экономикамызда қиыншылық туындаса, қоғамның басқа бөлімдері де қиындыққа тап болады. Осы мәселені басты бағдар етіп қоюымыз керек. Біз соққыларға тойтарыс бере алатын экономикаға қол жеткізу үшін қарсыласу экономикасынабасаназар аударуымыз қажет. Сондай-ақ, бұл мықты қоғам экономиканың көмегімен халық үшін әл-ауқаттылықты арттыру жолдарын ұсынады. Бірақ, бұл жерде де қарсыласу экономикасы басты бағдар болуы керек. Енді бақытсыздықтың факторы саналатындұшпан мәселесіне тоқталайық. Дұшпанмен үстемшілдер басқахалықтардың олардың заңсыз мүдделерін қабылдату үшін қатыгездік көрсетеді. Себебі, үстемшілдік қабылданған жағдайда олар үшін іс жеңілдейді. Жалпы айтқанда, дұшпаннан қорқу – бақытсыздың бірінші түрі. Біз 40 жылға жуық уақыт бойы өз құндылықтарымызды сақтау үшін баркүшімізді салдық. Қазір даму үшін мүмкіндіктер бар. Себебі бұл халық мықты. Сайлау мен басқа да мәселелерге келетін болсақ, бұлардың барлығы – бір жүйе» деді.
Иран – барлық алаңдарда тәуелсіз ел
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 2017 жылдың сәуір айының жиырма бесікүні исламдық елдердің басшылары және елшілерін қабылдауында Иранның конституциялық рухы туралы сөз қозғады. Ислам революциясы жетекшісі сол кездесуде: «Халық ауқымды сайлауға қатысу арқылы Иран мен исламның дұшпандарын үмітсіздендіреді. Сонымен қатар, үміткерлер халыққа елдің дамуы үшін жол ашуда шекаралардан тыс жерлерден көмек күтпеуге уәде беруі керек» деген болатын.
Конституцияда ИИР-ның тұрақты принциптері туралы: «Иран – тәуелсіз әрі әлемнің түрлі аймақтарындағы жәбірленушілерді қорғайтын ел. Иран барлық, саяси, экономикалық, әскери, қоғамдық және мәдени істерде исламдық заңдар мен өзінің мүдделеріне сай әрекет етеді. Осы алаңдарда саясаттарды жүзеге асыру үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды» деп қуатталған. Осы бапқа сәйкес,Ирандағы президенттік сайлаудың кандидаттары Конституцияда көрсетілген баптарды жүзеге асыруға міндеттеледі. Халық та олардан осыны күтеді. ИИР-ның президенттік сайлауының 12-ші кезеңінде талаптарға сай танылған үміткерлер осы қағидаттарға қайшы келмейтін бағдарламалар жасап, оны толық белгіленген шеңберде ішкі саясат, сыртқы саясат, экономика мен қарулы күштер алаңдарында ілгерілетіп жатыр.
Үміткерлер жүйенің тұрақты қағидаларына шынайы түрде назар аударуы қажет
Президент болатын адам ИИР-ның мүдделерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол кез келген жердегі істерге араласып, ИИР-ның революцияшыл рухқа ие сыртқы саясатын түрлі қырынан сараптайды. «Тәуелсіздік талап ету» және «үстемшілдіктен бас тарту» ИИР-ның тұрақты қағидасының басты тіректері болып табылады. Осыларға негізделіп, Иранның басқа да істері жүзеге асырылады. Сол себепті президенттік сайлаудағы үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары кезіндегі баяндамалары да осы шеңберден аспайды. Тәуелсіздік талап ету және үстемшілдіктен бас тартуды қуаттау Иранды аймақтық маңызды ойыншыға және басқа елдер үшін үлгіге айналдырды. Сонымен қатар үстемшіл жүйенің Иранмен дұшпандығы азайып келеді.
Ислам революциясы жетекшісінің сөзіне назар аударайық: «Егер имамның жолынан адасып, немесе оны ұмытатын болсақ, бұл Иран үшін соққы болмақ.
Әлемдік ашкөз үстемшілдер ешуақытта Ираннан көзін алмаған. Иран сияқты ұлы, бай әрі тоғыз жолдың торабында орналасқан маңызды ел әлемдегі алаяқ алпауыттар үшін өте маңызды саналады. Бұлар ешуақытта ашкөздіктерін тоқтатпайды. Олар Иран халқы неғұрлым күшейіп, дамыған сайын үміттері өшіп, кері шегіне бастайды».
Иранда президент жүйе мен халықтың түрлі алаңдардағы мүдделерін қорғаушы болып табылады. Сол себепті оның ұстанымдары мүдделерді қамтамасыз ету және ИИР-ның тұрақты қағидаларын өзгертпеуде маңызды рөл атқарады. Бұл Ирандағы президенттік сайлау үміткерлерінің қай саяси фракция мен партиядан шыққанына қарамастан, барлығына қатысты. Ирандағы 12-ші президенттік сайлаудағы алты үміткердің түрлі бөлімдердегі, әсіресе, сыртқы саясат және экономика саласындағы бағдарламалары Конституциядан тамырланады. Осы алты үміткердің Ислам революциясы мен жүйенің тұрақты қағидаларына беріктігінің мөлшері халық, партиялар, саяси, әскери және экономикалық құрылымдардың назарынан тыс қалмайды.