Имам Хосейннің сенімді серіктері (2)
(last modified Wed, 27 Sep 2017 06:39:19 GMT )
Қыр 27, 2017 12:39 Asia/Almaty
  • Имам Хосейннің сенімді серіктері (2)

Тарих зорлықшылдардың әрдайым бейкүнә адамдардың қанын төгу арқылы өз билігін нығайтуға тырысатынын көрсетті. Дәл осы мәселе имам Хосейннің (ғ.с.) төңкерісіне негіз болды.

Нәпсінің жетегінде кеткен билеушілермен күресу және жалған дүниеден бас тарту жолында басы кесілген хазірет Яхия (ғ.с.) заманынан бастап хиджри жыл санағы бойынша 61 жылы зорлық-зомбылықпен күрес кезінде қаза болған Хосейн бен Әлидің (ғ.с.) дәуіріне дейін, сол кезден бастап жәһілдік билеген қазіргі заманға дейін бейкүнә адамдар қырылып жатыр. Әр соғыс сайын сансыз күрескерлер хақ  майданының дұшпандары мен баскесерлердің қолынан қаза табады.

Тарих зорлықшылдардың әрдайым бейкүнә адамдардың қанын төгу арқылы өз билігін нығайтуға тырысатынын көрсетті. Дәл осы мәселе имам Хосейннің (ғ.с.) төңкерісіне негіз болды. Язид ақыл  тоқтатпаған, санасыз, уақытты жақсы өткізуді ойлайтын әрі мұсылмандарды басқару үшін ешқандай біліктілігі жоқ жас жігіт болған. Ол билікке келгеннен кейін нәпсіге беріліп, ашықтан-ашық күнә жасап,   исламдық құндылықтарды аяқасты етті. Осындай жағдайда өз билігін күшейту үшін ешбір қылмыстан аянып қалған жоқ. Сол себепті Язидтің билікке келуі имам Хосейннің (ғ.с.) төңкерісінің  алғышарты болды. Хазірет бірнеше рет Язидтің болмысын көрсетіп, халыққа  қаратып: «Хақтың аяқасты етіліп, жалғанға тосқауыл қойылмағанын көріп отырған жоқсыздар ма? Мұндай жағдайда мүмін Жаратушымен жүздесуге лайық» деді.

Имам Хосейннің (ғ.с.) төңкерісі

 

 Бүгінде үстемшіл билеушілер мен алпауыттар өз биліктерін нығайтып, Исламның бейнесін бұрмалау үшін зорлық-зомбылықты таратып отыр. Олар теріс жолға түскен топтар мен секталар құрып, хақ пен әділетті таптап отыр. ДАИШ лаңкестік тобының исламдық елдердегі қатыгездіктері осындай топтардың айқын үлгілерінің бірі. ДАИШ-тің баскесерлері жабайылықпен бейкүнә адамдардың басын кесіп, өздерінің қате түсініктерімен дінді бұрмалауда.

Қазіргі таңда әлем бедғаттар мен қате түсініктердің отында күйіп жатыр. Теріс жолға түскен топтар мен секталар таралғаннан кейін мыңдаған бейкүнә адамдар дін дұшпандарының қылмыстарының құрбаны болды.  Тәкфірлік және сионистік топтардың қылмыстары мен аймақта адамдарды топ-тобымен қыру әрекеттері жүректерді сыздатқанымен, қарсы тарапта батыл әрі азат адамдардың иманы мен махаббаты бар. Олардың жанкештілігі хиджри жыл санағы бойынша 61 жылғы ерлікті қайта жаңғыртып, жүректерде «әлем қайтадан бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізеді» деген үміт отын жақты.

Сол имамның ілімі аясында «кесене қорғаушылары» аталған ержүрек азаматтар өз еріктерімен пайғамбар әулетінің кесенелерін қорғап, Хосейннің (ғ.с.) адал серіктерін еске түсіреді. Ашура тек бір күнде орын алған оқиға емес, ол Хосейн бен Әлидің (ғ.с.) төңкерісі; зұлымдық пен әділетсіздік, жәһілдік пен ырымшылдыққа қарсы күрес. Оның мәңгілік үндеуі  әр ғасыр мен ұрпаққа өтіп, Хақтың жолын ұстанушылардың санын арттырып келеді.

Кесене қорғаушылары

 

Алла жолындағы қозғалыстардың тарихында ешбір әрекет адал әрі жанкешті көмекшілерсіз орын алған емес. Алланың елшілері мен үкімдерін жеткізушілер Жаратушы тарабынан көмек көргенімен, мүмін адамдардың көмегіне де иек артатын. «Қаншама пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдар соғысқан болатын; сонда бастарына келгенге олар босамады да әлсіремеді. Сондай-ақ, именбеді. Алла қажырлыларды жақсы көреді» (Әли Ғымран сүресі, 146-аят).

Мүміндер – діндегі көрегендікпен майданға аяқ басатын адамдар. Алла Тағала мұндай адамдарды дәріптеп: «Шын мәнінде, сондай Аллаға, Елшісіне иман келтірген мүміндер, сосын күдіктенбей, Алла жолына малдары әрі жандарымен соғысты. Міне, солар шыншылдар» (Хүжрат сүресі, 15 аят) дейді.

Имам Хосейннің (ғ.с.) көмекшілері мен Кербала шәһидтері Алламен осындай жақын байланыста болған. Дәл осы сүйіспеншілік пен махаббат олардың Алла жолында өз жандарын пида етуіне себеп болды. Сондықтан, аяттар мен руаяаттарда Аллаға деген махаббат туралы көп айтылған. Иман дегеніміз – Аллаға деген сүйіспеншілік пен махаббат. Имам Садық  (ғ.с.) былай деген: «Алланы өз жаны, әке-шешесі, перзенттері, отбасы, мал-мүлік пен барлық адамдардан артық жақсы көретін адамның ғана иманы толық болады».

Осы ерекшеліктер имам Хосейннің (ғ.с.) көмекшілерінің бойында жарқырай түсті. Мәсиһи дінін ұстанған жас өз анасымен бірге имам Хосейннің көмегімен мұсылман болды. Назареттік Вахаб  өз жұбайы  және анасымен бірге Исламды қорғап, имам Хосейнге қолдау көрсету үшін Кербалаға жол тартқан жаңа отау құрған жас жігіт еді. Ол батылдықпен майданға аттанып, бар дауысымен ұрандатып, бар күшін салып соғысты. Одан кейін анасына қайта оралып: «Маған риза болдың ба?» деп сұрайды. Сол кезде анасы: «Хосейннің жолында жан тапсырмайынша, риза болмаймын» дейді. Сол кезде Вахаб майданға қайта оралып, бар ынтасымен соғысқаны соншалықты, он тоғыз атты, жиырма жаяу сарбазды өлтірді. Дұшпандар оны екі қолынан айырады. Жұбайы  Хание оның қасына келіп: «Ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын, пәк тұлғалардың қатарында дұшпанмен соғыс» дейді. Имам Хосейн (ғ.с.) оны қосынға қайтарады. Вахаб соғыс барысында тұтқынға түсіп, оны Омар Саадтың алдына алып келеді. Вахабтың батылдығы мен қажымас қайратына қайран қалған Омар Саад: «Қандай қайсар едің?!» деп, оның басын кесіп, оны имам Хосейннің (ғ.с.) әскеріне апаруды бұйырады. Вахабтың анасы перзентінің кесілген басын құшақтап, бетіндегі қанын сүртіп: «Сені шәһид ету арқылы мені ақтаған Жаратушыға мың да бір алғыс!» дейді. Одан кейін: «Алла жолында құрбан еткен нәрсені қайта алмаймын» деп перзентінің кесілген басын дұшпандарға қарай лақтырып жіберген екен.

Бүгін де 25 жастағы бір жас жігіт пайғамбар әулетінің құндылықтарын қорғау мақсатында майданға аяқ басып, дұшпандардың қолына тұтқынға түседі. Дұшпан осы ержүрек жастың тұтқындығын бейнетаспаға түсіріп, оны ақпарат құралдары арқылы жария ету арқылы мұсылман әрі революцияшыл жастардың рухын әсіретпек болды. Бірақ, оған оқ тисе де, жас жігіт дұшпандарға қарсы нық тұрды. Көп адам сол бейнені көрді. Өртеніп жатқан қосындар, жалыны көкке көтерілген өрттің арасында қолы байланған тұтқын  сенімді көзқарас әрі сабырға толы жүрегімен «Тек Алланың есімімен ғана жүректер тыныштық табады» деп қайталап отыр.

Қолына қанжар ұстаған, көзі оттай жанған әрі жүрегі рақымсыздыққа толған баскесер қанішер йезидтердің кейпіне енген еді. Бұл бейне мен сурет көне заманнан қалған бір бөлшек сияқты. 1400 жыл бұрынғы үндеу. Осы суреттегі қолы байланған батырды танығысы келген әр адам Кербала ерлігін білуі керек. Бұл – Алла жолындағы ынтызар ғашық туралы дастан; 1400 жыл бұрын басталған бірақ ешуақытта ұмытылмаған махаббат туралы хикая.

Шәһид Мохсен Хаджаджидің байсалды көзқарасы мен мығым бейнесі

 

Шәһид Мохсен Хаджаджидің кесілген басының суреттері виртуалды кеңістікте таралғаннан кейін оның жұбайынан сол суретті көргені-көрмегені туралы сұрайды. Сол кезде жұбайы: «Ия. Мен жұбайымның басы жоқ денесін көрдім. Көбісі маған бұл суретке қарамасын деп айтты. Бірақ олардан олай айтпауды сұрадым. Хазірет Зейнеп те Кербалада әдеміліктен басқа ештеңе көрмегені туралы айтқандай, мен де бұл жол мен суреттен әдеміліктен басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Менің жұбайымның Пайғамбар әулетіне деген адалдығының көп болғаны соншалықты әрқайсысынан бір белгі алып, шәһид болды. Дұшпан имам Әлиге (ғ.с.) қарсы қанжар салған сияқты, менің күйеуіме де қанжар салды. Имам Хосейн (ғ.с.) сияқты менің жұбайымның да басы да кесілді. Мохсен де Әли Акбар Хосейн сияқты жас болды. Жұбайым хазірет Зейнеп сияқты тұтқынға түсіп, имам сияқты басы кесілді» деді.

Шәһид Хаджаджидің жұбайы мен перзенті

 

Қазір осы суретті көрмеген адам қалған жоқ. Кесене қорғаушысы шәһид  Мохсен Хаджаджидің оқиғасы туралы естімеген адам да жоқ. Ол шамси жыл санағы бойынша 1370 жылы Исфаһан қаласында дүниеге келіп, 1396 жылы Сирияда шәһид болды. Болмысы иман мен махаббатқа толған жастың ерлігі туралы  хикая жер-жерге таралды. Бұл жастың арманы Алла жолында шәһид болу еді. Оның бұл арманы мазлұм халықты қорғау жолында жүзеге асты. Мохсен  осы дүниедегі өмірін қиып, аспанға қарай ұшып кетті. Осылайша, жас жігіт әлемді бас игізді.