Арбағиндегі ғашықтық рауаяты (6)
(last modified Thu, 09 Nov 2017 18:29:07 GMT )
Қар 10, 2017 00:29 Asia/Almaty
  • Арбағиндегі ғашықтық рауаяты (6)

Хосейннің Арбағині күнгі ерлік – Хосейн бен Әлидің (ғ.с.) төккен қанының арқасында пайда болған шиіттердің шексіз әрі теңдессіз күш-құдіретінің белгісі.

Хосейннің Арбағині күнгі ерлік – Хосейн бен Әлидің (ғ.с.) төккен қанының арқасында пайда болған шиіттердің шексіз әрі теңдессіз күш-құдіретінің белгісі.  Зұлымдыққа қарсы тұрып, ар-абырой мен азаттыққа ұмтылу – әрдайым хосейндік мәдениетте ерлікпен қатар жүретін қасиеттер. 

Өзін Мұхаммад деп таныстырған зияратшы  құрылыс мамандығының студенті екен. Ол: "Егер Арбағин рәсімдеріне қатысқан болсаңыздар, асқан қонақжайлылық пен мейірімділікті сезесіз. Жүзін күн қаққан, жалаңаяқ әрі ұзақ жолдан табаны жарылып кеткен, қасында өміріндегі жалғыз байлығы бір бас қойы бар ауылдық әйел Кербалаға қарай жол тартып, шәһидтердің жетекшісін зиярат етуге бет алған. Басына құрма салынған табақты көтеріп, тізерлеп тұрып бір қария жол үстінде зияратшыларға қызмет етуде. Жасөсіпірім де басына көже мен тағамдар қойылған табақ көтеріп тұр. Басқа адам сол тағамдарды үлестіруде. Келесі бір жас жігіт сізге кофе ұсынады. Ұлты араб бала қолыңызға бір кесе шәрбат әкеліп ұстатады. Аңыз-әңгімелер мен өлеңдерден оқыған арабтардың қонақжайлылығы мен кеңпейілділігін бұл жерден өз көзіңмен көріп, сезінесің. Әр адам осы рәсімдерде қолындағы барын Хосейн зияратшыларына ұсынады. Былай жасау дұрыс емес деп айтатын боларсыз. Сіздікі де дұрыс шығар. Бірақ, мәселе –осы адамдардың Пайғамбар (ғ.с.) әулетінің мүшелеріне деген сүйіспеншілігі пен биік рухында. Бар нәрсе тәтті болды: қант қосылған тәтті шайдан бастып, қантсыз ащы кофеге дейін.

 

Күн шыққаннан кейін азырақ демалып алайын деп басқа зияратшылардың қасына барып жантайдым. Біраз ұйықтап алғаннан кейін тұрып, көрпемді жинайын десем, жасы 13 шамалас ирактық жасөспірім қасыма жүгіріп келіп, қолымдағы көрпені алып, өзі жинады. Әдетте өз төсек орнын айғай-шумен жинайтын жасөспірімдерден өзгеше осы  13 жастағы жас жеткіншектің мені танымаса да, қасында жөн сілтейтін әке-шешесі болмаса да  өз еркімен келіп, қызмет көрсетіп жатқанына қайран қалдым" деді.

Осылайша Хосейн мен оның армандары жолында қадам басатын зияратшылар сый мен қызмет көрсетуге әбден лайық. Имам Садық (ғ.с.) былай деген еді: "Имам Хосейнді (ғ.с.) зиярат етуге жаяу барған адамның әр қадамы үшін Жаратушы оған бір жақсылық беріп, бір күнәсін жойып, мәртебесін бір деңгейге көтереді. Зияратқа жеткен кезде де Хақ Тағала оған екі періште жіберіп, аузынан шыққан әрбір жақсы сөзін жазып алуға, бірақ жамандығын жазбауға бұйырады. Осы екі періште зияратшы үйіне қайтар кезінде онымен қоштасып, оған: "Уа, Алланың пендесі! Сенің күнәларың кешірілді. Сен Алла мен оның елшісі және пайғамбар әулеті жолындағы адамсың. Алла куә! Сен ешуақытта отты көрмейсің. От та сені көрмейді және сені мазаламайды" деп айтады" 

Кербалада болып келсең, киелі адамдардың ізі қалған қасиетті жерді зиярат еткенің ешуақытта ұмытылмайды. Сол қасиетті мекендердің маңында көрсетілетін қонақжайлылық та әдемі әрі дәмді...