Ислам революциясы – үстемшілдікпен күрес пен исламдық қарсыласуды қолдаудың белгісі
(last modified Sun, 04 Feb 2018 08:06:27 GMT )
Ақп 04, 2018 14:06 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы – үстемшілдікпен күрес пен исламдық қарсыласуды қолдаудың белгісі

Алла Тағала өзіне арқау сүйеп, зұлымдар және зорлықшылдармен күресетін адамдарға мынадай уәде береді: «Расында, "Раббымыз Алла" деп, сосын мықты түрғандар, оларға періштелер түседі де: "Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер" дейді» (Фүссилат сүресі, 30-аят)

1979 жылы жеңіске жеткен Иранның мұсылман халқының көтерілісі Исламның құнды әрі қасиетті тағылымдарына негізделді. Халық Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің нұсқауларына көңіл аударып, илаһи ұлы діннің тағылымдарына мойынсұнудың осы дүние мен о дүниенің жақсылықтарына жетудің ең лайық жолы екенін түсінді. Сол себепті бұл революция «исламдық» деген сипатқа ие болды. Бұл – исламдық мақсаттар мен армандардың орындалуына жол ашатын революция. Сол армандардың бірі – үстемшілдікке қарсы тұру, басқаша айтқанда үстемшілдікпен күресу. Үстемшілдікпен күресу шын мәнінде Исламның басқаларға жасалатын зұлымдықтың кез келген түрімен және зұлымдыққа мойынсұнумен күресу ерекшелігінен бастау алады. Ислам бір жағынан басқаларға зорлық жасауға қарсы болса, басқа жақтан, адамдарға зұлымдықтың алдында бас июден алшақ болуға кеңес береді. Имам Хомейни: «Біздің қағидамыз – зұлымдық жасамаймыз, зұлымдықты қабылдамаймыз... басқаларға зұлымдық жасамаймыз және басқалардың зорлық-зомбылығына төзбейміз» деген болатын.

Басқаларға кез келген зорлықтың жасалуына төзбейтін Ислам дінінің үстемшілдікке де қарсы екені мәлім. Себебі, үстемшілдік басқаларға өктем болу мақсатында жасалатын зұлымдық пен басқалардың құқығын қабылдамау деген мағынаны білдіреді. Бұл түсінік Ислам революциясының мәдениетіне Құран арқылы енген, осы қасиетті кітапта көп кездесетін түсінік болып табылады. Ең алғашқы үстемшіл, өз тәкаппарлығынан Адамға сәжде жасаудан бас тартқан шайтан болған. Құранда сонымен қатар Қарун, Перғауын мен Һаман сынды зұлым адамдар үстемшіл деп аталған. Жаратушы Құран Кәрімде жиренішті үстемшілдердің сипаттарын келтіреді: «Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ, олар тура жолды көрсе, оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары» (Ағраф сүресі, 146- аяты) Көптеген аяттарда үстемшілдерге жәһаннамның оты уәде етілген.

Иранның Ислам революциясы осы қағидаға арқа сүйеп, үстемшілдер мен золықшылдарға қарсы тұрды. Дәл осы себеппен олардың ашу-ызасын тудырды. ИИР Конституциясының 154-бабында бақ-береке, тәуелсіздік, азаттық пен адал әрі әділ үкімет әлемнің барлық халықтарының құқығы деп аталып: «ИИР басқа елдердің ішкі істеріне араласудан толығымен бас тартумен қатар, әлемнің кез келген жеріндегі жәбірленушілердің үстемшілдерге қарсы күресін қолдайды» дейді. Бүгінде үстемшілдіктің ең айқын үлгісі – АҚШ-тың үстемшіл әрі отаршыл үкіметі. Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы тақырып бойынша көптеген пікір айтты. Соның арасындағы мына сөзіне тоқталуға болады: «Үстемшілдік бұрынғы кезде де болған. Біздің заманымызда да бар. Үстемшілдіктің негізгі тірегі барлық кезеңдерде бірдей болған. Алайда оның әдіс-тәсілдері мен сипаттары заманға қарай өзгеріп отырды. Бүгін де үстемшілдік бар. Әлемдегі үстемшілдікдің басында Америка Құрама Штаттары тұр».

Ислам тағылымдарынан бастау алатын Иран Ислам революциясының үстемшілдікпен күресу арманы Батыстың ауқымды  үгіт-насихатына қарамастан, көп ұзамай мұсылман және мұсылман емес елдердің арасына жол тапты. Имам Хомейни мен  оның ізбасары аятолла Хаменеидің ағартушылық әрекеттері әсіресе Азияның батысында АҚШ-тың үстемшілдігімен күресу рухының пайда болуына себеп болды. Осылайша, Палестина, Ирак, Йемен, Бахрейн мен басқа да елдерде қарсыласу өзектері қалыптасып, АҚШ пен оның жиіркенішті одақтасы сионистік режимнің  үстемшілдігі мен қулық-сұмдықтарына қарсы күреске көмектесті.  

Палестинада ХАМАС және Исламдық джиһад сияқты топтар пайда болып, сионистік режимге қарсы күресуді өз жерлерін азат етудің жалғыз жолы ретінде ұстанып отыр. Палестинаны азат ету ұйымының басқыншы режиммен ымыраға келу алаңындағы сәтсіз тәжірибесі сионистердің өздерінің ешбір міндетіне берік емес екенін және Палестина мен Құдсты толығымен басып алуды ғана көздейтінін көрсетті. Қазір олар Бейт ул-Мұқаддас пен Палестинаның қалған жерлерін толығымен басып алуды көздеп отыр. Осы уақытқа дейін көптеген палестиналықтар шәһид болып, босқындыққа ұшырап, қамауда  жатыр. Осындай жағдайда Палестина халқы осы уақытқа дейін бірнеше рет сионистік режимнің зорлықшылдығына қарсы интифада ұйымдастырып, исламдық қарсыласу топтары да осы басқыншы режиммен күресу жолына түсті. Ал Иран Ислам Республикасы өзінің адами және исламдық қағидасына сай оларға қолдау көрсетіп отыр. ХАМАС-тың жетекшісі Исмаил Хания біраз бұрын аятолла Хаменеиге жолдаған хатында хазірет пен ИИР-ның ауқымды қолдауларына алғыс білдірді.

 

Ливан Хезболласы бүгінгі таңда сионистік режим мен АҚШ-тың аймақтағы экспансистік саясаттарын ілгерілету жолындағы ең басты тосқауылға айналды. 1981 жылы Ислам революциясының зұлымдыққа қарсы ой-пікірлерінің ықпалымен құрылған бұл партия ұзақ жылдарға созылған күрес пен қарсыласудың арқасында 2000 жылы сионистік режимнің қаруланған әскерін Ливаннан қуып шықты. 2006 жылы орын алған 33 күндік соғыста да сионистік әскерилер Ливаннан жеңіліс тапты. Қазір ИИР-ның материалды және рухани қолдауларына ие болып отырған Хезболла аймақтағы басқа да жәбір көріп отырған елдер үшін үлгіге айналып, Ливандағы, тіпті одан тысқары жерлердегі өзгерістерде маңызды рөл атқаруда. Осы партия күрескерлерінің Сириядағы АҚШ пен Арабстанның қолдауындағы тәкфіршіл лаңкестермен соғысқа қатысуы – исламдық қарсыласу шебінің осы бір ықпалды мүшесінің жасампаздығының келесі белгісі.

Иракта да көптеген тұлғалар мен топтар Иран Ислам реолюциясының үстемшілдікпен күрес арманының ықпалымен озбырлық және отырашылдықпен күрес алаңына шықты. Осындай тұлғалардың бірі имам Мұхаммад Бағер Садр мен оның апасы Бенет әл-Хеди болды. Олар Ирактың диктаторы Саддамға қарсы шыққандықтан шәһид болды. Ирактың Исламдық жоғарғы мәжілісі де Саддам режиміне қарсы шығып, қазіргі кезде бұл елде маңызды рөл атқарып отыр. Ирактық күрескер топтардың бірі Хашд әш-Шааби де Иранның үстемшілдік және лаңкестікпен күрестегі тәжірибелерін пайдалануда.

Кейбір халықтар мен топтар Иранға тікелей шыға алмағанымен, Ислам революциясының армандарына тәнті болып отыр. Осындай халықтардың бірі – Бахрейн мұсылмандары. Олар жылдар бойы осы елді басқарып отырған озбыр монархиялық режим тарапынан аяққа тапталған құқықтарын жаңғыртуды көздеп келеді. Бахрейн халқының  ішкі және сыртқы қысымдармен күресуі Иранның әлемдік үстемшілдіктің қулық-сұмдықтарына қарсы табандылығының кішірек үлгісі болып табылады.

Иранның Ислам революциясының құндылықтары, соның ішінде, үстемшілдікпен күресу қаиғдасын өздеріне үлгі тұтып отырған келесі халық – Йемен халқы. Бұл халық, әсіресе, солтүстік аймақтарда жылдар бойы вахаббилердің бұрмаланған ой-пікірлерінің үгіт-насихаттарының шырмауында болғанымен, Ислам революциясының таза әрі зұлымдыққа қарсы ой-пікірлерін қабылдап, оны үлгі тұтып отыр. Олардың осы идеядан шабыттанып, АҚШ пен сионистік режимнің қолдауын көріп отырған қаруланған Арабстанның әскеріне қарсы тұрып, саудиялық әскерге ауыр соққы беріп келе жатқанына үш жыл болды. Бұл Сауд әулетінің әскері Йеменді құрлық пен теңізден қоршауға алып, тіпті осы елдің мазлұм халқы үшін азық-түлік пен дәрі-дәрмектің кіруіне рұқсат бермей отырған жағдайда орын алуда.

Йеменнің қарсыласу күштері

 

Түрлі елдердегі исламдық қарсыласу топтары мен қозғалыстары  Иранның Ислам революциясын үлгі тұтып отырғандықтан, олардың арасында бірқатар ұқсастықтар да бар. Олар Ислам револциясы сияқты халықтың күшіне иек артқан, нағыз Исламның тағылымдарын пайдаланып, жол картасын жобалап отыр. Исламдық қарсыласудың келесі маңызды ерекшелігі – зорлық-зомбылық пен үстемшілдікке қарсы табандылық АҚШ, Ұлыбритания, Сауд әулеті мен сионистік режим сияқты үстемшіл үкіметтердің ашу-ызасын тудырып отыр. Алайда Құран тағылымдарына жүгінсек, зорлықпен күресушілерді алдарынан жарқын болашақ күтіп тұр.

Алла Тағала өзіне арқау сүйеп, зұлымдар және зорлықшылдармен күресетін адамдарға мынадай уәде береді: «Расында: "Раббымыз Алла" деп, сосын мықты түрғандар, оларға періштелер түседі де: "Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер" дейді» (Фүссилат сүресі, 30-аят)