Йеменнің Ансаролла мүшесі: Сионистер Йемендегі мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізе алмады
https://itolqyn.com/news/daily_news-i81794-Йеменнің_Ансаролла_мүшесі_Сионистер_Йемендегі_мақсаттарының_ешқайсысына_қол_жеткізе_алмады
ParsToday - Йеменнің Ансаролла қозғалысының саяси бюросының мүшесі жұма күні Израильдің соғыс министріне: «Екі жыл ішінде әскери мақсаттарыңыңың ешқайсысына қол жеткізе алмадыңдар», - деді.
(last modified 2025-10-31T14:09:33+00:00 )
Қаз 31, 2025 17:42 Asia/Almaty
  • Йеменнің Ансаролла мүшесі: Сионистер Йемендегі мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізе алмады

ParsToday - Йеменнің Ансаролла қозғалысының саяси бюросының мүшесі жұма күні Израильдің соғыс министріне: «Екі жыл ішінде әскери мақсаттарыңыңың ешқайсысына қол жеткізе алмадыңдар», - деді.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының саяси бюросының мүшесі Мұхаммад әл-Фарах Израиль соғыс министрі Исраэль Кацтың Ансаролла қозғалысына ауыр баға қоятындығы туралы қорқытуына реакция білдіріп: «Біз қылмыскердің Йеменге қауіп төндіруіне жол бермейміз», - деді. Мұхаммад әл-Фарах Кацқа: «Әскери мақсаттарыңның ешқайсысына қол жеткізе алмадыңдар, және Израильдің ұстанымы тұрақсыз және әлемге айтқан әңгімелерің қайшылықты екені айқын болды», - деді.

Йемендік Ансаролла қозғалысының саяси бюросының мүшесі былай деп қосты: «Қылмыс жасағаннан кейін екі жыл ішінде (әскери операцияларда) тұтқындарыңды қоршауға алынған Газадан күштеп қайтара алмадыңдар, бірақ АҚШ пен Батыстың барлық барлау қызметтері қолдарыңда болды».