Ислам Революциясының жетекшісі лаңкестікпен шынайы түрде күресуді қуаттады
(last modified Tue, 12 Apr 2016 10:19:52 GMT )
Сәу 12, 2016 16:19 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясының жетекшісі лаңкестікпен шынайы түрде күресуді қуаттады

Кейбір алпауыт елдер, әсіресе, АҚШ лаңкестікпен күрес туралы уәждерінде шынайы емес. Бірақ Исламдық елдер адал әріптестіктер арқылы бұл қауіп-қатерді Ислам әлемінен алыстата алады.

Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдауында осы мәселені қуаттап, Иран мен Қазақстанның түрлі салалардағы, соның ішінде, лаңкестікпен күрестегі әріптестіктерін арттыру қажеттігін қуаттады.

Ислам Революциясының жетекшісі америкалықтардың Иракта ИСИМ тобына көрсетіп отырған көмегін лаңкестікпен күрес атын жамылған түрлі коалициялардың әділетсіз қатынасының үлгісі деп атап: "Олар өздерінің екіұшты қатынастарын ақтау үшін лаңкестікті "жаман" және "жақсы" деп бөліп отыр" деді.

Ислам Революциясының жетекшісі Еуропадағы лаңкестік оқиғалардың себепкерлерінің ұлттарының еуропалық болуына және осы елдердің азаматтарының Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтардағы ауқымды құзырына тоқталып: "Бұл шындықтар Батыстың, әсіресе, америкалықтардың лаңкестікпен күресте шынайы емес екенін көрсетеді" деді.

Лаңкестік мәселесімен екіұшты қатынас жасау аймақ пен әлемде тұрақсыздықтың өрістеуіне себеп болды. Қазір көптеген елдер лаңкестік деп аталатын ортақ түйткілмен күресіп жатыр. Лаңкестік шекара танымайды. Лаңкестік пен әсірешілдіктің өрістеуінің көптеген себептері бар. Ислам Революциясының жетекшісі Қазақстан Президентін қабылдауында сөйлеген сөзінде әлемде лаңкестіктің таралуының кейбір себептеріне тоқталды.

Батыстың лаңкестікпен екіұшты қатынасы мен ИСИМ сияқты лаңкестік топтарды құрал ретінде пайдалануы лаңкестіктің әлемдік қауіп-қатерге айналуының келесі себебі болып табылады.

Бүгінде исламдық елдер бір жағынан Ислам атын жамылып, Ислам мен мұсылмандарға қарсы әрекет етіп жатқан лаңкестік топтардың қауіп-қатерімен күресіп жатса, басқа жағынан батыстық алпауыт елдер мұсылман елдердің бірлесіп әрекет етуіне қарсы болып отыр.

Осы қауіп-қатер және қастықпен күресудің жолы – лаңкестікті тудырған барлық факторлармен күресу және әсірешілдікті түп-тамырмен жою. Бірақ осы ортақ мақсатқа жету жолында әріптестік үшін жағдай жасау керек. Барлық елдер ортақ қауіп-қатерлермен күресу үшін ықпалды әріптестік жасауы керек. Иранның басқа елдермен қарым-қатынасқа көзқарасы да осыған негізделген.

Иран мен Қазақстанның байланыстары да осындай ерекшеліктерге ие. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ИИР қайраткерлерінің кездесуінде талқыланған мәселелер де осы әріптестіктің қажеттігін қуаттады.

ИИР қазір әлемдік дағдарыстар бойынша әріптестіктер жасалмаса, барлық тараптар жапа шегіп, ешкімнің де табысқа жетпейіндей кезеңге аяқ басқанына сенімді.

Ислам Революциясының жетекшісі осы мәселені қуаттап, лаңкестікпен күрестің Ислам елдерінің қисынды саясаттар шеңберіндегі әріптестікерді қажет ететінін айтты.

Лаңкестік және әсірешілдік түйткілімен күресудің жалғыз жолы - екіұшты қатынастардан алшақ болып, лаңкестік топтармен күресте шынайылық таныту.

Бұл мәселе Қазақстан Президентінің Ислам Революциясының жетекшісімен кездесуінде сөйлеген сөзінде көрініс тапты. Нұрсұлтан Назарбаев хазірет аятолла Хаменеидің Ислам бірлігі туралы пікірін қуаттап, Исламның даму, бірлік және лаңкестікпен күрес діні екенін бүкіл әлемге көрсету керектігін қуаттады.