Діни жетекшінің оқушылардың исламдық қауымдастықтарының мүшелерімен кездесуі
(last modified Fri, 29 Apr 2016 03:51:34 GMT )
Сәу 29, 2016 09:51 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің оқушылардың исламдық қауымдастықтарының мүшелерімен кездесуі

Иран Ислам революциясының жетекшісі 1-ші ордибеһештте оқушылардың исламдық қауымдастықтарының мүшелерімен кездесті. Бұл кездесуде аятолла Хаменеи жасөспірімдер мен жастардың үстемшілерге қарсы «жұмсақ соғысындағы» ерекше рөлін қуаттап, бұл күрестің маңызды бағдарларына тоқталды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі 1-ші ордибеһештте, яғни 20-шы сәуір күні оқушылардың исламдық қауымдастықтарының мыңдаған мүшелерімен кездесті. Мүмін және революциялық құндылықтарға табанды оқушылардан құрылған оқушылардың исламдық қауымдастықтары өз еркімен мектептерде діни және революциялық жұмыстармен айналысады. Жасөспірімдер мен жастардың шаттығы бұл қауымдастықтарға ерекше тартымдылық сыйлап, басқаларды қызықтыратын болды. Аятолла Хаменеи бұл кездесуді ұмытылмайтын, жылы кездесу деп атады. Отырыстың басында екі оқушы барлығының атынан оқушылардың исламдық қауымдастықтарының мектептердегі жұмыстарына қатысты ұсыныстарын айтып, сындарын білдірді. Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл достық кездесуде исламдық тәрбие мен революциялық жұмыстар туралы маңызды жайттарға тоқталды. Ол қазіргі жағдайға нақты тоқталып, жасөспірімдердің өздерін тәрбиелеуі мен олардың елдің істеріне белсенді түрде қатысу қажеттілігін қуаттады. Аятолла Хаменеи сөзін ережеп айының маңыздылығы туралы сөздерімен бастап, бұл айды адамның рухани тұрғысын дамыту үшін орынды мұрсат деп таныстырып: «Адам түйсік, талап-тілек және қажеттіліктерге ие. Бірақ әр адамның рухани тұрғысы да бар. Ол өте сезімтал. Жастық шақта бұл сезімталдық көбірек байқалады. Егер осы тұрғымызды нығайта алсақ, ол жаратылысымыздағы басқа тұрғыларды дұрыс жолға жетелейді. Залым, қатыгез, ақша мен шаһуатқа бағынып, материалдық мәселелер болмыстарын жеңген адам – адами болмысындағы рухани тұрғыны дамытпаған кісі»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі жастарға Алланы ұмытпай, осы айлардағы дұғалардың мағыналарына көңіл бөліп, Құран оқуды және намазды дер уақытында оқуға, күнә жасамауға, ережеп, шағбан және рамазан айларындағы мүмкіндіктерді жақсы ахлақ көрсетуге пайдалануға кеңес беріп: «Жастар рухтары мен күштеріне байланысты бұл мұрсаттарды жақсырақ пайдалана алады. Исламның ұлық пайғамбары: «Ережеп айы – илаһи рақымдылық жауатын ай. Алла Тағала бұл айда өзінің рақымын пенделеріне аямай сыйлайды»,- деген» деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Иран мен әлемнің қазіргі жағдайындағы жастардың ауыр міндеттері мен рөліне тоқталып: «Осы кезде Иран мен АҚШ және сионистік режим (Израиль) сынды билікқұмар үкіметтердің арасында шынайы кикілжің бар» деп, экономикалық, саяси және мәдени тәуелсіздікті Иран мен АҚШ және оның одақтастарының қақтығыстарының маңызды алаңдарының бірі деп атап, үстемшіл елдердің артық талап етуі мен отаршылықтың жаңа түрлеріне назар аудартып: «Үстемшіліктің мақсаты – халықтар мен елдердің табиғи байлықтарын талан-таражға салып, оларды билеп, оларға ықпал ету. Егер мемлекет бұл мақсатқа қарсы табандылық танытып, өз тәуелсіздігін қорғаса, әрине қақтығыс орын алады. Бұл біздің үстемшілікке қарсы келетін алаңдарымыздың бірі»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі алпауыт елдерге сүйенбей алға дамуды Иран мен АҚШ арасындағы мәселелердің бірі деп атап: «Үстемшіл елдердің ядролық мәселеге қатысты келіссөздерде бізге қарсы тұрудағы ең маңызды мақсаттарының бірі Иранның АҚШ пен Ұлыбританияға немесе басқа алпауыт елдерге сүйенбей, ядролық ғылым сынды ерекше маңызды ғылыми салаларда жетістіктерге жетуі болып табылады. Бұл олар үшін өте маңызды. Олар біздің дамуымызды қаламайды. Менің ойымша, егер біз олармен келіссек, кейін олар қоршаған орта, нанотехнология және басқа да әртүрлі ғылыми салалардағы мәселелерге кедергі жасайды»,- деп ескертті. Аятолла Хаменеи Иран мен үстемшіл үкіметтердің арасындағы қайшылық тудыратын мәселелердің бірін ИИР-ның аймақ пен әлем мәселелеріне белсенді қатысуы деп атап, АҚШ-тың «жаңа Таяу Шығыс» құру рөліне тоқталып: «Иранның күш-қуатты белсенділігі үстемшілердің Батыс Азия аймағындағы мақсаттарына жетуге кедергі болуда»,- деп баса айтты. Иран Ислам революциясының жетекшісі Палестина қарсыласуын, Батыс мәдениеті мен батыстық өмір сүру тәсілін тарату мәселелерін Иран мен АҚШ және одақтастарының келіспейтін келесі мәселелері деп: «Егер мемлекеттердің бірінде батыстықтар немесе америкалықтар қабылдайтын өмір сүру тәсілі таралатын болса, бұл қоғамның белгілі азаматтары АҚШ пен Батыстың саясаттарына бағынған «қойларға» айналады. Олар осыны күтуде, ИИР оларға мұндай мұрсат бермеуге күш салуда»»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі исламдық республика мен үстемшілердің арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстардың ең маңызды мәселелерінің бірін жастар мәселесі деп атап: «Студент және оқушы жастар – осы саладағы «жұмсақ соғыстың» офицерлері. Жас мақсатқа ие болып, өзіне сенімді болса, әрі ойлау құдыреті мен ержүректілігіне ие болса, ол «жұмсақ соғыстың» офицері. Дұшпанның ирандық жастармен соғысуға батылы жетпейді. «Жұмсақ соғыс» «ауыр соғыстан» қатерлірек. Біз қазір дұшпанмен «жұмсақ соғыс» жүргізудеміз. «Жұмсақ соғыс» офицерлерінің екі түрі болады: бұл офицер қырағы, мақсатқа ие, үмітті, іскер, терең ойға ие, батыл және жанкешті немесе үмітсіз, жалқау, көнбіс, аңқау, сондай-ақ өзі мен оған қарап отырғандардың тағдырына сенім артпайтын адам болуы мүмкін. Әр жағдайдағы соғыстың нәтижесі белгілі. Дұшпан «жұмсақ соғысқа» қатысатын біздің офицеріміздің әрекетсіз, қорқақ, әлсіз және үмітсіз әрі дұшпанға сенім артатын адам болғанын қалайды»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи ақпарат құралдарының үгіт-насихаттарының мақсатын ирандық жастарды осындай адамға айналдыру екенін айтып: «Исламдық республика керісінше жастарды белсенді және ықпалға ие етіп тәрбиелеуді мақсат етуде»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі «жұмсақ соғыстағы» жастардың белсенділігін арттыру қажеттілігін қуаттап, оларды өздерін тәрбиелеуге насихаттап, иманды, мақсат пен күш-қуатқа ие ирандық жасты тәрбиелеуді оқушылардың исламдық қауымдастықтарының негізгі міндеті деп атады. Хазірет аталмыш қауымдастықтардан өз жақтастарының санын арттырып, жастың болмысын исламдық етіп тәрбиелеуді мақсат етуді қуаттап: «Иран мүмін, адал, үмітті, көңілді, белсенді жастарды қажет етеді. Өйткені дұшпанның өз мақсаттарына жетуді көздеген ұзақ мерзімді бағдарламлары бар. Шындық жолында қадам басуға бір-біріңе көмектесіңдер және Құранның: «Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер»,- деп айтылған «Аср» сүресінің 3-ші аятын ұмытпаңдар»,- деп кеңес берді. Иран Ислам революциясының жетекшісі білім және тәрбие органдарының басшыларына қаратып: «Жұмыс бағдарламаларыңды оқушылардың барлық уақыты, күші, дарыны, ойлау қабілеті мен физикалық күші тек оқулықтармен ғана шектелмей, серуен, спорт және революциялық жұмыстармен айналысуға бос уақыттары қалатындай жоспарлаңдар»,- деп кеңес беріп: «Қазіргі кезде теріс үгіт-насихаттарға қарамастан елімізде мүмін, діншіл, революцияшыл, рухани құндылықтар мен Құранды жақсы көретін жастарымыздың көп болуына Аллаға шүкіршілік білдіреміз»,- деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның Палестина мен Ливандағы революцияшыл, өздерін тәрбиелеген күрескер жастардан сәтсіздікке ұшырауын ислам әлемінің мақтан тұтатын факторы деп бағалап: «Хизболланың жастары, Ливандағы Хизболла тобының жастары – ислам әлемінің мақтанышы. Олар үш араб елі армиясының 2-3 соғыста жасай алмаған іс-әрекетін жасады. Олар 33 күннің ішінде Израильді жеңді. Қиындықтарға қарамастан, нәтижесінде жеңіске жету – шындық жолының ерекшелігі. Бірақ шындықтың қиындықтары алдында кейін шегінбеу керек. Жастардың табандылығының арқасында қиындықтар азайып, бірте-бірте толығымен жойылып, жастар жеңістің биіктігіне жететін күн келеді»,- деген үміт білдірді.