Қаң 05, 2020 15:00 Asia/Almaty
  • 2019 жылдағы Түркия

Өткен жылы Түркияда ішкі және сыртқы салаларда көптеген оқиға болды.

 

Өткен жылы Ердоған үкіметінің ішкі және сыртқы салалардағы саясаттары билік басындағы Әділет және даму партиясының бірқатар дауысынан айырылуына соқтырды. Мәселен, 2019 жылдың наурыз айындағы Түркияның жергілікті әкімшілік кеңестерінің сайлауы ағымында билік басындағы партия бірнеше қалада сәтсіздікке ұшырады. Сондай-ақ, Әділет және даму партиясының түсірген шағымдары мен сайлаудағы жалған дауыстар жөніндегі ұстанымына қарамастан 23 маусымдағы қайта өткен сайлауда тағы нәтижеге жете алмады. Түркия Президенті кезінде Түркия Парламентінің төрағасы болған Бенали Иылдырымды Стамбұл сайлауына  Әділет және даму париясының өкілі ретінде таныстырғанымен, бұл саясаткерді ойлаған мақсатына жеткізе алмады. Іс жүзінде ол Парламент төрағасы міндетінен де айырылды.

Бірақ Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған жергілікті сайлау кезінде қала әкімдері сайлауынан кейінгі басты тақырып Сирия мәселесін әскери майдан арқылы шешуге кірісуі екенін жариялап, Стамбұлда Әділет және даму  партиясы жақтастарының алдында: "Түркия Сирия мәселесін келіссөз үстелінің басында емес, әскери майданда шешеді",- деді. Түркия Президентінің қоқан-лоққылары оның шекаралас елге әскери араласу ұстанымынан кейінге шегінгісі келмейтінін білдіреді. Негізінде Түркия үкіметі бұл елдерде Сирия мен Ирак үкіметтерінің рұқсатынсыз өз әскери күштерін орналастырды. Сондықтан Дамасктің заңды үкіметі Түркияның Сирия жеріндегі әрекеттерінің алғашқы күні бұл араласуды айыптап, оны Сирияның егемендігін бұзу деп атады. Түркияның Сирия мен Иракта, сондай-ақ соңғы кезде Жерорта теңізі аймағында әскерилерін орналастыруы Түркия экономикасының қиындықтарын арттырды. Ресейден әскери қару мен жабдықтар сатып алуына байланысты Түркия мен АҚШ арасындағы қайшылықтар, Сирияның ішкі мәселелеріне араласуы, Батыстың Түркияға қарсы әрекеттері мен 2016 жылдың шілде айындағы төңкерісті қолдауы өткен жылдағы Түркия оқиғаларының бір бөлігі болды.

АҚШ пен НАТО басшылары Түркияны санкция салумен қорқытқанына қарамастан Анкара үкіметі Ресейден С-400 зымырандық жүйесін алып, Батыстың талаптары алдында табандылық білдірді. Ақ үйдегілер Ресейден зымырандық жүйе сатып алу ынтасының шынайы болуына байланысты Түркияны АҚШ-тың зымырандарға қарсы "Patriot" жүйесі мен Ғ-35 ұшақтарын сатып алуға келістіргісі келді. Бірақ Анкара басшылары Батыстың уәделерінде тұрмайтынын еске салып, Ресейдің С-400 жүйесін сатып алуды маңыздырақ көрді. Түркия мен Батыс басшыларының бұл саладағы қайшылықтары әлі де жалғасуда. АҚШ Түркияға қарсы жаза қолдануды көздеуде деген болжамдар айтылып жатыр. Анкара үкіметі башыларының реакцияларына назар аударып, АҚШ Өкілдер палатасының Осман империясының армяндарды қыруын геноцид деп шешім қабылдауын осы салада қарастыруға болады. АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің  Түркия арасындағы қайшылықтарының күшеюімен Анкара жылдың соңғы айларында "Инджирлик" әуе базасын жабу тақырыбын сан рет көтерді. Өткен жылдардың тәжірибесі   түрік шенеуніктерінің "Инджирлік" әуе базасын жабу мәселесіне келгенде үнемі  толеранттық саясат қолданатынын көрсетеді. 2002 жылы билік басына Режеп Тайып Эрдоған мен Әділет және даму партиясының келгеннен бері Анкара басшылары сан рет "Инджирлік" әуе базасын жабу мәселесін баяндады. Бұл қоқан-лоққылары болмаса, Анкара басшылары сөзбен шектелуде әрі бұл салада іс жүзінде әрекет жасайтын ықтимал өте төмен. Пентагон Түркиядағы "Инджирлік" әуе базасын жетілдіру үшін 95 млн долларлық келісімге отырды. Мамандар бұл келісімдерді "Инджирлік" әуе базасындағы Батыстың әскери белсенділігін  АҚШ-тың Түркияға берген парасы  деп бағалады. Кипр аралының түріктер  өмір сүретін бөлігіне көмек көрсету сылтауымен бұл кішкентай  аралға өзінің 30 000 әскериін орналастырған Түркия үкіметі өткен жылы Жерорта теңізінде әрекеттерін арттырды. Соның салдарынан Жерорта теңізі жағалауындағы елдермен қарым-қатынасы едәуір шиеленісіп кетті. Жерорта теңізі Кипр аралының айналасында мұнай мен газ қорлары табылған ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығынан бастап Анкара   және Афина мен Никосия үкіметтері арасындағы шиеленіс күшейе түсті. Саясаткерлердің көбі мұнай мен газ қорының табылуы Түркия мен Грекия үкіметтерінің бір-біріне достық қолын созатын ынтымақтастықтары үшін жақсы сылтау болады деп ойлады. Бірақ олардың болжамдары  іс жүзінде орын алмады. Жерорта теңізінің шығысындағы мұнай мен газ қорларына байланысты қайшылықтардың күшеюіне көңіл бөліп, сарапшылар екі тараптың арасында қақтығыс орын алмайтынын теріске шығармайды. Бұл салада Атлантикалық энергетикалық қауіпсіздік сарапшысы Джон Робертс: "Түркия мен халықаралық бұрғылау жұмыстарымен айналысатын кемелер арасында қақтығыстар қаупі бар. Түрік үкіметі  әлемдегі басқа елдерге керісінше Кипр үкіметі мен оның аймақ суларына қатысты  егемендігін қабылдамайды. Бұл мәселеге қарағанда Түркия мен Еуроодақ, тіпті НАТО-дағы Анкараның серіктестері кемелерімен бетпе-бет келу ықтималы бар",- деді.

АҚШ, Еуроодақ, Ресей Түркия үкіметінен Жерорта теңізінің басқа елдерінің құқықтарын бұзбауды талап етті. Еуроодақ: "Табиғи ресурстарды пайдалану – Кипрдің заңды құқығы",- деп жариялады. АҚШ Мемлекеттік департаменті де Түркия-Ливия келісіміне реакция білдіріп, мәлімдеме жариялап: "Бұл келісім конструктивті емес, арандатушылық болып табылады, сондай-ақ Жерорта теңізінің шығысындағы қазіргі сезімтал жағдайдағы шиеленісті арттырады»,- деп мәлімдеді. Алайда, түрік шенеуніктері Түркияның қоқан-лоққысы немесе өз әскери күштерін   қолдануға негізделген саясатына тиесілі Батыстың сынына назар аудармай, өз саясатын жүргізуді жалғастыруда.

2019 жылы 27 қарашада БҰҰ ресми мойындаған Ливияның ұлттық Вафақ үкіметі Премьер-министр Фаиз ас-Сераждың БҰҰ сапары кезінде Түркия мен Ливия Анкарамен мұнай-қауіпсіздік және теңіз салаларында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл келісімге байланысты аймақ пен әлем деңгейіндегі наразылықтарға қарамастан Түркияның Энергетика министрі Фатих Донмез: "Түркия рұқсатқа ие өз ұйымдары арқылы аймақта мұнай мен газ қорларын барлау жұмыстарымен айналысады. Түркия мен Ливияның Ұлттық Вафақ үкіметі арасында келісім осы шешім бойынша қабылданды",- деді.

Түркияның өткен жылғы саясатын қорыта келе Анкара үкіметі өткен жылы ішкі және аймақ дағдарыстарын азайтпақ түгіл, оларды қолдады деп айтуға болады.  

 

 

Тегтер