Түркияның Израильге соғыс оқ-дәрілерін сатуды жалғастыру мүмкіндігінен қорқу және алаңдаушылық
(last modified Thu, 28 Mar 2024 13:17:15 GMT )
Нау 28, 2024 19:17 Asia/Almaty
  • Түркияның Израильге соғыс оқ-дәрілерін сатуды жалғастыру мүмкіндігінен қорқу және алаңдаушылық

Түркияның статистикалық кеңсесі елдің сионистік режимге қару-жарақ экспорты туралы жариялаған есеп қайшылық туғызды.

 

Түркияның статистикалық басқармасының есебіне сәйкес,  Режеп Тайып Ердоған үкіметі Газа секторы, Иордан өзенінің батыс жағалауы және басқа да басып алынған Палестина жерлеріне аяусыз шабуылдардың ортасында сионистік режимге қару-жарақ сатқан.  Бұл әрекет халықтың және Түркия Парламентінің бірқатар депутаттарының ашуын тудырған.

Түркия Мемлекеттік Статистика басқармасының деректерінен жарияланған суреттер 2024 жылдың қаңтарынан бастап Түркиядан Израильге экспортталған қару-жарақтардың арасында мылтық, оқ-дәрі, қару-жарақ пен әскери техника болғанын көрсетеді.

Алайда Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі ұйымы мен осы елдің Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні осы үлкен қайшылыққа жауап ретінде жекелеген мәлімдемелерінде сионистік режиммен әскери өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты жоққа шығарды.                                                                                                   Түркияның Сауда министрлігі мәлімдемесінде соңғы айларда Израильге экспортталған мылтық пен жарылғыш заттардың әскери мақсатта қолданылмағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Түркия парламентінің 15 оппозициялық мүшесі 13 елден 200-ден астам заң шығарушымен бірге режимнің Газаға қарсы жалғасып жатқан соғысына байланысты Израильге қару экспортына қарсы екендіктерін мәлімдеген болатын.

Түркия Израильді мойындап, онымен екіжақты қарым-қатынас орнатқан алғашқы мұсылман елі. үркия мен сионистік режим арасындағы екіжақты қарым-қатынас 1949 жылы қалыпты сипатқа ие болды, кейін ол бір деңгейге көтерілді

Түркия президенті Ердоған сонымен қатар басып алынған Палестина жерлеріндегі сионизмнің негізін қалаушы Теодор Герцльдің бейітін зиярат еткен алғашқы мұсылман көшбасшысы болды.

 Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен сионистік президент Исаак Герцог

* 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Израиль режимі Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарында 32 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 74 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері палестиналықтарды геноцидке ұшырату үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды. және олардың бүкіл жерін басып алды.

)Бұл мақала ummid веб-сайтындағы мақаладан алынды.)