Маусым 29, 2016 12:19 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 4

Мейірімді Жаратушы қасиетті рамазан айында мұсылмандардың алдына өзінің берекесі мен рухани нығметтеріне толы дастарханын жаяды.

Әр адам өзінің ғамалы мен құқығына сай өзінің бұл дүние мен ақыреті үшін илаһи нығметтерден пайдалана алады. Ораза ғибадаты сырт көзге жеп-ішуден тартыну болып көрінгенімен негізінде ораза тұтушы адамгершіліктің жоғары деңгейіне жетіп, рухани нығметтерден пайдалану үшін оның бүкіл дене мүшелері ораза тұтып, күнә мен ластардан алыстауы керек. Сол себепті діни тұлғалардың ораза тұтушыларға берген ақыл-кеңестерінің бірінде: «Ораза кезінде көз, тіл, құлақ және басқа дене мүшелеріңді күнә мен ластықтардан сақтаңдар» деп айтылған. Имам Реза (ғ.с.): «Уа, ораза тұтушы, Алла сені рақымдылығына бөлесін! Ораза тіл, құлақ, көз және тағы басқа мүшелер үшін жіберілген хиджаб сынды. Расында Жаратушымыз адамның барлық дене мүшелеріне ораза тұту құқығын берді. Сондықтан әр адам әр дене мүшесінің құқығын орындауы керек. Кері жағдайда назар аудармаған әр құқығының мөлшеріндей оразасының саубынан айрылады»,- деп айтқан болатын. («Мизан әл-Хакаме», 5-ші том). Шынайы ораза тұтушы тілін өтірік, өсек, келемеж және балағаттау сынды күнәлардан алыстатады. Құлағын тыйым салынған ән-әуендер мен шайтандық әңгімелерден қорғайды. Көздеріне әр нәрсені көруге рұқсат етпейді. Адамды күнәға итермелейтін көріністер харам саналады. Сондықтан ораза тұтатын адам көз соларды көруден тыяды. Ораза тұтушы күнәлар мен қызғаныш, кек, дұшпандық және басқа да осындай ахлақтық теріс қылықтардан абай болуы қажет. Өйткені бұл ғибадат адамның өзін тәрбиелеудегі жаттығу саналады. Таңның атысынан күннің батуына дейінгі уақыт нәпсіні бақылап, оны қадағалау үшін жақсы мұрсат. Ауызашар келген сәтте ораза тұтушы ғибадаттарын орындауды жалғастырып, ең жоғары деңгейге жете алады. Адам өзін күнәдан алыстатса ғибадаттарының сыйын көреді. Егер оразасы бұзылмағанымен әртүрлі күнә жасаса оның рухани сауабы төмендейді. Алланың шынайы пендесі өзінің ғамалдарын дұрыс орындауға талпынады. Бұл пәк ғамал Алланың ризалығына себеп болады. Өзінің нәпсісі мен шаһуатының алдында әлсіз адамдар үшін қасиетті  рамазан айы соларды бақылауға алатын ең жақсы мұрсат. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Ораза – дүниенің ластықтарынан қорғайтын хиджап. Ол ақырет азабынан құтқарады. Сондықтан ораза тұтқың келсе нәпсі және шаһуатпен күресу керек. Өйткені бұл күнәләр оразаның сауабы мен қабыл болу мүмкіндігін төмендетеді»,- деген болатын. Өсек, өтірік, бөгде адамға қарау, зұлымдық сынды күнәлар сырт көзге оразаны бұзбайды, алайда оразаның рухани мағынасын түсінуге кедергі болады. Хадистердің бірінде былай деп айтылған: «Исламның ұлық пайғамбары мұстахыб оразасын ұстаған, бірақ көршісін балағаттап тұрған әйелді көріп, тамақ дайындап, оған: «Мына тамақты же»,- дейді. Әйел: «Мен ораза тұттым»,- дегенде хазірет: «Көршіңді балағаттап тұрған сен қалайша өзіңді оразамын деп айтасың»,- деген. Ораза тек жеп-ішуден ғана тартыну емес, басқа дене мүшелерін де ораза ұстауға міндеттеу. Яғни, ораза кезінде жаман сөз бен жаман істерден алыстаған жөн. Алла Тағала оразаны сөз бен істегі жамандықтан тартыну үшін адамға міндетті қылған. Содан соң басқаларға қарап: «Ораза тұтушылар қандай аз, және аш жүргендер қандай көп»,- деді. Илаһи рақымдылықтан алыстауға себеп болатын ең маңызды мәселе адамның нәпсісі мен шаһуаттарының торына түсуі болып табылады. Діни тағылымдарда шаһуаттарды бақылау туралы көптеген ақыл-кеңес берілген. Өйткені, ораза – жаттығудың бір түрі. Егер тәртіппен үзбей қайталанып тұрса, жақсы нәтижеге жетіп, адамның бойында   күнәні бақылауға алу сезімін нығайтады. Сол себепті ораза тұтатын адам әр күнәнің алдында ықтиярынан айрылмай, күнәләрдан алыстайды. Исламның ұлық пайғамбары қасиетті рамазан айы туралы: «Рамазан айында ораза тұтқан адам шаһуаты мен тілін күнәдән сақтап, халықты қорламайды. Алла Тағала мұндай адамды кешіріп, оны тозақтан құтқарып, жәннәттан орын береді»,- деген болатын. Рамазан айының басталуына байланысты мұсылмандардың талпыныстары көптеген сұрақ тудырады. Ораза тұтып, ішіп-жеуден тартынған адам өзінің күнделікті жұмысын жалғастыра алады ма? Рамазан адамның жұмысына кедергі болмайды ма?     Қарапайым зерттеу жүргізіп, рамазан айындағы мұсылмандардың өмірін бақылаудың нәтижесінде бұл айдың қиындықтары болғанымен, мұсылмандар өз жұмыстарын тоқтатпақ түгіні көбірек талпыныстарымен қадам басатындықтарын көреміз. Олар ораза тұтып, сабыр мен тақуалыққа қатысты жаттығулар өткізеді.

Әлемнің танымал футболистерінің бірі Фредерик Кануте  Ислам дініне бет бұрды. Ол Еуропаның әртүрлі, соның ішінде Испания командаларында ойнайды. Ол зерттеулері арқылы исламның ақиқаттарын түсініп, мұсылман болып, рамазан айын кедергі деп санамай, бұл айда талпыныстарын көбейтеді. Бірнеше жылдан бері рамазан айы Еуропаның футбол сайыстарының басталуымен тұспа-тұс келуде. Бұл мәселе Испания футболынан айқынырақ байқалады. Оның мұсылман футболшылары көбірек қиындықтармен кезігеді Жаттықтырушылар бұл айда таңның атысынан күннің батысына дейін еш нәрсе ішіп-жемейтін мұсылмандар кәсіби мүмкіндіктерінен айырылады, сол себепті олар сайыстарда ойынға қатыспай, сырттан тамашалаулары керек деп ойлайды. Мұсылман ойыншылар мен жаттықтырушылар арасындағы дағдарыс жылдан жылға  жалғасып келе жатқанымен мұсылман ойыншылар артқа шегінбейді. Олар оразаларын тұтып, оразаның олардың еңбектері мен талпыныстарына кедергі емес екенін көрсетеді. Фредерик Кануте рамазан айы басталысымен ораза ұстауды бастайды. Ол күн сайын ораза тұтады және жыл сайын командасындағы тамаққа жауапты маманымен бетпе-бет келеді. Рамазан айының мәселесі Испанияның футбол ұйымы үшін танымал мәселе. Бірақ кейбір командаларда ораза тұтатын адамдарға кедергі жасайтын адамдар кедеседі. Кануте рамазан айындағы ойындарының бірінде екі гол салып, ойыннан кейін: «Тамаққа жауапты маманымыз маған тиіспесін және ораза тұтудың маған ауыртпалық әкелмейтінін білсін деп, екі гол салдым. Керісінше ораза жарыста табысқа жетуіме жігерлендіреді. Ораза тұту сабыр мен табандылық күштерін нығайтады. Аллаға құлшылық ету адамды күшейтіп, оны өз күшіне сенімді етеді»,- деп айтқан еді. Кануте исламды қабылдап, тыныштыққа жетті. Спорт ол үшін ойланып, бір іске шоғырлануға көмектесті. Ол: «Мен мүмкіндікке қарай бір бұрышты тауып, сол жерде ғибадатыма кірісемін. Кейде футболшылар мені көреді. Олар менің мұсылман екенімді біледі. Сол себепті сенімімді құрметтейді. Көбінесе, әсіресе рамазан айында менің ғибадаттарым туралы сұрайды. Еш нәрсе ішіп-жемейтіндігіме таңғалып, көптеген сұрақтар қояды. Мен еш уақытта қиындық көрген емеспін. Өз ғибадатымнан ләззат аламын»,- деді.