Рамазан керуенімен 5
Исламның шариғаты адамның болмысымен үйлесіп, оның ахкамы адамның шынайы қалауы болып табылады.
Ислам дінінде қабылданбаған нәрселер адамның болмысымен үйлеспейтін нәрселер. Керісінше, бұйрылған әрекеттер адамның болмысына сай келеді. Сол себепті адамдар исламның тағылымдарын қабылдап, өзінің тәсілдерін сол тағылымдармен үйлестірсе ешбір қысым мен қиындықты сезбейді. Исламның шариғатының белгісінің біріне ахкамның оңай әрі қарапайым болуы жатады. Алла Тағала ахкамды анықтай отырып, адамның мүмкіндігі мен ғамалдардың орындалуына назар аударды. Исламның ахкамының негізі жақсылық пен мәслихатты мақсат етіп, зиян пен бұзақылықтарды жоюды көздейді. Адамзаттың болмысына сай келетін заңдар қабылданып, адамның ұжданы оларды орындауға міндеттеледі. Егер кейбіреулер жеке пайдасы немесе білместікпен оған қарсы шығып, оның орындалуына тыйым салса, оны қолдайтын басқалар айыптайды. Қасиетті рамазан айының оразасы адамның болмысымен үйлесетін исламның бағдарламаларының бірі саналады. Ораза күн сайын ішіп-жеуді үренген адам үшін қиын болады. Өйткені ол басқа тәрбие жүйелер сынды адамның нәпсісіне сай келмейді. Бірақ бұл келіспеушілік дәрі мен адамның тәбеті арасындағы келіспеушілік сынды. Бірақ адамның ақылы мен болмысы бұл дәріні пайалануды қабылдап, оған төзімділік білдіруді өзі үшін қажет деп санайды. Алла ораза тұтудың ауыр болғанын қаламайды. Өйткені «Бақаре» сүресінің 185-ші аятында оразаның ахкамын баяндаумен бірге сапарға шыққан жолаушы немесе науқас адам ораза ұстай алмаса олардың басқа уақытта ораза тұта алатындықтары туралы айтылған. Содан соң: «Алла сендерге жеңілдік берді»,- деп айтқан. Оразаны бізден бұрын өмір сүрген адамдар да тұтқан болатын. Римдіктер, үнділіктер, содан соң гректер мен мысырлықтар арасында ораза тұту кеңінен таралған болатын. Кейбір грек философтары, соның ішінде Пифагор және Птоломей де оразаның әсерінен адамның рухани жағдайы өзгереді деп санаған. Сондай-ақ, Американың жергілікті халықтарының көбі ораза үлкен рухқа жетуге көмектеседі деп ойлаған. Яһуди және Мәсіх діндері жақтастарының арасында да ораза тұту кең таралған болатын. Яһудилердің дінінде Аллаға жақындайтын жолдардың бірі ораза ұстау саналады. Ораза тұту яһудилердің ғибадаттарының бірі болды. «Старый Заветте» бұл туралы сан рет айтылған. Хазірет Мұса он баптық жазбаға ие болудан бұрын 40 тәулік бойы Сина тауында ораза ұстап, ішіп-жеуден тартынған. Бүгінде де ораза тұту яһудейлер дінінде ұмытылмаған ғибадат болып табылады. Ораза уәжіп және адамның еркі түрінде орындалады. Мәсіх дінінде ораза шіркеу күнтізбесінде тіркелген діни міндеттердің бірі саналады. Інжілде хазірет Исаның өз жақтастарын ораза тұтуға шақырғаны туралы айтылған. Ораза тұту хазірет Исаның хабарын жеткізгендердің ерекшеліктері болды. Алла Тағала адамның бойында ішкі болмыс деп аталған гауһар тасты қалыпастырды. Алла адамды ішкі болмысын қалыптастырып жаратты. Алла Тағала адамды жаратып, оның болмысына жан бітіріп, оған илаһи махаббат сыйлады. Сол себепті адамның болмысы танылса және өзі мен илаһи әлемнің арасындағы қарым-қатынасы анықталса, қасиетті рамазан айын адамды мақұрым ететін ай деп санайтындар қалмайды. Керісінше, бұл айды адамгершілк пен кемелдіктің дамитын айы деп санайтын болады. Расында, ораза адамның нәпсісін бақылауға алуды сынайтын ай. Сөйтіп адам өмірдің ең маңызды мақсаты мен философиясына, яғни кемелдікке жетіп, Аллаға жақындайды. Ислам дініндегі құлшылық етуге қатысты бұйрықтардың бірі ораза тұту болып табылады. Алла Тағала оразаны міндетті етіп, адамға Өзіне жақындау жолында адамның дарынын көрсетіп, жердегі халифа дәрежесіне жетуге мұрсат тудырды. Бұл илаһи міндет аз тамақтану және аштықпен бірге жүреді. Хадис пен рауаяттарда ораза ұстау туралы айтылған нәрселер өте таңырқатады. Адами кемелдікке жету үшін тамақтануға шектеу қойып, ораза тұту қажет. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Ашқұрсақ жүретін адамның ойлау қабілеті күшейіп, ол мағрифатқа ие болады»,- деп айтқан болатын. Сонымен бірге хазірет Дәуіттің рауаяттарының бірінде Алланың оған уаһи етіп: «Әй Дәуіт! Мен бес нәрсені бес нәрседе қалыптастырдым. Бірақ халық басқа бес нәрсені іздеуде. Олардың бірі – ғылым. Мен оны аштық пен талпынысқа орналастырдым. Халық болса тоқшылық пен оңай өмірді мақсат етуде, бірақ оған жетпейді»,- деген. («Бихар ал-Анвар», 75-ші том). Ораза тұту мен қарынды тамақтан алыс ұстаудың көптеген әсері бар. Оның әсерлерінің біріне білім мен хикметтен пайдалану жатады. Адамның асқазаны тойып тұрған кезде дене жүйесі оны қорытумен айналысады. Нәтижесінде ойлану жүйесі дұрыс жұмыс атқара алмайды. Сондықтан адамның асқазаны бос кезде оның ойлану қабілеті жоғары болады. Хикаялардың бірінде бір адам діни ғұламалардың бірінен оған ғибадат етуді үйретуді сұрапты. Ғұлама: «Қалай тамақтанасың?»- деп сұрағанда ер адам: «Тойғанша ішіп-жеймін»,- деп жауап береді. Діни ғұлама жауапты естіп: «Бұл төрт аяқты малдың әдеті. Сен алдымен тамақтануды үйрен, содан соң ғибадатты үйренесің»,- депті. Қасиетті әрі берекелі рамазан айы адамға оразаның нәтижесіндегі пәктікпен өзін нәпсісінің билігінен босататын мұрсат. Сондай-ақ, өз шаһуаты мен надандығының орнын илаһи бұйрықтарға бағынудың нәтижесінде пайда болатын нұр мен ләззатқа беруге мүмкіндік тудырады. Бұл айда илаһи рақымдылықтың есігі ашылып, тәубе еткендерді қабылдайды. Шын мәнінде рамазан айы адамға өзін тәрбиелеп, өзін кемелдікке жеткізуге уақыт береді. Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейни фикх пен философияда, сондай-ақ калам мен мистикада алда болып тақуалықтың үлгісі болды. Имам қасиетті рамазан айы туралы: «Бұл Алла тарапынан ұйымдастырылған той. Бұл Алланың әлсіздерге сыйлаған нығметі мен рақымдылықтарының белгісі»,- деген болатын. Имам Хомейни сөздерінде әрқашан Алланың алдында тәубаға келіп, Аллаға құлшылық етуге шақырған. Қасиетті рамазан айында Онымен көбірек сырласып, рамазан айын дұрыс пайдалануға талпынған. Хазірет Наджафтың 50 градустық ыстығында жасына қарамастан рамазан айында 18 сағат ораза тұтқан. Ол мағриб және иша намаздары мен нәпіл намаздарын бірге оқып, тек содан соң ауыз ашатын болған. Тіпті жамағат намаздарын аятолла Бруджердидің мектебінде ораза кезінде оқитын. Күнделікті алдымен сегіз рекет нәпіл намаздарын оқып, содан соң азан мен иқама айтып, түскі намазды оқитын. Бұл іс жастар үшін де ауыр болатын. Сол себепті имамның ғамалдары діни шәкірттердің тәрбиесіне үлкен әсер етті. Аятолла Хаменеи имамның қасиетті рамазан айындағы көңіл-күйі туралы: «Көбінде рамазан айында имам қажет болмаса кездесулерді жоспарламаған. Бірақ рамазан айынан кейін имам халықпен кездесіп, сөйлесетін. Көрген адамдар имамның жүзінің одан сайын нұрлана түскенін байқайтын. Ол әрқашан белсенділік танытты. Бірақ рамазан айында оның талпыныстары көбірек болды.