Рамазан керуенімен 6
Таптық жүйе және кедейлер мен байлардың арасындағы үлкен қашықтық қоғамдағы наразылықтардың себептерінің біріне жатады.
Қоғамның адамдары арасындағы айырмашылық пен теңсіздік көбейген сайын мақұрымдар мен мұқтаждардың өмірлері қиындай бастайды. Достық пен қамқорлық сезімінің тапшылығы байқалған қоғамда мұқтаждар мен мақұрымдар көптеген нәрселерге жете алмауларымен бірге көп зардап шегіп, мейірімділік тапшылығымен да бетпе-бет келеді. Қоғамның бай адамдары мұқтаждар мен мақұрымдарға назар аударса, олардың өмірлері жеңілдейді. Исламның шариғаты қоғамдық әділет негіздеріне сүйеніп, қоғамның адамдары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге талпынуда. Исламның әділет орнатуға қатысты ахкамының бірі ораза тұту саналады. Ораза байлардың мақұрымдардың жағдайын, соның ішінде экономикалық қысымдар мен қоғамдық қиындықтарды түсініп, оларға көмектесуге талпыныс жасауларына себеп болады. Бұл әрекетпен қоғамның кеңістігі наразылықтардан босап, қайырымдылық пен бауырмалдық сезімдер пайда болады. Оразаның айқын нәтижелерінің бірі мұқтаждарға қайырымдылық білдіру болып табылады. Тыныш өмір сүріп, кедейлік және аштықпен кезікпеген адамдар мұқтаждардың жағдайынан хабарсыз болуы мүмкін. Ораза байларды бейқамдықтан шығаратын құрал және оларға мұқтаждардың қиындықтарын еске салып, олардың кедейлерге көмектесулеріне себеп болады. Имам Садық (ғ.с.) танымал хадистерінің бірінде Хишам бен Хакамның имамнан ораза туралы сұрағаны айтылған. Имам Садық (ғ.с.): «Ораза кедей мен байлардың арасында теңдік орнататындығына байланысты уәжіп етілген. Ораза кезінде бай аштықты сезініп, кедейге қажетті нәрсесін береді. Алла пенделерінің арасында теңдік болғанды талап етеді. Сондықтан әлсіздер мен аштарды түсінсін деп байларға аштық пен дертті және қиындықтарды сезінуге мұрсат береді»,- деген. Исламдық рауаяттар мен дұғаларда діннің қадірлі тұлғалары рамазан айын теңдік айы деп атаған. Теңдік, яғни бауырларды ырзық тұрғысынан теңестіру. Осыған орай қасиетті рамазан айы теңдік айы деп аталған. Мұсылмандар бұл айда бір-біріне жақсылық жасайды. Адамгершілік қасиетті тәрбиеліп, исламдық қоғам кедейшіліктен алыстап, бір-бірінің қасында илаһи нығметтерден пайдаланады. Исламдық мәдениетте ауызашар беруге және мұқтаждарға көмектесуге жігерлендіру кеңінен таралған. Бұл исламдық қоғамдағы мейірімділіктің келесі белгісі. Ораза ұстаудың нәтижелерінің біріне мұқтаждардың қиыншылығын түсіну жатады. Шын мәнінде ораза кезіндегі аштық пен шөлді сезіну мұқтаждарды түсінуге көмектеседі. Сөйтіп бай кедейге жақындай түседі. Олар кедейлерге жақсылық жасап, қоғамды оларға көмектесуге үйретеді. Әрқашан тұрмысы жақсы болған және еш уақытта аштықтың не екенін білмеген бай бұл айда мұқтаждарға қатысты бейғамдықтан оянады. Исламның ұлық пайғамбары қасиетті рамазан айы басталардан бұрын айтқан құтпасында: «Әй, халайық! Бұл айда ахлағын жақсартқан әр адам өзін сират көпірінен өтуге дайындайды. Алла Тағала бұл айда өз қарамағындағы адамдардың жұмыстарына жеңіл қарайтындарға қиямет күні де жеңіл қарайды. Бұл кезде жетімдерді құрметтейтіндерді Жаратушы қиямет күні құрметтейді және туыс-тумаларымен қарым-қатынасын үзбеген адамды Алла Тағала рақымдылығына бөлейді»,- деп айтқан болатын. Исламның ұлық пайғамбары шағбан және рамазан айларын сипаттап: «Шағбан айы менің айым, рамазан айы Алланың айы; кедейлер мен мұқтаждардың көктемі»,- деп айтқан болатын. Сол себепті бұл айдың сындарлы бағдарламаларының бірі кедейлерге садақа беру саналады. Имам Садық (ғ.с.) халықты Алла қолдайтын ғамалға жігерлендіріп: «Алла Тағала рамазан айында садақа берген адамның қиындығының 70 түрін шешеді»,- деді. Сондықтан Исламның ұлық пайғамбарының жақтастары бұл айда талпынып, рамазан айын мұқтаждардың көктемі етуге күш салады. Олар садақа беріп, кедейлерге көмектесіп, кедейлердің уайым-қайғыларын азайтқысы келеді. Ораза ауқатты, бақуатты адамдарға мұқтаж адамдардың жағдайын түсінуге көмектеседі. Ораза тұтушы адам өзінің уақытша аштығы және шөлдеуі арқылы мейірімділік қасиетін арттырып, аштар мен кедейлерді жақсырақ түсініп, қол астындағылардың құқықтарын бұзбауы мен әлсіздердің дерттеріне бейқам қалмауы туралы ойланатын болады. Мұқтаж адамдарға ақ ниетпен жасалған көмектер адамның күнәләрінің кешірілуіне себеп бола алады. Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Үлкен күнәләрдің кешірілуіне себеп болатын құралдың бірі бейшара адамдарға қолдау көрсету мен олардың мәселелерін шешуге көмектесу болып табылады»,- деп айтылған. («Наһдж ул-Балағе», 24-ші хикмет). Құран Кәрім де «Һуд» сүресінің 3-ші аятында: «Жақсылық және қайырымдылық адамдардың күнәләрдан айырылуларына әкеледі»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.): «Құдай хазірет Дәуітке пендесін тек бір қасиеті үшін ғана жәннәтқа кіргізетіні туралы хабарлайды. Сол кезде хазірет Дәуіт: «Қандай қасиет үшін?»,- деп сұрағанда Құдай: «Тіпті құрманың сүйегімен болса да мүмінді қуантса»,- деп жауап береді. Рамазан айы мен ораза тұту мұсылмандар үшін әртүрлі нәтижелер әкеледі. Қасиетті рамазан айы өзінің ерекше рухани кеңістігімен бірге мұқтаждармен ынтымақтастық жасау туралы шешімді кеңінен таратады. Оразаның ең айқын хикметтерінің бірі кедейлер, мұқтаждар мен мақұрымдар, жетімдер мен аштарға көмектесу болып табылады. Өйткені адам ораза тұтып, аштық пен шөлді сезіну арқылы оларды жақсырақ түсініп, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көбірек талпынатын болады. Қасиетті рамазан айында жақсылық жасау мен кедейлерге көмектесу туралы көп айтылған. Басқа жақтан ішіп, жеуден тартыну кедейлерді түсінуге себеп болады. Сөйтіп бай кедейге жақындап, қоғамда жақсылық пен қайырымдылық көбейе түседі. Имам Хасан Аскариден: «Неге ораза уәжіп етілді?»- деп сұрағанда, хазірет: «Байлар аштықтың ауыртпалығын сезіп, кедейлерге көмектеседі»,-деп жауап берген.
Ван Дурн 2013-ші жылы мұсылман болды. Ол илаһи тағылымдарды түсініп, бұрынғыдан көбірек исламның тағылымдарына қызыға түсті. Ол бірнеше жылдан бері мұсылмандармен бірге ораза тұтып, рамазан айын өткізуде. Рамазан мен ораза тұту ол үшін таңғажайып тәжірибе болып саналады. Ол өзінің бірінші рет ораза тұтқаны туралы былай дейді: «Бірінші рамазан мен үшін қиындықтардың алдындағы адамның төзімділігі мен сабыр сақтауын түсіну болды. Бұған дейін бұл мәселеге назар аудармған едім. Рамазан айында бұрын басқалардан естіген немесе кітаптардан оқыған сезімдерді бастан өткереміз. Мәселен, мұсылмандардың аштыққа, шөлге және ауызашарға қатысты ортақ ұстанымдарымен танысамыз. Осы кезде мен бұл сезімдерді өзім тәжірибеден өткізудемін». Рамазан ай ол үшін тек аштық пен шөлге төзімділік білдіру емес. Ол ораза тұтып, әлемдегі барлық аш адамдар туралы ойлайды. Жеуге еш нәрсе таппайтын адамдар туралы ол: «Біз ораза тұтып, белгілі бір сағаттардан кейін тамақтанамыз, бірақ дәл сол сәтте дүниежүзінің түкпір-түкпірінде аштығын басу үшін тіске басар дәнеме таппайтын адамдардың бар екенін білеміз. Шын мәнінде ораза мұқтаждарды түсініп, олардың мәселелерін шешуге көмектесуге талпынуға себеп болады»,- деді.