Маусым 29, 2016 13:06 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 9

Қасиетті рамазан айының тоғызыншы күні Алладан  Құран оқып, илаһи кітаптың аяттарын түсінуге көмектесуді сұраймыз.

Рамазан айы «Алланың жақсы пенделері  жақсылыққа асығыңдар»,- деп айтылған «Мәиде» сүресінің 48-ші аятының көрінісі. Бұл ай құлшылық жасап, илаһи халифа дәрежесіне жететін мұрсат. Бұл айда басқа уақыттан көбірек дүние мен оның қызықтарынан алыстап, намаза, ораза, ғибадаттарымыз және Құран оқуымыз арқылы Алланың арнайы қонақтарының арасында болуға талпынамыз. Осылайша илаһи дастарханнан кешірім, өзімізді тәрбиелейтін қасиеттерге қол жеткізіп, рухани нығметтерді пайдаланып, Аллаға жақындай түсеміз. Алла Тағала қасиетті рамазан айы туралы «Бақаре» сүресінің 185-ші аятында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді»,- деп айтқан.  Бұл айда Алла Тағала Қадір түнін сыйлап, адамды бақытқа қарай нұсқайтын заңдарды жіберді. «Қадір» сүресінің бірінші аятында: «Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік»,- деп жазылды. Оразаның философиясында оның мақсаттарының бірі тақуалыққа жету деп айтылған. Шыншылдыққа жету үшін жол көрсететін жоба қажет. Адам алға қарай басуы үшін жол нұсқаушыны қажет етеді. Жол нұсқаушы адамға тура жолға түсуге көмектесіп,  құрдымға құлаудың алдына алады. Бұл әлемнің Жаратушысы мейірімді Алла бұл жол нұсқауларды адамның ықтиярына берді. Алла Тағала Құран жіберіп, адам үшін жолды анықтады. Құран адамдарды дұрыс жолға нұсқайтын және шышшылдыққа жеткізетін құрал. Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 2-ші аятында: «Міне, осы Кітап күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші»,- деп айтқан. Бұл айда Құран оқу туралы көп насихатталды. Өйткені Құранның әр сөзі – нұр. Ол пендені  Аллаға қарай жетектейді. Әрбір нұрлы аятты оқу өлген әрі бейқам жүректерді  оятады. Сол кезде жүректер өзгеріп, рухани ырзықтарды қабылдауға дайындалады. Осыған байланысты рамазан айы мен Құранның арасынан ерекше қарым-қатынас байқалады. Көктем мезгілінде табиғат пен адам ерекше көңіл күйге бөленіп, дүниеге қайтадан келетіндігі сынды Құран жүректердің көктемі саналады. Сол себепті оны оқып, үйреніп әрі түсініп, жүректер ерекше өмірді түсінеді.  Имам Әли (ғ.с.): «Алланың кітабы жоғары мақсаттарды үйретеді. Өйткені ол ең көркем сөз, ең қонымды уағыз. Құранды түсініңдер, себебі, ол – жүректердің көктемі»,- деп айтқан болатын. Иманды адамдар Құранды өз ғамалдарының үлгісі етеді. Олардың жүректері Құранның қасында тыныштыққа ие болады. Сонымен бірге кез келген қиындықпен кезіккен кезде Құранды пайдаланады. Құран – болмыстың ең пәк бұлағынан ағып, Исламның ұлық пайғамбарына 23 жыл бойы жіберілді. Бұл мөлдір бұлақ сарқырап ағуы үшін лай мен балшықтан таза жерді және күнәләрдан бос жүректерді, сонымен бірге ақиқатты қабылдайтын рухты талап етеді. Исламның ұлық пайғамбары мен илаһи әулиелердің ақыл-кеңестерінен Құранды құрметтеу керек  деген нәтижеге жетеміз. Қасиетті илаһи кітабты оқыған кезде адам Алланың алдында тұрып, уәһи сөздерді естігендей болады. Қасиетті Құран кітабін оқу үшін арнайы тәртіп бар, яғни тазалық тәртібі қалыптасқан. Алла Тағала таза болуды бірінші шарт етіп қойып, «Уақиа» сүресінің  79-шы аятында: «Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды»,- деп айтылған. Илаһи әулиелердің сөздері бойынша, ауыз – Алланың сөзі шығатын жол. Сондықтан  бұл жолдың таза болғаны жөн. Пайғамбар: «Құранның жолын тазартыңдар»,- деген ақыл-кеңес береді.  Хазіреттен: «Уа, Алла елшісі! Құранның жолы қандай?» деп сұраған уақытта: «Ауыз»,- деп,  «Оны немен тазалаймыз?» дегенде: «Мисуақпен»,- жеп жауап берді. Құранның беттеріне қарау ғибадат болып табылады. Алла елшісінің айтуы бойынша үш нәрсеге қарау ғибадат: біріншіден, Құранға қарау ғибадат. («Әл-Хаиат», 2-ші том). Ғашықтың хаты жазылған кітапты ашып, оның нұрлы беттеріне қарау оны оқыған кезде сырт көзге көрінетін  әдепке жатады. Илаһи бұйрықтардың бірі саналатын  келесі әдепке Құран аяттары оқылған кезде үнсіз отырып, солар туралы ойлану жатады. Құранда «Құран оқылған кезде тыңдап, үнсіздік сақтаңдар». («Ағраф» сүресі 204-ші) деп айтылған. Мұндай насихаттар исламның ұлық пайғамбары әулетінің сөздерінен  де көрінеді. Имам Садық (ғ.с.): «Қасыңда Құран оқылған кезде тыныштық сақтап, аяттарға көңіл бөл»,- деген. («Васаель шие»,4-ші том). Илаһи аяттардағы ойлар Құран оқудың келесі әдептерінің бірі. Имам Саджад (ғ.с.) бұл туралы: «Құран аяттары – білім қазынасы. Әрбір ақылды адам  әр қазынаның есігін ашқан кезде оған қарап, оны пайдаланады; илаһи аяттардың мағынасы  туралы ойланып, жүректері мен жанын оның нұрына бөлеп, басқа аяттарды оқуға кіріседі»,- деген. Құран өзінің мақсаттарының бірін ойландыруға жігерлендіру деп таныстырып: «Бұл Құран өзінің ұлылығымен қасиетті кітап. Халық оның аяттары туралы ойлансын деп, оны саған түсірдік»,- деді. Жүректі лас әрі шірк ниеттерден тазарту илаһи сөздің алдында болудың келесі кезеңі. Имам Әли (ғ.с.) достарының біріне Құран оқу туралы ақыл-кеңес беріп: «Кейбіреулер Құранды тек Алланың ризалығы үшін оқиды. Басқалар дүниелік қажеттіліктеріне жету үшін, тағы біреулер  басқалармен пікір алмасу үшін ғана оқиды. Сен Құранды Алланың ризалығы үшін оқитындардың қатарына қосылу үшін талпын»,- деді. Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі қарапайым ауызашарлар туралы: «Сіздер өздеріңіз көріп отырсыздар, қуанышқа орай қаншама адам мешіттер мен тіпті көшелерді Аллаға құлшылық ететін мекендерге айналдырды. Ауызашар беріп, халықты дастарханның басына жинау өте маңызды»,- деді. Қасиетті рамазан айында адамдарға көмектесу сезімі кеңінен таралады. Бұл кезеңде адамның тәкаппарлығы басқаға көмектесу қасиетіне орнын береді. Исламның ұлық пайғамбары: «Қасиетті рамазан айында Алланың жолында ауызашар берген әр адам құлды азат еткен адамға тең және оның күнәләрі кешіріледі»,- деді. Кейбір сахабалар: «Біздің бұл істі орындайтын мүмкіндгіміз жоқ»,- дегенде хазірет: «Бір құрма немесе оның жартысымен ауызашар бере аласыңдар.  Құрма болмаса ораза тұтқан адамға су беруге де болады»,- деп жауап берді. Исламның ұлық пайғамбарларының кейбір сахабалары басқа мұхаджерлермен бірге Мәдинеге қоныс аударған болатын. Олар кедейшілікке байланысты Мәдинеден орын таппай, пайғамбар мешітінің солтүстігіндегі Суфе деп аталған мекенде өмір сүрді. Бұл адамдар бірте-бірте «Суфе сахабалары» деп танымал болды. «Суфе сахабалары» ақшасыз және кедей болғандарымен Аллаға иман келтірген адамдар еді. Олар соғыс кезінде пайғамбардың ең жақсы сарбаздары саналды. Мәдине халқы оларды танып, кейбір кезде олардың кейбіреуін тамаққа шақыратын. Пайғамбар да оларды қатты жақсы көріп, оларды тамақтандыратын. Қасиетті рамазан айының кештерінің бірінде Мәдине халқы Суфе сахабаларының шамамен  қырық адамын ауызашарға шақырды. Бірақ олардың  отызын ешкім ауызашарға шақырмады. Олар намаздарын оқып, кейбіреулері Суфенің бір бұрышында отырса, енді біреулері қабырғаға сүйеніп тұрды. Алланың пенделері ауыздарын ашпаған еді. Сол кезде күлімсіреп, беті жабық үлкен ыдыспен Суфеге пайғамбар кіріп келді. Суфеліктер орындарынан тұрып, хазіретті қарсы алды. Пайғамбар отырып, суфеліктер дастархан жайды. Пайғамбар көтеріп келген ыдысының бетін ашқанда тамақтың иісі Суфеге таралды. Пайғамбар мейіріммен  дастархан басындағы әр адамға тамақ салып беріп, соңында өзіне де азғана тамақ салды. Хазірет те Суфе тұрғындары сынды ауызын ашпаған еді. Мәдиненің аспанынан рамазанның айы жарығын түсірді. Пайғамбардың нұрлы жүзі де ай сынды Суфе сахабаларының арасында нұрланды.