Маусым 29, 2016 14:20 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 25

Қасиетті рамазан айы балаларды діни тағылымдармен таныстыруға мұрсат беретін ай.

Балалар мешіттер мен жамағат намаздарына, Құран оқитын жиындар мен исламдық тәлім-тәрбие сыныптарына, сонымен бірге ғибадат рәсімдеріне қатысып, сәресі және ауызашар дастархандарын дайындауға көмектесулері арқылы Исламның адамды тәрбиелейтін бағдарламаларымен таныстықтары басталады. Бұл мәселеге қатысты біз баланың діни тағылымдармен танысуы және олармен қарым-қатынас орнатуының қалыптасуының, сонымен қатар бұл саладағы ата-ананың рөлінің қандай екенін білуіміз керек. Ислам дінінде балаларды ғибадаттарға дайындау насихатталған. Имам Садық (ғ.с.)-ның өмірбаянында ол кісінің кейбір күндері балаларды ораза алуға жігерлендіретіндігі, бірақ олардың аштық пен шөлге төзе алмайтын жағдайларын көрген кезде оларға тамақтануды бұйыратындығы жазылған. Балалардың ораза тұтуы олардың қиналыстарына себеп болмауы керек. Балалар бірте-бірте намаз оқу, ораза тұту және басқа да ғибадаттарды орындауға әдеттенуі қажет. Олар бастапқыда сәресінде ауыз бекітіп, түсте ауыздарын ашады. Тіпті, егер күннің ортасында су немесе тамақты қажет етсе оларға осы кезде ауызашар уақыты келді деп айтқан дұрыс. Бұл кезеңнен кейін ораза тұту уақытын бірте-бірте ұзартады. Бала ораза тұтумен танысқан соң одан безіп кетпегені жөн. Балалардың мешіттер және діни мәселелермен танысуы үшін қолайлы мұрсаттардың бірі қасиетті рамазан айы саналады. Ұстаз Муттахари: «Тәжірибе баланың мешітке бармауының, жиынға қатыспауы мен намаз оқитын жамағатты көрмеуінің дұрыс емес екенін дәлелдеді. Негізінде адам жиында болғанды жақсы көреді. Тіпті үлкен адамның өзі жамағатпен орындалатын ғибадаттарға қатысқан кезде ерекше көңіл күйге ие болады. Балалар  болса олардан көбірек әсер алады» деді. Балалар мен жасөсіпірімдерді мешіттер, дұғалар және басқа да рухани бағдарламалармен таныстыру ата-ананың міндеті. Балалардың мешіттер мен қасиетті мекендерге бармауы олардың діни мәселелерден алыстауына  себеп болады. Ата-ана мешітке бару балаларын шаршатпайтындай жоспар құруға міндетті. Сонымен бірге балалардың сәресі кезінде дастархан басында отыруы, мешіттерге барып, рухани бағдарламаларға қатысуын сөз және ғамалдар арқылы жігерлендіру керек. Ата-ана бұл сыйдың әсерінен бейқам қалмағаны дұрыс. Қасиетті рамазан айы мен ораза тұтудың өте маңызды сабақтарының бірі достық мәселесі болып табылады. Ораза  адамның басқаларды түсінуіне себеп болады. Расында ораза басқалардың қиындықтарын сезуге көмектеседі. Өмірде әртүрлі қиындықтар кездеседі. Алайда адамдардың барлығы оның барлық түріне шырмалмайды. Мәселен ем қонбайтын аурулар бар. Оларға тек шектеулі адамдар душар болады. Немесе кейбір адамдар ерекше дағдарыстарға тіреледі. Қазіргі заманда кеңінен таралған  мәселе  аштық пен шөл мәселесі болып табылады. Негізінде адамның өзінің өмірін қиындатуға құқығы жоқ. Егер адам оразадан басқа жағдайда өзін ашықтырса харам саналады. Адам суды қажет етеді. Сол себепті  шөлдеген жағдайда өзін судан кенде етсе ұстаса харам болады. Бірақ рамазан айында Алла Тағала  адамдар назар аударсын деп, оларды аштық пен шөлде ұстайды. Егер рамазан айы болмағанда байлар еш уақытта мұқтаждар туралы ойламайтын еді. Сол себепті Исламның ұлық пайғамбары шағбан айындағы әйгілі құтпасында: «Бұл күні өздеріңнің аштықтарың мен шөлдерің арқылы қиямет күнінің аштығы мен шөлін еске алыңдар. Кедейлерге көмектесіңдер»,- деген болатын. Сонымен бірге Исламның ұлық пайғамбары достықты түсніп, басқа адамдарға көмектесу туралы: «Уа, халайық! Бұл айда ауызашар берген адамғы бір пендені азат етудің сауабы беріледі»,- деп айтқан болатын. Алла елшісінен: «Уа, Алланың елшісі!   Егер ауызашар бере алмасақ бұл міндетімізді қалай атқарамыз?»- деп сұраған кезде хазірет: «Өзіңді тозақ отынан құтқар. Бір құрма немесе жарты құрмамен, болмаса су беріп, ораза тұтқан адамның ауызын ашуға себеп болу үлкен сауапқа ие болады»,- деп жауап берді. Ораза адамның қиындықтарды түсінуіне себеп болады. Имам Садық (ғ.с): «Алла Тағала өз жаратылыстарының арасында теңдік орнату үшін ораза тұтуды уәжіп етті»,- деп айтқан болатын.

Күндердің бірінде хазірет Ибрахим үйінен шығып, далаларды кезіп, теңіздің жағалауына қарай бет алып, саяхатқа шықты. Ол: «Барлық жаратылыстар: гүлдер мен бұлбұлдар, сулар мен өсімдіктер және таулар Ұлы Алланы танып, Оны мадақтайды. Бірақ бұл адамзат пұтқа табынудан бас тартқысы келмейді»,- деп ойға батады. Бір мезгілде көзі намаз оқып отырған адамға түседі. Хазірет Ибрахим сүйіктісінің соңынан еретін ғашық сынды сол адамға қарай бет алады. Хазірет жақындап, адамның қасында намаз оқиды. Адам намазын аяқтаған кезде хазірет Ибрахим одан:

-         Намазды кім үшін оқисың?- деп сұрайды.

 Адам:

- Құдай үшін, - деп жауап береді.

 Хазірет Ибрахим:

 -Құдай кім? - деген сұрақ қояды.

-         Құдай – сені мен менің Жаратушым.

 Хазірет Ибрахим бұл адамның Аллаға құлшылық ететінін түсініп: - Сені қатты ұнаттым. Сенің әдісіңді қабылдап, сенімен бірге болғым келеді. Үйің қайда? Қалаған кезде зиярат етуге келемін,- дейді.

 Адам:

- Менің үйім теңіздің арғы бетінде. Сен онда келе алмайсың, - дейді.

 Хазірет Ибрахим:

- Сен өзің судан қалай өтесің?- деп сұрады.

-         Мен Құдайдың қалауымен судың үстінен өтіп, батпаймын,- деп жауап қайтарады.

-         Сол Құдай маған да көмектесер. Судың алдын мен үшін де ашар. Тұр, бүгін сіздің үйде бірге болайық,  дейді.

Адам орнынан тұрып, хазірет Ибрахиммен бірге жолға шығады. Олар екеуі теңізге жетеді. Адам Құдайдың атын айтып, судың бетінен өтеді. Хазірет те Алланың есімін айтып, алға қадам басады. Сөйтіп екеуі судан өтіп, адамның үйіне жетті.

 Хазірет Ибрахим:

 - Сенің тамағың не?- деп сұрайды.

 Адам ағашқа қарап:

 - Мына ағаштың жемісін жинап, жыл бойы соны қорек етемін, - дейді.

 Хазірет Ибрахим:

 - Қай күн ең үлкен күн? - деп сұрайды.

-          Алла Тағала жаратылыстарына есеп-қисап жүргізіп, оларға сый мен жазалау тағайындайтын күн,- деп жауап береді.

-         Алла Тағала мүміндерді сол күннің қиындықтарынан құтқарсын деп дұға жасайық.

-          Үш жыл бойы Құдайдан бір нәрсені сұрап жүрмін,  бірақ орындалмайды. Сол себепті дұға жасап, басқа нәрсені сұрауға ұяламын.

-         Ұялма, кейде Алла Тағала досын жақсы көреді, бірақ ұзақ уақыт бойы оның дұғаларын орындамайды. Сөйтіп досының дұғасы көбейеді. Керісінше, пендесіне реніш білдірсе, дұғасын жылам орындайды. Немесе енді дұға жасамасын деп үмітсіз қалдырады. Сен қандай дұға жасадың?

- Бірде намаз оқып отырған кезде кенет көзім жүзі жарқыраған сұлу бір жасөспірімге түсті. Ол бірнеше сиырды бағып жүр еді. Сиырларының түгі майлап қойғандай жылтыр екен. Солармен бірге оның бірнеше қойы болды. Оған барып кім екенін сұрадым. Ол: «Мен хазірет Ибрахим Халилдің перзентімін»,- деп жауап берді. Мен хазірет Ибрахимді қатты көргім келді. Сол себепті үш жыл бойы Алладан хазірет Ибрахимді зиярат етуді сұрап жүрмін.

 -    Мен хазірет Ибрахимның өзімін. Сен көрген жасөсіпірім – менің балам.

 Мұны естіген адам хазірет Ибрахимді құшақтап, оны сүйіп: «Дұғамды қабыл еткен Аллаға шұкіршілігімді білдіріп, рақметімді айтамын»,- деді.

 Сол кезде хазірет Ибрахим адамның сұрауымен барлық мүміндер үшін дұға жасады. Адам: «Әмин»,- деді.