Маусым 29, 2016 14:41 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 27

Рамазан айы – Алланың қонағы болатын ай. Алла Тағала Құран Кәрімде тікелей, ешбір делдалсыз мүміндерді осы айда өзінің қонағы болуға шақырады.

Жаратушы мүміндерді қонаққа шақыруымен бірге оларды күтуді де Өз міндетіне алды. Сол себепті мүміндер өздерінің барлық талпыныстарын илаһи рақымдылық пен берекеге ие болуға шоғырландыруы керек. Діни тұлғалар бұл айдың соңғы күндері «этекаф» жасауды, яғни ұзақ уақыт мешітте қалып, ғибадаттарды орындауды насихаттайды. Сол себепті Исламның ұлық пайғамбарының әулеті мүміндерге бұл айда мешіттерде қалып, діни міндеттерін орындауды, әсіресе ораза  тұтуды насихаттаған. Олар өздері де рамазан айында, әсіресе айдың соңғы он күні осы ғамалды орындаған. Имам Садық (ғ.с.): «Рамазанның соңғы он күні мешітте қалып, ғибадат жасаңдар»,- деген. Исламның ұлық пайғамбары рамазан айында мешітте қалып, ораза тұтатын. Хазірет бұл мәселені ерекше маңызды санап, тіпті рамазан айында оны орындай алмаса басқа уақытта орындайтын. Мәселен, Бадр соғысы орын алған жылы «этекафты» орындай алмауына байланысты кейін жиырма күн орындап, оның он күнін рамазан кезіндегі қаза болған күндерін толтыру ниетімен орындады. Имам Садық (ғ.с.)-ның айтуы бойынша,  Алланың елшісі: «Рамазан айындағы он күн этекафтың сауабы екі қажылық пен екі умраның сауабына тең»,- деген. Этекаф (мешітте ораза тұту) – адамның нәпсілік тілектерінен алыстап, Жаратушысымен шын жүрекпен сырласуға мүмкіндік тудыратын мұрсат. Бұл кезеңде адам өзін қонақ, Жаратушысын оны күтушісі деп сезінеді. Адам егер тіпті өзі жақсы қонақ болмаса да үй Иесінің оны жылы қарсы алатынын біледі. Этекаф кезінде адам шын ниетімен құлшылық етуге кіріседі.  Сондықтан Алла Тағала пендесін Өзімен оңаша сырласуға шақырады. Имам Садық (ғ.с.): «Тауратта Құдай: «Әй, Адам перзенті! Маған құлшылық ет. Сонда жүрегіңді қажетті нәрселермен толтырамын. Сен сұрамай-ақ қажеттіліктеріңмен қамтамасыз етемін. Бірақ егер құлшылық етуге уақыт бөлмесең, жүрегіңді осы дүниеге шырмап, қажеттіліктеріңді қамтамасыз етпей, талпыныстарыңды өзіңе тапсырамын» деген»,- деп айтқан болатын.

Уақытты бағалау және тәртіп исламдық өркениеттің көрінісі және дамудың маңызды себептерінің бірі саналады. Ислам діні жаһандық әрі кемел дін ретінде өмірдегі тәртіп пен бағдарлама жоспарлауға ерекше назар аударып, өзінің жақтастарына барлық жұмыстарын есеп және тәртіппен орындауды насихаттайды. Исламдық ахкам уәжіптер, мұстахабтар, тыйым салынған және тыйым салынбаған, бірақ орындамау жақсырақ саналатын істерді айқындап, мұсылмандардың бағдарламаларын тәртіпке келтірген. Ислам дінінде тәртіптің маңыздылығы сондай, имам Әли (ғ.с.) өзінің өсиетнамасында барлық мүміндерге: «Сіздер, сіздердің барлық перзенттеріңіз, жақындарыңыз бен менің өсиетнамам қолына түскен әр адамға тақуалық деңгейге жетіп, ғамалдарын тәртіппен орындауды  насихаттаймын»,- деген. Хазірет сонымен бірге Мысырдың басшысы Малек Аштарға: «Уақыты келмеген істерді орындауға асығу, орындауға мүмкіндік туған істерді кейінге қалдыру, белгісіз істерде кесірлік білдіру немесе айқын да белгілі істерде осалдық білдіруден абай бол»,- деп ескерткен болатын. («Наһдж ул-Балағе»,-53-ші хат). Исламдық уәжіптерге шолу жасау ислам дінінің тәртіпке ерекше назар аударатынын көрсетеді.  Күнделікті намаздарды белгілі уақытта оқу ерекше маңызды. Намаздың уақытының белгілі болуы, жамағат намаздардың саптарының тәртіппен орналасуы, бірге тұрып, бірге отырып, бірге сәжде жасау, намазды уақытынан бұрын немесе уақыты өткен соң орындамаудың барлығы тәртіпті көрсетеді. Ораза  қасиетті рамазан айында ай туысымен басталып, келесі шаууал айының айы көрінісімен аяқталады. Ораза тұтатын уақыт таң намаздың азаны айтыла салысымен басталып, мағриб намазының азанына дейін жалғасады. Егер адам таң  намазының азаны айтылған соң немесе мағриб намазы айтылмастан бұрын тамақтанса, оның оразасы бұзылады. Алланың адамдардың ғибаддатарында орнатқан мұндай тәртібі мұсылмандар үшін өздерінің өмірінде бағдарлама құру үшін сабақ болып табылады. Қасиетті рамазан айы жыл бойында адамның тәртіпті үйренуі үшін мұрсат тудырады. Адам ғибадат ғамалдарын, соның ішінде намазды уақыты келісімен орындауымен бірге  жеке және қоғамдық  жұмыстарын тәртіппен орындап, олардың берекесіне жетеді. Иранның Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейни   өзінің берекелі өміріндегі жеке және қоғамдық істерін тәртіппен бағдарлама құрып орындаған. Имам Хомейнидің серіктерінің бірі хазіреттің бағдарламаларын жоспарлауы мен тәртіпке табанды болуы туралы: «Иракқа жасаған сапарларымыздың бірінде хазірет Әли (ғ.с.)-ның кесенесінің алаңында отырып, діни оқу орынының бірнеше шәкіртімен сұхбаттастық. Сұхбатымыз аяқталып,  шәкірттер кетпек болып  орындарынан тұрып, сағаттарына қараған кезде сағаттарында айырмашылықтың бар екенін байқады. Сондай-ақ, кесененің сағаты мен біздің сағаттарымызда да айырмашылық болды. Сол кезде сол жерде отырған Наджаф ұстаздарының бірі: «Сағаттарыңды түзетіңдер. Қазір сағат түнгі үш»,- деді. Оған таңырқай қарап: «Қайдан білесің?»,- дегенде: «Қазір келе жатқан адам (ол хазірет имам Хомейниді көрсетіп) кесенеге тура үште келеді»,-деді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      Шын мәнінде, біздің барлығымыздың өмір сүретін кеңістігіміз нәпісімізбен күрес жүргізетін алаң. Сан рет тәулік бойында әрбіреуіміз  Аллаға тәуекел етіп, нәпсімізбен күресіп, оны жеңетін сахналармен бетпе-бет келеміз.  Хазірет Әли (ғ.с.): «Ең күшті адам өз нәпсісін жеңген адам»,- деген болатын.

Ешкімнің оған қарсы шығуға батылы жетпейтін ирандық палуан Пурио  Валидің өмірбаянында: «Әртүрлі жерлердің палуандарының жаурындарын жерге тигізген соң, ол астананың палуаның жеңуді көздеп, жолға шықты. Пурио Валидің жолға шыққаны туралы хабар астана палуанына жеткенде оның бойында қорқыныш пайда болады. Қарт анасы перзентінің уайым-қайғысын көріп, Алладан баласын жеңіске жеткізуді сұрайды. Пурио Вали қаланың дарбазасына жеткен кезде халуа сатып отырған қарт әйелді көреді. Ол халуа сатып алайын деп қарт әйелге жақындайды. Қарт әйел: «Бұл халуа сатылмайды, ол назыр»,- дейді. Пурио: «Не нәрсе үшін назыр еттің»,- деп сұрағанда қарт әйел: «Менің  балам – қаланың палуаны. Қазір онымен күресуге бір палуан келе жатыр. Егер перзентім жеңілсе мүлкіміз бен беделімізден айрыламыз»,- дейді. Пурио «Егер бұл жігітті жеңсем «астана каһарманы» деген атаққа ие боламын. Мен бір атақ үшін бұл қарт әйелді үмітсіз қалдырмаймын» деп ойлап, қарт әйелге қарап: «Шеше, назырыңыз қабыл болды»,- дейді. Содан сон халуаны өзінің жақтастарына бөліп таратып, қалаға оралады. Белгіленген күн келген кезде астана палуаны өңі қашып қашып, алаңға шығады. Пурионың жақтастары күресуді  талап еткенде Пурио қабылдамай: «Бұл менің ісім, басқалардың ісі емес»,- деді. Пурио өзінің қарсыласының алаңға шыққанын көріп, өзін осал адам етіп көрсетіп, ортаға шығады. Астана палуаны қарсыласын әлсіз санап, күшейіп, Пурионы жерге құлатады. Палуандардың палуанының жауырыны жерге тиіп, ол ерекше көңіл күйге ие болады. Пурио жастың қолынан жерге құлағанымен Алла Тағала оны аспандарға көтерді.

Тегтер