Шіл 14, 2016 11:54 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы 80

ИИР-ның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы өткен аптада ядролық серіктестіктер саласында сұхбаттасу үшін Францияға сапармен барды. Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Беһруз Камалванди Иран Телерадио ұйымына Парижде берген сұхбатта Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Али Акбар Салеһидің ITER (International Thermonuclear Experimental Reactor) деп танымал әлемдік термоядролық реактор жобасы басшысының ресми шақыруымен Францияға келгенін айтты.

Иранның Атом Қуаты ұйымының баспасөз хатшысы бұдан бұрын АҚХА-нің Еуропа Одағымен бірге Иранның термоядролық реактор бөлімімен отырыстар өткізгенін, осы мақсатта Иранға инспекторларының келгенін айтып: «Дайындалған есептерде Иранның мүмкіндіктері, әсіресе адами күш бөліміндегі әлеуеттері қуатталып, соған орай осы салада Иранмен серіктестік жасауға ұсыныс берілді. Иран ITER-мен серіктестіктерді арттыруды қалайды. Осы шаралардан кейін Францияның Атом қуаты комиссиясының кешені және ITER-мен болашақтағы серіктестіктердің шеңбері анықталып, меморандумға қол қойылу мүмкіндігі артты» деді. ITER деп танымал Халықаралық термоядерлы реактордың сынақ жобасы Францияның оңтүстігінде орналасқан.

Бұл жобаның мақсаты қоршаған ортаны қорғау үшін арзан термоядролық реактордың жаңа түрінде тұрақты электр қуатын өндіру болып табылады.

Иранның газ және көмірсутек қорларына ие болуы мен «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейін қалыптасқан жаңа кезеңде дамудың алтыншы бағдарламасы шеңберінде жаңа 28 мұнай-химия жобасы жүзеге асырылуда.

Өткен үш жылда 12-15-16 фазаларды толығымен, 17-18-ші фазаларының бір бөлімдерін экплуатациялау Иранның мұнай-химия жобаларын қажет отынмен қамтамасыз ету үшін газ алаңдарынан алатын өнімнің көлемін арттыруға негіз әзірледі.

 

Оңтүстік Парстағы 19-шы фаза – Оңтүстік Парс газ алаңдарын дамыту жаңа жобаларын орындау ісіндегі көшбасшы. Жақында газды тазалау және тазаланған газды осы фазадан елдің бүкіл газ желісіне жөнелту ісі орындалды.

Жексенбі күні Оңтүстік Парсты дамытудың жаңа жобасының бірінші платформасы болып табылатын 19-шы платформаның іске қосылуымен күніне бір миллиард фут текше газ өндіру мүмкін болды.

Бүгінде әлемнің ең үлкен тәуелсіз газ алаңы болып табылатын Оңтүстік Парс газ алаңынан Иран күніне 430 миллион текше метрден астам газ өндіреді.

Өткен жылы жарияланған статистикаға сәйкес, Иранның мұнай өнімдерінің экспорты соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейіне жетті. ШАНА-ның мәліметі бойынша, Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЭК 2016 жылдың маусым айында жариялаған бюллетеньде өткен жылы Иранның мұнай өнімдері экспортының 9,4, пайыз жылдық өсіммен күніне 514 мың 330 баррельге жеткенін жария етті.

2015 жылы Иран тарапынан күніне экспортталған бір миллион 81 мың баррель мұнайдың жалпы санынан 969 мың 700 баррель Азия елдеріне, 111 мың 400 баррель Еуропаға сатылған.

ОПЭК-тің жыл сайынғы бюллетені Иранның өткен жылы 10 миллион 982 мың тонна мұнай тасу мүмкіндігі бар 46 мұнай танкеріне ие болуымен осы салада бұрынғысынша ОПЭК елдері бойынша бірінші орында тұрғанын көрсетті.

Мұнай көздерінің есептері бойынша, Арабстан дәстүрлі түрде шикі мұнайды Азияға экспорттайтын ең үлкен ел болғанымен, қазір бұл мемлекет түйткілге тіреліп, Ресей соңғы үш айда Қытайға ең үлкен шикі мұнай экпорттаушысы деген Арабстанның орынына ие болып отыр.

Арабстан нарықтағы өзінің бәсекелестік қабілетін сақтау үшін тамыз айында өз мұнайының ресми бағасын түсіреді. Тамыз айында Азияда мұнайға деген сұраныс мұнай өңдеу зауыттарына жөндеу жұмыстары өткізілетіндіктен әдетте төмендейді, бірақ осы мұнай бәсекелестігінде ИИР-ның экспорты өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 70 пайыз жоғары. Иранның шикі мұнай экспорты маусым айында күніне екі миллион 140 мың баррельге жетеді. Бұл 2012 жылдың қаңтар айынан бергі экспорттың ең жоғары көрсеткіші саналады.

Иранның ядролық келісімге қол жеткізуіне байланысты осы елге салынған санкциялардың жойылуынан бұрынғы соңғы ай – желтоқсан айымен салыстырғанда Иранның мұнай экспорты шамамен екі есе артты. Санкциялар жойыла бастаған уақыттан бері, яғни биылғы жылдың қаңтар айынан бері сарапшылар болжаған уақыттан Иран мұнай нарығынан өзінің үлесін жылдам қайтарып алды.

Иранның сауданы дамыту ұйымы мұнайдан тыс өнімдердің экспортына үкіметтің қолдау көрсететін жаңа пакеттерін ұсынғанын хабарлады.

Иранның сауданы дамыту ұйымының төрағасы Валиолла Афхамирад «Экономика» радиосына берген сұхбатта «Шетелдермен сауданы дамыту үшін тасымалдың сенімді негізін қалыптастыру алғашқы қадам болып табылады. Теһран-Астархань рейсі де осы себепке байланысты ашылды. Үкімет алты айға дейін осы әуе жолының шығынының бір бөлігін төлейді» деді.

Афхамирад сөзін жалғап: «Бандар-Аббас-Оман» кеме жолы да ашылды. Үкімет оның шығындарын субсидия түрінде төлейді. Каспий теңіз жолында да Қазақстанның Ақтау портына кеме жолы ашылды. Осындай қолдау жасаудағы мақсат – аталмыш нарықтарда Иран бизнесмендерінің құзырының шығынының ең аз дегенде 50 пайызын қамтамасыз ету. Иранның барлық елшіліктері мен сауда кеңесшілері осы салада бизнесмендермен ынтымақтастық жасауға әзір» деді.

Каспий теңізінің биологиялық қорлары комитетінің 36-шы отырысы 2016-2017 жылдары Каспийдің бекіре балықтарын сауда мақсатында аулауға тыйым салды.

Иранның балық өнеркәсібі ұйымының аулау істерінің кеңсесі осы аптада Каспий теңізіндегі уылдырық беретін балықтар қорының осы теңіз жағалауындағы елдер тарапынан жөнсіз аулануы салдарынан айтарлықтай төмендеуіне байланысты 2010 жылдан бастап Каспий теңізінде бекіре балықтарын сауда мақсатында аулауға тыйым салды.

Иранның балық өнеркәсібі ұйымының басшысы және Балық өнеркәсібі ғылымдарын зерттеу мекемесі орынбасарының қатысуымен өткен аптада өткен Каспий теңізіндегі биологиялық ресурстар комитетінің 36-шы отырысында 2016-2017 жылдары Каспий теңізінде уылдырық беретін балықтарды аулауға тыйым салынды. Иранның Балық өнеркәсібі ұйымының есебіне сәйкес Каспий теңізіндегі уылдырық беретін балықтардың маңыздылығына байланысты бұл жерде балықтарды көбейту мақсатындағы зерттеу жұмыстары бұрынғысынша Каспий теңізі жағалауындағы бес ел тарапынан жүзеге асырылатын болады.

Иран мен Ресей басқа үш елге қарағанда бекіре балықтарын көбейтіп, өсіру бойынша дамығандықтан оларды өсіріп, көбейту Каспий теңізінде осындай балықтар қорының кемуінен туындайтын нұқсанның орнын біршама толтыра алады.

Дәл қазір Иранда жеке секторда көптеген инвесторлар бекіре балықтарын өсіруге ынта танытып отыр.

Өткен жылы бекіре балықтарынң 35 тоннасы ауланды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 41 тоннаны құраған болатын. Каспий теңізінің биологиялық ресурстар комитетінің 36 саммитінде Каспий маңындағы елдердің әрқайсысына 2010 жылдан осы уақытқа дейін бекіре балықтарын аулауға салған тыйымнан шығарған нәтижелердің сараптамасын жеке түрде орындау тапсырылды.

Каспий теңізі маңындағы елдердің барлығы бекіре балықтарының қорын қайта толтыруға да міндеттелді.

Қазақстанда өткен Капсий теңізі Биологиялық ресурстарының 36-шы саммитінде Каспий теңізін қорғау және экплуатациялау комиссиясы мен саммитке қатысушы мүшелер тарапынан ортақ ресурстарды басқарудың жарғысы қарастырылды. Осы негізде 2017 жылы Каспий теңізі ресурстары қорының келесі саммиті Әзірбайжанда өткізілуге дейін аталмыш маңызды жарғы бекітілуі тиіс деп қаулы қабылданды.

 

Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Иран газын жақын болашақта Иракқа экспорттауға елінің әзірлігін хабарлады. Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Алиреза Камели сейсенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатта ДАИШ тобы тарапынан қатерлер азайған соң Иран газын Иракққа экспорттаудың соңғы жағдайы туралы: «Иранның Иракқа газ экспорттаудағы техникалық инфрақұрылымдары мен құбыр жолдары және нысандар әзір. Екі ел де техникалық тұрғыдан газ экспорттау амалдарын бастауға әзір екендігін мәлімдеді» деді.

 

Иран Иракқа газ экспорттау бойынша екі жобаға ие: бірінші жоба негізі бойынша газ Бағдадқа, екінші жобаға сәйкес Ирактың оңтүстігіндегі Басраға экспортталады.

Бағдадқа газ экспорты осы қаланың газ электр стансаларын газбен қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл жоба күніне 4 миллион текше метр мөлшерден басталып, 35 миллион текше метрге дейін артады.

Иранның ұлттық газ компаниясы мен Ирактың Электр қуаты министрлігі арасында жасалған 6 жылдық келісім бойынша, Иран газының Басраға экспорты бес кезеңде жүзеге асырылады. Келісімнің орындалуының алғашқы алты айында күніне 7 миллион текше метр, алғашқы кезеңнен кейінгі бір жылда 14-18 миллион текше метрге дейін артып, соңында газ экспорты күніне 20-25 миллион текше метрге дейін жетеді.

Иран мен Пәкістанның сауда айналымы қазіргі таңда бір миллиард долларды құрап отыр. Бағдарлама жасау арқылы осы көрсеткіш 5 миллиардқа жетеді деп жоспарланған.

Иранның тауарлар биржасының атқарушы директоры Хамед Солтан Нежад Иран тауарларының биржасы мен Пәкістан тауарларының биржасы арасында қол қойылған келісім аясында сөйлеген сөзінде былай деді: «Екі ел арасындағы сауда айналымы жеңілдеу үшін биржалар механизмді әзірлеуі керек. Пәкістан ауылшаруашылығы саласындағы тауар биржасы бойынша белсенді. Ал Иран мұнай өнімдері саласында белсенді. Осы келісімге қол қойылу арқылы екі елдің тәжірибелері аталған жайттар бойынша бір-бірінің ықтиярына беріледі».

Келесі хабарға сәйкес, Иран мен Малаизия, Нигерия, Түркия, Индонезия мен Пәкістан елдері арасында пұрсатты сауда келісімі жүзеге асырылды

Сауданы дамыту ұйымы «Даму үстіндегі сегіз елдің сауда министрлерінің екінші саммитіндегі келісімге сәйкес, Пәкістанның Исламабад қаласында бұл келісім 2016 жылдың шілде айының бірі күні Иран мен Малаизия, Нигерия, Түркия, Индонезия мен Пәкістан арасында жүзеге асырылатын болып шешілді» деп мәлімдеді.