Шіл 22, 2016 12:23 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы 81

Осы аптада Болгария премьер-министрі саяси, сауда және экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Теһранға сапармен келді.

ИИР мен Болгария басшылары осы сапарда ақпараттық технология мен телекоммуникация, орташа және шағын бизнестерге инвестиция салу салалары бойынша бірнеше меморандумға қол қойды.

Экономикалық журналдың хабарын осы сапардың мақсаттарына шолу жасаумен бастаймыз.

Иран президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Болгария премьер-министрі Бойко Борисовпен дидарласуында сөйлеген сөзінде: «Екі елдің жан-жақты серіктестіктерін кеңейтуге қатысты Иран мен Болгария халықтарының қалауы осы жолдағы басшылардың еселенген талпыныстары үшін жолды жеңілдете түсті» деді.

Рухани Болгария премьер-министрінің Теһран мен София серіктестіктерін энергия саласында арттыру үшін инфрақұрылымдарды дайындау туралы сөзіне сілтеме жасап: «Болгария дос елдердің бірі ретінде Иранның Еуропа елдерімен барлық салалар бойынша байланыс дарбазаларының бірі және көпір бола алады» деді. 
Болгария премьер-министрі де сол дидарласуда Болгарияның Иран үшін Еуропаның 550 миллион адамдық нарығына кіретін дарбазасы бола алатынын қуаттап, екі елдің экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту үшін барлық мүмкіндіктердің әзірлігін мәлімдеді.
Болгария премьер-министрі сонымен қатар осы елдің ирандық өнімдерді еуропалық нарықтарға жеткізуді жеңілдету үшін аймақта жаңа дәліз қалыптастыру үшін талпыныстар жасап жатқанын хабарлады.
ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири мен Болгария премьер-министрі Бойко Борисов осы сапарда екі ел мүдделік танытатын, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-химия өнімдері, тасымал, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы салалары мәселелері бойынша сұхбаттасты.
Болгария премьер-министрі Грузия, Армения мен Иран арасындағы тасымал дәлізінің құрылысына сілтеме жасап: «Екі автомагистральдің салынуымен, сонымен қатар Бургаз бен Стамбұл темір жолдарының құрылысымен Болгария да Грузия, Армения және Иранмен қатар осы тасымал дәлізіне ене алады» деді. 
Банк жүйесі мен қаржы бөлімін реформалау жобасы мен осы өзгерістерді орындауды жылдамдату үшін үкімет көңіл бөлген өзгерістер президенттің мақұлдауымен осы аптада басталды.  


ИИР-ның президенті Хасан Рухани үкіметтің экономикалық штабының отырысында өндіріс орындарына жеңілдіктер ұсыну үшін банктерді нығайтуды банк жүйесіне реформа жасау жобасының негізгі міндеті деп атап: «Үкіметтің мердігерлерге қарыздарын құнды қағаздар арқылы төлеуі экономикалық дамуға кепілдік береді.

Банк жүйесін өзгерту жобасы ақша-несие жүйесі мен үкіметтің қаржылық есебі мен үкіметтің қарыздарын айқындап, реттеу бойынша маңызды үдерістің бастамасы саналады. Осылайша, осы үш саладағы бұрынғы түйіндер қаржы істерінде өндіріс бөлімдері және жұмыспен қамту салаларына жылдам қолдау көрсету үшін шешіліп, оларды жеңілдету жолына түседі» деді.
Иранның орталық банкінің бас директоры Валиолла Сейфтің айтуы бойынша үкіметтің мақсаты жағдайды елдің экономикасына теңгерімді қайтарып, елдің қаржы нарықтарындағы банктік пайыздық ставкалары мен қаржылай қамтамасыз ету ставкасын инфляцияға сәйкес теңгерілетіндей етіп әзірлеу.    

Иранның Орталық банкінің бас директоры Валиолла Сейф үкіметтің экономикалық штабының отырысы аясында тілшілерге берген сұхбатта осы хабарды мәлімдеп: «Иранның банктік жүйесі бұрын кедергілердің болуына байланысты өзінің қаржы күшін банктік жеңілдіктер беру бағытында қолдана алған жоқ. Бұл тұрғысында маңызды үш фактор, атап айтқанда банк жүйесіндегі кейінге қалдырылған өтініштер, үкіметтің банк жүйесіне қарыздары мен жалпы алғанда банктік баланс көлемінің 45-50 пайызын құрайтын қаржыдан тыс активтер осы салада кедергі қалыптастыруда рөл атқарды. Осы түйткілді шешу үшін үкіметтің негізгі бағдарламасы берешектерді инвестиция нарығы арқылы исламдық құнды қағаздар шығарып төлеуге шоғырланған. Құнды қағаздар инвестиция нарығынан көрініс тауып, сонда сатылып, қажетті сатылым қалыптастыра алады. Бұл әрекеттер болашақта банк жүйесінің ықпалын арттырумен қатар үкіметтің қаржы жүйесі мен қаржылай айқындылығын да арттырып, қаржы нарығын да әсерлірек етеді деп күтілуде» деді.    

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі экономикада сегіз пайыздық өсімге жету үшін өнеркәсіп пен кен бөлімі жылына 11-12 пайыздық өсімге ие болуы керек деп: «Осы маңызды көрсеткішке жету үшін бұл бөлім жылына 25 миллиард доллар, сәйкесінше 85 мың миллиард тұман инвестицияны қажет етеді» деді.  

Мохаммад Реза Нематзаде мәжіліс депутаттары мен өнеркәсіп иелері мен жеке және үкіметтік сектор директорларының қатысуымен өткен ұлттық күнді атап өту рәсімінде осы тақырыпқа тоқталып, өнеркәсіп пен кен бөлімінде бір пайыз өсімге жету үшін  жылына екі миллиард доллар инвестицияның қажеттігін мәлімдеді.   
Өнеркәсіп, кен және сауда министрі жөнсіз және заңсыз импортты сынап, оны өнеркәсіптің дамуы жолындағы келесі түйткіл деп атап: «Кез келген инвестиция экспорттау мақсатын көздеп жүзеге асырылуы керек. Өндірілген өнімдердің кем дегенде 30 пайызы шетелдік инвесторлардың жауапкершілігімен басқа нарықтарға экспортталуы керек» деді.
Бұл күндері биржа нарығы Теһранның халықаралық тоғызыншы биржа көрмесінің өтуіне байланысты көбірек әрекеттерге куә болуда. Теһранның халықаралық тоғызыншы биржа көрмесінің өтуімен бір мезгілде Иранның биржа ұйымы мен Оңтүстік Кореяның қаржы мониторинг органы арасында банк пен сақтандыру саласындағы екі серіктестік келісіміне қол қойылды.
Иран мен Оңтүстік Корея қаржы нарығының серіктестіктері кеңейіп, екі елдің инвесторлары ақпарат алмасу үшін көбірек мүмкіндік әзірленетін болып шешілді.
Иранның орталық депозитарий компаниялары мен Грекияның Афины биржасы да биржа бөлімінде ынтымақтастықтарды арттыру үшін келісімге қол қойды.
Теһранда өткен банк, сақтандыру және биржа халықаралық тоғызыншы көрмесі аясында құнды қағаздар орталық депозиторий компаниясының атқарушы директоры Мохаммад Реза Мохсени мен Грекияның Афины биржасының (ATHEXCSD) директоры Сократес Лазаридис келісімге қол қойды. 
Мохсени осы келісімге қол қойғаннан кейін былай деді: «Мәміле жасауға лайық қорлар құрып, мәмілелер жасалғаннан кейінгі істер саласында  серіктестіктер жасап, өзара құнды қағаздар шығару, Иран мен Грекияның капитал нарықтарын байланыстыру осы келісімнің маңызды баптарын құрады».
Иранда өткен банк, сақтандыру және биржа істері бойынша тоғызыншы халықаралық көрмеге 340-тан астам ирандық және шетелдік он компания, соның ішінде Грекия, Хорватия, Тайвань, Қытай, Ресей, Швейцария, Германия және Италия елдерінің компаниялары қатысып отыр. 
Бұл халықаралық көрме сәрсенбі күнге дейін жалғасты.

Үкіметтің экономикалық маңызды бағдарламаларының келесі мақсаттарының біріне шетелдік инвестицияға қолдау көрсетуі жатады. Үкімет шетелдік инвестицияға кепілдік етіп, шетелдік инвесторлар үшін кез келген ықтималды қоқан-лоққыны бақылауда ұстайды. Экономикалық дамудың артуы мен инфляцияның төмендеуі, валюта бағамының тұрақтануы, сонымен қатар жұмыспен қамтудың артуы үкіметтің экономикалық маңызды бағдарламаларының қатарына жатады.   
Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры алдағы екі жылда Арменияға Иран газы экспорты көлемінің артатынын хабарлады. Иранның ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Алиреза Камели Иранның Арменияға күніне шамамен бір миллион текше метр газ экспортына сілтеме жасап: «Электр тасымалдау линиясы мен жаңа электр станцияларын салу бөлімінде жаңа құрылғылар салуға байланысты Армения Ираннан газ көлемін арттыруға өтініш берді.

Иран газының Арменияның электр қуаты жобасы газ беріп, электр алу деген екі келісім түрінде Иранның ұлттық газ компаниясы мен Арменияның Ереван жылу электр станциясы арасында 2004 жылы жиырма жылдық бір кезең үшін қол қойылған болатын.


Иран газының екінші сатып алушысына газ экспорттау төртқырлы. Бұл Иранның ұлттық газ компаниясы мен Таванир компаниясы және Ереванның жылу электр орталығы (TPP) компаниясы мен Арменияның электр компаниялары арасында жүзеге асырылды.
 

 

Иран газын Арменияға экспорттау келісімінің орындалуын жылдамдатуға жол нұсқау мақсатында бұл келісімнің орындалуы 2008 жылдан Армениядан электр алу арқылы жүзеге асырылды. 
Иранға электр импорттау 3,3, миллиард киловатт сағаттан басталды. 2019 жылы бұл мөлшер 6,9 миллиард киловатт сағатқа артатын болады.

Иран газын Арменияға тасымалдау үшін диаметрі 30 дюйм, ұзындығы 113 километр тасымал линиясы салынды.

Өткен аптада Иранның мұнай-химия өнеркәсібі хабарларға толы болды. Бірінші хабар бойынша Бу Али мұнай-химия кешенінде өрт шықты. Бұл хабар БАҚ-нан кең көрініс тапты. Мұнай-химия экономикалық арнайы аймағының 4-ші нысанында, Маһшаһр арнайы экономикалық аймағында орналасқан Бу Али Сина мұнай-химия кешені құдықтарының бірі өткен аптаның сәрсенбі күні техникалық ақауларға байланысты өртке оранды.   Тілсіз жау өрт сөндіру амалдарын орындау арқылы 4 күннен кейін ауыздықталды.
Бұл оқиғада адам шығыны болған жоқ, бірақ Иранның өрттен сақтандыру компаниясы директорының хабарлауы бойынша осы оқиға салдарынан Маһшаһрдағы Бу Али Сина мұнай-химия кешеніне келген шығын мөлшері шамамен 60 миллион евроға бағаланған.   
Бу Али Сина мұнай-химия бірлігі басшыларының айтуы бойынша бұл кешен күштерінің әлеуетіне арқа сүйеп, алдағы үш-төрт күнде өзінің өндірісін қайтадан бастайтын болады.
Екінші хабар Кавиан мұнай-химия компаниясының 2-ші фазасының жылына бір миллион тонна этил өндіру потенциалымен эксплуатацияға берілуі болды. Кавиан Мұнай-химия компаниясының атқарушы директоры Рамазан Оулади дүйсенбі күні осы жобаны жүзеге асыруды елдің мұнай-химия өнеркәсібі үшін үлкен жетістік әрі ұмытылмайтын күн деп атады.   
Кавиан мұнай-химия компаниясы жылына екі миллион тонна этил өндірісімен таяу Шығыста ең үлкен олефиндік бірлік саналады.