Аптаның экономикалық журналы 82
ИИР-ның президенті Рухани елдің мәселелерін шешу үшін экономикалық даму мен қарсыласу экономикасының саясаттарын жылдам орындаудан басқа жолдың жоқтығын айтып, жағдайды қарсыласу экономикасы үшін бұрынғыға қарағанда жақсырақ дайындау қажеттігін қуаттап, сөзінің жалғасында «Он бірінші үкімет инфляцияны бір сандық ете алғаны сынды халықтың тұрмысына экономикалық бақуаттылықты да қайтара алады» деді.
ИИР-ның президенті Хасан Рухани жексенбі күні Керманшаһ облысы халқының алдындағы үлкен жиында сөйлеген сөзінде: «Иранның ұлы халқы көптеген үлкен артықшылықтарға ие. Иран халқы үлкен артықшылықтарға ие болуымен қатар кемшіліктерден де қиындық көріп отыр. Бүгін Иран халқы су, қоршаған орта, жұмыссыздық, тоқырау, жұмыс пен кәсіптің лайық болмауы, тасымал мәселелерімен аймақтық және әлемдік деңгейде бетпе-бет келіп отыр. Өкінішке орай, бүгін Иран төңкеріс арқылы билікті ауыстыруға болады деп ойлайтын елдермен көршілес орналасқан. Біз елінің адамдары танк, артиллерия және тікұшақтар арқылы халықтық үкіметті құлата аламыз деп ойлайтын аймақта тұрамыз. Төңкеріс пен халыққа артиллерия пен танкті таңатын кезең аяқталған. Бүгін тек дауыс беру жәшіктері ғана аймақ елдерінің, соның ішінде Түркия, Сирия, Ирак пен Ливан және Йемен мәселелері мен қиындықтарын шеше алады» деді. Президент аймақтағы қоршаған орта мәселелеріне де тоқталып: «Қоршаған орта мәселелері мен шаң-тозаң мәселесін шешу үшін жергілікті әрекеттер мен аймақтық серіктестіктерді қажет етеміз. Негізінен шаң-тозаңның орталығы көршілес елдер болып табылады. Осы салада аймақтық және халықаралық шаралар атқарылуы қажет. Алайда осы бағытта кеңесулер мен тиісті әрекеттер басталды. Он бірінші үкімет Иранның шекара суларын, әсіресе елдің батысындағы суларды бұғаттау үшін ұлттық даму қорынан 8 миллиард доллар бөлді» деді.
Доктор Рухани сөзінің бір бөлігін біраз уақыттан бері сот билігі мен мәжілістің сыны мен назарына алынған елдің кейбір басшыларына қалыптан тыс жалақы төлеу тақырыбына арнап, он бірінші үкіметтің осы мәселемен күресіп, соны шешу үшін күш салуы қажеттігін қуаттап: «Елде көптеген бақылау органдарының болғанына қарамастан, олар осы бағыттағы өздерінің барлық міндеттерін нақты және дер уақытында жүзеге асырған жоқ. Бұдан былай осы салада көбірек ықтиятпен әрекет ету қажет. Үкімет бұл мәселе бойынша Ислам кеңесі мәжілісіне тиісті жобаларды ұсынады. Мәселенің шешім жолы айқындылықпен заңды нақты орындап, ұжымдасып әрекет етуде» деді.
Таяу Шығыс институты былай деп жазды: «Шетелдік делегациялардың Иранға келісімдерге қол қою үшін жасайтын сапарлары осы елдің экономикалық жағдайының жақсаруы үшін оптимизмнің артуына көмектеседі».
Осы мекеме өзінің интернет торабында: «Ядролық келісімге қол қойылғаннан бір жылдан кейін және халықаралық санкциялар жойылғаннан кейін еуропалық жоғары деңгейлі делегациялар экономикалық үлкен келісімдерге қол қою мақсатында осы елге әлі келіп жатыр» деп жазды.
Назарларыңызды осы саладағы хабарға аударамыз:
Жақында Болгария премьер-министрі Теһранға сапармен келіп қайтты. 150 адамнан тұратын италиялық бір сауда делегациясы да осы аптада Теһранға келді. Соған қарамастан әлемдік банктердің Американың жазалауынан қорқып, Иранмен келісімдерді жеңілдетуге құлық танытпауын осы саладағы кедергі емес деп айтуға болмайды. Қазіргі кезде, әсіресе халықаралық банк жүйесінде Иранмен серіктестік жасауда көптеген қиындықтар қалып отыр. Шетелдік инвесторлардың сеніміне ену үшін сол қиындықтар шешілуі керек.
Иран СІМ-нің орынбасары және «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыруды қадағалау штабының ирандық төрағасы Аббас Аракчи жексенбі күні аталмыш келісімнің бір жылдығына арналып Теһранда өткізілген хабар брифингінде: «Санкциялардың алынуы Иран үшін өте маңызды. Бұл келіссөздердің айқын мақсаттарының бірі болды» деді. Аракчи санкцияларды жоюдағы «алтылық» елдерінің қатынасын сынға алып: «Қарсы тарап кейбір санкцияларды тек қағаз жүзінде жойды. Иран батыстықтарға қойған өздерінің талаптарын еш ұмытпайды. Өткен бір жылда қарсы тараптың уәде бұзушылықтары орын алды» деді. «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыруды қадағалау штабының ирандық төрағасы Иранның ядролық кесімді құқығының тұрақталғанына тоқталып: «Иран халқы осы уақыт бойы аталмыш құқықтың тұрақтануын мақсат етті. Бүгінде ядролық қуатқа ие болу құқығын тұрақтандыру халықтың ұрандарының басында тұрған жоқ. Бірақ бұл тақырып санкциялар саласындағы басқа талаптарды қарастыруды тоқтатпайды» деді.
Германияның Өнеркәсіп және сауда палатасы Иран мен Германияның биылғы жылдың бірінші төрт айындағы сауда көлемінің артқанын хабарлады. Германияның dpa хабар торабының мәліметі бойынша, Германия мен Иранның сауда анйалымы биылғы жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін 7 пайыздық өсіммен жалпы алғанда 807 миллион евроға жеткен. Экономикалық журналдың келесі хабары осы тақырыпқа арналады.
Ядролық келісімнен кейін Германия Иранға өзінің экспорт көлемін алдағы жылдары 5 миллиард еуроға жеткізуге үміттенеді. Алдағы жылдары он жылдың ішінде осы елдің Иранға экспорты 10 миллиард еуроға артады деген болжам да бар. Бұл егер осындай жағдай орын алса, Иран Германияның экспорттық негізгі 25 нарығының қатарына енеді деген сөз. Хермес экспорттаушы сақтандыру компаниясының экономикалық сарапшысы Людовик Суберан «Осы уақытқа дейін бетпе-бет келіп отырған банктік қиындықтарға қарамастан ұзақ уақытта Иран германиялық экспорттаушылар үшін тартымды бір нарыққа айналады» деді. Ол банктік қиындықтар туралы айтқан сөзінде «Бұл қиындықтарды шешудің кілті америкалықтардың қолында. Олар бірінші болып қадам жасаулары керек» деді.
Германияның Өнеркәсіп және сауда палатасының сыртқы сауда бөлімінің төрағасы Фолькер Трайэр да Иран мен Германияның үлкен сауда әлеуетіне тоқталып, Германия хабар агенттігіне берген сұхбатта: «Бұл үлкен әлеует экономикалық жобаларды қаржылай қамтамасыз етудің қиындықтары шешілген кезде жүзеге асады» деді.
Болгария премьер-министрі Бойко Борисов елінің Иран газын Армения мен Грузия жолы арқылы экспорттау вариантын қарастыратынын айтты.
Иранның мұнай министрлігінің Болгарияның хабар торабына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Софияның Иран мұнайын сатып алуға ықыласы жарияланғаннан кейін осы елдің басшылары Иран газын жеткізу үшін Иранға Түркия жолы арқылы, Грузия арқылы экспорттауды және сұйылтылған табиғи газ түріндегі үш вариантты ұсынды.
Болгария премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесі бойынша алдағы бірнеше күнде осы елдің астанасы Софияда Иран, Болгария, Грузия және Армения елдері мамандарының отырысы өткізіледі. Ондағы мақсат Парсы шығанағын Қара теңізге қосу үшін жаңа бір транзиттік жол қалыптастыру тақырыбы туралы пікір алмасу. Иран жылына Еуропаға 30 миллиард текше метр газ экспорттау әлеуетімен осы континенттегі қуат нарығындағы үлесіне ие болуды мақсат етеді.
Иран президенті Хасан Рухани Теһранда таяуда Болгария премьер-министрі Бойко Борисовпен кездесуінде Болгария премьер-министрінің Теһран мен Софияның серіктестіктерін энергия саласында арттыру үшін инфрақұрылымдарды әзірлеу қажеттігі туралы сөзіне сілтеме жасап: «Болгария дос мемлекеттердің бірі ретінде Иранның еуропалық елдермен барлық салалар бойынша байланыс дарбазаларының бірі әрі көпір бола алады» деген болатын.
ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири мен Болгария премьер-министрі осы сапарда екі ел ынта танытатын салаларда, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-химия өнімдер, тасымал, өнеркәсіп пен ауыршаруашылығы бойынша келіссөздер өткізді.
Иран күніне Арменияға бір миллион текше метр газ экспорттайды. Армения электр тасымалдау линиясы мен станса салу саласында жаңа нысандар салуына байланысты Ираннан газ экспорттау көлемін арттыруға өтініш жасады.
Иранның газ экспорттаушы ұлттық компаниясы мен Ереванның жылу электр стансасы арасында «газ беріп, қуат алу» қалпындағы екі келісім, яғни Иран газын Арменияның электр қуатымен алмастыру жобасына 2004 жылы 20 жылдық мерзімге қол қойылған болатын.
Оңтүстік Парстың 2750 тонналық А 19 платформасын орнату амалдары табысты аяқталды. Экономикалық журналдың келесі хабары осы тақырыпқа арналды.
Оңтүстік Парстың А 19 платформасы теңізге көшірілген. Бұл қазір оны орнату амалдары жүзеге асырылып жатқан 98 пайыздық дамуға ие ең толық құрылымдардың бірі. Оңтүстік Парс газ алаңы 14,2 мың миллиард екше метр газға, яғни әлемнің бүкіл газ қорының сегіз пайызы мен елдің танылған газ қорының 47 пайыздық газ қоры мен 19 миллиард баррель газ конденсаты мен мұнай қатпарларында 7,5 миллиард баррель шикі мұнайға және гелийдің ең үлкен қорының болуымен экономикалық құндылық тұрғысынан Иранның экономикасында теңдессіз орынға ие. Қазір Оңтүстік Парста 20 платформа экплуатацияға беріліп, жылдың соңына дейін де тағы бес платформа іске қосылады. Оңтүстік Парс алаңындағы барлық фазаларды толық пайдалану арқылы күніне 720 миллион текше метр газ алынатын болады.
ШАНА-ның мәліметі бойынша биыл Оңтүстік Парстың бес фазасы, соның ішінде 19, 20, 21 фазалары мен қалған 17, 18 фазалары экплуатацияға беріледі.
Осы уақытқа дейін осы фазадан мақсатты нарықтарға 650 мың баррель газ конденсаты экспортталды. Стандартты екі фазаның эквиаленті болған Оңтүстік Парстың 19 фазасынан газдың алынуы осы ортақ алаңның шекаралық блокта орналасуына байланысты өте маңызды.
Ираның өнеркәсіптік машина құрылғыларының алғашқы көрмесі шілденің 16-18 күндері Кабулда ирандық 40 компанания мен ауғанстандық бірнеше компанияның қатысуымен өтті. Ауғанстандағы Иранның сауда кеңесшісі Каримзаде мырза дүйсенбі күні осы көрмені өткізудің мақсаттарын туралы айтқан сөзінде: «Иранның өнеркәсіптік машина құрылғыларының көрмесіне келген ауғандықтардың 90 пайызы бизнесмендер мен мамандар болды. Олар өздері қызығатын өндіріс нысандарын жеке түрде немесе ирандықтардың қатысуымен Ауғанстанда іске қосуға ынта білдірді. Ираннан тауар импорттайтындар да көрмеге келіп, осы тауарларды Ауғанстанда өндіруге және импорттаудан қол үзуге мүдделік танытты» деді.
Иранның өнеркәсіптік машина құрылғыларының алғашқы көрмесін Ауғанстанда өткізуші директор Алиреза Садрзаде «Ирандық компаниялар мен ауғандық қаржыгерлердің көбісі көрменің өткізілуіне риза болды. Тараптар келісімдер жасау үшін алғашқы келіссөздерін өткізді» деді.