Ислам және өмір сүру тәсілі 73
Ислам дінінің ең маңызды мақсаттарының бірі адамды тәрбиелеу және оның наным-сенімдерін нығайту болып табылады. Бұл мәселенің маңыздылығы сондай, Исламның ұлық пайғамбары өзінің пайғамбарлық міндетінің көп бөлігін осы мақсатқа арнады.
Ислам дінінің негіздері бойынша тәрбиеленген адам жаратылыстардың үлгісі ретінде жаратылған әлемде өзінің іс-әрекетін ешбір құқық бұзылмайтындай қалыптастыруы керек. Исламда құқықтарды сақтау тек адамдардың құқықтарына ғана қатысты емес: қоршаған ортаның да құқықтары бар. Адамдар олармен де санасуға міндетті. Басқаша айтқанда, исламдық өмір сүру тәсілінде адамның Жаратушысымен, сондай-ақ табиғатпен және қоғамдағы басқа адамдармен қарым-қатынасын қалай орнатуы керектігі көрсетілген. Бұл негіздер бойынша адам үшбұрышты орталықта орналасады. Үшбұрыштың үстінгі жағында Алла Тағала, екі жағында адамзат қоғамы мен табиғат орналасады. Аталмыш үшбұрышта Алланың адамзат қоғамы мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасы Жаратушы мен жаратылғандардың арасындағы қарым-қатынасы, ал олардың Алламен қарым-қатынасы құлшылық ету мен жаратылыс арасындағы қарым-қатынас сынды. Аяттар мен рауаяттар табиғат пен қоршаған ортаның адамның ықтиярына берілгенін көрсетеді. Яғни, Алла Тағала оларды адамдар үшін және адамдарға қызмет етсін деп жаратқан болатын. Бірақ бұл қарым-қатынас екіжақты. Яғни, табиғат пен қоршаған орта – Жаратушы тарапынан адамдарға тапсырылған аманат. Қоғамдағы адамдар табиғаттың алдында міндеттер мен жауапкершіліктерге ие. Басқаша айтқанда, адамның Алла және табиғатпен қарым-қатынас орнатуы құлшылық пен жауапкершілік негіздеріне сүйенсе, басқа адамдар арасындағы қарым-қатынасы жақсылық пен әділетке негізделеді. Адам табиғат пен айналасындағы ортаға Алланың аманаты ретінде қараса, оны қирату мен бүлдіруден бой тартып, дұрыс пайдалануға тырысатын болады.
Дана Алла күн жүйесі, жер мен мұхитты жаратып, олардың барлығын адамның ықтиярына тапсырып, оны өзінің бұйрықтарына сай сынап, оның зерттеулерінен кейін қажетті білімге ие болып, Жаратушыға бағыну жолында илаһи аманаттарды қалай пайдаланатындығы мен илаһи нығметтерді қалай бағалайтындығына назар аударады. Алла Тағала «Кәһф» сүресінің 7-ші аятында: «Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық»,- деп айтқан болатын. Нығметтер мен мүмкіндіктер жаратылыстың мақсаты саналған жағдайда олар дұрыс пайдаланылып, ысырапшылдықтан алыс болады. Осы тұрғыдан діни тағылымдарда қошаған ортаға назар аударылып, оны қорғап, жаңғыртуға талпынатын адамдар үшін көптеген материалдық және рухани сыйлар қарастырылған. Алла елшісі: «Ағаш еккен әр адамға сол ағаш берген жемістің мөлшеріндей сый жазылады»,- деп айтқан болатын. Егер табиғат пен материалдық мүмкіндіктер дұрыс пайдаланылмаса, адам кейде орны толмас шығынға ұшырайды. Қиямет күні барлық нығметтер туралы сұрақ қойылады. Сол себепті адам қоршаған ортаның баршаға тиесілі екенін біліп, оны қорғап, абадтандыру міндетін орындауға тырысуы керек. Имам Садық (ғ.с.): «Таза ауа мен сусыз және құнарлыжерсіз жақсы өмір сүру мүмкін емес»,- деп айтқан болатын.Табиғи ресурстардан айырылып, қоршаған ортаны ластау адамзаттың өмірін қатерге тірейтін қазіргі кезеңнің ең үлкен мәселелерінің бірі болып табылады. Ғалымдардың пікірінше, су тасқыны, ауаның ластығы, жерасты суларының азаюы, озондық қабаттың зардап шегуі қоршаған ортаның ластануы мен жойылуының салдарлары. Діни тағылымдар бойынша, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау ең маңызды ахлақи және экономикалық мәселе саналады. Ең кемел илаһи дін, яғни Ислам дінінің табиғат пен қоршаған ортаға деген көзқарасы адамзатты табиғи ресурстарды тек пайда түсіру үшін ғана пайдалануға итермелейтін көзқарастардан өзгеше. Ислам табиғатты құрметтейді. Исламдық тағылымдар дұрыс пайдалану үшін жаратылған қоршаған ортаны адамның өмірінің бір бөлігі деп санайды. Табиғат пен жер және аспандағы барлық нәрселер – Ұлы әрі Дана Алланың жаратылыстары. Мұсылмандардың қасиетті кітабі Құранның әртүрлі аяттарында, соның ішінде «Бақаре» сүресінің 29-шы аятында : «Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп, оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші»,- деп айтылған. Алла Тағала табиғат пен қоршаған ортаны адамның ықтиярындағы үлкен нығмет етіп қалыпастарған. Сол себепті адам оны өз өмірі үшін дұрыс басқарғаны жөн. «Жәсия» сүресінің 13-ші аятынан: «Және Ол өз тарапынан сендер үшін көктердегі әрі жердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларда түсінген ел үшін белгілер бар»,- деп оқимыз. Адам жердегі Алланың орынбасары ретінде тек жердегі ресурстарды ғана емес, аспандардағы ресурстарды да пайдалана алатындай қабілет пен жігерге ие. Құран Кәрім өзінің толық көзқарасымен адамды жердегі бұзақылықтардан алыстатып, «Ағраф» сүресінің 85-ші аятында: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа Құдайларың жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман келтірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы»,- деп айтқан. Табиғи байлықтардың жойылып, өмір сүретін ортаның ластануы жердегі бұзақылықтардың критерийлеріне жатады. Исламдық рауаяттарда жер жақсылық пен берекенің көзі, сонымен бірге мейірімді ана деп аталған. Алла елшісі бұл туралы: «Жерді қорғаңдар, өйткені жер сендердің негіздерің» және басқа бір жерде: «Ағашты отамаңдар»,- деп айтқан болатын. Хазіреттің хадистерінің бірінде ағашты суғару мүміннің шөлін қандырғанмен тең деп айтылған болатын. («Наһдж ул-Фасағе»). Исламдық өмір сүру тәртібінде адам табиғат өмірінің жалғасуына жауапты. Өздеріңіз білетіндей, табиғаттағы илаһи көркем нығметтер, яғни ормандар, дала, таулар мен теңіздер адамның жанын тыныштандырады. Адам өзінің бұрыс ғамалдарымен қоршаған ортаны дағдарысқа тіреп, бұл дағдарысты күннен күнге күшейте түсті. Осы кезде адам табиғаттың иесі ретінде өз мақсаттарына жетіп, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін талан-таражға салу жолын таңдады. Нәтижесінде адам мен табиғат арасындағы тең қарым-қатынас теңсіз қарым-қатынасқа айналды. Қоршаған орта тұрақты дамитын негіздердің бірі ретінде адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Тұрақты дамитын, яғни дамушы, басқаша айтқанда табиғи ресурстар зардап шегуден аман қалады немесе аз шығын көреді. Алайда, егер қоршаған ортаны құрту үдерісі осы кездегідей жалғасатын болса, жердегі өмірдің келешегі қатерге тіреледі. Исламдық тағылымдар жүйесі дұрыс орындалса тұрақты даму қамтамасыз етіліп, көптеген басқа да артықшылықтарға ие болады. Ислам ислам қоғамын тәрбиелеп, адамдарға илаһи нығметтерді дұрыс пайдалануға жол нұсқайды. Қоршаған ортаға байланысты исламдық көзқарастар адамның дұрыс тұтынып, барды қанағат тұтып, талпыныстары арқылы табиғат пен қоғамға көп пайда әкеле алатынын көрсетеді.