Ислам және өмір сүру тәсілі 70
Ислам мейірімділік пен махаббатқа сүйеніп қалыптасқан және бұл мәселенің қоғамдық қарым-қатынастардағы маңыздылығын қуаттаған дін. Бұл маңызды мәселені қуаттау тіпті мұсылман еместермен де мейірімділік пен махаббат және жақсылық негіздері бойынша қарым-қатынас орнатуды қарастырады.
Ислам барлық адамдармен, әсіресе басқа діндердің жақтастарымен олардың исламдық үкіметтің қарамағында немесе исламдық емес қоғамдарда өмір сүрулеріне қарамастан құқықтарын бұзбай, олармен достық қарым-қатынас орнатуды насихаттайды. Ислам пайда болуынан бастап, бейбіт өмір сүру ұранымен өзінің шақыруын әлемдіктерге ұсынған дін. Бұл дін басқа діндердің жақтастарына «Әл-Имран» сүресінің 64-ші аятында: «(Мұхаммад (с.ғ.с.): «Әй, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шәксіз біз мұсылман болдық» деңдер»,- деді. Мұсылмандардың басқа діндердің жақтастарымен бейбіт өмір сүру туралы Алланың елшісі мен Исламның басшыларынан жеткен көптеген ақыл-кеңестері Исламның мұсылман емес ешбір адамға қарсы емес екенін көрсетті. Исламның басшылары мұсылман еместермен қарым-қатынас орнатқан кезде әділет, шындық пен олардың құқықтарын сақтауды және басқа діндердің жақтастарына азап-қорлық келтіруден тартынуды насихаттаған. Әрине, егер олар келісімді бұзса немесе қиянат жасаған жағдайда Ислам оларға қарсы қатаң қарсыласып, олардың бүліктерін тоқтату туралы үкім шығаруды қуаттайды. «Әл-Имран» сүресінің 99-шы аятынан былай деп оқимыз: «Мұхаммад (с.ғ.с.): «Әй, Кітап иелері! Өздерің туралығына куә бола тұра не үшін қисықтық іздеп, мүміндерді Алланың жолынан тыясыңдар? Алла сендердің не істегеңдеріңнен қапыл емес» де». Имам Әли (ғ.с.) Мысырдың басшысы болып сайланған Малек Аштарға жазған хатының бір бөлімінде: «Егер сені мен дұшпанның арасында келісім болса немесе оған пана беру уәдесін берген болсаң, келісімге берік болып, оны құрметтеп, келісіміңді орындау жолында жаныңды сал. Өйткені, әлемнің халықтары барлық қайшылықтарына қарамастан ешбір илаһи міндетіне келісімге табанды болу сынды назар аудармайды. Тіпті надандық кезіндегі мүшіріктер де мұсылмандар сынды келісімді бұзбауға тырысты. Өйткені олар келісімді бұзудың салдарларын бастарынан өткізген болатын. Сол себепті еш уақытта келісімді бұзба және қиянат жасама»,- деп жазған болатын. Хазірет сондай-ақ, Малек Аштарға жазған хатының келесі бөлімінде: «Әй, Малек! Мейірімді бол. Құлдарға мейірімді көз және махаббатқа толы жүрегіңмен қара, жыртқыштар сынды олардың мал-мүлкі мен жандарын талан-таражға салма. Әй, Малек, сенің қол астындағы адамдар екі топ: мұсылман және діни бауырың немесе басқа діннің жақтастары, яғни өзің сынды адамдар»,- деген болатын. Имам Садық (ғ.с.) мұсылман еместердің құқықтары туралы: «Мұсылмандардың арасынан пана тапқандардың құқықтарының біріне Алланың олардан қабылдағанын қабылдап, Аллаға берген уәделеріне табанды адамдарға зорлық-зомбылық жасамау болып табылады»,- деп айтқан болатын. («Васаел әш-шие», 15-ші том, 177-ші бет). Ислам илаһи кітап иелерін тауһид пен Исламға сөзбен шақырған кезде қасарысу мен ерегестен алыс болуға ерекше көңіл бөліп, мұсылмандардан бұл жағдайда тек мейірімділік көрсетуді талап етеді. «Анкабут» сүресінің 46-шы аятында: «Іштеріңдегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: “Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де, сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз” деңдер»,- деп оқимыз. Сұбхан Алла бұл аятта кітап иелерін қалай шақыру тәсіліне тоқталып, пайғамбарынан кітап иелерімен ең жақсы жолмен, яғни көркем сөз арқылы сұхбаттасуды насихаттайды. Тәпсіршілердің пкірінше, көркем түрде сөйлесу дұшпанды қасарысудан бас тартқызып, оны қасиеттіліктерге тіл тигізуден алыстатады. Сөйтіп, нәтижесінде екі жақ ақиқатқа қол жеткізбек болады. Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаяны мұсылман еместермен қарым-қатынас орнату тұрғысыныан исламдық өмір сүру тәсілінің ең жақсы үлгісі болды. Исламға иман келтірмеген адамға қарағанда Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаянына шолу жасау хазіреттің мұсылман еместермен қалай қарым-қатынас орнатқанын көрсетеді. Пайғамбар кітап иелерімен ымырашыл болған. Олардың кейбіреулерінің келісімді бұзып, пайғамбар мен мұсылмандарға қорлық көрсеткендеріне қарамастан, хазірет олардың адами және діни еркіндіктерін қуаттады. Хазірет мұсылман еместердің бір тобынан азап-қорлық көргенімен, Алладан оларды дұрыс жолға нұсқап, бақытқа жеткізуді сұрады. Пайғамбардың мақсаты халықпен жауласу емес, керісінше дұрыс жол көрсету болып табылады. Хазірет мүшіріктерді шақырған кезде көп қиындықтармен кезікті. Бірақ еш уақытта оларды шақырып, ақыл-кеңесін айтуды тоқтатпады. Алланың елшісі жаны ашитын емші сынды рухы науқас адамдарды емдеуге өзі баратын. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Пайғамбар науқастар үшін өте жақсы емші болды. Ол ұмыт қалған, шарасыз науқастарды емдеген»,- деп айтқан болатын. Пайғамбар – Меккенің рухы науқас мүшіріктерінің қасына барған емші. Олардың кейбіреулері хазіретке тас лақтырған болатын. Хазірет Меккеден кетуге мәжбүр болып, қырларды паналаған. Хазірет Хадиджа мен имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың артынан іздеп шығып, тапқан кезде пайғамбардың жараларын таңып беретін. Хазірет мейірімге толы жүрегімен: «Уа, Алла, менің елімді кешір, олар білмейді»,- деп сұрайтын.
Бөгделермен достық қарым-қатынас орнату рақымды пайғамбардың халықаралық деңгейдегі және қарсыластарымен қарым-қатынас орнату кезінде пайдаланатын тәсілі болды. Ислам болмыстың діні. Бұл дін еш уақытта табиғи сезімдер мен адамгершілікке қарсы келмейді. Исламның пайғамбары достық және бейбіт қарым-қатынас орнатып, өзінің наным-сенім саласындағы қарсыластарымен келіссөздер жүргізуге болады деп санайтын. Пайғамбардың негізгі мақсаты дұшпандар мен мүшіріктерді өзгертіп, оларды дұрыс жолға нұсқау болды. Сол себепті хазірет тіпті дұшпанмен бетпе-бет келген кезде де оларды Исламға шақыратын. Егер Исламды қабылдаса, олармен бейбітшілікте өмір сүретін. Таиф соғысында мұылмандар біраз уақыт бойы Сақиф тайпасын қоршауда ұстады. Бірақ Сақиф тайпасы Алла Елшісіне өз өкілдерін жіберген соң, Исламды қабылдады. Пайғамбар олармен бейбітшілік орнатты. Хазірет, тіпті Ислам мен өзінің қатаң дұшпандары болған еврейлермен де егер дұшпандық жасамасаңдар, мұсылмандардың арасында қауіпсіз өмір сүре аласыңдар деген келісімге келген болатын. Бірақ Бани Қаиноқақ еврейлері мұсылмандарды өлтіріп, келісімді бұзған кезде пайғамбар оларға қарсы шықты. Мұндай жағдайда да пайғамбар соғыс басталардан бұрын оларды базарларында жинап: «Әй, еврейлер тобы! Құдайдан қорқыңдар! Құрайыштардың басынан өткені сендердің де бастарыңа туып жүрмесін. Қауіпсіз болу үшін Исламды қабылдаңдар. Менің өздеріңнің кітаптарыңда айтылған пайғамбардың өзі екендігімді білесіңдер»,- деді. Келісімді бұзған еврейлердің алдында пайғамбардың мұндай ұстаным білдіруі хазіреттің соғыс пен қантөгістің алдын алғысы келгенін көрсетеді. Пайғамбардың осындай мейірімділігі мен ымырашылдығы хазіреттің Меккені жеңіп алған соң тіпті оны өлтіргісі келген Абу Суфиан сынды ежелгі дұшпанын көргенде де одан кек алмақ түгілі оларға қатысты шараларды күшейтпеуіне себеп болды. Керісінше, сол күні сахабалары кек алу туралы айқайлаған кезде хазірет Абу Суфианның жағдайына алаңдаушылық білдірді. Бұл күн Қағбаны еске алатын күн аталып, баршаға қауіпсіздік берілді. Сөйтіп, пайғамбар өзінің жағымды ахлағы және ғамалымен көптеген адамның Исламды қабылдауына себеп болды. Исламның ұлық пайғамбарының мұсылман еместермен қарым-қатынас орнату тәсілі баршамызға үлгі болады деп үміттенеміз.