Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі 9
Имам Хусейн (ғ.с.) мен оның серіктері Құран тағылымдарынан үлгі алып, сөздері мен ғамалдарында ешбір адамға балағат айтып, қорлық көрсетпеген. «Еш уақытта қорлыққа бағынбаймыз» деген ұран Ашура қозғалысының негізгі ұрандарының біріне айналды.
Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы – ғиззат пен азаттықтың қозғалысы. Бұзақылар үкіметінің қорлығы мұсылмандардың басына түскен кезде имам Хусейн (ғ.с.) өзінің жеке басына түскен қорлықты ғана емес, Алла елшісінің үмбетінің басына түскен азап-қорлықты та қабылдамай, мұндай жағдайды өзгерту үшін көтеріліс жасап: «...Қорлық бізден қандай алыс! Алла Тағала бізге айтылған балағат пен көрсетілген қорлықты қабылдамайды. Исламның ұлық пайғамбары мен мүміндер де оны қабылдамайды. Бізді тәрбиелеген пәк адамдар және еш уақытта зұлымдық пен қорлыққа бағынбайтын табанды нәпсілер абыроймен өлудің орнына залымдарға бағынып өмір сүруді таңдауымызды қабылдамайды»,- деді. Тіпті Ашура күні имамның кеудесіне улы оқ қадалып, оған атына мініп, өзін қорғауды жалғастыруға мүмкіндік бермей, ол жерге құлаған жағдайдың өзінде оның ғизззаты мен намысы оған жерде жатуға рұқсат бермей, ол орнынан тұрып, өзінің құқығын қорғады. Біраздан кейін денесіне көптеген оқ қадалып, жарақаттарының саны көбейіп, имамның тұратын күші қалмады. Ол майданның ортасында отырып, қоршауда қалғанына қарамастан абыроймен шындықты қорғауын жалғастырды. Имам жерге жығылған сайын дұшпан оның күресі аяқталды деп, шатырларға шабуыл жасамасын деп, жарақаттарына қарамастан орнынан тұрып, шайқасты. Имам Хусейн (ғ.с.) нәпсінің ғиззаты мен азаттықтың кемел үлгісі болып, өз сөзі және ғамалымен қасындағыларды да ғиззат пен азаттыққа бөлегісі келді. Тіпті кішкентай балалар да имамның мейірімділігінен хабардар еді. Имам өз перзенттері мен жанұясына, кедейлер мен мұқтаждарға, тіпті қызметшілеріне де ғизат пен адамгершілік тілейтін.
Сүнниттердің танымал азаматтарының бірі Абдолла бен Утбе: «Күндердің бірінде имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасында болған кезде хазіреттің кішкентай баласы кріп келді. Имам оны өзіне қарай шақырып, құшақтап, маңдайынан сүйіп: «Құрбаның болайын! Қандай хош иісті әрі әдемісің»,- деді»,- деп есіне алатын. Имам перзентіне өзінің мейрімділігін көрсетіп, олардың жүректеріне махаббат пен құрметтің тұқымын себетін. Осыған орай хазірет әулетінің балалары мен әйелдері Ашура оқиғасы кезінде тұтқынға түсіп, қиындықтар мен қорлықтарға душар болған кезде абыроймен қарсы тұрып, дұшпандарды әшкере етті.
Имам Хусейн (ғ.с.) тек әйелдер мен балаларға ғана емес, әскеріндегі ерлер мен басшыларға да ғиззат пен азаттық рухына жігерлендіретін қатынас орнатты. Имам Хусейн (ғ.с.) Мединеден шығып, хазіреттің барлық жақындары да онымен бірге шығуға дайындалған кезде: «Бауырым, әскерімнің басшысы, Бани Хашимнің айы қайда?»,- дегенде хазірет Аббас: «Осындамын, осындамын, менің басшым»,- деп жауап берді. Имам тек өз бауырына ғана құрмет білдірмеді, ол пайғамбар әулетін қорғап, өлуді азаттықтан артық санаған қара нәсілді қызметшісіне де құрмет көрсететін. Имам қара нәсілді қызметшісі жараланып, жерге құлаған кезде оған қарай асығып, баласы Әлиакбардың бетіне бетін таяғандай оған да бетіп таяп, дұға жасады. Қызметшісі көзін ашып, имам Хусейн (ғ.с.)-ды көріп, күлімсіреген күйде жан тапсырды.
Ғиззат деген табанды әрі тұрақты болу деген сөз. Ғиззат – Құдай оны Құран аяттарында Алланың елшісі мен мүміндерге лайық санаған жағымды қасиет. Имам Хусейн (ғ.с.) мен оның серіктері Құран тағылымдарынан үлгі алып, сөздері мен ғамалдарында ешбір адамға балағат айтып, қорлық көрсетпеген. «Еш уақытта қорлыққа бағынбаймыз» деген ұран Ашура қозғалысының негізгі ұрандарының біріне айналды. Алайда бұл ғиззаттың жоғары толқынында имам Хусейн (ғ.с.)-ның зорлық-зомбылық көруі айқын байқалды. Осыған орай «Зияратнамаларда»: «Сәлем саған, Хусейн бен Әли, зұлымдық көрген шәһид!»,- деп айтылған. Алайда имамның зұлымдық көруі зұлымдықпен кезіккен басқа әлсіз адамдардың азап шегуінен өзгеше. Өйткені имам Хусейн (ғ.с.) өзінің шәһид болатынын біле тұра өмірінің соңғы сәтіне дейін дұшпанға бағынбады. Абдолла бен Амар: «Мен еш уақытта қоршауға түскен имам Хусейн (ғ.с.) сынды қаһарманды көрмедім. Ол перзенттері, серіктері және әулетінің ерлері теңсіз шайқаста шәһид болғандарына қарамастан батылдығымен надандыққа қарсы тұрып, жалғыз өзі дұшпанның ондаған сарбазының шабуылына табандылық танытып, олар шегіртке сынды жан-жаққа қашты»,- деді.
Имам Хусейн (ғ.с.) «Ал біреу жазықсыз өлтірсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік», деген «Исра» сүресінің 33-ші аятына толық сай болды. Өйткені үйі мен отанынан қуылып, бөтен жерде жалғыз қалған адам имам Хусейн (ғ.с.) сынды. Зұлымдық пен зорлық-зомбылық жасалған, барлық нәрсесі күшпен тартып алынып, болмысына азап көрсетілген адам имам Хусейн (ғ.с.) болды. Ешқандай қылмыс пен күнә жасамауына қарамастан ол азаппен өлтірілді. Дұшпан имам шәһид болған соң оның барлық киімін, тіпті көне көйлегін де талан-таражға салды. Өлген соң пәк денелері аттардың тұяғының астында, басы жоқ денесі ғұсыл құйылмай, үстіне кебін киілмей, Кербала даласында қалған имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктері болды. Бөтен жерде шатырлары жанып, мүліктері талан-таражға түскен, перзенттері мен жақындары тұтқынға түсіп, қалалар мен ауылдарды қайғыға батырған Хусейн (ғ.с.)-ның өзі болды.....
Хазірет Аббас – Кербала аспанының жарық жұлдызы. Хазірет Аба Абдолла әл-Хусейн Кербалада 34 жасында шәһид болды. Хазірет Аббас дүниеге келген кезде әкесі Әли ибн Абиталеб оның білектерін сүйіп, жылайтын. Мұндай жылаудың себебін сұрағанда: «Бұл қолдар Ашура күні перзентім Хусейннің жолында денеңнен бөлінеді. Олар шабылады»,- деп жауап берген. Имам Садық (ғ.с.): «Куә етемін, уа, Аббас! Көзің тіріде басшыңның құқығын қорғайсың»,- деген.
Язидшілердің шатырлардағы адамдарға су әкеліп беруге тыйым салуы шөлді күшейтті. Хазірет Аббас имам Хусейн (ғ.с.)-нан су әкелу үшін Евфратқа қарай аттануға рұқсат сұрады. Хазірет Аббас шайқастан кейін Алақме бұлағына жетіп, қоржының сумен толтырды. Содан соң алақанына су толтырып, ішпек болды. Бірақ басшысы мен оның балаларының шөлден құрғаған ерлерін есіне алып, алақанындағы суды қайта төкті. Суға толы қоржынын оң жақ иығына асып, шатырларға қарай асықты. Дұшпан оны күтіп тұр еді. Дұшпанның бірі қылышымен хазірет Аббастың оң жақ қолын шауып түсірді. Хазірет Аббас қоржынын сол жағына асып алды. Бірақ уақыт өтпей, оның сол жақ қолы да шабылды. Хазірет Аббас қоржынын тісімен көтеріп, суды еріндері құрғаған балаларға жеткізгісі келді. Бірақ сол кезде дұшпан оған қарай оқ жаудырды. Қоржыны тесілді. Хазірет Аббас тұрып қалды. Енді оның суы жоқ еді. Сол кезде дұшпанның бірі мұрсатты пайдаланып, темірмен оның басынан ұрды. Хазірет Аббас жерге құлады. Сол кезде хазірет Аббас өз басшысын, өзінің имамын шақырып: «Әй, бауырым! Бауырыңды қабыл ал»,- деді.
Имам Хусейн (ғ.с.) жылдам хазірет Аббастың қасына жетті. Ол бауырының оқтан жараланған және қолдары шабылған денесін көріп, жылап: «Енді менің белім сынып, жолым жабылды»,- деді.