Қар 21, 2016 19:09 Asia/Almaty
  • «Арбағин»: діни жетекшінің көзқарасы бойынша

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Арбағиннің маңыздылығы илаһи хикметтің арқасында бұл күні имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысын еске алуды мәңгілік етуіне байланысты. Егер шәһидтердің артында қалған жақындары әртүрлі, атап айтқанда имам Хусейн (ғ.с.)-ның «Ашура» күні шәһид болу сынды оқиғаларда шәһидтер мен олардың мұраларын қорғауға күш салмағанда келесі ұрпақ шаһадаттың жетістіктерін пайдалана алмаған болар еді".

Имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейінгі қырқыншы күн тек имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктерін аза тұтумен шектелмейді. «Арбағин» жанкештілік пен Кербаланың шаршаған тұтқындарының табандылығын көрсетіп, халыққа өз құқығын қорғауға батылдық берсе, «Ашура» шәһид болу мен зұлымдыққа қарсы табандылық білдіру сынды қасиеттерді жандандырды.

Аятолла Хаменеи

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «Арбағинді» имам Хусейн (ғ.с.)-ның зұлымдыққа қарсы қозғалысы деп атап, оның үлкен сабағын мәңгілік етіп, дұшпанның насихатына керісінше шәһид болуды талап етуді еске салып: «Арбағиннің маңыздылығы илаһи хикметтің арқасында бұл күні имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысын еске алуды мәңгілік етуіне байланысты. Егер шәһидтердің артында қалған жақындары әртүрлі,  атап айтқанда имам Хусейн (ғ.с.)-ның «Ашура» күні шәһид болу сынды оқиғаларда шәһидтер мен олардың  мұраларын қорғауға күш салмағанда келесі ұрпақ шаһадаттың жетістіктерін пайдалана алмаған болар еді. Егер хазірет Зейнаб пен имам Саджад (ғ.с.) Кербалада Ашура күні, Шам мен Куфе жолында, Шамның өзінде, содан соң Кербала зияраты мен Мединеге аттану және содан кейінгі көптеген жылдар бойы жиһад етіп, зұлымдықтарды әшкерелеумен айналыспағанда, Ашура философиясының шындығы мен имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның мақсаты, сонымен бірге дұшпанның зұлымдығы туралы түсіндірмегенде, Ашураның шындығы ендігі ұмытылатын еді»,- деді.

Рауаяттар бойынша, имам Садық (ғ.с.)-ның  «Ашура оқиғасы туралы бір шумақ өлең айтып, адамдарды жылататын адам үшін Алла Тағала неліктен жәннәтті уәжіп етті?» деп айтқан. Өйткені, барлық үгіт-насихаттық органдар халықты шындықтан хабарсыз қалдыру үшін Ашура мен Кербала және пайғамбар әулетінің мәселелерін оқшаулауға міндеттелген болатын. Үгіт деген осы. Сол кезде осы уақыттағы сынды залым биліктер дұшпандық және өтірік насихаттарды өз мүдделері үшін пайдаланды. Мұндай үгіт-насихат кеңістігінде ислам дүниесінің бір бұрышындағы далада орын алған Ашура оқиғасы ерекше көңіл-күйіне ие болып қала алатын ба еді? Әрине, егер жоғарыда атаған талпыныстар болмағанда ұмытылатын еді. «Арбағин» рәсімі бізге дұшпанның үгіттерінің толқынына қарамастан, шаһадаттың шындығын еске алуды үйретеді.

«Арбағин» «Ашура» оқиғасы мен зұлымдыққа қарсы күрес пен шәһид болуды еске салатын күнге айналды. Имам Хусейн (ғ.с.) әулеті мен Бани Хашимның кейбір мүшелері шындық және жоғары құндылықтармен бият етті. Бірақ ғашық түрде имамның қабірін бірінші зиярат еткен адам Джабер бен Абдолла Ансари болды.

Аятолла Хаменеи Джабердің болмысы мен оның имам  Джабер бен Абдолла исламның алғашқы жылдарындағы Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббаты туралы былай деді: «Джабер бен Абдолла  исламның алғашқы жылдарындағы жанкештілердің және Бадр сахабаларынан  бірі. Яғни, имам Хусейн (ғ.с.)  дүниеге келместен бұрын Джабер бен Абдолла пайғамбармен бірге жиһадқа қатысқан. Ол имам Хусейн (ғ.с.)-ның дүниеге келуі мен балалық шағы мен ер жетуінің куәсі болды. Джабер бен Абдолла  исламның ұлық пайғамбарының Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ды сан рет құшақтап, көзінен, бетінен сүйгенін, сонымен бірге өз қолымен имам Хусейн (ғ.с.)-ды тамақтандырғанын, оған су бергенін өз көзімен көрген. Джабер бен Абдолла пайғамбардан имам Хасан мен имам Хусейнді жәннәт жастарының басшысы деп атағанын өз құлағымен естіген. Имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның өмірі аталары исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейін де халифалар кезінде де, имам Әли (ғ.с.)-ның билігінде, Медине мен Куфеде де Джабер бен Ансаридің көз алдында өтті. Джабер бен Ансари имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның құрбан болатындығы туралы естіді. Пайғамбардың сүйікті немересінің еріндері кезеріп,  шәһид болды. Ол Мединеден жолға шығып, Атиемен бірге Куфеге келді.

Атиенің еске алуы бойынша, «Арбағин күні Джабер бен Ансаралла Евфраттың су алатын жеріне жақындап, ғұсыл құйынып, үстіне таза ақ киім киіп, құрметпен ақырын басып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабіріне қарай бет алды. Қабірге жеткен кезде дауыстап, үш рет: «Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар, Аллаһу Акбар»,- деп қайталады. Яғни, Алла елшісі мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның перзентінің зорлық-зомбылық көріп, шәһид болғанын көріп, тәкбір айтты. Джабер бен Ансари қатты қайғырып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабірінің қасында есінен танып, жығылды. Біраздан кейін есін жиып, имамға қаратып: «Сәлем саған Алланың әулеті! Сәлем саған Алланың адал пендесі!»- деді.

Исламның ұлық пайғамбары әулетінің  ғашықтары мен жақтастары жылдар бойы  «Арбағин» күні  имам Хусейн (ғ.с.)-ға зиярат етуге барғандай Кербала қаласына жетеді. «Арбағин» ғашықтарға велаят кесенесіне жаяу жетуге жол ашты. Олар Джабер бен Ансари сынды пайғамбар әулетіне махаббаттарын білдіреді.

Аятолла Хаменеи бұл махаббат туралы: «Өткен жылдары бұрын-соңды кездеспеген құбылыс пайда болды. Бұл құбылыс –Наджафтан Кербалаға немесе Наджафтан алысырақ орналасқан Басре сынды кейбір  қалалардан, шекарадан немесе басқа  қалалардан Кербалаға дейін жаяу жүру. Бұл қозғалыс – махаббат пен иманның қозғалысы. Біз бұл қозғалысқа алыстан қарап, бұл жаяу жүріске қатысу мүмкіндігіне  ие болған адамдарға қызығамыз»,- деді.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, бұл жолды өтіп, бұл жаяу жүрудің мақсаты – махаббаты және иманымен үлкен әрі сындарлы істі орындап, үлкен ұранды жандандыруда. Аятолла Хаменеи пайғамбар әулеті мен  шиіттердің ой-пікірін ақыл мен мейірімділіктің, иман мен махаббаттың қосындысы деп атады. Ислам революциясы  жетекшісінің көзқарасы бойынша, тек пайғамбар әулеті ғана ерекше және илаһи әулет саналып, халық оларға ғашық болып, олармен ақылдасып, оларға сәлем жолдап, олардан пайғамбар әулетінің жақтастарына үлкен мұрсат бергені туралы жауап естиді. Пәк имамдардың зияраты жақтастарына осындай мұрсат сыйлады. Аятолла Хаменеи «Арбағин» рәсімі мен  мұсылмандардың үлкен жамағатының келесі маңызды ерекшеліктерінің бірін бірлікке себеп деп атап, мұсылмандардың  «Арбағин» күні жаяу  жүруіндегі ғиззаты туралы: «Егер исламдық елдер бірге болсақ, мұсылман халықтар сүннит пен шиіт болып бөлінбей, бір-біріне тіл тигзбесе, ислам қандай ғизаттқа ие  болатын еді. Бірлік, бірлік»,- деді.

 Сүннит мұсылмандар да "Арбағин" күнгі жаяу жүруге қатысады

Әрине кейбір қанішерлер адамгершіліктен  жұрдай болып, әлемде қатыгездік пен үрейді таратуда. Ғашық мұсылмандар Кербаладағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның кесенесіне жиналды. Мұндай жағдайда «Баршаны айналасына жинаған Хусейн кім?» және «Неліктен еш уақытта бізге сәлемнің бұл түрі туралы айтылмады?» деген сұрақ туады.

Бүгін осы үлкен, бұрын-соңды кездеспеген оқиға орын алып, жүректерді шындыққа қарай тартып, имам Хусейн (ғ.с.) туралы көптеген сұрақтар тудыруда. Аятолла Хаменеидің пікірінше, «Арбағин» оқиғасы бастама. Бұл – шындықты танып-білудің бастамасы.

 

 

 

Тегтер