Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі 10
Имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің өмірлерінің ең қиын сәттеріндегі табандылықтары мен бетпе-бет келген ауыртпалықтарға ризалық білдіріп, шындықты талап етуі өмір мен өлімді дұрыс түсіну талпыныстарының нәтижесі болды. Имам Хусейн (ғ.с.) – қиындықтарға қарсы табандылық пен қарсыласудың үлгісі.
Алла жолындағы табандылық – адами кемелдіктің ең жоғары деңгейі. Адам табандылығымен шындықты жандандырып, жалғандықтың алдында артқа шегінбейді. Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура тарихи қозғалысының ағымында жақындары мен серіктерін тұрақтылық және табандылықпен таныстырып, олардың әрқайсы қарсыласудың үлгісін көрсетіп, адами кемелдікке жетті. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Нафеғ бен Хилал болды. Ол Ашура күні өзінің есімі жазылған оқтарын алып, дұшпанға қарсы шықты. Оқтары таусылған кезде қылышын алып, язидшілерге қарсы тұрды. Ол қылышын оңға, солға құлаштап ұрып: «Дінім – имам Хусейннің діні. Бүгін өлу – менің арманым»,- деп айтып жүрді. Оның батылдығы дұшпандардың үрейін ұшырып, дұшпан әскерінің қолбасшысы сарбаздарына: «Әй, ақымақтар, кімнің соғысып жатқандарыңды көрмейсіңдер ме? Сендер өлімнен қорықпайтын әрі одан қашпайтын жауынгерлермен соғысып жатырсыңдар. Сондықтан ешбіреуін жекпе-жек шайқасқа шықпаңдар»,- деп айқайлады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның іс-әрекеттері қарсыласу мен табандылықтың шыңдарына көтерілген тулар сынды. Имам Әли (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Хабиб бен Мазахер Ашура күні 75 жаста болды. Ол Язидтің сарбаздарымен соғысып жүріп: «Есімім – Хабиб, әкемнің есімі – Мазахер. Мен қиын соғыстардың қаһарманымын. Сендердің сандарың бізден артық болғанымен, біздің табандылығымыз сендерден артық. Біздің шындығымыз анық және иманымыз сендерден жоғары»,- деді. Хабиб өз соғысымен шындық жолындағы табандылығын көрсетіп, шәһид болғанша шайқасты. Имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің өмірлерінің ең қиын сәттеріндегі табандылықтары мен бетпе-бет келген ауыртпалықтарға ризалық білдіріп, шындықты талап етуі өмір мен өлімді дұрыс түсіну талпыныстарының нәтижесі болды. Имам Хусейн (ғ.с.) – қиындықтарға қарсы табандылық пен қарсыласудың үлгісі.
Имам Хусейн (ғ.с.) үшін жылау деген әлемдіктерге шындық талап етушілердің дауыстарын жеткізу болды. Бұл – жанкештілік пен өлімнен қорықпауды еске алатын уақыт. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісін еске алу зұлымдықты қабылдамау және қиын кездері сабыр сақтауды үйрену.
Имам Хусейн (ғ.с.) үшін аза тұту мен жылау шын мәнінде оның жолы мен мақсаттарын жандандырып, оның жолдауын адамдарға жеткізеді. Сондықтан имам Хусейн (ғ.с.) үшін жылау залымдарға наразылық білдіру болды. Бұл – залымдар мен зорлық-зомбылық көрсетушілердің бастарына түсетін найзағай. Шиіттердің имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктеріне арналған аза рәсімдердегі көз жастары Кербала шәһидтерінің қандарының тамшылары сынды. Бұл көз жастары илаһи қозғалысты мәңгілік етеді. Бұл көз жастарын тек мейірімділік сезімдермен ақтайтын адам мәселеге жеңіл қарайды. Өйткені уайым-қайғы қандай күшті болғанымен уақыт өте азаяды. Бірақ имам Хусейн (ғ.с.)-ның аза тұтушылары ғасырлар өтсе де аза рәсімдерінде қатты жылайды. Егер бұл мейірімділікке ғана қатысты жылау болғанда уақыт өте басылатын еді. Бірақ имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуынан 14 ғасырдан артық уақыт өткенімен Ашура ерлігі жүректерді билеп, миллиондаған халық жылдар бойы рәсімдерін өткізуде.
Күн жартысынан өтті. Кербала даласы мәйіттерге толы еді. Имам Хусейн (ғ.с.) өзінің барлық серіктерінен айырылған соң шатырлардың бірінде әйелдер мен балаларды жинап, оларды жұбатып, сабыр сақтауға шақырып, жараланған жүрегімен олармен қоштасты. Имам Хусейн (ғ.с.) сол кезде науқастанып қалған өз перзенті мен Зейн әл-Абединді өзінің орынбасары етіп, онымен қоштасып, дұшпанмен бетпе-бет келуге дайындалды. Имам Хусейн (ғ.с.) жалғыз өзі дұшпанның әскеріне қарсы шығып, олардан: «Мені танисындар ма?»- деп сұрады. Олар: «Иә, сен Алла елшісінің перзентісің»,- деп жауап берді. «Олай болса неге менің қанымды төгуді рұқсат еттіңдер?»- деп келесі сұрағын қойды. Әскер: «Біз мұның барлығын білеміз, бірақ сені өлтірмей қоймаймыз»,- деді. Бетпе-бет келетін соғыс басталды. Умар Саадтың бұйрығымен жекпе-жек соғысу үшін бірнеше адам майданға шықты. Имам олардың барлығын өлтірді. Умар Саад егер былай жалғасатын болса, имам Хусейн (ғ.с.)-ның бүкіл әскерін өлтіретінін түсінді. Сондықтан бүкіл сарбаздарға бір мезгілде шабуыл жасауды бұйырды. Бұл шабуылда да оның сарбаздарының біразы өлді. Бұл сәтте Шемр бірнеше атқа мінген сарбазымен шатырлар тұрған мекенге шабуыл жасады. Имамның қаны қайнап: «Егер дінді қабылдамасандар және қияметтен қорықпасандар да, кемінде өз дүниелерің туралы ойлаңдар. Сендер менімен соғысып жатырсыңдар, әйелдердің кінәсі жоқ»,- деп айқайлады. Содан соң олар қылыштары және найзаларымен имам Хусейн (ғ.с.)-ға қарай шабуыл жасады. Хазірет жерге құлады. Бірақ орнынан тұрып, олармен жаяу шайқасты. Хазірет Зейнаб бұл көріністі көріп, Умар Саадқа: «Хусейнді өлтіріп жатқандарды көріп, тамашалап тұрсың ба? Араларыңнан бір мұсылман табылмайды ма?»- деді. Қақтығысып жатқан кезде имамның маңдайына тас тиді. Имам маңдайындағы қанын сүртейін деп көйлеген көтерген кезде Хармале улы оғын хазіреттің жүрегіне қадады. Хазірет бұл оқтан жерге жығылды. Дұшпанның ешбіреуінің соңғы соққыны беруге қолы көтерілмеді. Умар Саад сарбаздың біріне: «Бар, Хусейнді өлтір»,- деді. Рауаяттар бойынша, Хоули деген адам алға шыққанымен, денессі қалтырап, қайтып оралған. Екінші адам Сенеа болды, бірақ ол да имамға қарсы қол көтере алмады. Соңында Шемр Малун алға шығып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның басын денесінен бөліп алды.
Имам Хусейн (ғ.с.) өз ғамалымен мүмін адамдарға мектептің негіздері қатерге тірелген кезде оны сақтау үшін жанкештілік таныту қажеттігін үйретті. Ол мақсатына жету жолында еш нәрседен қорықпады. Дұшпанға қарсы шығу үшін оны еш нәрсе тоқтатпады. Ол Язидтің әскерилерімен арыстан сынды соғысты. Имам Ашура күнінің әр сәтінде күрестен бас тартпай, дұшпанға: «Еш уақытта сендердің талаптарыңның алдында басымды имеймін. Алламен ант етемін, сендерге бият етпеймін және еш уақытта сендермен соғысудан қашпаймын»,- деп жариялады.
Сөйтіп, хазіреттің ғамалы илаһи құндылықтар қатерге тірелген кезде имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісінен үлгі алып, тағұттарға қарсы көтеріліп, олардың қылмыстарының алдын алып, ғасырлар бойы діни құндылықтарды қорғаған барлық мүміндер үшін үлгі болды.