Қаз 16, 2016 17:54 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (3)

Африкадағы кедейшілікті жоюға бөлінетін бюджет пен АҚШ-тағы президенттік сайлаудың қаражатын қарапайым салыстыру осы бағдарламаның тақырыбы болып табылады.

Бір қарапайым салыстыру

Африканың орталық және батыс бөлігі әлемнің ең кедей аймақтарының бірі саналады. Бұл аймақ азаматтық соғыстар, құрғақшылық пен кедейшіліктен қатты зардап шегіп отыр. Африканың батысында 16 ел орналасқан. Олардың ең бай мемлекеті әл-ауқат жағдайы жөнінен 185 елдің арасынан 122 орында тұр.

https://www.gfmag.com/global-data/economic-data/worlds-richest-and-poorest-countries

Африканың орталық бөлігінде әлем елдері арасындағы әл-ауқат бойынша 154 және 149 орында тұрған Чад пен Камерон елдері орналасқан.

http://unicef.org/appeals/files/HAC_Overview_WEB_27_01_5pdf

Африканың осы аймағындағы балалар әлемнің ең мақрұм балалары болып саналады. ЮНИСЕФ ұйымы   БҰҰ тарапынан балалардың құқығын қорғау, олардың қарапайым қажеттіліктерін өтеп, потенциалдарын ашуға көмектесу мақсатында құрылған.

http://www.unicef.org/about/who/index_mission.html

ЮНИСЕФ ұйымы 2015 жылы бұл аймақ үшін 973 млн 211 мың 942 доллардан астам бюджет бөлді. 

http://unicef.org/appeals/files/HAC_Overview_WEB_27_01_5pdf

Африкадағы кедейлік

Ақ үйге кіру үшін  бір-бірімен бәсекелесіп жатқан АҚШ-тағы президенттік сайлау үміткерлерінің жарнамалық қаражаты осы уақытқа дейін 1 млрд 494 млн долларды құрады.

http://www.opensecrets.org/pres/16

Бұл сома ЮНИСЕФ-тің  Африканың батысы мен орталық бөлігі үшін  бөлген бюджетінен 1,5 есе артық немесе басқаша айтқанда ЮНИСЕФ-тің  Африканың батысы мен орталық бөлігіндегі елдердің балаларын қолдауға бөлген 18 айлық бюджетіне тең.

http://unicef.org/appeals/files/HAC_Overview_WEB_27_01_5pdf