Қаз 22, 2016 19:34 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (4)

Алланың атымен бастаймыз! Бүгінгі бағдарламада АҚШ-тағы президенттік сайлау науқанына жұмсалған қаражат пен осы елдің Техас штатындағы кедейшілікті жоюға бөлінетін бюджетті салыстырамыз.

Бір қарапайым салыстыру

АҚШ-тың Техас штатында 27 млн 610 мың адам өмір сүреді. Сол себепті бұл штат АҚШ-тағы тұрғыны көп екінші штат саналады.  http://population2016.com/?s=texas

Бұл штат 2016 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға үміткерлердің үгіт-насихат науқанына жұмсаған қаражаты тұрғысынан да екінші орында. Олар осы күнге дейін Техас штатындағы америкалық дауыс берушілердің сеніміне ие болу үшін 55 млн 638 мың 377 доллар жұмсағандарын ресми түрде жариялады. 

Алайда Техас мол мұнай қорларынан туындайтын байлыққа қарамастан, АҚШ-тың 51 штатының арасында кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін адамдар саны бойынша 13-ші орында тұр.

http://2015.povertyscorecard.org/grades/2014/TX

АҚШ-тағы кедейлік

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Техастағы кедей адамдардың саны – 4 млн 530 мың. 2013 жылы Техаста тұратын 18 жастан төмен адамдардың 24,8 пайызы кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүрген. 

https://talkpoverty.org/state-year-report/texas-2014-report/

Шын мәнінде Ақ үйге кіруге үміткерлердің Техас халқының дауысын алу үшін жұмсаған қаражаты осы штатта кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін 40 мың 880 адамды емдеуге жұмсалып немесе 56 мың 831 оқушының оқу бюджетін қамтамасыз ете алатын еді.

http://www.usgovernmentspending.com/compare_state_spending_2016d20a