Қаз 22, 2016 19:46 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (5)

3 млрд 200 млн доллар бөлу арқылы әлемдегі 66 млн аш оқушынының бір жылдық оқуы мен тамағын қамтамасыз етуге болады. 2016 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын екі үміткер Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты Африкада күнделікті аш күйде мектепке баратын 32 млн оқушының жылдық қаражатына тең.

Бір қарапайым салыстыру

Әлемде миллион адам аштықтан зардап шегіп отыр. Бұл әлем тұрғындарының 1/9 бөлігін құрайды.  Әлемдегі аштыққа қатысты статистикалық мәліметтерде балаларға қатысты бөлім алаңдатарлық. Азық-түлік тапшылығы 3 жастан төмен балалардың 45 пайызының, яғни жылына 3 млн 100 мың адамның қайтыс болуына себеп болуда.

www.thelancet.com/series/maternal-and-child-nutrition

Жеткіліксіз тамақтану әлемдегі балалардың 1/6-нің салмағының табиғи межеден төмендеуіне соқтыруда.  www.who.int/gho/mdg/poverty_hunger/underweight/en/

Сонымен қатар, күн сайын әлемде 66 млн бала аш күйде сабаққа барады. Азық-түлік тапшылығына ұшыраған бұл балалардың жартысы Африка елдерінде өмір сүреді. WFP немесе БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы  3 млрд 200 млн доллар бөлу арқылы әлемдегі 66 млн аш оқушынының бір жылдық оқуы мен тамағын қамтамасыз етуге болады деп жариялады.

Documents.wfp.org/stellent/groups/public/documents/communications/wfp249632.pdf

2016 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын екі үміткер Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың үгіт-насихатқа жұмсаған қаражаты Африкада күнде аш күйде мектепке баратын 32 млн оқушының жылдық қаражатына тең.