Қаз 23, 2016 12:50 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы 84

ИИР Президенті Хасан Рухани өткен аптада азиялық сапарында Вьетнам, Малайзия мен Таиландқа барды. Иранның шығыс және азиялық елдермен аймақтық ынтымақтастықтар шеңберіндегі экономикалық байланыстарын кеңейту маңызды болып табылады. Иран ECO, D8 тобы, Үнді мұхиты ынтымақтастығы ұйымы сияқты аймақтық ұйымдарда бірқатар азиялық елдермен тығыз ынтымақтастық жасап отыр.

 

«Ортақ қадам» бағдарламасынан кейінгі кезеңдер Иран өз назарын осы қарым-қатынастарды кеңейтуге аударды. Осы аяда өзінің қарым-қатынастарын бірдей деңгейде кеңейтіп, еуропалық елдермен ынтымақтастық жасай отырып, азиялық елдер мен Қытай, Малайзия, Вьетнам, Сингапур, Индонезия, Оңтүстік Корея және Аустралия сияқты экономикалық орталықтардың жағдайы мен мүмкіндіктерін пайдалануға мүдделі.

Иран мен азиялық елдер, соның ішінде, әлемнің екі стратегиялық аймағы, яғни, Азияның батысы (Таяу Шығыс) мен оңтүстік-шығысында орналасқан Вьетнам, Малайзия мен Таиланд екі үлкен нарықты – Азияның оңтүстік-шығысындағы елдер одағы мен Таяу Шығысты бір-біріне қоса алады.

Азия құрлығында көптеген экономикалық потенциалға ие аймақтар мен аймақтық нарықтар орналасқан. Азиялық ынтымақтастықтарды кеңейту осы құрлықтағы халықтардың мүдделерін қамтамасыз етеді.

Осы аяда Иран Президенті Хасан Рухани Вьетнам астанасы Ханой қаласында ел президенті Чан Дай Куанг, премьер-министр әрі коммунистер партиясының бас хатшысы Нгуен Суан Фукпен кездесіп, бірнеше ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Мамандардың пікірі бойынша, Вьетнамның 90 миллиондық халқы мен Иранның 80 миллиондық халқы екі елдің ауылшарушылық, балық шаруашылығы, білім беру, мұнай және газ, тау-кен өндірісі мен өнеркәсіп салаларында  ынтымақтастық жасауы үшін лайықты мүмкіндік тудырды. Екі елдің сауда айналымының мөлшерін қазіргі  350 миллион доллардан жылына 2 миллиард долларға жеткізу Иран үшін шығыстың, әсіресе, Вьетнамның маңыздылығын көрсетеді.

Иран мен Малайзия арасындағы сауда айналымы да 2016 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін 9 пайызға артып, 290 миллион доллардан 320 миллион долларға дейін көтерілді.

Таиландпен қарым-қатынастарда да осы мақсат көзделеді. Теһран мен Бангкок осы мүмкіндіктерді пайдалануды мақсат етуде.

Иран қазір мұнай және газ өндірісінде ілгерілеп, мұнай-химия бөлімінде 50 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр. Көптеген экономикалық сарапшылардың пікірінше, Иран шетелдік инвесторлар үшін тартымды елге айналған.

Халықаралық Валюта қоры өзінің  жуырдағы әлем елдерінің экономикалары туралы есебінде  Иранның экономикалық өсімінің күтілген деңгейден асып түскенін мәлімдеді.

Халықаралық Валюта қоры өзінің жаңа болжамдарында Иран 2015 жылдың 14 шілде күні жасалған келісім шеңберінде халықаралық санкциялар жойылғаннан кейін әлемдік нарықтарға көбірек мұнай ұсына алатындықтан, оның биылғы жылғы экономикалық өсімінің шілде айында жарияланған есепте болжанған деңгейден жоғары болғанын айтты.

Осы есепке сәйкес, мұнай өндірісі мен экспортының көрсеткіштері санкцияларға дейінгі деңгейге жылдам оралған. Бұл мәселе әлемдік мұнай бағасының төмендеуінің салдарын бейтараптандыруға көмектесті.

Осы мәлімет бойынша, ауылшаруашылық, көлік жасау өнеркәсібі, сауда мен тасымал қызметі бөлімдеріндегі жұмыстың артуы мұнайдан тыс бөлімдердегі көрсеткіштердің жоғарылауына себеп болған.

Халықаралық Валюта қорының мамандар тобы жалпы Иранның ішкі өнім деңгейінің 2016 жылы кемінде 4,5 пайыз болатынын болжап отыр.

Соңғы жылдары қаржы бөлімінде орынды саясаттарды жүзеге асыру және халықаралық деңгейде азық-түлік өнімдері бағасының лайықты болуы маусым айында инфляция деңгейінің 6,8 пайызға төмендеуіне себеп болды.

Осы есепте кетірілгендей, 2016 жылдың қыркүйек айында инфляция деңгейі 9,5 пайызға артқанымен, Халықаралық Валюта қорының болжамдары бойынша, 2016-2017 жылдары инфляция деңгейі 9,2 пайызға жететін болады.

Халықаралық Валюта қорының мамандар тобы осы есептің жалғасында экономикалық тұрақтылықты арттыруды қолдау үшін үкіметтің енгізген өзгерістеріне тоқталып: «Орта мерзімдегі инфляцияны ауыздықтау үшін ирандық қайраткерлер елдің қаржы саясатын түбегейлі түрде қайта қарады. Сонымен қатар, мұнайдан тыс бюджеттің жетіспеушілігін бірте-бірте азайту мәселесін жұмыс тәртібіне енгізді. Осы бағдарламада үкіметтік қарыздарды реттеу қайраткерлері банктердің капиталдық негіздерін арттырып, банктерді бақылауды күшейтуді көздеп отыр» деді.

Өткен жылдан бері Иранның экономикасы мұнай бағасының төмендеуі салдарынан әлсірегеннен кейін үкімет банктік кредиттерді экономикалық таңдаулы бөлімдерге бағыттау және банктердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету арқылы экономикалық өсуге жағдай жасауға күш салды.

Осындай жағдайда мамандардың пікірінше бюджеттің мұнай өнеркәсібінен түсетін табыстарының мөлшері өткен жылы Ұлттық даму қорынан алынған несиені қайтару керек болғандықтан бюджеттің қаржылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болған. Сондықтан үкімет өз міндеттерін атқара алуы үшін  бұл жылы бюджетті қамтамасыз етуге көбірек қаржы қажет болды.

Осы аяда үкімет жалпы инвестициялардың қаржы көзін қамтамасыз ету үшін мұнайдан тыс табыстарды арттыруды көздеп  отыр.

Бұл саясат ауылшаруашылығы, көлік жасау өнеркәсібі, сауда және тасымал қызметі бөлімдеріндегі жұмыстардың артуы мен мұнайдан тыс бөлімнің экономикалық өсім көрсеткішінің жоғарылуына себеп болды. Алайда қаржы әлі де жеткіліксіз.

Осыған қарамастан Халықаралық Валюта қорының есебі осындай әрекеттердің қаржы тұрақсыздығын ауыздықтай алатынын растап отыр.

Соңғы кездегі есептер көрсеткендей, Иранның мұнай өнімдерінің Таяу Шығысқа экспорты «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейін 13 пайызға жеткен. Иран өзінің мұнай өнеркәсібінің 110 жылдық жұмысында алғаш рет экспорт бойынша күніне 400 мың баррель рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, таза мұнай өнімдерінің экспорттаушысына айналып отыр. Ұлттық мұнай тазарту компаниясының белсенді құзыры мен мұнай өнімдерінің аймақтық нарықтарда таратылуы Иранның ұлттық мұнай тазарту компаниясының күніне 60 миллион литрден астам дизель отыны мен мазут экспортына қол жеткізіп,  санкциялар кезеңінен өтіп, Таяу Шығыс аймағында мұнай өнімдері экспортының көлемінен 13,5 пайыздық үлеске қол жеткізе алғанын көрсетеді.

Иранның ұлттық мұнай тазарту және мұнай өнімдерін тарату компаниясының директоры Каземи бірнеше нарыққа күніне 400 мың баррельден астам мұнай өнімдерін экспторттаудың халықаралық теңіз және құрлық жолдарына қолжетімділік, халықаралық қаржы жүйесі, қажетті сақтандыру мүмкіндіктері мен жеңілдіктері, бәрінен бұрын елдің ядролық мәселесінің табысты шешілуі аясында сауда серіктестерінің сенімін қажет ететінін айтты.

Каземи компанияның  экспортты кеңейту үшін мүмкіндігі күніне 500 мың баррель болған жағдайда 400 мың баррель рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін айтты. Алайда бұл мақсаттың қазіргі жағдайда экспорттың қарқынды түрде артуы мен тасымалдау және экспорттау бөлімдеріндегі шектеулер салдарынан жүзеге аспағанын еске салды.

Арменияның Ирандағы алғашқы мамандандырылған көрмесі Eni 91 армениялық компанияның қатысуымен 14 мехр күні Теһранның халықаралық тұрақты көрмелер мекенінде өз жұмысын бастады.

Бұл көрмеде Арменияның азық-түлік өнімдерін экспорттау компаниялары елдің исламдық заңдарына сәйкестендірілген өнімдерін ұсынды. Бұл ирандық компаниялардың осы өнімдерді жақсы қабылдауына себеп болды.

Иранның Арменияға экспорты биылғы жылдың бірінші жартысында шамамен 140 миллион долларды құрады. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіштің 280 миллион долларға жететіні болжанып отыр.

Иранның сауданы дамыту ұйымының қоғамдық қатынастар бөлімінің мәлімдеуінше, Моджтаба Хосроутадж Арменияның Ирандағы мамандандырылған көрмесін аралау кезінде осы мәліметті жариялап: «Бұл елдің халқы шамамен 3 миллион адам болғандықтан, экспортты елдің тұтыныс деңгейімен салыстыра отырып арттыру керек» деді.

Хосроутадж көрмелер өткізуді екі елдің қарым-қатынастарын кеңейту жолдарының бірі деп атап: «Арменияның Иранға импорты аз болғанымен, осы елдің кәсіпкерлері көрмелер өткізу арқылы өз экспорттарын арттырып, ынтымақтастық салаларын көбейтуге тырысуда» деді.

Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің орынбасары бұл Арменияның Иранда өткізіліп жатқан алғашқы мамандандырылған көрмесі екенін айтып: «Иран бұл елде әрдайым көрме өткізіп отыр. Бұл өзара сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашады» деді.

Ол сонымен қатар Еуразия одағымен таңдалмалы тарифтер келісіміне қол қою үшін келіссөздердің басталғанына тоқталып: «Иран мен Армения осы келісімнің мүмкіндіктерін басынан бастап пайдалана алатын екі ел болып табылады» деп қуаттады.

Еуразия экономикалық одағы 2015 жылдың бас кезінде Ресей, Қазақстан мен Беларусь арасында келісімшартқа қол қойылғаннан кейін өз жұмысын бастады. Қырғызстан мен Армения да өткен бірнеше айда одаққа қосылды.  

Иран Президенті Хасан Рухани біраз бұрын Теһранда Арменияның Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен кездесуінде: «Иран өзінің бар күшін Армениямен түрлі экономикалық, мәдени, сауда, энергетика, транзит, тасымал, ауылшаруашылық және туризм салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге жұмсайды. Бүгінде Армения арқылы Қара теңізді Парсы шығанағына қосу үшін лайықты жағдай туындап отыр. Иран осы аяда Арменияға техникалық-инженерлік қызмет көрсетуге әзір» деді.

Экономикалық бөлімдерде, әсіресе, Қытай, Еуропа мен Азияны түрлі жолдардағы, соның ішінде, Армения, Иран мен Үндістан арқылы бір-біріне қосатын Жібек жолы саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейту екі ел үшін мңызды болып табылады.