Қар 03, 2016 13:39 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 2

Мешіт – иесі Құдай болып табылатын, оның мейірімді қолы мен рақымы қонақтың жаны мен жүрегін жылытатын меймансарай. Мүміндер бұл мекенде өздерінің риясыз ғибадаттары және хақтың ерекше мейірімінің арқасында оған жақындай түседі. Мешіт – мүміндер үшін өздерінің өмірлерін беріп, ақыретті сатып алатын базар. "المساجدُ سوقٌ من اَسواقِ الآخرة"

Құдайдың үйі және ғибадат ететін мекен мешіт – жер бетіндегі ең артық және ең құрметті мекен. Мешіт – илаһи жарқын нұрларды жер бетіне жаятын жарқыраған орталық. Исламның ардақты пайғамбары айтқандай, мешіттер –  Алланың нұрлары. Мешіт адамның жүрегі мен жанының бірігіп, шынайы сүйіктісі мен оның жақсылық пен кемелдік жаққа шақыруын еститін мекен. Сол себепті де мұсылмандарға мешітке жиі барып, уәжіп намаздарын сол жерде оқу тапсырылған.

Илаһи осы шақыруға ләббейк айтып, Құдай оны өзінің үйі деп атаған мекенге барып, сол жерде мінәжат етіп, Алламен сырласайық. Себебі Құдайдың қасиетті болмысы мешітті өзімен кездесіп, оған жақындап, зиярат ететін орын деп белгіледі. Құдай сол жерлерде өзінің пенделері және зияратшыларымен ерекше түрде мәміле жасайды.

Мешіт – иесі Құдай болып табылатын, оның мейірімді қолы мен рақымы қонақтың жаны мен жүрегін жылытатын меймансарай. Мүміндер бұл мекенде риясыз ғибадаттары және хақтың ерекше мейірімінің арқасында оған жақындай түседі.

Жердің әртүрлі бөліктері мен мекендері бар. Бірақ сол бөліктердің арасында бір мекен ерекше құндылық пен мәртебеге ие. Алланың елшісі Жебірейілден: «Басқалармен салыстырғанда Құдай үшін қай жер қымбат?» деп сұрағанда Жебірейіл: «Мешіттер» деп жауап берген. Күмәнсіз, мешіт жер бетіндегі Құдайдың ең сүйікті мекені болғанда адам соған енуімен Алланың мейіріміне бөленеді. Хадистерде: «Вузу алып, мешітке еніп, Алланың сарайындағы құзырдың әдебін орындаған әрбір адам Құдайдың зияратшыларының қатарында саналады» деп айтылған.  

Khidr mosque

Бірақ өте маңызды жайт мынада: Құдайдың үйіне баруды мақсат еткен адам өзінің шама-шарқынша мешітте құзырға ие болудың әдептерін тануға талпыныс жасауы тиіс, себебі пенденің мағрифаты неғұрлым артқан сайын ғамалдың құны да арта түседі. Имам Садық бұл жайында былай деген: «Мешітке жеткен кезде пәктерден өзге ешбір адам оған аяқ баса алмайтын, шыншылдардан өзге ол жерде ешкім құзырға ие бола алмайтын ұлы патшаның үйіне барғаныңды біл! Оның құзырында ең пақыр пенделеріндей болып, жүрегіңді Құдайды ойлаудан бөлетін және сені мен оның арасындағы пердеге айналатын әр нәрседен босат. Себебі ол ең таза және ең риясыз жүректерден басқаны қабылдамайды». 

Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с) өзінің адал серігі, сахабасы Абозар Ғаффариге мешітте құзырға ие болудың әдептері туралы айтқан сөзінде: «Уа, Абозар! Құдай жаққа шақырушыға «ләббейк» айтып, мешітті абадтандыруға атсалысатын әрбір адамның Құдайдан алатын сауабы – жаннат» деген. Абадтандырудың анықтамасы һәм мешіттің алғашқы құрылысын тұрғызуды, жөндеуден өткізуді, оны қарауды, һәм мешітке барып тұруды және сол жерде ғибадат жасауды да қамтиды. Сол себепті Абозар хазіреттен: «Уа, Алланың елшісі! Ата-анам сенің жолыңда құрбан болсын, айтшы, Құдайдың мешіттерін қалай абадтандырамын?» деп сұрағанда пайғамбар оған: «Мешітті абадтандыруға ол жерде дауыстың көтерілмеуі, жалған, бос іс жасаудан абай болып, ол жерде сауда-саттық жасамау жатады. Мешітте болған кезде жалған сөздер мен істерден бойтарт. Әйтпегенде қиямет күні өзіңнен басқаны айыптама» деді. Пайғамбардың бұл сөздерінен Абозардың назарын мешітте құзырға ие болудың әдептерінен бірнеше жайт аударды: біріншіден, мешіт – ғибадат ететін мекен. Қатты дауыстап сөйлеу басқалардың ойының бөлінуіне, олардың намаз бен ғибадатта ойларын шоғырландыра алмауына себеп болады. Мұнымен қатар адамдардың ортасында қатты дауыстап сөйлеу әдепсіздіктің бір түрі саналады. Адамның мешітте лайық әрекет жасап, ұстамды болғаны, адами әдептермен үйлеспейтін істен бойын аулақ салғаны жөн. Сол себепті мешітті абадтандырудың дәлелдерінің біріне адамның ол жерде салмақты болып, тыныштықты сақтауға тырысуы жатады. Егер сөйлегісі келсе, басқалардың мазасын алмауы үшін ақырын сөйлеуі керек; екіншіден, мешітте құрметсіздіктің бір түрі саналатын әрі оның мәртебесін сыйламау саналатын бос, жөнсіз сөздерді айтпауы керек; үшіншіден, мешітте сауда-саттық жасауға болмайды. Себебі, егер мешітте сауда-саттық жасалатын болса адамды Құдайды есіне алуға шақырмағанымен қатар оны дүние мен көбірек табыс табуға итермелейтін болады.   

Мешіт ұлы Құдайды зікір ететін мекен боғандықтан сол жерде зікір мен ғибадат жасайтын негіз толығымен әзірленуі үшін адамдардың көңілін Құдайдан басқадан бөлуге себеп болатын кез келген істен ада болуы тиіс.   Рауаяттардың бірінде Алланың елшісінің мешітте өзінің найзаларын ұштап отырған ер адамды сол істен тыйып, мешіттің мұндай істер үшін салынбағанын айтқаны келтірілген (Васайел аш-Шиа, 3-том).

Бағдарламаның осы бөлімінен бастап, әл-Харам мешітін әлемдегі ең қасиетті мекен ретінде таныстыруды жалғастырамыз.

Тарихи деректерде былай деп жазылған: «Халил Ибраһим перзенті Ысмайылмен бірге Құдайдың үйін салып жатқан кезде қабырғалардың биіктігіне Ибраһимнің қолы жетуі қиындап кеткен. Сол себепті Ысмайыл үлкен тас әкеліп,  хазірет Ибраһим соның үстіне шығып, құрылысты салуды жалғастырған. Олар тасты үйдің айналасына қалап, Құдайдың үйінің қарама-қарсысына жетті.

Исламның басындағы тәпсірші әрі тарихшы пайғамбардың ағасының ұлы Ибн Аббас былай дейді: «Ибраһим сол тастың үстінде тұрғанда «Ибраһимнің мақамы» деп танымал болды». Сонымен қатар одан қалған сөзде Ибраһим сол тастың үстінде тұрған кезде оның екі аяғының ізі қалғаны айтылған. Бұл тас хазірет Ибраһимнің мүбарак іздеріне байланысты әл-Харам мешітінің көптеген қасиетті бөліктерінің бірі саналады. «Ибраһим мақамының» тасы – шаршы пішіндес, ұзындығы мен ені 40 сантиметр, биіктігі 50 см. Оның түсі сары мен қызыл түстердің арасынан ақ түске жақындай түседі. Меһди Аббасидің уақытынан бастап бұл тас алтынмен апталып, нұқсан келмеуі үшін камерада сақталынды. Ол хижри қамари жыл санағы бойынша 1385 жылы (1965 ж.) Сауд үкіметінің бұйрығымен әл-Харам мешітінде үлкен орын алып тұр деген сылтаумен бұзылып, оның үстіне кішкентай қалқан салынды. 

Maqām Ibrahim

Мыңдаған жылдың ішінде табиғи және тарихи әртүрлі оқиғалар өткенімен аман сақталып қалған «Ибрахимнің мақамы» илаһи белгілердің бірі саналады. Құдай ол туралы Бақара сүресінің 125-ші аятында: «Ыбырайым (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп уәде алғанбыз» дейді.

Хазірет «Ибраһимнің мақамының» Құдайдың үйімен жапсарлас орналасуы ақиқат іздеуші барлық адамдарды таухид пен бір Құдайға табынушылықтың жаршысы Халил Ибраһимнің дәрежесінің ұлылығына назар аудартады.

Шын мәнінде «Ибраһимнің мақамының» Қағбаның жанында орналасуы илаһи халифа дәрежесіне жету үшін белгі әрі үлгі болып табылады.

Қағбаның үлкен қасиеттілікке ие бөліктерінің бірі – «Хаджар ал-Асвад» тасы. Хаджар ал-Асвад тасы қара түстен қызылға жуық сопақша пішіндес, диаметрі шамамен 50 см күміс тіреудегі тас.

Қажылық кезінде қажылар Қағбаның айналасында тәуәп етуді тастың қарама-қарсысынан бастап, соңында, яғни жетінші айналыста сол жерден аяқтайды. Тәуаптан кейін де оны сипап, сүйеді. Шын мәнінде «Хаджар ал-Асвад» - Құдай мен пенденің арасындағы діни үлкен байланыс пен құпиялардың бірі. Оны сипау Құдайға бият ету немесе оған еткен биятты қайталау саналады.  

Хазірет Адам – Қағбаны салып, Хаджар ал-Асвадты оның шығыс бөлігіне орналастырған адғашқы адам. Хазірет Ибраһим оны қайтадан салды. Ол кезде қара тас Қағбаға жақын жердегі Абу-Қубейс тауының маңында құлаған болатын. Хазірет Ибраһим тасты алып өзінің орнына қойды. Хазірет Мұхаммад ол кезде 35 жаста болып, әлі пайғамбарлыққа таңдалмаған уақытта Қағба жаңбыр мен селдің салдарынан бұзылған еді. Құрайыштықтар Қағбаны қайтадан салды. Ол кезде «Мұхаммад амин» деп танымал болған     хазірет Мұхаммад та осы қасиетті құрылысты салуға көмектесті. Бірақ, «Хаджар ал-Асвадты» орнататын кезде тайпалардың үлкендері арасында келіспеушілік туындады. Себебі оны орнатқан тайпа абырой мен беделге ие болатын. Сол себепті пайғамбар өзінің үстіндегі абасын-шапанын жайып, қара тасты соның ортасына қойды. Тайпалардың басшыларының әрқайсысы  оның бір бұрышынан ұстап, орнына жақындатты. Сол кезде хазірет Мұхаммад тасты көтеріп, орнына қойды. 

 Black Stone

 

«Хиджр Ысмайыл» - Құдайдың үйінің келесі бір бөлігі. «Хиджр Ысмайыл» - доға пішіндес қабырғамен көмкерілген Қағбаға қосылатын кеңістік. Шын мәнінде, бұл – тәуәп етушілер мен Қағбаның арасын бөлетін қабырға. «Хиджр Ысмайыл» кейбір рауаяттарға сәйкес, хазірет Ысмайыл мен анасы Һаджердің тұрағы болған. Қайтыс болған соң олар сол мекенге жерленген. Хазірет Ысмайыл анасын қатты жақсы көргендіктен оның қабірін жоғары қойып, адамдардың аяқтарының астында тапталып қалмауы үшін оның айналасына дуал тұрғызған.  Пайғамбардың зайыбынан қалған бір рауаятта: «Қағбаға еніп, сол жерде намаз оқығым келгенде пайғамбар қолымнан жетектеп, мені «Хиджр Ысмайылға» енгізіп: «Қағбада намаз оқығың келген кезде осы жерде оқы. «Хиджр Ысмайыл» - Қағбаның бір бөлігі. Бірақ сенің тайпаң Қағбаны салған кезде оның ұзындығын қысқартып, оны Қағбаның сыртына шығарған» деген. 

Алланың елшісінің бұл сөздері Ысмайылдың хиджрінде тәуәп етуді дұрыс санамай, тәуәп кезінде оның ішінен өтуге болмайды деген фикһтардың сөздері үшін дәлел саналады.

 Hijr-Ismail

Хазірет «Ысмайылдың хиджры» бүгінде қысқа жартылай дөңгелек қабырғамен қоршалған. Оның қабырғасының биіктігі - 1.32 метр, жартылай дөңгелек қабырғанының радиусы шамамен 5.8 метр. Бұл қабырғаның Қағбадан ара қашықтығы - 2.22 метр.