Қар 11, 2016 17:32 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 3

Ұлы Алла Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінің 108 аятында: «...Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді» дейді. Дәрет алып, тазалықпен мешітке бару мешіттің әдептеріне жатады.

Егер естеріңізде болса, алдыңғы бағдарламада Құдайға табыну мен ғибадат етудің илаһи діндердің барлығында жоғары орынға ие екендігін айттық. Осы негізде ғибадат мекені де ерекше маңызға ие. Қасиетті ислам дінінде мешіт Құдайдың үйі және Құдайдың пенделерінің ғибадат етіп, Жаратушыға жалбарынатын орталығы саналады. Сол себепті Құдай өзінің мейірімімен мешіттерді өзінің үйі деп таныстырады, яғни Құдай мешіттерді пенделерінің өзіне жақындап, зиярат ететін мекені етті.

Ұлы Алла Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінің 108 аятында: «...Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді» дейді.

Дәрет алып, тазалықпен мешітке бару мешіттің әдептеріне жатады.

Рауаяттарда өзінің үйінде дәрет алып, мешітке баратын адамды Құдайдың зияратшысы деп атаған. Исламның ұлық пайғамбары: «Сендерді күнәларың кешіріліп, игіліктерің мен жақсылықтарыңның артуына себеп болатын нәрсеге нұсқағанымды қалайсыңдар ма?» деп сұрағанда «Ия, Алланың елшісі!» деген жауап берілді. Сонда пайғамбар: «Өзінің үйінен дәретін алып, мешітте намаз оқитын адамның хақысына илаһи періштелер дұға тілеп: «Құдай! Оны кешіре гөр! Құдай, оған рақым ет!» дейді" деген екен. 

Mosque 

Дененің тазалығының рухтың тазалығының алғашқы кезеңі екендігі белгілі. Сол себепті мұсылман адам дене тазалығы арқылы рухының тазалығына жетуді мақсат етуі керек. Себебі негіз – адамның рухы мен жанының тазалығында. ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни «Тәубе» сүресінің «Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді» деген 108-шы аятын баяндағаннан кейін рух тазалығының денеден басымдылығы туралы айтқан сөзінде: «Пәк жүректі сопы намазда қасиетті шариғаттың сыртқы тазалық пен пәктікті сақтау бұйрығы арқылы ішкі ластық пен жанның ластығының дененің сыртындағы ластық пен нәжістен соншалықты көбірек екендігін түсінеді» деді. Мистик ақын Моулави былай дейді: 

Мына сыртқы нәжіс сумен жуса кетеді,

Ана ішкі нәжіс арта түседі.

Мына нәжістің иісі жиырма қадамнан сезілсе,

Ана нәжістің иісі Рейден Шамға дейін жетіп, аспандарға да жетеді.

Сол себепті де жүрек пен жанның тазалығына дене мен киімнің тазалығынан көбірек мән беріледі.

 

"یَا بَنِی آدَمَ خُذُوا زِینَتَکُمْ عِندَ کُلِّ مَسْجِدٍ..."

«Ағраф» сүресінің 31-аятында: «Әй, адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар. (Киініңдер).

Бұл аят дұрыс әрі жақсы киінуді мүміндердің мешітке бару әдептерінің бірі деп атайды. Бірақ әдепті сақтау мен құлшылық та адамды қонаққа барғанда мүмкіндігінше өзінің бойын жөндейтіндігі сынды өзінің Құдайы мен Жаратушысының алдына келгенде де сондай болуға міндеттейді. Рауаятта имам Хасан Моджтабаның намаз оқитын кезде үстіне өзінің ең жақсы киімдерін кигені айтылған. Ол хазіреттен: «Уа, Алла елшісінің перзенті! Намаз оқитын кезде неліктен ең жақсы киімдеріңді киесің?» деп сұрағанда хазірет: «Құдай сұлу. Ол сұлулықты жақсы көреді. «Соджуд» кезінде өздеріңнің зейнеттеріңді сақтаңдар. Мен де өзімнің Пәруәрдігерім үшін үстіме ең жақсы деген киімдерімді кигенді жақсы көремін» деген.

Имам Әлиден жеткен рауаятта да таза киім киюдің қайғы-мұңды жоятындығы әрі намаз оқу үшін де жақсы екендігі айтылған. Сол себепті тазалықтың маңызды әсерлеріне адамның қайғысы мен мұңын кетіруі жатады.    

Пайғамбар мен пайғамбар әулетінің өмір сүру тәсілдерінде ол пәк тұлғалардың әтірді пайдаланғандары көп байқалған. Бұл жайында олардан әсіресе жамағат намазына қатысқанда әтірдің жұпар иісінің шығатындығы айтылған. Имам Садық былай дейді: «Жұпар иіспен оқылатын намаздың сауабы жай жағдайда оқылатын 70 намаздан жоғары». Имам Садық та ислам пайғамбарының «Жұпар иіс жүректі күшейтеді» деген сөзін нақыл еткен.

Бірақ, тазалық туралы айтылғандай, зейнет те материалды денемен шектелмейді. Зейнет – сыртқы түрді әсемдеу, рухани әсемдік пен шыншылдық, Құдайды естен шығармау, мойынсұну мен жуастық сынды сипаттарға ие болудың кіріспесі. Бұлар мешіттегі зейнеттің маңызды көрсеткіштері. Рауаятта Құдайдың Иса Бен Мариямға уәхи түсіріп: «Исраил қауымына таза жүректерсіз, тәубаға келген көздерсіз және таза қолдарсыз менің ешбір үйіме енбесін деп айт» дегені айтылған. Сондықтан жоғарыда айтылған рауаятқа сәйкес, нағыз зейнет деген үш нәрсе: біріншіден, жүрек барлық ластықтар мен күнәлардан алыс болып, тазалықпен әшекейленуі керек; екіншіден, көздер Хақтың алдында тәубеге келумен көркемделіп, барлық қиянаттардан таза болуы керек; үшіншіден, қолдар да харам дүниеге ластану мен лас күдік-күмәндардан таза болуы керек.  

Бағдарламаның осы бөлімінде де алдыңғы екі бағдарламада баяндаған мұсылмандардың ең үлкен мешіті әл-Харам мешітінің кейбір бөліктерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Қағбаның ғимараты қара, қатты тастардан салынған. Олар ғимартаттың үстінен пердені ашқанда көрінеді. Қағба хижри қамари жыл санағы бойынша 1040 жылы қайта салынғаннан осы уақытқа дейін қалған қасиетті құрылыстың тастарының көлемі әртүрлі. Олардың ең үлкенінің ұзындығы – 190 см, ені – 50 см, биіктігі – 28 см. Ең кішкентайының ұзындығы – 50, ені – 40 см. 

curtain

Алғаш рет хазірет Ибраһимнің перзенті Ысмайыл Құдайдың үйіне құрмет білдіріп және оның қабырғаларын нұқсан келуден сақтау мақсатында Қағбаның үстіне перде жапқан болатын. Қағбаның пердесі соңғы ғасырларда қара түсті болды. Оның жазулары алтынмен апталғандай жазылған. Бірақ кейбір жерлерінде басқа да түстер қолданылады. Қағбаның пердесі жыл сайын зихиджа айында қажылар Арафа шөліне баратын кезде ауыстырылады. Қағбаның ішінде де перде бар. Ол жылына бір рет ауыстырылғанымен, бұл перде күннің астында тұрмағандықтан және зияратшылардың қолдары жетпейтіндіктен оңайлықпен оңып, тозып кетпейді. 

curtain

Әл-харам мешітінің келесі компоненті – Зәмзәм бұлағы. 

Zamzamwell

Бұлақ Хаджар ал-Асвад жақта, Қағбадан 21 метр қашықтықта орналасқан. Зәмзәм бұлағының пайда болуы туралы мынадай рауаят бар: «Хазірет Ибраһим Құдайдың әмірімен зайыбы Хаджар мен перзенті Ысмайылды Меккенің апшыны қуырған ыстық шөл даласына әкеліп, оларды Құдайға тапсырған кезде біраз уақыттан кейін Хаджардың қолындағы суы таусылып, Хаджар су іздеп, Сафа мен Марве тауларының арасын жүгіріп, жеті рет айналып шығады.

Бірақ үмітсіздікпен баласына қайтып оралған кезде кенеттен илаһи ғажайып орын алып, Ысмайылдың аяғының астынан бұлақ пайда болып, су атқылай бастайды. Хаджар суға: «Зәмзәм», яғни «тоқта» дейді. Торсыққа құйып алмастан бұрын су жерге сіңіп кетер деп, бұлақтың айналасына аздап топырақ пен тас төгеді. Біраз уақыттан кейін Джорһум тайпасының адамдары бұл аймақта судың бар екенін түсініп, ол құдыққа айналған соң ішінде суы мол бұлақтың маңына қоныстайды. Басында сол жерді сумен «Зәмзәм» құдығы қамтамасыз ететін, бірақ біртіндеп, оның айналасында басқа да құдықтар пайда болды. Шын мәнінде жыл сайын Құдайдың үйін зиярат ету үшін Меккеге келетін адамдардың көптігі сумен қамтамасыз ету үшін көбірек талпыныстың жасалуын қажет етті. 

Сол себепті ислам дінінен бұрын Меккедегі маңызды мансаптардың бірі «сеғайат», яғни су беру болды.

Ислам пайда болған кезде қажыларға «Зәмзам» бұлағынан су беру Аббас Бен Абдолмуталебтың қолында болды. Исламнан кейін де Аббас Бен Абдолмуталеб «Зәмзәм» суының алғашқы сағаханесін, яғни су беретін жерді әл-Харам мешітінің бағандары мен мақамның арасында салды. Бұл сағехана кейінірек кеңейту жұмыстарына байланысты әл-Харамның шығысына ауыстырылды. 1955 жылы «Зәмзәм» құдығына су тартатын мотор орнатылды.Уақыттың өтуімен және Құдайдың үйіне келетін зияратшылардың санының артуымен әл-Харам мешітінің кесенесінде өзгерістер жасалды. 1964 жылы Қағбаны тәуәп етушілердің кептелісінің алдын алу үшін «Зәмзәмның» құрылғысы жертөлеге ауыстырылды. Сол өзгерістерде Зәмзәм құдығы әл-Харам мешітінің беткі жерінен шамамен 5 метрдей тереңдікке орналастырылып, оның бір метрлік ауыз беті екі жарым метрлік көлемге үлкейтілді. Соңғы жылдары Зәмзәм суының орынын бұзып, оның суын сыртқа шығарғаннан кейін әл-Харам мешітінің аумағынан тысқары апарып, тазалаудан өткізіп, салқындатқаннан кейін қайтадан әл-Харам мешітіне тасымалдайтын болған.

Zamzamwell

Зәмзәм суының маңызы мен оны ішудің артықшылығы туралы көптеген рауаяттарда айтылған. Исламның пайғамбары «Зәмзәмды» әлемдегі ең артық құдық деп атаған. Хазіреттің өзі көбінесе сол суды пайдаланып, соны ішіп, қай жерде болса да ішуге және дәрет алу үшін сахабаларынан әкелуді сұрайтын.

Мұсылмандардың Үлкен қажылық немесе Кіші қажылық парыздарын орындаған соң зәмзәм суынан тәбәрік ретінде өз елдері мен қалаларына апару дәстүрге айналған. Себебі ислам пайғамбары да біреуге сыйлық бергісі келгенде оған зәмзәм суын ішкізетін.