Қар 12, 2016 18:06 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 28

Йеменге қарсы рақымсыз әрі әділетсіз соғыста Сауд режимінің қолынан бейкүнә балалар мен қорғансыз әйелдер қырылуда. Бірақ адам құқығы туралы уәж айтатын елдердің болмысын кейбір Батыс үкіметтерінің осы жабайы қырғынды қолдап отырғаны әшкерелейді.

Ұлыбританиялық The Guardian газеті осыдан біраз уақыт бұрын өз мәліметінде Сауд Арабиясының үкіметін йемендік әскери емес халықты нысанаға алып, мақсатты түрде қырып жатқаны үшін айыптады. The Guardian газеті мәлімдемеде БҰҰ  сынды ұйым мен соғыс алаңдарынан алынған сенімді мәліметтерге сүйеніп: «Сауд Арабиясының әскери  ұшақтары Йеменге қарсы шабуылдарында көбінесе әскери емес аймақтарды нысанаға алады»,- деп жазды. Осы мәлімдемеде  2015-ші жылдағы саудиялық ұшақтардың тоғыз мыңнан астам шабуылдары зерттеліп, 3600-нан астам рет базарлар мен тұрғын үйлердің, мешіттер мен мектептердің, спорт орталықтары мен жоғары оқу орындарының нысанаға алынғандары жарияланды.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдары

Сауд Арабиясының Йеменнің жазықсыз халқына қарсы шабуылдарынан кейін осыдан біраз уақыт бұрын Сауд Арабиясын балаларды өлтірушілердің тізімінен шығарған  Пан Ги Мун  бұл жолы саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменнің Хадиде портына жасаған шабулы мен жазықсыз балалар мен әйелдердің қырылуын айыптады. БҰҰ Бас хатшысы өз мәлімдесінде: «Йемендегі қақтығысып жатқан тараптарға халықаралық заңдарға сай міндеттерін толық орындау қажеттігін тағы да ескертемін»,- деп жазды.

Пан Ги Мун өз мәлімдемесінде сонымен бірге Йемен азаматтары мен сол елдің инфрақұрылымдарын қорғауды қуаттады.

Ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, Сауд Арабиясының Хадидеге жасаған жуырдағы шабуылында кемінде 25 адам өліп, 70 адам жарақат алған.

 Йеменге қарсы рақымсыз әрі әділетсіз соғыста Сауд режимінің қолынан бейкүнә балалар мен қорғансыз әйелдер қырылуда. Бірақ адам құқығы туралы уәж айтатын елдердің болмысын кейбір Батыс үкіметтерінің осы жабайы қырғынды қолдап отырғаны әшкерелейді. Бұл үкіметтердің ішінде Ұлыбритания үкіметінің  әшкере әрі арсыз қолдаулары мен Йеменнің қорғансыз халқын қырып-жоюда ынтымақтастық жасауы тіпті бұл елдің өзінің адам құқығы белсенділерінің көбінің ашу-ызасына себеп болды.

Йемен  соғысы

Ұлыбритания Еуроодақтың Йемен соғысындағы әскери емес адамдардың қырылуына қатысты халықаралық тәуелсіз зерттеу жүргізуіне кедергі жасады. The Guardian газетінің ғаламтор базасының мәліметі бойынша, бұл зерттеулерді жүргізудіді БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіне Голландия ұсынған. Олардың мақсаты Сауд Арабиясының соғыс қылмыстарын зерттеу болды. Осы ұсыныс бойынша мамандар тобы Йеменге аттанып, әскери емес қарапайым халықтың жағдайы мен адам құқығының бұзылуы туралы мәлімет жинамақ болған. Бірақ Ұлыбритания бұл зерттеулерге кедергі жасады.

 Борис Джонсон

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі  Борис Джонсонның пікірінше, Йемендегі өзгерістер туралы хабар жеткізетін дереккөздер бар, сондықтан мұндай зерттеулерді жасаудың қажеті жоқ. Лондонның бұл ұстанымдары адам құқығы мәселесімен айналысатын органдардың сынына ұшырады. Сонымен бірге Йемендегі әскери емес адамдарға қарсы қылмыстардың жалғасуына қатысты алаңдаушылықтарды арттырды. Ұлыбритания үкіметі Йемендегі соғыс қылмыстарын зерттеуге кедергі жасағаннан кейін Адам құқығы инспекторлары ұйымы мен адам құқығын қолдайтын басқа да кейбір топтар  БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіне хат жолдап, Йемендегі шындықты біліп, бұл елдегі адам құқығының бұзылуы туралы нақты мәліметтерге ие болу үшін халықаралық зерттеулер жүргізуді талап етті. Бұл хатта Йемендегі қылмыстарға жауаптылардың заңға сай жауапқа тартылуы қажеттіліктері қуатталды.

Халықаралық Амнистия ұйымы басшыларының бірі: «Халықаралық зерттеулерге кедергі жасау соғыстан көп қиындық көрген Йемен халқына қиянат жасау болып табылады. Бұл жан түршіктірерлік мәселеде Ұлыбритания қару шығаратын компаниялардың емес, әділет пен жауапкершілік жаққа шығуы керек»,- деді.

 Қару саудасына қарсы үкіметтік ұйымның мамандарының бірі Андре Смит те Ұлыбритания қаруының өткен 18 айда Йеменді жойып жібергенін айтты. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі биылғы жылдың қыркүйек айының бесі күнгі Парламенттің отырысында: «Сауд Арабиясына қару сату жалғаса алады. Өйткені адам құқығы туралы халықаралық заңдардың бұзылуына қатысты ешбір дерек жоқ»,- деді.

 Сауд Арабиясының Йеменге шабуылын бастағаннан бір жарым жыл өткен кезде шамамен 10 мың йемендік, соның ішінде әйелдер мен балалар көп қаза болды. Сауд Арабиясы осы кезге дейін сан рет мектептер мен ауруханаларды, тұрғын үйлер мен жолдарды, базарлар мен босқындардың панажайларын бомбалады. Халықаралық Амнистия ұйымы осыдан біраз уақыт бұрын Йеменнің солтүстігінде Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының АҚШ, Ұлыбритания мен Бразилияда шығарылған, қолдануға тыйым салынған кассеталық бомбаларды пайдаланғандары туралы мәлімдеген  болатын.

Сауд Арабиясының шабуылдары

Мәліметтер 1394-ші жылдың фарвардин айында Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдары басталғаннан бері Ұлыбританияның Сауд Арабиясына шамамен 3 миллиард фунтқа қару сатуға рұқсат бергенін көрсетеді. Қару саудасымен күрес комитетінің ресми мәліметтері бойынша Сауд Арабиясы Ұлыбританиядан ең көп қару сатып алатын ел. Бұл ел 2010-шы жылдан бері 6 миллиард 700 миллион фунтқа қару сатып алған.

Статистика Йеменде соғыс басталғаннан бері Ұлыбританияның Сауд Арабиясына  шамамен 4,3 миллиард долларға қару-жарақ экспорттағанын көрсетеді. Ұлыбритания үкіметі  2015-ші жылдың сәуір айынан 2016-шы жылдың наурыз айына дейін Сауд Арабиясына 2,2 миллиард фунтқа ұшқышсыз ұшақ, тікұшақ және басқа да әуе жабдықтарын сату туралы келісімдерге қол қойды.

Ұлыбританияның қарулары Йемен халқының қырылуына себеп болуда

Ұлыбританияның The Telegraph газетінің мәліметі бойынша, Сауд Арабиясы Йеменге қарсы шабуылдарында Ұлыбританияда жасалған әсери ұшақтарды пайдаланады. Бұл әскери ұшақтардың біразы бұған дейін Ұлыбританияның әскери әрекеттерінде пайдаланылған. Аталмыш газет Йеменді бомбалау үшін күнделікті жүз ұшақтың қатысатынын, олардың елуінің Ұлыбританияда жасалынғаны туралы хабарлады. Ұлыбританиялық қарудың Сауд Арабиясына сатылуы туралы хабар таралған соң адам құқығы саласының белсенділері бұл әрекетке қарсылық білдірді. Содан соң Ұлыбритания Парламентінің өкілдері алаңдаушылық білдіріп, министрлеріне сұрақтар қойып, Сауд Арабиясына қару сатуды төқтату жөнінде Парламент екі отырыс өткізді. Бірақ Ұлыбритания үкіметі Сауд Арабиясына қару сатуын тоқтатпайтынын мәлімдеді. Өйткені Ұлыбританияның пікірінше Сауд Арабиясы халықаралық заңдарды бұзған жоқ.1

Ұлыбритания үкіметі Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғыс қылмыстарына қатысты алаңдаушылықтардың артуына қарамастан экономикалық мүддесін ойлап, Риядқа қару сатуды тоқтатқысы келмейді. Алайда одан да маңызды мәселе Ұлыбританияның әскери мамандары мен әскери кеңесшілерінің саудиялықтардың әскери штабында орналасуы саналады. Осындай жағдайға қарамастан Ұлыбританияның Қорғаныс министрі бұл елдің әскери кеңесшілерінің Сауд Арабиясының Йемен халқына қарсы шабуылдарына қатысуын мойындамайды.

Ұлыбритания Сауд басшыларын қолдайды

 Ұлыбританиялық әскери кеңесшілер саудиялықтардың әскери штабында қандай жұмыс атқарады деген сұрақ туындайды. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы бұл туралы: «Біздің әскери кеңесшілеріміздің шабуылдардың мақсаттарын анықтауға қатысы жоқ. Олар тек халықаралық заңдарға сәйкес саудиялықтарға қажет кеңестерді береді»,- деді.