Аптаның экономикалық журналы (88)
Теһран осы аптада бірнеше экономикалық делегацияны қабылдады.
Бельгияның Фландрия аймағының премьер-министрі осы елдің белсенді сауда компанияларының 140 өкілінен құралған делегацияны басқарып, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту туралы сұхбаттасу үшін Теһранға сапармен келді.
Бельгияның Фландрия штатының премьер-министрі Гаррет Буржуа Иранның Инвестициялар және экономикалық-техникалық көмектер ұйымының директоры Мұхаммад Хазаимен кездесуінде Иранның беделінің артуы мен осы елге қатысты қауіп-қатердің төмендеуіне ризашылық білдірді.
Италияның Милан қаласының Сауда палатасы Ломбардия облысының Иранға экспортының артқанын және жақында бір италиялық сауда-өнеркәсіптік делегацияның Теһранға сапармен келетінін жариялады.
Ломбардия облысының суландыру жүйелері, суды тұщыландыру инфрақұырылымдары, мұнай-химия, фармацевтика, мұнай және газ, көлік жасау, инфрақұрылымдық жабдықтар бөлімдеріндегі белсенді 25 компаниясы 12 қараша күні ирандық компаниялармен байланыс орнату үшін Теһранға келді.
Милан қаласының Сауда палатасы 2016 жылдың бірінші алты айында Италияның солтүстігіндегі Ломбардия облысының Иранға экспортының 266 миллион доллардан асқанын, бұл көрсеткіштің өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда экспорттың 27 пайызға артқанын көрсететінін айтты.
Түркияның Экномика министрі Нихат Зибекчи осы аптада делегацияны басқарып, Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейту жолдарын зерттеу үшін Теһранға келді. Ол сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Түркия жақын болашақта шекаралас аймақтарда осы елдің сауда кеңселерін ашады. Солардың арасындағы Теһран кеңсесі алғашқы кеңсе болмақ» деді.
Зибекчи Иран мен Түркияның сауда қатынастарының деңгейін 30 миллиард долларға жеткізу мақсатына тоқталып: «Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваезимен отырыста екі елдің ортақ экономикалық комиссиясының төрағалары ретінде осы мақсатқа жету үшін әрекет етуді ұйғардық» деді.
Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі мен Түркияның Экономика министрінің кездесуінде сонымен қатар екі елдің ынтымақтастқтары, соның ішінде, сауда, кеден, банк ісі, тасымал және туризм салаларында әріптестік жасау жолдары қарастырылды.
Нихат Зибекчи Түркияның Экономика министрлігінің осы елдің үкіметтік банктік және қаржылық мекемелеріне жауапты тарап ретінде Иранның инфрақұрлымдық жобаларына қатысу мақсатында түркиялық делдалшылардың кіруін жеңілдетуге бар күшін салатынын қуаттады.
Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири де Түркияның Экономика министрі Нихат Зибекчимен кездесуінде Иранның Түркиямен қарым-қатынастарын шектеусіз түрде кеңейтуге мүдделі екенін қуаттап: «Екі елдің халықтары Иран мен Түркияның ортақ ынтымақтастық комиссияларының екі елдің байланыстарының, әсіресе, банктік саладағы байланыстарының жолындағы кедергілерді жоюын күтіп отыр» деді.
Иран мен Аустрияның экономикалық форумы осы аптада Теһран Сауда палатасы төрағасының орынбасары Джаһангири, Аустрияның елшісі, Аустрияның Форарльберг Сауда палатасының төрағасы және екі елдің экономикалық белсенділерінің қатысуымен Теһранның Сауда палатасында өтті.
Екі елдің сауда айналымының мөлшері өткен жылы шамамен 324 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылып, аустриялық түрлі делегациялар Иранға келіп-кеткеннен кейін 1395 жылдың алғашқы жеті айында өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда екі елдің сауда айналымында көзге көрінерліктей өсімнің болмағанын және екі елдің сауда қатынастарына бөгет болып тұрған кедергілердің бар екенін көрсетеді.
«Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін Ирандағы экономикалық жұмыстар кеңейтіліп жатыр. Осы уақыт аралығында Иранға 200-ден астам экономикалық делегация келіп, 17 елмен сауда-экономикалық байланыстар қайта жандандырылды. Сондай-ақ, өнеркәсіп, тау-кен, мұнай және газ, туризм, энергетика бөлімдері бойынша құны 4 миллиард долларды құрайтын 80 шетелдік инвестициялық меморандумға қол қойылды. Соның ішінде 60 жайт келісімге қол қойылумен, ал 30 жайт жүзеге асырылумен аяқталды.
Осындай жағдайда экономикалық ынтымақтастықтардың кеңеюі жолындағы басты кедергілердің бірі банктер мен қаржылық ұйымдар арасында лайықты байланыстардың болмауы саналады. Әлемдік алпауыт елдердің қысымында тұрған бұл ұйымдар біржақты санкциялардың салынуына әлі де алаңдап отыр. Бұл мәселе Иранның әлеммен экономикалық қарым-қатынастары мен Иранның Әлемдік Сауда ұйымындағы мүшелігінің қарқынының азаюына себеп болды. Өкілдіктер ашу, ирандық банктердің акцияларын сатып алу, еркін сауда аймақтарында бөлімшелер ашу сияқты банктік байланыстар мен ынтымақтастықтарды қайта жандандыру және кеңейту екі елдің арасындағы сауда айналымының деңгейін көзге көрінерліктей дәрежеге арттыра алады.
Аустрияның Теһрандағы елшісі Фридирх Штифт екі елдің сауда-экономикалық форумында сөйлеген сөзінде: «Аустриялық банктер Иранға қайтып келуді көздеп отыр. Жақында аустриялық банктердің бірі ирандық және аустриялық компанияларға қызмет көрсету үшін Иранда өкілдігін ашады» деді.
Иран мен Тәжікстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми және техникалық ортақ комиссиясының 11-ші отырысы осы аптада Иранның Энергетика министрі мен Тәжікстанның Энергетика және су қорлары министрінің жетекшілігімен Теһранда өтті.
Иранның Энергетика министрі Хамид Читчиан дүйсенбі күні Теһранда Иран мен Тәжікстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми және техникалық ортақ комиссиясының 11-ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Тәжікстанның жеке секторларының ынтымақтастықтарын жандандырып, кеңейтіп, кәсіпкерлердің ортақ кеңесін құру арқылы кедергілерді жойып, екі елдің сауда палаталары шынайы түрде әрекет етуі қажет» деді.
Тәжікстанның Энергетика және су қорлары министрі Османали Османзада да осы отырыста екі ел арасындағы импорт пен экспорттың мөлшеріне тоқталғаннан кейін, екі елдің сауда мөлшерінің артатындығына үміт білдірді. Осы аяда министрлер екі елдің энергетика, білім беру, тасымал, байланыс, техникалық-кәсіби білім беру салалары бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қазіргі кезде екі елдің түрлі салаларда, соның ішінде, энергетика, өнеркәсіп және сауда бөлімдеріндегі ынтымақтастықтарын кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктер бар.
Тәжікстанда Иранның әріптестігімен ірі жобалар жүзеге асырылды. Екі елдің солтүстіктен оңтүстікке қарай жүк тасымалын жеңілдеткен Анзоб тоннелінің салынуы және Сангтуда-2 тоғаны мен электр стансасының салынуы осы жобалардың қатарына жатады. Иранның кәсіби-техникалық компаниялары Тәжікстанның су және электр қуаты өндірісін кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктерге ие.
Иран мен Тәжікстанның діни, мәдени, тарихи және тілдік тұрғыдан көптеген ортақтастықтары бар. Сол себепті Тәжікстан Иран онымен көп ынтымақтастық жасауды қалайтын елдердің бірі болып табылады.
ИИР-ның Сыртқы істер министрінің Ливанға сапары барысында Иран мен Ливанның ортақ отырысы өтті.
Иран мен Ливанның қарым-қатынасы өткен жылдары дамуға бет алған болатын. Ливандағы билік дағдарысы басталғаннан екі жарым жыл өткеннен кейін "Болашақ үшін қозғалыс" партиясының төрағасы Саад Хариридің Хезболла партиясы қолдаған үміткер генерал Мишель Аунды қолдайтынын мәлімдегеннен кейін ол президент болып сайланды.
Бұл өзгеріс Иран мен Ливанның экономикалық қарым-қатынастарының дамуы мен Иранмен сауда қатынастарының басталуына әсер ететін болады.
Өткен бір жыл ішінде Ливанның 150 адамнан құрылған бірнеше жоғары дәрежелі делегациясы Иранға келіп, ирандық үкіметтік және жеке сектордағы басшылар және кәсіпкерлермен келіссөздер өткізді.
Ирандық тараптан да бір экономикалық делегация Бейрутке сапар шегіп, инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру мақсатында семинар өткізді. Сондай-ақ, жуырда Бейрутте ирандық автокөліктердің мамандандырылған көрмесі өтті.
Жасалынған басқа жұмыстардың қатарына ливандық кәсіпкерлер мен компанияларының 22 адамдық делегацияның екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылау мақсатындағы Иранға сапарын, Ливанның Қаржы министрі Әли Хасан Халил мен жеке сеткордың 25 адамдық делегациясының Теһранға сапарын, Ливанның Экономика министрі Алан Хаким мен 33 адамдық делегацияның екі елдің ортақ экономикалық комиссиясының 7-ші отырысын өткізу мақсатындағы Теһранға сапарын, Ливанның Өнеркәсіп министрі Хосейн әл-Хадж Хасанның 60 адамдық делегацияны басқарып, Теһранға сапармен келуі мен ирандық автокөліктердің Бейрутте мамандандырылған көрмесінің өткізілуін жатқызуға болады.
Иран мен Тогоның Сыртқы істер министрлері осы аптада Теһранда екіжақты қарым-қатынастар, экономикалық, аймақтық және халықаралық мәселелер, лаңкестікпен күрес бойынша ынтымақтастықтарды кеңейту жолдары туралы сұхбаттасты.
Бір делегацияны басқарып Теһранға келген Тогоның Сыртқы істер министрі Роберт Даси жексенбі күні ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, сұхбаттасты.
ИИР Президенті Хасан Рухани да Тогоның Сыртқы істер министрі Роберт Дасимен кездесуінде екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттаумен қатар, африкалық елдердің ИИР үшін ерекше маңызға ие екенін айтып: "Иран мен Того екі елдің мүмкіндіктері мен біліктілігін өзара экономикалық, сауда және саяси ынтымақтастықтарын кеңейту үшін пайдалана алады" деді.
Роберт Даси ирандық компаниялардың түрлі бөлімдерде, соның ішінде, өнеркәсіп, тау-кен өндірісі және инфрақұрылымдық істердегі жоғары мүмкіндігін қуаттап, өз елінің экономикалық салалардағы Теһран-Ломе ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделі екенін айтты.
Арменияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Ашот Манукян өткен жұма күні Иранның Еревандағы елшісі сейіт Казем Саджадимен кездесуінде электр қуатын жөнелтуге арналған үшінші желінің құрылысы, Иран, Армения мен Грузияның электр қуаты желілерінің қосылуы, Армениядан Еуропаға газ транзиті, жел электр стансаларының құрылысындағы серіктестік бөлімдеріндегі екі елдің ынтымақтастықтары туралы пікір алмасты.
Саджади Манукянның Иран мен Арменияның ортақ ынтымақтастық комиссиясының армениялық басшысы ретіндегі жауапкершілігіне тоқталып, екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту үшін мүмкіндіктерінің көп екенін айтып, алдағы желтоқсан айында Теһранда өтетін осы комиссияның 14-ші отырысында түрлі мәселелерді күн тәртібіне қоюға болатынын қуаттады.
Иран мен Арменияның сауда-экономикалық әріптестіктері де артып келеді.
Иранның солтүстігіндегі Гилан облысының әкімі Мұхаммадали Наджафи сейсенбі күні Рашт қаласында Арменияның елшісі Арташес Туманянмен кездесуінде Иран мен Армения байланыстарының жоғары деңгейде тұрғанын баяндап: "Екі елдің ауылшаруашылық, мал және құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, сауда және туристік бөлімдердегі ынтымақтастықтарын кеңейту үшін қажетті жағдай жасалды"деді.
Арменияның Ирандағы елшісі екі елдің әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрі мен географиялық жақындығына сілтеме жасап: "Ғылыми, сауда-саттық және өнеркәсіптік салаларындағы екіжақты қарым-қатынастар деңгейін көтеру үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді пайдалану керек" деді.
Ереван мен Теһранның түрлі салалардағы байланыстарын кеңейту қатынастарды кеңейту үшін жарқын көкжиек тудырды. Ортақ ынтымақтастықтар комиссиясының отырысы өткеннен кейін екіжақты байланыстар кеңейетін болады. Кавказ аймағындағы геосаяси жағдайға ие Армения батысында Түркиямен, солтүстігінде Грузиямен, шығысында Әзірбайжан Республикасымен, оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Бұл жағдай екі елдің байланыстарын жан-жақты дамытуға көмектеседі.
Иран Таяу Шығыс аймағындағы мұсылман елдерді ақуызды халал өнімдермен қамтамасыз ете алады. Бұл мүмкіндігін Иран Теһрандағы азық-түлік өнімдерінің көрмесінде жұрт назарына ұсынды.
Теһранда Халықаралық мамандандырылған ақуызды өнімдер мен жанама өнеркәсіптердің мамандандырылған көрмесі өтті. Бұл көрме ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы ақуызды өнімдер өнеркәсібінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету, әлемнің мұсылман елдерін, әсіресе, Таяу Шығыс, ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінің тұтыныс нарықтарын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
Аталмыш көрмеде жергілікті компаниялар мен Аустралия, Испания, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Финляндия, Гонконг, Грекия, Болгария, Әзірбайжан, Ливан, Нидерланды және БАӘ-нен келген 34 шетелдік компанияның 85 павильоны қатысты.
12-ші Халықаралық Тау-кен өндірісі, құрал-жабдықтары мен жанама өнеркәсіптер көрмесі осы аптада Теһранның халықаралық тұрақты көрмелер мекенінде өтті.
Иранның 16-шы Халықаралық энергетика өнеркәсібінің көрмесі 645 жергілікті және шетелдік компаниялардың қатысуымен Теһранның халықаралық тұрақты көрмелер мекенінде өткізілді.
8 қараша күні аяқталған Иранның 16-шы Энергетика өнеркәсібінің көрмесінде 350 ирандық компания энергетика өнеркәсібінің түрлі бөлімдеріндегі өздерінің соңғы жетістіктерін жұрт назарына ұсынды.