Қар 15, 2016 16:16 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағины» кезіндегі хазірет Зейнабтың рөлі

Хазірет Зейнаб – имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.)-ның қызы. Ол Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі немересі. Ол Ашура оқиғасынан кейін «Арбағин» күні өзінің шарықтау шегіне жеткен маңызды рөлін атқарып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысын ұмытылмайтындай қорғап, хазірет пен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің велаятын жалғастыру жолында күшін аямады.

 Имам Хусейн (ғ.с.)-ның Арбағині

Cафар айының 20-шы жұлдызы – имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің қырқы – «Арбағин» күні. Бұл күні мұсылмандар аза тұтып, Исламның өмірінің хазіреттің шәһид болуына борыштар екендігі туралы ойланады. «Арбағин» «Ашура» күні Хусейн бен Әли (ғ.с.) мен адал серіктерінің  шәһид болғандығын еске салады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның «Арбағині» Ислам діні мен Құран тағылымдарын қорғау үшін  өздерінің барлық мал-мүлкі мен жандарын қиып, тек Хақ пен шындыққа жетуді өз өмірлерінің үлгісі еткен адамдардың жанкештілігі мен ерлігін көрсетеді. «Ашура»  мен «Арбағин» күндерінің арасындағы оқиғалардағы хазірет Зейнабтың рөлі өте маңызды. Кербала оқиғасында маңызды рөл атқарған хазірет Зейнаб имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы мен көтерілісін жалғастыруда да еш күшін аямады. Хазірет Зейнаб – имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.)-ның қызы. Ол Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі немересі. Ол Ашура оқиғасынан кейін Арбағин күні өзінің шарықтау шегіне жеткен маңызды рөлін атқарып, имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысын ұмытылмастай қорғап, хазірет пен Исламның ұлық пайғамбары  әулетінің велаятын жалғастыру жолында  күшін аямады.

Хазірет Зейнаб 40 күн Язидтің қамауында болғанына қарамастан, ерлігі және батылдығымен, өз беделін сақтап, бүкіл қисынды дәлелдерді пайдаланып, «Ашура» мен Кербаланың мақсаттарын қорғауға талпыныс жасады. «Ашура» күні Язидтің сарбаздары өздерінің адамдарының мәйіттерін жерледі. Бірақ имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің әулеті және адал достарының пәк мәйіттері жерде қалып қойды. Язидшілер Кербаладан кетер кезде имам Хусейн (ғ.с.)-ның әулетін, яғни әйелдері, аналары мен апа-қарындастарын шәһидтердің жерде қалған мәйіттерінің қасынан әдейі өткізді. Олардың мақсаты имам Хусейн (ғ.с.)-ның әулетіне сәтсіздікке ұшыраудың ащылығын көбірек татыру болды. Имам Хусейн (ғ.с.) дүние мен ақыреттегі ғиззатты мақсат етті. Язидшілер имам Хусейн (ғ.с.)-ды өлімінен бұрын және өлгеннен кейін әлсіз көрсетуге тырысты.

Олар әйелдер мен балаларды жақындарының бөлшектенген мәйіттерінің қастарынан өткізді. Шәһид болғандардың арасында әр әйелдің бауыры, жұбайы мен перзенті болды. Бірақ олардың жылаған немесе айқайлаған дауыстары естілмеді. Олар хазірет Зейнабқа қарап, оның артынан жүріп отырды. Хазірет Зейнаб имам Хусейн (ғ.с.)-ның бөлшектелген мәйітіне жеткен кезде хазіреттің пәк денесінен басының бөлініп қалуымен бірге бір сау мүшесінің қалмағанын көрді. Ол ақырын еңкейіп, тастар мен сынған найзаларды ағасының үстінен алып, екі қолын кескіленген денесінің астына қойып, оны көтеріп: «Уа, Алла! Мына құрбандықты қабыл ал!»- деді. Бұл имам Хусейн (ғ.с.) оның барлық болмысы болған әйелдің сөзі екенін барша жақсы білді. Алайда ол бұл сөзімен баршаға: «Біз Алланың және Оның дінінің жолында Хусейн (ғ.с.)-ды құрбан еттік»,- деп жариялады. Ол Алладан осы құрбандықтты қабылдауды сұрады. Язидтің жиынында ол хазірет Зейнабтан: «Құдайдың бауырыңа не істегенін көрдің бе?»- деп сұрағанда, ол: «Алламен ант етемін, сұлулықтан басқа еш нәрсе көрмедім! Олар Алла Тағала олардығ өлімдерін құрметтеген ерлер еді. Олар тынышты табатын мекендеріне қарай кетті»,- деп жауап берді. Хазірет Зейнабтың шәһидтер көшбасшысына осындай ұстаным білдіргенін көріп, басқа әйелдер де өз шәһидтерінің алдында міндеттерінің бар екендігін түсініп, сол кезді жылап, жоқтайтын уақыт емес, табандылық пен ұстамдылық көрсететін уақыт санады. Хазірет Зейнаб пен қасындағылары бұл іс-әрекеттерімен баршаға: «Біз имамның жолына хабардар әрі қырағы түрде шықтық. Егер Алланың діні бұдан да артық жанкештілікті қажет етсе, біз дайынбыз»,- деп жариялады.

Алламен ант етемін, сұлулықтан басқа еш нәрсе көрмедім!

Шам – Язид үкіметінің орталығы. Ол хазірет Зейнабтың сөзінің табандылығынан шайқалды. Күні кешеге дейін түрлі-түсті матамен безендірілген қала бірден қара жамылды. Осыдан біраз уақыт бұрын Кербаладағы қақтығыста жеңіске жеткендері үшін қуаныштарын жасыра алмаған Бани Умайенің таң қалған нөкерлері енді хазірет Зейнаб пен пайғамбар әулетінің қамауына түсті. Имам Әли бен Абиталеп (ғ.с.)-ның қызы хазірет Зейнаб ерліктің үлгісі болды.  

Ол тісіне дейін қарулы дұшпаннан қорықпай, оларға дауыс көтеріп, оларды кемсітті. Ибн Зиядтың жиынында хазірет Зейнаб оның сыртқы құдыреті мен билігіне қарамастан, оны әшкерелеп: «Бізді хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның набоватымен құрметтеп, жамндықтардан пәк сақтаған Аллаға ризалығымды білдіремін. Бұзақы әшкереленеді, жамандар өтірік айтады. Олар бізден емес»,- деді. Язидтің сарайында да ол: «Күнделікті өмірдің қысымдары мені сендей адаммен сөйлесуге мәжүр етті, бірақ сенің менің алдымда құның жоқ екенін біліп қой»,- деді. Язидтың оның алдында кішірейгені соншалықты, хазірет Зейнаб пен Ашура оқиғасының басқа куәлерін өзінің билік орталығынан алыстатудан басқа шешім таппады. Өйткені Дамаск Язид үкіметінің орталығы, басқа елдердің өкілдері мен елшілерінің, сонымен бірге жергілікті және шетелдік  саудагерлердің қарым-қатынас орнатқан  мекені саналды. Бұл Язидтің мүддесіне сай келмеді. Сондықтан ол хазірет Зейнаб пен қасындағыларын Мединеге қайтаруды бұйырды.

Тұтқындар керуені көптеген зорлық-зомбылықтармен кезігіп, Шамға жеткізілді. Бірақ  қайтарда да бұл қиындықтар азаймады. Язид басқа көтеріліс пен одан әрі әшкереленуінен  қорқып, керуен басшысы Неғман бен Баширге Исламның ұлық пайғамбарының әулетімен санасып, қатынас орнатуды бұйырды. Осыған орай Неғман да Ашура оқиғасынан аман қалғандарының керуенін мақсат алған мекендеріне құрметпен жеткізуге талпынды. Куфеден Шамға қарай жүрген кезде әдейілеп  көптеген қалалардан өткізілген керуен қайтқан кезде оны қысқа жолмен және жылдам өткізіп, Кербалаға тез жеткізді. Керуеншілер  ерлік орын алып, қан төгілген далаға қайтып оралуды асыға күтті. Сондықтан өз мақсаттарына жету үшін жолдың барлық қиындықтарына төзді. Сөйтіп олар Арбағин күні, Кербала оқиғасынан қырық күннен кейін сафар айының 20-шы жұлдызында Кербала жеріне аяқ басты.

Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның қабірінің бірінші зияратшысы Джабер болды. Алла елшісінің сахабасы және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің жақтасы Джабер бен Абдолла Ансари имам Хусейн (ғ.с.)-ның Кербалада шәһид болғаннан қырық күннен кейін Кербалаға қадам басқан бірінші адам болды. Ол «Арбағин» күні имамға зиярат ету дәстүрін қалыптастырды. Бұл күні Джабермен бірге Кербалаға келген Атие Ауфи еді. Атие Джабердің қызметшісі әрі Құран тәпсіршісі болды. Атие Ауфи: «Джабер бен Ансаримен бірге имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабіріне зиярат жасау үшін Кербалаға келдім. Джабер Евфраттың су алатын жеріне жақындап, ғұсыл құйынып, үстіне жақсы киімдерін киді. Содан соң қасиетті қабірдің қасына оралды. Джабер әр қадамын басқан сайын Алланы еске алды. Содан соң ол менен қабірге жеткізуді сұрады. Мен оны қабірге жеткізіп, қолын қабірдің үстіне қойдым. Ол үш рет «Уа, Хусейн!» деп қайталап, есінен танып қалды. Есін жиысымен: «Уа, Хусейн! Неге маған жауап бермейсің?»- деп сұрап, өз-өзіне: «Тамағыңның тамырларын кесіп, басыңды денеңнен кесіп алған жағдайда қалай жауап бересің?...» деді. Куәлік етемін! Сен соңғы пайғамбардың перзенті әрі мүміндердің басшысысың! Саған Алланың сәлемі мен салауаты және ризалығы жетсін»,- деді»,- деп есіне алатын.

Содан соң Джабер имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктерінң қабіріне қарай аттанып, оларға: «Хусейн (ғ.с.)-ның жолында шәһид болғандарға сәлем! Сендердің намазды қалыптастырып, зекет төлеп, жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіруді орындап, өлгенше кәпірлермен күрескендеріңе куәлік етемін»,- деді.

Кербала Арбағин күні

«Арбағин» – хазірет Зейнабтың Кербалаға оралған күні. Хазірет Зейнаб қайғы мен қиындықтарға толы қырық күнді өткізді. Ол мұның барлығына қарамастан, абыройымен жеңіске жетті. Ол бұл қырық күндегі өз міндетін жақсы орындады. Бірақ имам Хусейн (ғ.с.)-ның басына түскен қиындықты көру хазірет Зейнаб  түгілі кез келген адамға қиын болды. Ол көптеген қиындықтарға төзді, соның ішінде дүрені денесімен сезіп,  балағат естіп, аштық пен тұтқындыққа шыдады. Бірақ олардың ешқайсы ол үшін бауырынан айырылудай  ауыр тимеді.  Бауырынан айырылу оны әлсіретті. Сондықтан ол Кербалаға жеткен кезде имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабіріне жақындап: «Уа, Алла елшісінің жүрегінің сүйіктісі!  Уа, Мекке мен Минаның перзенті! Хазірет Заһра мен Әлидің перзенті! Қайдасың!»- деп шақырды. Бұл қарапайым бірақ шын жүректен айтылған сөздер барлық жиналғандарға қатты әсер етіп, олардың көз жастары төгіліп, жылаған дауыстары естілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер