Сандар жаңылыспайды (11)
Алланың атымен бастаймыз! Туберкулез ауруына шалдыққан әрбір адамды емдеу үшін 142-146 доллар керек. Әлемнің түкпір-түкпірінде туберкулез ауруына шалдыққан 9 млн 600 мың адамға жалпы 140 млн-нан астам доллар қажет. Биылғы жылдың қараша айында АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын Республикашылдар партиясы мен Демократтар партиясының екі үміткерінің сайлау науқанына жұмсаған қаражаты әлем бойынша туберкулез ауруына шалдыққандардың барлығын 11 жыл бойы емдеуге жетеді.
TB деген атпен танымал туберкулез ауруы әлем бойынша жылына 2 млн. адамның өмірін қияды. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2014 жылы шамамен 9 млн 600 мың адам туберкулез ауруына шалдыққан екен. Туберкулез 15 пен 44 жас арасындағы әйелдердің бестен бірінің өліміне себеп болады. Әдетте кедейшілік пен туберкулез ауруының арасында тығыз байланыс бар. Туберкулез ауруына шалдыққандардың 95 пайызы табысы аз немесе орташа табысқа ие елдерге тиесілі. Бірақ африкалықтар басқа құрлықтардың тұрғындарымен салыстырғанда бұл ауруға көбірек шалдығады. Туберкулез ауруына шалдығу бойынша әлемдік норма әрбір 100 мың адамға 133-тен келеді. Алайда Африкада әрбір 100 мың адамға 281 адамнан келеді. Африкадағы жағдай бұл құрлықта СПИД ауруының таралуына байланысты ушыға түскен. Өйткені СПИД ауруына шалдыққан адамның туберкулез ауруына шалдығу коэффициенті қарапайым адамдардан 20-30 есе артық. СПИД пен туберкулез ауруының қосындысы Африка құрлығында жыл сайын көптеген адамның жанын алады. 2011 жылы туберкулез ауруын емдеудің біркүндік қаражаты 41 цент деп жарияланды. Осылайша туберкулез ауруына шалдыққан әрбір адамды емдеу үшін 142-146 доллар керек. Әлемнің түкпір-түкпірінде туберкулез ауруына шалдыққан 9 млн 600 мың адамға жалпы 140 млн-нан астам доллар қажет.
Біліп жүргендеріңіз жақсы, Биылғы жылдың қараша айында АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысатын Республикашылдар партиясы мен Демократтар партиясының екі үміткерінің сайлау науқанына жұмсаған қаражаты әлем бойынша туберкулез ауруына шалдыққандардың барлығын 11 жыл бойы емдеуге жетеді.