Қар 15, 2016 17:05 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (16)

Алланың атымен бастаймыз! Бүгінгі бағдарламада АҚШ тағы Президенттік сайлауға жұмсалған қаражаттың көлемін ауаны ластайтын газдарды жоюға бағытталған зерттеулерге көмектесуге қажет қаражатпен салыстырамыз.

Бір қарапайым салыстыру

Ауаны ластайтың газдарды көптеп шығару және соның салдарынан азон қабатының бұзылуы Жер планетасындағы адамдардың қоршаған ортасына өзгерістер енгізді. Ауыр климаттық өзгерістер әлемнің қиындықтарының біріне айналды. Жер астынан алынатын отындарды жағудан туындайтын ауаны ластайтын газдардың жиынтығы Жер планетасының температурасын арттырып, зиянды өзгерістерге алып келеді. Үлкен экономикаға ие елдер жер асты отындарын тұтынатын ең негізгі елдер болып табылады. Әлемдегі ең ірі экономикаға ие болып табылатын және 320 млн‑нан астам халқы бар АҚШ‑тың өзінде отын қолданатын 254 млн 600 мыңнан астам көлік тіркелген.

http://www.statista.com/statistics/183505/number-of-vehicles-in-the-united-states-since-1990/

http://www.povertyprogram.com/usa.php

Басқаша айтқанда, АҚШ‑та әрбір 5 адамға 4 көліктен келеді.

blogs.ei.columbia.edu/2015/12/11/what-is-the-u-s-commitment-in-paris/

АҚШ‑та көлік санының көп болуы осы елде 2015 жылы күніне 7 млрд‑тан астам немесе 19 млн 400 мың баррель мұнай өнімдерінің тұтынылуына себеп болды. Алайда АҚШ планетаның атмосферасының жылынуына көп әсер етсе де, әлемдік климаттың өзгеруімен күреске қатысты ең аз міндеттеме алып отыр. Соның ішінде 861 млн доллар көлемінде осы әлемдік мәселеге қатысты зерттеулерге көмектесуге уәде берген еді.

https://www.eia.gov/tools/faqs/faq.cfm?id=33&t=6

Бұл сома АҚШ‑тың екі үлкен партиясының 2016 жылы қарашада осы елде өтетін президенттік сайлаудағы өз үміткерлерінің үгіт‑насихаттарына бір жылдың ішінде жұмсаған қаражатының 52,7 пайызын ғана құрайды.