Қар 16, 2016 17:10 Asia/Almaty
  • Сандар жаңылыспайды (25)

Алланың атымен бастаймыз! АҚШ-тың Ақ үйіне кіруге үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына жұмсаған қаражаты әлем елдерінің ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың дағдарысқа ұшыраған аймақтарының балаларына арнаған бір жылдық бағдарламаларына бөлетін бюджетінің көлеміне жақын.

Бір қарапайым салыстыру

ЮНИСЕФ – БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен балалардың құқығын қорғау, олардың бастапқы қажеттіліктерге ие болуы мен қарым-қабілеттерінің ашылуына көмектесу мақсатында құрылған ұйым.

http://www.unicef.org/about/who/index_mission.html

Балалар – соғыс пен тынышсыздық кезінде адамзат қоғамының ең көп зиян шегетін бөлігі. Олар өздері себеп болмаған өзгерістерден зардап шегеді. Мысалы, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы балалардың әртүрлі қиыншылықтар мен тынышсыздықтарға ұшырап отырғандарына бірнеше онжылдық болды. Палестина балалары солардың қатарында. Қазіргі заман тарихында өздерінің ең ауыр кезеңін бастан өткеріп жатқан Ирак, Сирия мен Йемен сияқты елдер ЮНИСЕФ-тің осындай тобына жатады. ЮНИСЕФ-тің 2015 жылы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың балаларына көмектесу мақсатында  бөлген бюджеті 1 млрд 446 млн 757 мың доллар болды.  

http://www.unicef.org/appeals/files/HAC_Overview_2015_WEB_27_01_15.pdf

ЮНИСЕФ және соғыс тауқыметін көрген баспанасыз балаларға көмек

Бұл бюджет соғыс тауқыметін көрген баспанасыз балаларға көмектесуге, балалардың жеткіліксіз тамақтануын жоюға көмектесуге, балалар ауруынан туындайтын өлім-жітімнің көлемін азайтуға бағытталған. АҚШ-тың Ақ үйіне кіруге үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына жұмсаған қаражаты әлем елдерінің  ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың дағдарысқа ұшыраған аймақтарының балаларына арнаған бір жылдық бағдарламаларына бөлетін бюджетінің көлеміне жақын.

http://www.opensecrets.org/pres16/