Қар 26, 2016 21:03 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 5

Ән-Наби мешітінің қарапайымдылығы исламның бастапқы кезеңінде сақталды. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін бірінші халифаның уақытында мешітке ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Екінші халифаның кезеңінде де мешіттің аумағы мен есіктерінің саны арттырылғанымен, оның өзі мұсылмандардың санының көбеюіне, әсіресе қажылық кезінде басқа аймақтардан келетін зияратшылардың көптігіне байланысты болды.

Тек үшінші халифаның кезінде ғана мешіт аздап өзгертіліп, мешіттің бағандарына қалайы жалатылды. Бірақ, Амави үкіметі билігінің күшеюімен исламдық үкіметтегі іргелі өзгерістермен қатар мешіттердің ғимараттарына, әсіресе ән-Нәби мешітінің ғимаратына да күрделі өзгерістер енгізілді.  

«Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені» атты бағдарламамыздың келесі бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Алдыңғы бағдарламада мешіттің халықтық негізгі құрылым болуымен қатар иманды нығайту үшін ең жақсы мекен және мұсылмандардың әлеуметтік, саяси және мәдени жұмыстарын кеңейту үшін ең маңызды орталық екендігін айттық. Пайғамбар тарапынан Медине мешітінің салынуымен ислам үкіметінің лүпілдеген жүрегі ғибадат мекені, саясат пен төрелік айтудың және оқытудың орталығына айналды. Алайда, шәксіз, мешіт бірінші кезекте діни салт-жоралғыларды орындайтын мекен. Мешітте орындалатын ең үлкен ғибадат – бес реттік жамағат намаздары. Исламның бастапқы кезіндегі мұсылмандар күн сайын өздерінің жамағат имамдарының жетекшілігімен намаздарын оқып, ұлы Алламен сырласу үшін бірнеше рет ықылас-ынтамен мешітке келетін. Медине мешітінің құрылысы аяқталған соң пайғамбар мұсылмандар намазды мешітте оқуы үшін Біләл Хабашиге азан шақыруға бұйрық берді. Исламның алғашқы азаншысы Біләл Хабаши өзінің жағымды дауысымен Мединенің кеңістігін Алланы зікір етуімен толтырды. Ол заманда Біләлдан да дауыстары әдемірек, сөздері анығырақ адамдар болды, бірақ Біләлдің жүрегінің пәктігі мен иманы және ықыласы оны жоғары дәрежеге жеткізді. Намаз оқу үшін лазым кіріспе ретіндегі үн күн сайын жер құрылығының түкпір-түкпіріндегі мешіттердің жоғары мұнарасынан естіліп, тоухид пен набоват және намаз оқудың қажеттігін еске салады. Азан – ұлы Алланың атымен басталып, оның жалғыздығын қуаттап, соңғы пайғамбары Мұхаммадтың (с.ғ.с.) құтылу үшін ізгі ғамалдар жасап, намаз оқуға шақырып, Алланы зікір етумен аяқталатын ұран. Азан Алланың атымен басталып, Алланың атымен аяқталады. Бірақ азанның барлық сөйлемдері ырғақты, тіркестері қысқа, мағынасы айқын, мазмұны сындарлы әрі хабарландырушы.         

Ұстаз Рағеб Ғалваштың дауысымен айтылған азан

Әлемнің барлық жаратылысының Алланы пәктейтіндігі сынды, мешіт барлық бөлшегімен Құдайды мадақтап, пәктейді. Бірақ, мешіттің зікір етуі мен пәктеуі басқа заттардан айырмашылыққа ие. Пайғамбар әулетінің ғұламасы имам Бағер былай деген: «Адам мешіттен кішкентай тасты алып шыққанда оны қайтадан мешітке апаруы керек» (Бихар ал-Анвар, 80-том).

Шын мәнінде кішкентай тастар да мешіттің бір бөлшектері саналады. Мешіт Құдайға ғибадат ететін мекен болғандықтан, ол жердің тастары да Құдаймен байланысты. Сол себепті оларды орындарынан қозғап, мешіттен сыртқа тасуға болмайды. Осы жерден мешітте намаз оқитындардың қадірі мен дәрежелерін түсінуге болады. Имам Садық былай деген: «Мешіт жаққа баратын адам аяғын ешбір ылғал мен құрғаққа тигізбейді. Себебі жердің барлық бөлігі оны пәктейді».   

 

Ән-Нәби мешіті

Құрметті оқырмандар, бағдарламаның осы бөлігінен мұсылмандардың арасындағы екінші қасиетті мешіт саналатын ән-Нәби мешітін таныстыруды жалғастырамыз.
Өткен бағдарламада Мединедегі пайғамбар мешітінің жобасының өте қарапайым болғанын айттық. Оның қабырғалары тас және кірпішпен көтеріліп, құрма ағаштарының бұтақтарымен жабылды. Жаңбыр жауған кезде төбеден аққан судан пайда болатын ылғал сіңіп кетуі үшін мешіттің еденіне құм төселді. Тарихи жазбаларда: «Мешіттің құрылысы аяқталғаннан аз уақыт өткен соң жаңбыр жауып, мешіттің еденін су басып кетті. Бір ер адам етегімен құм әкеліп, өзінің аяғының астына төкті. Алланың елшісі намазын оқып болған соң оны көріп: «Қандай жақсы іс!» деді. Сол күннен бастап мешіттің еденіне құм төселді.  
Бірақ бүгінде пайғамбардың шарапатты мешітінің еденіне қымбат кілемдер төселіп, әртүрлі жерлерде кілем тоқитын шеберханалар ашылған. 

Ән-Нәби мешіті

Мешітке кіріп-шығу үшін үш есік қойды. Қыбыла Бейт ул-Мұқаддастан Меккеге ауыстырылғаннан соң мешіттің түбіндегі есік жабылып, оның орнына мешіттің солтүстігінен есік ашылды.

Мешіттің батыс бөлігінде де басқа бір есік болған. Оны «Бабе Атеке» деп атады. Атеке исламды қабылдап, Мединеге хиджрат еткен меккелік бану болған. Бұл есікті оның үйіне қарама-қарсы болғандықтан солай атаған. Бұл есік «Рақым есігі» деп те танымал. Оның аталуына қатысты рауаятта бір ер адамның пайғамбардың жанындағы мешітке келіп, одан жаңбырдың жаууын тілеп, дұға оқуын сұрағаны айтылған. Пайғамбар дұға тілегенде жеті күн қатты жаңбыр жауған. Сол адам сел жүріп, суға батып кетуден қорқып, хазіретке келіп, Құдайдан бұлттарды кетіруді сұраған. Алланың елшісі дұға тілегенде бұлттар сейіліп, тарқайды. Жаңбыр Құдайдың рақымы саналатындықтан сол есікті «Рақым есігі» деп атаған. Бұл есік «ән-Нәби» есігі деп те аталады. Себебі Алланың ардақты пайғамбары сол есіктен мешітке енген. Мешіттің шығыс бөлігінде де «Жебірейіл есігі» деп танымал болған келесі есік болды. Бұл есіктің «Жебірейіл есігі» деп аталуының себебі пайғамбар Бани Құраиз шайқасында Жебірейілді сол жерде көрген. Оны «Осман есігі» деп те атайды. Себебі бұл есік Османның үйіне қарама-қарсы тұрған.   
Мешіттің батысындағы қабырғада «Бабе Ислам» есігі де болды. Бірақ уақыт өте келе есіктердің саны көбейді. Өйткені, сахабалардың кейбіреуі мешіттің айналасынан өздеріне үй салып алған еді. Сол үйлерге әдетте екі есіктен қоятын. Бір есік сыртқа, екіншісі мешіттің ішіне қарайтын. Бұл жағдай хиджраттың үшінші жылы Алланың елшісі тарапынан мешітке қарай ашылатын үйлердің барлығының, тек Әлидің есігінен басқасының есіктері жабылсын деген бұйрық шыққанға дейін жалғасты: "سدّوا الأبواب الاّ باب على"  

Бірақ, ән-Нәби мешітіне көптеген кеңейту жұмыстары жасалғандықтан дәл қазір осы қасиетті мекен жеті негізгі есікке, жалпы саны 81 кіретін есікке ие. 

Жебірейіл есігі

«Роузейе моттаһаре» – ән-Нәби мешітіндегі бөлім.  
Исламдық рауаяттарда сол жерде құзырға ие болудың артықшылығы көп қуатталған. Алланың ардақты елшісі бұл мекенді «жұмақ бақтарының бір бағы» деп атаған.

Алланың елшісінің пәк кесенесі мен ол хазіреттің мінбері мен михрабы «Роузейе мотаһарренің» қасиетті мекендері саналады. Исламның ұлық пайғамбарының пәк әрі нұрлы денесі хазіреттің пәк рухы Құдаймен дидарласуға ұшқан сол жерде жерленді. 

Хазіреттің қабірі мен бірінші және екінші халифалардың қабірлері дәл қазір оның айналасына алтын жалатылған мазар салынған бөлмеде орналасқан. Мұнымен қоса оның солтүстік бөлігінде пайғамбардың қызы Фатеме-Заһраның қабірі ретіндегі орын бар. 

Бұл мекен хазірет Фатеме өзінің үйінде жерленген деген сөздер негізінде салынған. Кейбір рауаяттар бойынша кейбіреулер ол хазіретті Бақи зиратында жерленген деп санайды. Сүннит мазхабының өкілдері сол рауаяттарды көбірек қабылдайды. Пайғамбар жерленген бөлменің төрт бұрышында төрт мықты баған орнатылған. Оның үстінде жасыл күмбез орналасқан. 

Жасыл күмбез

Мешіттегі қасиетті мекендердің бірі – Алланың елшісінің мінберінің мекені. Рауаяттарда пайғамбардың басында құрма ағашына сүйеніп құтба оқығаны айтылған. Сахабаларының бірінің Алланың елшісі отырып, халық ол хазіретті көріп тұру үшін және хазірет түрегеп тұрып шаршамауы үшін мінбер тұрғызу туралы ұсыныс жасағаны айтылған.
Хазірет те ол ұсынысты қабылдаған. Содан бері екі баспалдағы және отыратын жері бар мінбер салынған. Хадистерде пайғамбардың құқықтық жайттарда ант ішу рәсімі мінбердің жанында орындалуы керектігі туралы бұйрық бергені айтылған: «Мінбердің жанында жалған ант ішкен адамның өтірігі мисуәк ағашының көлеміндей болса да оның орны отта болады» деген. 

Үш баспалдақты бұл мінбер Муавие Бен Абу Софиан билігіне дейін қолданыста болды. Муавие өзіне абырой жинап, билігіне заңдылық беру үшін Алланың елшісінің мінберін Мединеден Шамға апармақ болды. Бірақ, Медине халқы наразылық білдіріп, бұл іске кедергі жасады. Кейін ағаш ұстасы сол мінберге үш баспалдақ қосты. Нәтижесінде тоғыз баспалдақ болды. 

Бұл мінбер Аббаси халифалары тұсында бірнеше рет жөндеуден өткізіліп, қайта жасалды. Хижри қамари жыл санағы бойынша 654 жылы пайғамбар мешіті өртке оранып, мінбер толығымен өртеніп кетті.

Тарихи деректерге сәйкес, мінбердің күйігі қазіргі мінбер орнатылған жерге көмілген. 

Ән-Нәби мешітінде орналасқан мінбер мәрмәрдан жасалған. Оның нақыштарын алтынмен әсемдеген. Он екі баспалдақты бұл мінбер – Осман сұлтандарының бірінің хижри қамари жыл санағы бойынша 999 жылғы сыйларының бірі.
 

Пайғамбардың (с.ғ.с.) мінбері 

Пайғамбар заманында «михраб» деген атаумен мекен болмаған. Мұсылмандар «михраб» атауымен Құран аяттарындағы хазірет Мәриям мен Закария және Дәуіт пайғамбар туралы айтылған аяттар арқылы таныс болды. 

Омар Бен Абдулазиз Алланың елшісі намаз оқыған жерде  михраб салды. 

Бірақ, бұл михраб уақыт өте келе көптеген өзгерістерге ұшырады.

Мәрмәрдан жасалып, Құран аяттарымен безендірілген михрабтың қазіргі құрылысы сұлтан Ашраф Ғейт Бейдің (Мысырдың мәмүлік сұлтандарының бірі) кезеңіне тиесілі.

Бұл михрабтың артықшылығына байланысты сөз айтылғанда оны Қағбаның дәрежесіне теңестіреді, яғни, оған қарайтын адам Қағбаға көз тіккендей болады.

Негізгі михрабпен қоса мешітте тағы бірнеше михраб бар.
Солардың бірі – «Тахаджджуд михрабы». Бұл михраб Фатема Заһраның үйінің артында, Суфенің дәлізінің қарсысында орналасқан. Алланың елшісі кейбір түндерде бұл мекенде мінәжат пен Құдайды зікір еткен.  

Фатеме-Заһраның (ғ.) үйінің есігі

Тағы бір михраб – Фатеменің михрабы. Бұл михраб Фатеменің үйінің ішінде «Тахаджджуд михрабының» оңтүстігінде орналасқан. Бұл хазіреттің намаз оқитын жері болған. Аталмыш михраб қазір пайғамбардың құжырасының ішінде.

Осман михрабы – Осман сұлтандарына тиесілі келесі михраб.

Бірақ, кейбіреулер бұл михрабтың құрылысын үшінші халифа Осман Бен Аффанмен байланыстырады.
Бұл михраб қыбыла жақта, пайғамбардың михрабының артында орналасқан. Бүгінде ән-Нәби мешітінің жамағат имамы сол михрабта намаз оқиды.

Михраб