Қар 27, 2016 17:35 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 30

АҚШ басшылары сайлау үдерісін демократиялық деп көрсетуге талпынғандарымен, бұл елдің қатаң заңдары аз санды халықтар мен кедейлерді дауыс беру құқығынан мақұрым етуде. Бұл заңдар қоғамдық әділетті бұзып, демократиялық негіздерге жасалған қиянат саналады.

АҚШ-тағы сайлау науқаны президенттік үміткерлердің жанжалды пікірталастарымен қызу өтіп, америкалықтар 8-ші қарашада демократтар партиясының үміткері Хиллари Клинтон мен республикашыл партиясының үміткері Дональд Трамптың біреуін елдің 45-ші президенті етіп сайлау үшін дауыс беру орталықтарына келді.

 Дональд Трамп

Статистика бойынша, бұл жолы АҚШ-та қатысу шарттарына 218 миллион 959 мың  адам ие болған. Солардың ішінен 146 миллион 311 мың адам дауыс беруге тіркелді, яғни, шамамен 72 миллион 650 мың адам АҚШ-ның  президенттік сайлауына қатыспаған. Сайлауға дауыс беру құқығына ие азаматтарының 60-65 пайызы қатысты. Сонымен бірге көптеген сауалнамалар бойынша, биыл өткен сайлауға демократтар мен республикашыл партияларының ең жиіркенішті үміткерлері қатысты. Сайлау халықтың елдің саяси және билік істеріне қатысуының көрінісі және халықтық демократияның бірі саналады. Өйткені, халықтың саяси және билік істеріне қатысуынсыз демократия мен халықтық демократия жүйелері орнатылды деп айтуға болмайды. Расында дауыс беру құқығы тағдырды анықтау құқығына жағдай тудырады. Адамдар  өздерінің талаптары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады деп санайтын адамға дауыс беріп, өз тағдырларын таңдайды. Сондықтан дауыс беру  құқығы баршаға тең әрі азат болуы керек.

 Сайлау

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясы бекіткен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының баптарының бірінде: «Әр адамның өз елін басқару ісіне тікелей өзі, немесе ерікті түрде сайланған өкілдері арқылы қатысуға құқығы бар» және «Халықтың еркі үкімет билігінің негізі болуы тиіс. Бұл ерік мерзімді және бұрмаланбаған сайлау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сайлау жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру жолымен немесе сайлау бостандығын қамтамасыз ететін басқа да осы тектес әдістер арқылы өткізілуі тиіс» деп көрсетілген. Сондықтан азаттық пен тәуелсіздіктен бастау алатын дауыс беру құқығы дамократиялық қоғамның қажет шарттарының бірі саналады. Дауыс беру құқығының аясында қырағы түрде басшыларды сайлау мүмкіндігі пайда болады. Алайда  бұл сайлауда көзге түскен мәселе АҚШ-тың көптеген азаматтарының дауыс беру құқығынан мақұрым қалуы болды. Мәліметтер сайлау науқаны кезінде президенттік сайлаудың үміткерлері миллиондаған доллар жұмсағандарымен 6 миллионнан астам америкалықтың дауыс беру құқығынан мақұрым қалғаны көрсетті. Расында, орта есеппен АҚШ-та әр 40 адамның ішінен біреуінің  қылмыс жасап, бір жылдан артық абақтыда қамауда болғанына байланысты президенттік сайлауға қатысу құқығы болмады. Өйткені АҚШ-тың 12 штатында айыпталып, қамауда отырып, босаған адамдар дауыс беру құқығынан айрылады.

АҚШ сайлауы және азаматтарының дауыс беру құқығынан айырылуы

Кейбір елдердің заңдары бойынша да айыпталу саяси белсенділікке кедергі келтіргенімен, бұл мәселенің маңыздылығы сайлауға қатыса алмайтындардың көбінің түрлі түсті нәсілділердің болуы саналады. Тек нәсілшілдік пен жиіркенішке байланысты н кемсітушіліктің әр түрімен бетпе-бет келіп отырған  адамдар өз елдерінің істеріне қатысудан кенде қалып отыр.  АҚШ-тың төрт штатында тегі африкалық әр бес адамның біреуі қылмыс жасағандықтан  дауыс беру құқығынан айрылған. Мәселен, Флорида штатында АҚШ заңдары бойынша халқының бір жарым миллионы салық төлеуге міндетті болғандарымен, олардың  дауыс беру құқықтары  жоқ.

 БҰҰ Адам құқығы кеңесі

БҰҰ Адам құқығы кеңесінің арнайы мәлімдемесі тектері африкалық және испаниялық АҚШ азаматтарының дауыс беру құқықтарының кепілдігіне қатысты сындарды зерттеп, 2010-шы жылға дейін 5 миллион 850 мың америкалық азаматтың қылмыстары үшін айыпталуына байланысты дауыс беру құқықтарынан айрылғанын көрсетті. Сонымен 2 миллионнан астам тегі африкалық  АҚШ азаматы болмыстары расталғанша дауыс бере алмады.Қылмыс жасаумен айыптау АҚШ-та дауыс беруден мақұрым ететін жалғыз себеп емес. Статистика бойынша Американың шамамен жарты миллион халқын құрайтын  баспанасыз адамдар да президенттік сайлауға қатысу үшін өз есімдерін тіркей алмады. Бұл адамдардан басқа жеке куәліктері жоқ азаматтар да  дауыс бере алмайды. АҚШ халқының биылғы президенттік сайлауында елу штаттың отыз үшінде дауыс берушілерді анықтайтын заң іске асырылды. Бұл заң бойынша дауыс беруші үкімет берген суреті бар куәлікке ие болуы қажет болды. Мәліметтер бойынша  әрбір ересек 10 адамның кемінде біреуінде аталмыш куәлік болмаған. Яғни, бұл мәселе  тағы бір топ адамның сайлауға қатысушылардың тізіміне тіркеле алмауына себеп болды.

 АҚШ қара нәсілділері және кемсітушілік

Зерттеулер аз санды халықтардың, соның ішінде тегі африкалық және кедей америкалықтардың осы заңға сәйкес өз құқықтарынан мақұрым қалғандарын көрсетті. Сонымен бірге АҚШ билігіне кіретін Пуэрта-Рика, Гуам, Солтүстік Мариан және, Виргин аралдары мен Самоа жеріндегі шамамен 4 миллион тұрғын АҚШ сайлауына қатысу құқықтарынан мақұрым қалған. Бұл жерлердің тұрғындарының 98 пайызы аз санды ұлттардың өкілдері саналады. Сондай-ақ АҚШ-та өмір сүретін, бірақ бұл елдің азаматтығын алмаған миллиондаған адамдар да сайлауға қатыса алмайды. АҚШ басшылары сайлау үдерісін демократиялық деп көрсетуге талпынғандарымен, бұл елдің қатаң заңдары аз санды халықтар мен кедейлерді дауыс беру құқығынан мақұрым етуде. Бұл заңдар қоғамдық әділетті бұзып, демократиялық негіздерге қиянат жасау саналады.

АҚШ сайлауы және қоғамдық теңдіктің бұзылуы

Мұнымен қатар, АҚШ-тың сайлау жүйесі туралы пікірталастар әрқашан ерекше көңіл бөлінетін мәселе болып, көптеген адамдардың сайлаудың демократиялық болуына күмандануына себеп болды. АҚШ президенттік сайлауы сайлаушылардың дауысына байланысты және қазіргі басқа демократиялық жүйелермен салыстырғанда өзгеше сайлау жүйесіне ие болып табылады. АҚШ президенті сайлаудың екі кезеңі арқылы анықталады. Негізінде АҚШ президенттік сайлауының екі кезеңдік болуы және әр штатта сайлау дауыстарының болуы сайлауда демократтардың немесе республикашылардың жеңіске жетуіне жеткізеді. Президенттік сайлау күні әртүрлі партиялардың ондаған үміткерлері теңсіз жағдайда бәсекелескенімен АҚШ-тың шиеленісті саяси-сайлау науқанының нәтижесінде тек демократтар немесе републикашылардың үміткері ғана жеңіске жетеді. Президенттері халықтың тікелей дауыс беруімен сайланатын көптеген елдерге қайшы АҚШ президенті Ақ үйге партиялардың өкілдерінің дауысымен аттанады. АҚШ президенттік сайлауы сайлаушылардың дауыстарына байланысты болып, жеңіске тек демократтар немесе республикашылар париясының үміткері жетіп, басқа ешбір партияның үміткері алға ілгерілемейді. Халық сайлау учаскелеріне барып, өз үміткеріне дауыс береді. Бірақ халықтың бұл дауысы президенттің кім болатынын анықтамайды. Жеңіске жеткен үміткердің партиясы әр штаттағы халықтың санына қарай сайлаушылар дауысының үлесіне ие болып, нтижесінде жеңіске жетпеген үміткерге берілген халықтың бүкіл дауысы жеңіске жеткен үміткердің атына кетеді.

АҚШ сайлау жүйесі

Осыған орай сайлаушылар дауысының қорытынды шешім қабылдауына байланысты бұл жүйе осал саналады. Америкалықтардың көпшілігінің  пікірінше дауысты көбірек жинаған адам президент болуы керек. Сайлаушылардың дауысынан гөрі тікелей сайлау демократиялық негіздерге көбірек сай келеді. Басқа жақтан сайлауға жұмсалатын қыруар қаржы мен телеарна арқылы тегін үгіт жүргізу мүмкіндіктерінің болмауы капиталист емес немесе қаржысы орташа адамдардың АҚШ-тағы шешім қабылдау саласына қатысуына мүмкіндік бермейді. Ақпараттық үгіт-насихаттардың қаржысы жоғары болғандықтан байлық пен биліктен алыс адам сайлауға қатыса алмайды. Яғни, АҚШ-тағы заңдар байлар қабылдайтың адам ғана жеңіске жете алатындай қалыптасқан. АҚШ сайлау науқанындағы әр үміткердің қаржысы миллиондаған долларға жетеді. Телеарна арқылы жасалған үгіт-насихаттар  АҚШ-ның сайлауын  өз бақылауына алады. АҚШ-тағы демократия мен сайлау ақшаға, яғни долларға келіп тіреледі. Сондықтан халықтың үміткерлерінің жеңіске жету мүмкіндігі өте төмен. Бұл мәселеге қатысты сионистік лоббилердің әсеріне тоқталмасқа болмайды. Сонымен өатар олардың бұқаралық ақпарат құралдары мен маңызды экономикалық орталықтардың көбін бақылауына алуы туралы да айтып өткен жөн.