Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 6
Мешіт салу пайғамбардың іс жүзіндегі ғамалдарының негізі болды. Мешіт мәдениетінің тамыры Құраннан бастау алады. «Нұр» сүресінің 36-шы аятында: «(Бұл нұр) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді» (36) дейді.
«Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені» атты бағдарламаның келесі бөлімін ұсынамыз.
Өткен бағдарламада мешіттің Құдайдың үйі екендігін, мешітке баратын адамдардың Алланың ерекше рақымына бөленетіндіктері туралы айттық. Құдай мешіттің берекесі мен мешітке баратын адамдардың арқасында адамдарға илаһи ырзықтарын жібереді. Пайғамбар былай деген: «Мешітке баратын адам – Құдайдың үйінің мейманы. Құдай оны рухани және материалды ырзықтарымен күтеді».
Исламның бастапқы кезіндегі мұсылмандар мешіт салуға өте қатты ықылас танытты. Олардың зор ынталары мен құлшыныстары исламның ұлық пайғамбарының іс жүзіндегі ғамалдарынан әсер алды.
Хазірет өзінің Мединеге хиджрат етуінің басында-ақ Қоба және ән-Нәби мешіттерін өзінің мүбарак қолымен салды. Одан кейін де әртүрлі мекенде тоғыз мешіт тұрғызды. Пайғамбар мешіт салу үшін тайпалар мен олардың мекендеріне барып, мешіттің орны мен оның қыбыласын нақты анықтап берді. Мешітті салған соң да әдетте алғашқы намаз ол хазіреттің құзырымен оқылатын. Осылайша мешіт ашылып, ресми айналымға түсетін.
Алланың елшісі қай жерге бармасын, намаз оқитын мекендерді анықтайтын. Хазірет өзінің бұл әрекетімен мешіт салу мәдениетін таратты. Бірақ, пайғамбар салған мешіттердің салтанатты, биік дуалдарға ие, әдемі күмбездері мен биік бағандары болды деп ойламау керек. Керісінше, хазірет мешіттерді салғанда тас, ағаш сынды сол жерлерде болған қарапайым құрылыс материалдарын пайдаланды. Джабер Бен Асаме былай деген: «Бір күні Алланың елшісін сахабаларымен Мединенің базарында көрдім. Пайғамбардың қасындағылардан қайдан келе жатқандарын сұрадым. Олар «Сенің жеріңнен» деді. Не үшін екенін сұрадым. Пайғамбар ол жаққа мешіттің орны мен қыбыланы анықтау үшін барды десті. Мен өзімнің мекеніме барып, хазіреттің мешіттің мекенін анықтап, қыбыланың белгісі ретінде ағаш қадап қойғанын көрдім» деді.
Содан былай Алланың елшісі өзінің мүбарак қолымен көптеген мешіттің мекені мен қыбыласын анықтады немесе сол жерде намаз оқыды.
Пайғамбар көптеген басқа жерлерде де мешіт салуға бұйрық берді. Осылайша мешіт ислам діні мен ислам қоғамының негізгі белгісі мен нышанына айналды. Исламды қабылдаған адамдар өздерінің алғашқы қадамдарында мешіт салуға көмектесті. Пайғамбардың барлық әрекеттері ислам дінінің мақсаттары бағытында мұсылмандардың арасында бірлік пен біртұтастықты орнату үшін жасалды. Сол себепті пайғамбар мұнафықтардың бір тобы мешіт салу арқылы мұсылмандардың арасында жік тудыру үшін қастандық ойлап жатқанын түсінгенде ол мешітте намаз оқымағанымен қатар, тіпті оны толығымен құртып, бұзып, өртеп жіберуге бұйырды. Құран аяттарына сәйкес, «Зерар мешіті», яғни зиян келтіретін мешіт деп аталды.
Құран Кәрім мұнафықтардың «Зерар мешітін» салудағы түрткілері мен мақсаттарын «Тәуба» сүресінде былай дейді: «Мұнафықтардың бір тобы Құба мешітінің жамағатын ыдырату, қарсылықты күшейту және үнемі пайғамбар (Ғ.С.)-ға қарсы келіп жүрген (папаз) Ғамырдың Шамнан келуін тосу мақсатында бір мешіт салып, Пайғамбар (Ғ.С.) ды намаз оқып беруге шақырады. Пайғамбар (Ғ.С.) тәбүктен қайтқанда келмекші болады.) Сондай зиян тигізу, қарсы келу, мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан Алла және Елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар: «Игілікті ғана қалап едік» деп әлбетте ант ішеді. Сондай-ақ Алла олардың асқан суайт екендігіне куәлік етеді. (107).
Іс жүзінде сырттай исламдық болып көрінетін бір топ мешіт салу арқылы мұсылмандардың қоғамының ішінен исламды жою үшін күш салды. Бірақ, исламның ардақты пайғамбары «Зерар» мешітін бұзып, оны күлтөбеге айналдырудағы төңкерісшіл, батыл шараларымен жалған нышандардың сырттай қасиетті болып көрінгенімен бұзылуы керектігін көрсетті.
Бағдарламаның осы бөлігінен ән-Нәби мешітінің маңыздылығы мен оның құрылысының исламның ардақты пайғамбарының мүбарак қолымен салынуына байланысты осы қасиетті мешіттің келесі бөлімдерін таныстыруға арнаймыз.
Алдыңғы бағдарламада айтылғандай, ән-Нәби мешіті өте қарапайым әрі кез келген салтанаттан ада болды. Оның дуалдары тас пен кірпіштен, бағандары құрма ағашының діңгегінен салынды. Олардың әрқайсысы исламның бір мың төрт жүз жылдық тарихының биіктігіндей тарих пен маңызды оқиғаларды еске салады. Осы бағандардың арасында сегіз баған басқаларға қарағанда танымал. Себебі олардың әрқайсы өзінің атауын пайғамбар кезеңінен алған.
Бұл бағандар дәл қазір де ақ түсімен мешіттің кеңейтілуімен қосылған басқа бағандардан дараланып тұр.
Танымал бағандардың бірі «Тәубе» бағаны деп аталады. Бұл бағанның атауы Әбу-Лубабенің Ахзаб шайқасынан кейінгі сатқындығы мен тәубеге келу оқиғасына қатысты. Хиджраттың бесінші жылы мүшіріктердің тобы Мединеге шабуыл жасап, Мединенің солтүстігінде мұсылмандардың орымен (хандақ) бетпе-бет келіп, өздерінің дарбазаларын ашу арқылы мүшіріктердің Мединеге кіруіне мүмкіндік жасай алатын Мединенің оңтүстік бөлігінде тұратын Құрайза тайпасының еврейлерімен бірігу туралы ойлады. Құрайза тайпасы еврейлерінің Алланың елшісімен келісімдері болған. Бірақ, келісімге қайшы олар мүшіріктерге жақтасып, келісімдерін бұзды.
Ахзаб шайқасы аяқталған соң Алланың елшісі Құрайза тайпасына барып, оларды қоршап алады. Әбу Лубабе Алланың елшісі тарапынан Құрайза тайпасына барып, олармен сөйлесетін болды. Олармен дос болған Әбу Лубабе Бани Құрайза тайпасына мұсылмандарға қарсы қатты қорғаныс жасай алатын сөздер айтады. Әбу Лубабенің өзінің айтуы бойынша сол сатқындықтан кейін бір қадам баспай жатып, күнәнің сезімі оның болмысын билеген. Ұяттың азабынан құтылу үшін Алланың елшісіне барып, есеп берудің орнына бірден тәубеге келу үшін мешітке барып, мешіттің бағандарының біріне өзін арқанмен таңып, пайғамбардан өзге ешкімге өзін бағаннан шешуге рұқсат бермеуге серт берген. Әбу Лубабе өзін таңған баған сол кезден бастап «Тәубе бағаны» деп танымал болды.
Кейбір рауаяттарда осы бағанның жанында намаз оқып, ғибадат етудің сауабы туралы айтылған. «Тәубе бағаны» – бүгінде пайғамбардың (с.ғ.с.) құжырасы мен пәк кесенесінен бері санағандағы екінші баған.
«Мохаллағе бағаны» – пайғамбардың намаз оқитын жері мен хазіреттің намаз михрабына ең жақын бағандардың бірі. Бұл мешіт қазір негізгі орынынан аздап жақынырақ орналасқан. Оның жоғары жағынан жасыл, алтын түсті дөңгелекті «а-мохаллағе бағаны» деген тіркес көрінеді.
Оның аталу себебі мешіттің кеңістігін жұпар иіске толтыру үшін сол жерде жағылған хош иіске байланысты. Мүхажірлер мен «ал-Ғорейе» деп те аталатын «Аиша бағаны» мешіттің негізгі бағандарының ортасында орналасқан. Бүгінде оның жоғары жағынан «Ал-Аише бағаны» деген атау көрінеді.
Бағаналардың келесі қатарында «Таһаджджод бағанын» атау керек. Рауаяттарда Алланың елшісінің адамдар түнде үйлеріне кеткен кезде осы бағанның жанына ши төсеніш төсеп, таһаджджод намазын оқығандықтан осылай аталғаны айтылған. Бұл баған Алланың елшісінің қызы Фатеменің үйінің артында орналасқан. Сол жердегі мәрмәр тастың бетінде араб тілінде: «Бұл жер пайғамбардың таһаджджод намазын (нәпіл намаз) оқыған мекені» деп жазылған.
«Мохаллағе бағаны» – пайғамбардың намаз оқитын жері мен хазіреттің намаз михрабына ең жақын бағандардың бірі. Бұл мешіт қазір негізгі орынынан аздап жақынырақ орналасқан. Оның жоғары жағынан жасыл, алтын түсті дөңгелекті «а-мохаллағе бағаны» деген тіркес көрінеді.
Оның аталу себебі мешіттің кеңістігін жұпар иіске толтыру үшін сол жерде жағылған хош иіске байланысты. Мүхажірлер мен «ал-Ғорейе» деп те аталатын «Аиша бағаны» мешіттің негізгі бағандарының ортасында орналасқан. Бүгінде оның жоғары жағынан «Ал-Аише бағаны» деген атау көрінеді.
Бағаналардың келесі қатарында «Таһаджджод бағанын» атау керек. Рауаяттарда Алланың елшісінің адамдар түнде үйлеріне кеткен кезде осы бағанның жанына ши төсеніш төсеп, таһаджджод намазын оқығандықтан осылай аталғаны айтылған. Бұл баған Алланың елшісінің қызы Фатеменің үйінің артында орналасқан. Сол жердегі мәрмәр тастың бетінде араб тілінде: «Бұл жер пайғамбардың таһаджджод намазын (нәпіл намаз) оқыған мекені» деп жазылған.
«Сотуне мораббаэ ал-ғабр» бағаны «Жебірейіл мағамы» деп те аталады. Ол пәк кесененің солтүстік жағына қапталдаса орналасқан. Дәл қазір ән-Нәби мешітін зиярат етуге барған адам оны көре алмайды.
Бұл есік – хазірет Әли мен Фатеменің үйіне ашылатын есік.
Аталмыш бағанның артықшылығына қатысты Әби әл-Хомрадан қалған рауаятта: «Пайғамбар қырық күн бойы Әли хазірет пен Фатеменің және Хасан мен Хосейннің үйіне келіп, есікке қолын қойып: «Сәлем сендерге аһле-бейт-(пайғамбар әулеті) деп айтып, Ахзаб сүресінің 33 аятының «Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды» деп оқығанын айтты.
«Сарир бағаны» – қыбыла жақтан санағанда бірінші баған. Ол «Тәубе бағанының» шығысында орналасқан. Оның «сарир» (тақ) деп аталуының себебі мынада: пайғамбар мүбарак рамазан айының соңғы он күндігінде күні-түні мешітте қалғаны сынды итикаф күндері осы бағанның жанында ғибадат етіп, шаршаған кезде сол жерде демалған.
«Махрас бағаны» – ән-Нәби мешітінің келесі бағаны. Әли Бен Аби Талеп осы бағанның жанында тұрып, Құдайдың елшісін қорғады. Сол себепті бұл бағанның екінші атауы «Әли Бен Әби Талеп». Себебі имам соның жанында намаз оқыған.
«Вуфуд бағаны» «Махрас бағанының» артында, солтүстік жақта орналасқан. Бұл қыбыла жақтан санағандағы үшінші баған. Алланың елшісінің күнделікті істерінің бірі тайпалардың басшыларымен кездесу болды. Кездесулер осы бағанның жанында өтті. Кейін ол «ал-Вофуд бағаны» деп танымал болды. Қазір де осы атаумен танымал.