Ислам әлеміндегі бірлік 32
Йемен дағдарысы және бұл дағдарыстың ислам әлемінің тілеулестігіне немесе қайшылығына тигізген әсері.
1990-шы жылы екі Йеменнің қосылуынан бергі бұл елдегі өзгерістерді үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең Әли Абдолла Салеһтің үкімет басында болған кезеңі; екінші кезең – Абд Раббе Мансур Хадидің өтпелі билігі; үшінші кезең Ансаролла үкіметі. Екі Йемен қосылған соң жылдар бойы қоғамды билеген жүйені өзгеруге талпыныс жасаған Йеменнің діни ағымдары, саяси белсенділері мен қоғамдық органдары бұл елдің билікқұмар президенті Әли Абдолла Салеһтің саяси және экономикалық дағдарыстарды шешу және елдің Конституциясында қарастырылған азаттықтарға кепілдік беру уәделеріне сенім артып, Йемен қоғамының саяси, экономикалық және әлеуметтік талаптарына жететіндігіне үміттенді. Бірақ уақыт өте келе үкіметтің экономикалық және саяси дағдарыстарды шеше алмайтындығы әшкере болды. Қоғамдағы жастардың арасындағы жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы, көптеген ішкі қайшылықтар мен халықтың бір-біріне ұласқан наразылықтары және үкіметтің қиындықтарды шешу күшінің болмауы бірте-бірте Йеменді терең саяси өзгерістерге дайындады.
Наразылық үдерісін жылдамдатқан Абдолла Салеһтің бұрыс әрекеттерінің бірі өз орнына перзентін қалдыруға жағдай жасауы болды. Ол ұлы Джамалды өз орнына билік басына қалдыру үшін негіз дайындаған Хосни Мүбарак сынды перзенті Ахмад Әли Салеһты өз орнына қалдырмақ болды. Сол себепті өзінің жақындарын саяси тұрғыдан әсер ете алатын, әсіресе әскери және қауіпсіздік күштері лауазымдарына отырғызды.
Бұл әрекет пен басқа да наразылықтар Тунистегі өзгерістердің басталуы және олардың жылдамдықпен Мысырға, содан соң Таяу Шығыстың басқа араб елдеріне жетуінің әсерімен бірге Йемендегі тынышсыздықтарға себеп болды. Йемендегі наразылықтардың күшеюімен бұл елдің диктаторы Әли Абдолла Салеһ өзінің 32 жылдық билігін өмірлік және мұрагерлік ету туралы шешімінен артқа шегініп, халыққа көбірек азаттық беру, хаусиліктер арасындағы қатынасты бір қалыпқа келтіру және экономикалық жағдайды жақсарту туралы айта бастады. Бірақ оның жобалары Йемен қоғамына ықпал ете алатын әрі маңызды партияларды біріктіріп, билікті Салеһтің қолынан алып, билікті мұрагерлік етуге тосқауыл қоя алған «Ортақ кездесу» коалициясы арқылы дағдарысқа тірелген кезде Салеһ үкіметі наразыларды басып-жаншып, үкіметтің құлауын жылдамдатты.
Қауіпсіздік күштерінің қолымен наразыларды басып-жаншу халық пен «Ортақ кездесу» партиясының Салеһ үкіметін тақтан құлату жігерін күшейтіп, Салеһ жақтастарының арасындағы қайшылықтарды арттырып, көптеген әскери қолбасшылардың отставкаға кетуіне себеп болып, сонымен бірге әсіресе 18-ші наурыздағы халықтың қырылуынан кейінгі тайпалардың көбінің наразыларды қолдауы үкіметтің осалдығын көрсетті. 18-ші наурызда наразылар басылып-жаншылған соң Йемен дағдарысы әшкереленіп, бөгделердің ықпалы белгілі болды. Әли Абдолла Салеһ президенттік сарайға жақын жердегі әл-Нахадин мешітінде жарылыс нысанына алынған соң Сауд Арабиясына кетуге шешім қабылдады. Бүгінде аймақ өзгерістерінің елдің ішіне кіруіне алаңдаушылық білдірген саудиялықтар «Парсы шығанағының қауіпсіздік жобасы» деген жобаны ұсынып, Абдолла Салеһты оны қабылдауға мәжбүрледі. Парсы Шығанағы Ынтымақтастығы мен АҚШ жобасы бойынша бұл елдегі өзгерістерді жойып, халықтың талаптарына жауап қайтару үшін Абдолла Салеһтің орынбасары Мансур Хади жалғыз үміткер ретінде қатысқан сайлауда Йеменнің Президенті болып сайланды. Бірақ оның кезеңінде халықтың талаптарына көңіл бөлінбегендіктен Йемен қайтадан саяси партиялардың бетпе-бет келуі және ішкі әрі бөгде ойыншылардың бәсекелестігінің куәсі болды.
Ұлттық Вафақ үкіметінің мақсаттарына жетпеуіне қатысты қоғамдық наразылықтар күшейіп, үмітсіздіктің кеңеюімен Ансаролла қозғалысының басшысы Абдул Малик әл-Хуси көбі хуси және зейди болмаған халықты өзіне тартып, өте оңай түрде Санаға кірді. Ансаролла қолына қарау алудан бұрын көп рет Сананың негізгі алаңында жиналды. Бірақ үкімет басшылары олардың талаптарын қарастырудың орнына өздерін мазаққа айналдырды. Мамандардың көбінің айтуынша, егер Ансаролла халықтың қолдауына ие болмағанда бұл елдің президенті бұрынғы жылдардағыдай Саадедегі олардың базасына тікелей шабуыл жасап, мәселені сол жерде аяқтататын еді. Бірақ көптеген йемендіктің Ансаролланың талаптарын қолдауы Мансур Хадидің әрекет етуіне кедергі болып, ол бұл соғыста өзін бейтарап деп жариялады.
Ансаролланың саяси өзгерістерді өз бақылауына алуы және соған байланысты Сауд Арабиясының алаңдауы Риядтың Йеменді биліксіз қалдыру және талан-тараж ұйымдастырып, бөгделердің араласуына жағдай тудыру үшін Йемен президенті мен премьер-министрін отставкаға кетуге итермеледі. Сөйтіп іс жүзінде Ансаролланы бағындыру үшін Йеменде дағдарыс басталды. Бірақ Ансаролла басқаратын халық комитеттері уақытша Конституция ұсынып, қауіпсіздік кеңестерін құрып, елді өзі басқарып, өтпелі биліктің кезеңін тұрақтандырды. Бұл жеңіс әлемнің жер-жеріндегі үкіметтердің көбін састырды. Сол кезден бастап бұл мемлекет әлемдіктердің назарын аударған орталыққа айналды. Өйткені Йемен өзгерістері осыдан бес жыл бұрын саясаттың шетінде қалған шиіт мазхабы тармақтарының бірі зейдие ағымының тобының қолына түсті. Йемен революцияшыларының мемлекетті басқару саласындағы қырағылығы, жағдайды өз бақылауына алып, сепаратистік әрекеттермен қарсыласуы биліктің бостығы мен Ансаролланы әлсіз етіп көрсетудің жойылуына себеп болды. Сөйтіп революцияшылдар халықтың арасында жеткілікті беделге ие болып, мемлекетті басқара алатындықтарын дәлелдеді.
Йемен халқының мұндай қиын жағдайында кейбір Батыс және араб мемлекеттері Санадағы елшіліктерін жабу жобасын іске асырып, Йеменнің жағдайын одан сайын дағдарысты етіп көрсетіп, революцияшылдарға саяси қысым көрсетуді көздеп отыр. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де отырыс өткізіп, бұл елге бөгделердің араласуына рұқсат бермек болды, бірақ бұл әрекет Ресейдің вето қоюымен жүзеге асырылмай, қастық залалсыздандырылды. Сауд басшылары мен олардың одақтасы АҚШ-тың ызасы Сауд Арабиясының әскери ұшақтарының Йеменге қарсы әскери шабуылдарын бастауына себеп болды. Саудиялықтар өз шабуылдарын Мансур Хади үкіметін қорғау деп сылтауратты. Осы күнге дейін бұл әуе шабуылдарының салдарынан Йеменде мыңдаған жазықсыз әйел мен бейкүнә балалар қаза болып, жарақат алды. Сондай-ақ кейбір ислам елдеріне қысым көрсетіп, оларды осы заңсыз әрекеттерге ортақтастырды. Негізінде халықаралық заңдар бойынша, егер бір мемлекет басқа мемлекетке шабуыл жасаса, Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатына ие болуы немесе елінің бір бөлімі басып алынған болуы керек. Бұл екі жайттың ешбіреуі Йеменге қарсы шабуылдарда кездеспейді.
Алайда әлемдік қоғам заң мен әділеттен мақұрым қалған сынды. Өйткені Батыс мемлекетерінің көбі, соның ішінде АҚШ Сауд Арабиясының Йеменге қарсы әскери шабуылына қарсы тұрудың орнына Сауд үкіметіне қолдау көрсетуде. Ең өкіншітісі, ислам мемлекеттерінің көбі Йеменнің панасыз қалып, жәбір көріп отырған халқын қолдаудың орнына немесе соғыс қылмыстарын тоқтатуға арағайындық жасаудың орнына Сауд басшыларынан қорқып немесе оларға сатылып, бұл үкіметтің Йеменнің мұсылман халқына қарсы әскери шабуылдарын қолдап, геноцидтің пайда болуына көмектесіп отыр.