Нахыл сүресі, 450-ші бөлім, 108-111 аяттар
Нахыл сүресі, 450-ші бөлім, 108-111 аяттар
«Нахыл» сүресінің 108-109 аяттары:
" اولئک الذین طبع الله علی قلوبهم و سمعهم و ابصارهم و اولئک هم الغافلون " ، " لاجرم انّهم فی الاخرة هم الخاسرون "
Міне, бұлар сондай. Алла олардың жүректерін, құлақтарын және көздерін бітеп қойған. Тағы олар мүлде кәперсіз (108) Сөз жоқ! Олар ахиретте зиян тартушылар (109).
Өткен бағдарламада Құран Кәрімнің күпіршіліктің тамырларының бірін дүние қуушылық және ләззатқұмарлық деп санайтындығы айтылды. Осы аяттар былай дейді: «Сондай қылыққа душар болғандардың әдетте көздері мен құлақтары және жүректерінің дүниенің ырзығы мен қызығына, ләззаты мен шаһуатына толатындықтары сондай олар бұдан былай ақиқатты көрмейді, материалды және дүниелік емес істерден басқадан қапыл қалады. Осы дүниеде қапылдыққа ұшыраған адамдардың ақыретте қорлары болмайды. Олар зиянға ұшыраушылар». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Егер дүниеге көңіл бөлу ақыреттен қапыл қалуға себеп болатындай деңгейде болса адам илаһи жетекшіліктен мақұрым қалады.2. Ұтылған адам дүниеден айырылып, тақырға отырған адам емес, нағыз зиян шегуші деген қияметтік қоры жоқ, ақыретте байлықтан айырылатын адам.
«Нахыл» сүресінің 110 аяты:
" ثم انّ ربّک للذین هاجروا من بعد ما فتنوا ثمّ جاهدوا و صبروا انّ ربّک من بعدها لغفورٌ رحیمٌ "
(Мұхаммед Ғ.С.) негізінен Раббың қапа көргеннен кейін босқандардың, соғысқандардың және сабыр еткендердің (жары.) Күдіксіз Раббың бұдан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (110)
Исламның бас кезіне қатысты бұл аят Меккенің мүшріктері мұсылмандарды азаптап, қинағандарының салдарынан өздерінің діні мен заңдарын сақтап қалу үшін Мединеге қоныс аударған адамдардың жағдайын баяндайды. Алдыңғы аяттарда Құдай былай деді: «Дұшпандардың азаптауларының салдарынан тілдерімен күпір айтуға мәжбүр болған адамдар кәпір болған жоқ. Алла оларды жазаламайды». Осы аят былай дейді: «Осындай азаптаулардан кейін тағы да күпір айтуға мәжбүр болмас үшін Меккеде қалмайтын адамдарды кешіреді». Олар мұндай жағдайда қоныс аударып, өздерінің имандарын сақтаулары керек. Қоныс аударудың қажеттілігі қиындықтар мен оның түйткілдерін қабылдау, сабыр сақтап, табандылық таныту деген сөз. Осы аяттан үйренетініміз:1. Тұрып жатқан аймақта дінді сақтау қиын болған кезде сол жерден қоныс аудару керек. «Мен кейбір жағдайларда діни міндеттерімді орындай алмаймын» деген сөздер қабылдауға жарамайтын ақталу. 2. Илаһи рақым мен кешірімге ие болудың шарты сабыр мен табандылық, жиһад пен қарсыласу.
«Нахыл» сүресінің 111 аяты:
" یومَ تأتی کلّ نفس ٍ تجادلُ عن نفسها و توفی کلّ نفس ٍ ما عملت و هم لایظلمون "
Қиямет күні әркім өзін құтқаруға тырысады. Сондай-ақ әркімге істегенінің бодауы беріледі. (111)
Адам өмірде дүниелік бақуаттылық пен ләззатқа қол жеткізу үшін көптеген жағдайларда өзінің болмысының ақиқатынан қапыл қалады. Бірақ ақыретте адамның қолы бос болады. Сол себепті барлық назары өзін қорғап, өзін құтқаруға арналады. Қияметте ғамал қорынан басқа адамның басқа қоры болмайды. Сол жерде адам мен оның ғамалы ғана болады. Қияметтің сотында да адамдар ғамалдарының негізі бойынша жаза мен сый көреді. Адамдардың көбісінің ғамалдарының олардың құтқарылу мәйегі болмайтындығы, сондықтан кешірім сұрап, өздерінің лайықсыз істерін ақтап, өздерін қорғауды көздейтіндіктері түсінікті. Кейбір адамдар өздерінің жасаған күнәлары мен қылмыстарын теріске шығарады. Теріске шығаруларынан пайда болмаса да, Алла адамдардың барлық ғамалдары мен жағдайларынан хабардар. Адамдар өздерінің кейбір күнәларын басқалардың мойындарына іліп, қоғамның үлкендерін кінәлі деп санайды. Бірақ бұл ақталу да қабылданбайды. Әрбір адам өзінің ғамалдарына жауапты. Кейбіреулер негізгі кінәлі деп шайтанды атайды. Шайтан өзін жауапкершіліктен босатып: «Мен бар болғаны сендерді күнә жасауға азғырдым. Мәжбүр еткен жоқпын. Күнә жасағыларың келген өздерің» дейді.Қалай болғанда да сол күні адам тығырыққа тіреліп, аузы жабылады. Тек оның іс-әрекеті ғана оның қияметтегі жағдайын айқындайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қияметте әркім өзінің әрекетін қорғап, құтқарылу жолын табу үшін өзін ғана ойлайды. 2. Біздің ірілі-ұсақты, жақсы, жаман істеріміз жасырын қалмайды, жоғалмайды. Керісінше әрекеттеріміз бен солардың нәтижелері қияметке дейін тіркеліп, сақталады. .