Юсып сүресі, 376-шы бөлім, 78-82 аяттар
Юсып сүресі, 376-шы бөлім, 78-82 аяттар
«Юсып» сүресінің 78-ші 79-шы аяттары:
" قالوا یا ایّها العزیز انّ له ابا شیخا کبیرا فخذ احدنا مکانه انّا نريک من المحسنین " ، " قال معاذ ا... ان ناخذ الا من وجدنا متاعنا عنده انّا اذا لظالمون "
"Олар: "Әй, қожайын! Бұның кәрі әкесі бар. Сондықтан оның орнына бірімізді ал. Шын мәнінде біз сені игілік істеушілерден көреміз",-деді.(78) (Юсып.ғ): "Нәрсемізді жанынан тапқан адамнан басқаны алып қалудан ...-ға сиынамыз. Біз ол уақытта анық залымдардан боламыз",-деді"(79)
Өткен бағдарламада Беньямынды алып қалу үшін хазірет Юсыптің жоспарымен оның жүгінің арасына патшаның қымбат су ыдысын тығып қойып, сонан соң оны ұрлады деген айыппен қамауға алғанын айтқан болатынбыз. Бұл аятта айтылғандай, Беньямын қиын жағдайда қалғанын және елдеріне Беньямынсыз оралатындарын көрген ағалары абыржи бастайды. Олар әкелеріне берген уәделерін естеріне түсіріп, Беньямынды әкесіне апару үшін оның орнына Мысырда басқа бір ағасы қалсын деп ұсыныс жасайды. Бірақ бұл мәселе туралы алдын-ала Беньямынмен келіскен Юсып, ағаларының бұл ұсынысын Мысырдың заңдарына қайшы деп санап, қабылдамайды. Сондай-ақ, егер Юсып Бенияминнің орнына басқа бауырын қалдырса, олар қайтып оралғанда әкелеріне Бенияминді ұры деп көрсетіп, оны жәбірлеуі мүмкін еді. Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, кезінде Юсыпты қорламақ болғандар, мінеки енді оны аса құрметті деп атауға мәжбүр болып отыр. Жапа көрсеткендердің қорлық көріп, зұлымдыққа ұшырағандардың мәртебеге ие болуы илаһи заңдылық. Екіншіден, заңдар мен ережелерді барлығы сақтауға міндетті, сондықтан елдің жауапты басшыларына да заңды бұзуға болмайды.
"Юсып" сүресінің 80-ші аяты:
" فلمّا استیئسوا منه خلصوا نجیِّا قال کبیرهم الم تعلموا انّ اباکم قد اخذ علیکم موثقا" من الله و من قبل ما فرّطتم فی یوسف فلن ابرح الارض حتّی یاذن لی ابی او یحکم الله لی و هو خیر الحاکمین "
"Олар Юсыптен күдер үзген сәтте, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: "Білмейсіңдер ме? Расында әкелерің сендерге байланысты Алланың атымен серт алған. Сондай-ақ бұрын Юсып жайында орасан айыптысыңдар. Сондықтан маған әкем рұқсат бергенге немесе мен үшін Алла бір үкім қылғанға (өлгенге) дейін осы жерден әсте айрылмаймын. Ол Алла үкім етушілердің ең жақсысы" деді. (80)
Юсыптың ағайындары үміттерін үзіп, жолға шықпақ болғанда, олардың ең үлкені қозғалудан бас тартып:"Әкеміздің алдында қарабет болдық, ол рұқсат бермейінше мен бұл жерден кетпеймін немесе Алла маған төрелік етіп, басқа жол көрсетсін. Өйткені мына түрімізбен елге оралуға менң дәтім бармайды",-деді. Бұл аяттан ұғатынымыз:Біріншіден, туысың немесе ағайының болсын, басқалардың жалынып, өтінуі заңды орындауға кедергі болмауы тиіс, заңды бұлжытпай орындау керек.Екіншіден, бір міндетті атқару барысында адамдардан серт алу оны орындауға ынта береді.
"Юсып" сүресінің 81-ші және 82-ші аяттары:
" ارجعوا الی ابیکم فقولوا یا ابانا انّ ابنک سرق و ما شهدنا الا بما علمنا و ما کنّا للغیب حافظین " ، " و سئل القریة التی کنّا فیها و العیر التی اقبلنا فیها و انّا لصادقون "
"Сендер әкелеріңе қайтыңдар да: "Әй әкеміз! Шын мәнінде ұлың ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз көместі білмейміз",- деңдер (81). Ал біз ішінде болған қаладан және бізге кездескен керуеннен сұра. Сөз жоқ, біз шын айтамыз" (82).
Юсыптың ағайындары арасындағы әңгімеде үлкен ағалары «Мен Мысырда қаламын, мүмкін Мысыр патшасы кешірім жасап, Бенияминды босатар» дейді. Бірақ ағайындар әкемізге барып, оқиғаның анық-қанығын айтайық деп ұсыныс жасайды. Олар керуендегілерді куә ретінде таныстырып, Бенияминді ұрлық үшін ұстап алды, ал үлкен ағамыз оны босату үшін Мысырда қалды деп айтады. Дегенмен үлкен ағаларының айтқаны дұрыс еді. Бірақ олардың бұрынғы жаман істері әкелерінің оларға сенбеуіне және олар Юсып секілді Бенияминды де пәлеге қалдырды деп ойлауына себеп болды. Сондықтан үлкен ағалары әкесінің мұндай күмәнін кетіру үшін куә іздеді.Бұл аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, күдікті адамның күнәсі дәлелденбейінше, ол туралы асығыс төрелік етпеген жөн. Ағаларының үлкені: "Бенияминге ұрлық айыбы тағылды, бірақ біз анығында не болғанын білмейміз",-деді. Екіншіден, бұрын жамандық істеген адамның сөзіне халық күдікпен қарайды, сондықтан өз беделімізді бұзбауға тырысайық.