Юсып сүресі, 374-ші бөлім, 69-73 аяттар
Юсып сүресі, 374-ші бөлім, 69-73 аяттар
«Юсып» сүресінің 69-шы аяты:
" و لمّا دخلوا علي يوسف اوي اليه اخاه قال انّي انا اخوک فلاتبتئس بما کانوا يعملون "
"Олар Юсыптың жанына кіргенде, Юсып туысын (Беньямынды) өз қасына алып: "Мен сенің ағаңмын. Олардың істегендеріне кейіме",-деді"(69).
Өткен бағдарламада хазірет Жақыптың ақырында бидайдан үлес алу үшін Беньямынды ағаларымен бірге Мысырға жіберуге келісімін бергенін айтқан болатынбыз. Осы аятта айтылғандай, олар Юсыпке келгенде ол Беньямынмен ақырын сөйлесіп, өзін таныстырып, оның алаңдаушылығын басады. Өйткені Беньямын өз ағаларының істеріне үреймен қарап, олар Юсып секілді оны да әкесінен ажыратады деп ойлаған еді. Бірақ Юсып Беньямынның сенімін тудырып, өзінің қасында қалуын сұрайды. Беньямын қабылдайды. Осы аяттан үйренетініміз: Біріншіден, өтірік айтуға болмайды, бірақ кез-келген шындықты да айта бермеу керек. Юсып ыңғайлы мұрсат туғанша өзін ағаларына таныстырмай, тек туған інісіне ғана өзінің кім екенін айтады. Екіншіден, нығметке жеткен кезде бұрынғы бақытсыздықтарды ұмыту қажет. Юсып пен Беньямын кездескен кезде олар бұрынғы реніштерін ұмытады.
"Юсып" сүресінің 70-ші аяты:
" فلمّا جهّزهم بجهازهم جعل السقاية في رحل اخيه ثمّ اذّن مؤذّن ايّتها العير انّکم لسارقون "
"Юсып(ғ) олардың нәрселерін қамдағанда, су ыдысын өз туысының жүгінің ішіне қойып, олар жүрген соң бір айғайшы: "Әй, керуенші! Сендер анық ұрысыңдар!",-деп айғайлады"(70).
Ағалары келесі сапарда әкелері мен туыстарын да Мысырға әкелуге мәжбүр болуы үшін хазірет Юсып Беньямынды қасында қалдырмақ болады. Сондықтан ол бұл мәселені ертерек Беньямынға айтып, өткен жолы оларды қайтарып әкелу үшін бидайдың ақшасын өздеріне қайтарып берген секілді тағы бір жоспар құрады. Осылайша хазірет Юсып бір бағалы ыдысты Беньямынның жүгіне жасырып қояды. Мұны білмеген Юсыптың қызметкерлері керуенді ұры деп атап, түйелердің жүгінен әлгі ыдысты іздейді.Осы аяттан мынадай ой түйеміз:Біріншіден, ізгі мақсат үшін жоспар құруға болады, бірақ ешкім зұлымдық көрмей, адамның кінәсіздығы алдын-ала белгілі болуы шарт.Екіншіден, айналадағы адамдарға абай болу керек, өйткені бір ұжымның ішінде бір адам қылмыскер болса, жұрт сол топты қылмыскер деп санайды.
"Юсып" сүресінің 71-72 аяттары:
" قالوا و اقبلوا عليهم ماذا تفقدون " ، " قالوا نفقد صواع الملک و لمن جاء به حمل بعير و انا به زعيم "
"Олар бұларға бұрылып: "Не нәрсе жоғалттыңдар?",-дейді."(71) "Бұлар: "Патшаның су ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Әрі мен оған жауаптымын",-дейді."(72)
Қызметшілер бидай өлшеп беретін ыдыстың жоғалғанын түсініп, керуен мен ағайындардың жүктерін тінте бастайды. Юсып те оларды ынталандыру үшін оны тапқан кісіге бір түйе жүк сыйлық беруге уәде беремін дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, адамдарды ізгі істерге ынталандырып, олардың арасында бәсеке орнату үшін сыйлық беру Алла мен оның елшілерінің қолдайтын ісі. Екіншіден, сыйлық пайдасыз емес, қайта сол уақыттың жағдайына сай болуы тиіс, сондықтан тапшылық кезінде бір түйенің жүгіндей бидай беру ең абзал сыйлық.
"Юсып" сүресінің 73-ші аяты:
" قالوا تالله لقد علمتم ما جئنا لنفسد في الارض و ما کنّا سارقين "
"Олар: "Аллаға ант етеміз. Расында бұл жерге бұзақылық үшін келмегенімізді әрине білдіңдер. Сондай-ақ біз ұры емеспіз",-деді."(73)
Өздерін ұры деп санап тұрғандарын көрген ағайындар абыройларын қорғау үшін: "Біз сіздердің жерлеріңізге бұдан бұрын да келгенбіз және ештеңе ұрлап, қылмыс жасамағанбыз. Бізге неге осылай қарайсыңдар? Біздің мұндай әрекетке бармайтынымызды білесіздер ғой",-дейді.Осы аяттан үйренетініміз: Біріншіден, оны жоққа шығаратын мықты дәйек болмаса, адамның бұрынғы оң әрі жағымды өмірлері оның бейкүнә екеніне дәлел бола алады. Екіншіден, ұрлық – жер бетіндегі азғындықтың бір белгісі, ол бір аймақ тұрғындарының құртылып, көздерінің жойылуына себеп бола алады.