Жел 24, 2016 20:07 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 179-ші бөлім, 20-24 аяттар

"Әнғам" сүресінің 20-шы аяты:

"Біз өздеріне кітап бергендер, оны (Мұхаммедті с.ғ.с) ұлдарын танығандай таниды. Сондай өздеріне зиян еткендер, олар сенбейді. (20)"

"Бақара" сүресінің 146-шы аятына ұқсас бұл аят, Ислам пайғамбары (с) заманында өмір сүрген христиандар мен яһудилер оны "өз баласын танитын адам тәрізді" жақсы танығандығы мен туған кезінен-ақ оның белгілерін білгеніне меңзейді. Өйткені Ислам пайғамбарының (с) есімі мен белгілері Тәурат пен Інжілде жазылған еді. Сондықтан кітап иелерінің ғұламалары оны уәде етілген пайғамбар ретінде халыққа сүйіншілеген еді. Осы аяттың соңы: "Ақиқатты қабылдағысы келмейтін және иман келтірмейтін адамдар, пайғамбарға немесе оның дініне зиян келтіреміз деп ойламасын. Өйткені олар өз нәпсілерінің рухани өркендеуі мен кемелденуіне кедергі жасап, өздеріне зиян келтіреді",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, ақиқатты біліп, тану ғана жеткіліксіз. Оны мойындап, ұстану керек. Өйткені Ислам пайғамбарын (с) тани тұра, қырсықтық пен бағынбаушылықтың салдарынан оның дінін қабылдамаған адамдар қаншама.

Екіншіден, Құранның көзқарасы бойынша зиян мен зардап тек қаржы мен дүниелік істерде ғана болмайды. Ең үлкен зиян – рухани зиян болып табылады. Өйткені ол адамды рухани кемелдікті түсіну мүмкіндігінен айырады.

"Әнғам" сүресінің 21-ші аяты:

"Және А...-ға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдкісіз А... залымдарды құтқармайды. (21)"

Кәпірлер мен мүшріктер туралы және олардың теріс сенімдерін әңгімелеген аяттардан кейін осы аят былай дейді: "Ең үлкен зұлымдық – адамның ешбір дәлелсіз А...-ға серік қосып, оған біреуді теңеуіндегі немесе аамзатты тура жолға салу үшін жіберілген аяттарды жоққа шығарудағы ой-пікір мен сенімдегі зұлымдығы болып табылады". Әрине әлеуметтік зұлымдық пен халықтың құқығын аяққа басу өте жағымсыз әрекет болғанымен, егер барлық әлеуметтік зұлымдыққа мұқият қарайтын болсақ, оның күпірлік пен серік қосудың бір түрі екенін көреміз. Бұл адам құқығының бұзылуына себеп болады. Егер адам тек А...-ға ғана құлшылық етіп, өзін Оның пендесі деп біліп, илаһи пайғамбардың тәлімдері бойынша жүрсе, ол ешқашан басқалардың құқығын бұзбайды. Өйткені илаһи діндердің ең күрделі өсиеті – халықтың құқығын сақтау екендігін біледі. Осы аяттың соңында былай делінген: "Залымдар өздерінің осы жалған ойлары және қылықтарымен бақытқа жетеміз деп ойламасын. Өйткені зұлымдық ешқашан жақсылыққа апармайды". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, рухани кемелдіктен мақрұм қалдыратын өз-өзіңе жасалған зұлымдық пен араздыққа себепші болатын қоғамдық зұлымдық және пайғамбарлардың еңбегін елемеудегі илаһи елшілерге жасалған зұлымдық тәрізді барлық зұлымдықтың тамыры – серік қосу мен күпірлік.

Екіншіден, өтірік айту мен жоққа шығару адамның бақыт пен шыншылдыққа жетуіне кедергі болады.

"Әнғам" сүресінің 22-ші аяты:   

"Оларды қиямет күні түгел жинаймыз да, сонан соң: "А...-ға ойша қосқан ортақтарың қайда?",-дейміз. (22)"

Мүшріктер дүниеде де бақытқа жете алмай, ақыретте де барлығынан айрылып, өздеріне сүйеніш пен пана таба алмайды. Өйткені олардың дүниеде сүйенген күштері мен А... тағала тәрізді құдірет иесі деп білгендерінің қияметте ешқандай күші болмай, олардың өздері біреуге мұқтаж болады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, дүниеде нәрселерге немесе адамдарға сүйенбейік. Өйткені қияметте одан ешқандай пайда жоқ екенін білеміз.

Екіншіден, серік қосу тек қиял ғана. Оның құр бос екендігі қияметте байқалады.

"Әнғам" сүресінің 23-24 аяттары:    

"Сонан кейін олардың: "А...-ға серт! Раббымыз, біз ортақ қоспаған едік",-дегеннен басқа сылтаулары болмайды. (23) Қара! Олар өздеріне қалай өтірік айтты. Және А...-ның ортағы деген пұттары сөйтіп жоқ болды. (24)"

Осы аяттар қиямет көрінісі мен періштелердің илаһи сотқа қатысуын суреттей келе: "Дүниеде жалған тәңірлерге алданып, сенгендер ғапылдықтың ұйқысынан оянып, ақиқатты түсінеді. Бірақ олардың: "Біз пұттардан бездік, бұдан-былай А...-ға серік қоспаймыз. Біз де сендер сияқты бір А...-ны Раббымыз деп білеміз",-деп айтудан басқа шарасы қалмайды.",-дейді. Ия, дүниеде А...-ның шын аяттарын мойындамай, жоққа шығарғандар, бүгін қияметте өздерінің теріс қылықтарын жоққа шығарып, одан безетіндерін айтады. Бірақ не пайда, уақыт өтті. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, қияметте кешірім де, ант та қабылданбайды. Жалған ойлар да, ақиқатты мойындау да пайда бермейді.

Екіншіден, қияметте өзімізге қарсы сөз сөйлейтіндей және өмірімізді жоққа шығаратындай іс істемейік.

Үшіншіден, адамның дүниедегі барлық сүйеніштері қияметте жойылады да, А...-дан басқа пана берушісі қалмайды.